Зін-өзі танудың тәсілдер және құралдар

Тақырып 1. Өзін-өзі танудың мәні. Өзін-өзі тану тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруының шарты ретінде

Мақсаты:Өзін-өзі танудың мәні. Өзін-өзі тану тұлғаның өзін-өзі жүзеге асыруының шарттарын талқылау.

1. Өзін өзі танудың жалпы сипаттамасы

2. Өзін өзі танудың құрылымы

3. Өзін өзі тану процес ретінде: мақсаттар, мотивтері, әдістері,нәтижелері

Кілттік сөздер:сана, адамгершілік

1.Қазіргі әлемдік білім беру кеңістігінде жастардың бойында әлемнің біртұтас бейнесін қалыптастыруға, көптүрлі мәдениеттерді құрметтеуге тәрбиелеуге, руханилыққа, адамгершілікке қызығушылығын оятуға, өскелең ұрпақтың әлеуметтік белсенділігін дамытуға баса назар аударылып отыр. Қазақстан Республикасындағы білім беру жүйесі адамгершілік пен руханилықты дамытуға бағытталған. Соңғы онжылдықта оқытушылар, тәрбиешілер және ата-аналар алдында жас ұрпаққа рухани-адамгершілік тәрбие беру мәселесі туындады. Алғашқы рет балалар мен жастарды жалпы адамзаттық құндылықтарға тәрбиелеу міндетін мемлекеттік деңгейде еліміздің Бірінші ханымы – «Өзін-өзі тану» жобасының авторы С.А.Назарбаева ұсынды. «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім берудің басты мақсаты - жас жеткіншек ұрпақтарды құндылық және адамгершілік идеалдарға баулу, оқушылардың, студенттердің өзін дұрыс қабылдауын қалыптастыру, адамның жоғарғы мақсаттарын түсінуі іске асырылады. 2002 жылдан бастап Қазақстан Республикасында «Бөбек» Ұлттық ғылыми- практикалық, білімділік және сауықтыру орталығының (ҰҒПБСО) жетекшілігімен «Өзін- өзі тану» жаңа білімділік бағдарламасын бейімдеу іске асырылады. «Өзін-өзі тану» пәні тұлғаның адамгершілік- рухани қалыптасуының білім беру маңызды пәні болып табылады. Пән мазмұны Қазақстан қоғамындағы өскелең ұрпақтың рухани-адамгершілік білімі мен тәрбиесі жалпыадамзаттық, жалпыұлттық, этномәдени және тұлғалық құндылықтардың үйлесімді жинақталуына бағдарланған. Осы құндылықтар адамның өзін толық іске асыруына, өмірдегі өз рөлі мен өмірлік мұратының мәнін ұғынуына, қоғамға қызмет етуіне мүмкіндік береді. «Өзін-өзі тану» рухани- адамгершілік білім беру мынадай жалпы мақсаттарға негізделеді: - Әрбір студенттің өзінің жан дүниесін сезінуіне және өзінің дербестігін түсінуіне ықпал ету; - Жеке тұлғаның жан-жақты қалыптасуына өмірлік-маңызы бар мынадай түйінді құзыреттерді мақсатты түрде дамыту арқылы ықпал ету; - Өзінің өмірлік позициясын анықтау; - Әр түрлі мәселелерді адамгершілік нормаларға сәйкес конструктивті шешу; - Өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау; - Адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және жақындарына қамқорлық көрсету; - Өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі, іс-әрекеттеріне шынайы болу; - Жасампаздық тұрғысынан таңдауға даярлығын таныту және өз ойы, сөзі мен ісіне жауапты болу; - Қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту. Аталған мақсаттар күнделікті практикада оқу-тәрбие үрдісінде жеке тұлғаның өзін-өзі анықтау, студенттердің ерекшеліктерін ескере отырып, жеке тұлғаның рухани- адамгершілік әлеуетінің дамуына ықпал ететін ақпараттық білім беру кеңістігін құру, жоғары мектеп пен отбасының әлеуметтік серіктестігі ынтымақтастығын дамыту арқылы жеке тұлғаның рухани-адамгершілік қалыптасуы үшін жағымды алғышарттар жасауды құру жолдарымен жүзеге асырылуда. Өзін-өзі тану пәнінің базалық білім беру мазмұны төрт негізгі бөлімді қамтиды: - Адамның өзін-өзі тануы; - Адам және қоғам; - Адам және қоршаған орта; - Адамзаттың рухани тәжірибесі. Өзін-өзі тануды оқыту интерактивтік әдістеме негізінде білім беру процесіне әрбір қатысушының жеке тұлғалық ерекшеліктерін ескере отырып жүргізіледі. Адамгершілік құндылықтар әрбір жасқа лайықты әлемді қабылдау арқылы меңгертіледі. Өзін, өзге адамдарды тану, қоршаған ортамен өзара қарым-қатынас жасау, ақиқат пен махаббатты түсіну адам өмірінің ең басты мәні тұрғысынан студент ойлана алатын, өзінің пікірін жеткізе білетін, таланты мен қабілеттерінің ашыла түсетін, формалды емес, сенімді жағдайда өтеді. Өзін-өзі тану сабақтарында оқытушымен ашық диалог жүргізіледі, әлеуметтік-рөлдік ойындар мен тренингтерде адамдардың өзара қарым- қатынас әлемі зерттеледі, өмірдік бақылаулары бойынша пікір алмасады, қоғамға қызмет етудің практикалық дағдылары дамытылады. Өзін-өзі тану ерекшелігін есепке ала отырып, денсаулық сақтау әлеуетіне ие әр түрлі стандартты емес сабақ түрлерері: ойын-сабақтар, ойлану-сабақтары, пікір-сайыс, театрландырылған сабақтар, шығармашылық сабақтар, экскурсия және концерт сабақтар т.б. түрлері пайдаланылады. Өзін-өзі тану пәнінің міндеттері: 1. Өзін-өзі басқара алатын, мінез-құлқын түзете алатын, қоғамда қабылданған нормаларға – құндылықтарға сәйкес өзінің саналы талап- ойын жетекшілік ететін тұлғаны қалыптастыру. 2. Іс-әрекет пен мінез-құлқында өзін жүзеге асыру үшін студенттердің жеке қабілеттерін ашуға жағдай жасау. «Өзін-өзі тану» курсын оқытудың қағидалары: тұлғалық белсенділікке ынталандыру қағидасы. Адамның жан дүниесінің дамуына жүгіну курстың басты қағидасы болып табылады. Адамның жаны — үйлесімді құрылған және мейірімнің, қайырымдылықтың, биязылықтың, жанашырлықтың, сүйіспеншіліктің нұрын төккен бастапқы құндылық. «Зиян келтірме!» талабы ретінде анықталуы мүмкін гуманизм және педагогикалық оптимизм қағидасы. Тұлға өзіне тілектестікті, назарды, қамқорлықты талап етеді, сондықтан оқытушы оның жағымды негізіне, нәтижеге бағдарланып, рухани- адамгершілік жағынан қалыптасуына ықпал етуі тиіс. Психиканың, сананың және іс-әрекеттің даму қағидасы. Тұлғаның барлық психикалық ерекшеліктері қалыптасу процесінде болғандықтан, дұрыс ұйымдастырылған іс-әрекет дамудың негізгі шарты болып табылады деп тұжырымдайтын Л.С.Выготскийдің және оның мектебінің бағытымен негізделген.

Сана бұл – жүйе, таным негізі. Ойлау тұлға санасының орталығында орналасқан, қалған барлық психикалық процестер санадағы басым қызметтің ықпалында дамиды; Кешенділік, жүйелілік қағидасы тұлғаның бірізді және біртұтас зерттелуіне бағарланады. «Өзін-өзі тану» бағдарламасының шеңберіндегі оқыту тұлғаның жеке- дара өлшемдерінің дамуына ғана емес, сонымен қатар дамудың жалпы құрылымындағы тұтастай дамудың барысын болжауға да бағытталады. Детерминизм қағидасы тұлға психикасының барлық көріністерінің тұлғаның оңтайлы әлеуетін жүзеге асыру үшін жағымды жағдай жасай отырып, мінез-құлқын, іс- әрекетін түсіндіру үшін анықталуы және түсіндірілуі тиіс бірқатар себептермен өзара байланысқан және өзара міндеттелген; Л.С. Выготский негіздеген және Д.Б. Элькониннің, В.В. Давыдовтың және т.б. зерттеулерінде жалғасын тапқан дамытпалы оқыту және тәрбиелеу қағидасы. Жағдайдың мәні оқыту мен дамытудың арақатынасында анықталады. Оқыту дамудың алдында жүріп, жақын даму аймағына, яғни әрбір жас ерекшелік кезеңнің психологиялық жаңа құрылымдарын ескере келе, тұлғаның ертеңгі күніне бағдарлануы тиіс; Жеке-дара және тұлғалық тұрғы қағидасы әр тұлғаның өзіне тән даму жолы болып, олардың әрқайсысы еркін де қайталанбайтын дамудың бір жолымен өтетіндігін тұжырымдауға мүмкіндік беретін психикалық дамудың жалпы онтогенетикалық заңының бар екендігін білдіреді. Ол Л.С Выготский және оның мектебінің, К. Бюллер мектебінің. В. Штерннің, Ж. Пиаженің және т.б. зерттеулерімен дәлелденді; тілектестік, өзара көмектесу және ынтымақтастық ахуалын құруға негізделген оңтайлылық қағидасы; жоғарғы құндылықтар: мейірім, жан тазалығы, денсаулық, тұлғаның ішкі жан дүниесінің байлығы, өмір мәнінің арасындағы байланысты орнататын руханилық қағидасы; адамның қиын-қыстау жағдайлардың өзінде өзінің өмірлік ұстанымдарына және құнды бағдарларына берік болып, өмірлік стратегиясын сақтап қалу қабілетін сипаттайтын тұлғаның біртұтастылығы қағидасы; шығармашылық мүмкіндіктердің, өзін-өзі тану және өзін-өзі жетілдіру қабілеттерінің іске қосылуын алдын ала жоспарлайтын тұлғаның дамуы мен өзіндік дамуы қағидасы; объективтілік және ғылымилық қағидасы тұлғаның дербес заңдылықтарында кемелденген даму мүмкіндіктерін ашуды, даму психологиясы тұрғысында тұлға психикасының даму заңдылықтарын түсінуді болжайды; отбасылық-орталықтанған тұрғы бізді тұлғаның дамуын бағалауда жоғары оқу орындарындағы педагогтар мен отбасының өзара әрекеттестігіне, «Өзін-өзі тану» бағдарламасын жүзеге асыруда тікелей отбасының қатыстырылуына бағыттайды; Өзін-өзі тануға оқыту білім алушылардың мынадай деңгей бойынша қүтілетін нәтижелерге болжанып отыр: Күтілетін нәтижелер: өзін тануға, өзгелерді тануға, әлемді тануға, адамзаттың рухани тәжірибесін тануға мүмкіндік береді. Күтілетін нәтижелердің көп деңгейлік жүйесі бір жағынан, қысқа мерзімді және ұзақ мерзімді оқу және тәрбие мақсаттары түрінде көрінсе, екінші жағынан, білімгерлердің рухани-адамгершілік даму көрсеткіштері және олардың өзін-өзі танудың жалпы мақсаттарына қол жеткізуінің көрсеткіші болып табылады және студенттердің оқу жетістіктерін бақылауға мүмкіндік береді. Осы күтілетін нәтижелер міндетті түрде оқытылатын пәндер мазмұнының адамгершілік әлеуетін күшейту үшін бағдар және пәнаралық байланысты жүзеге асыратын құрал қызметін атқарады, әрбір пәннің құндылықтық мәнін ашуға бағдарланған, оқу процесін жобалауға жағдай тудырады.

2.Өзін-өзі тануда адам бір мезгілде танымның субъектісі ретінде де және объектісі ретінде де көрінеді. Өзін-өзі танудың дамуы адамның практикалық іс-әрекетінің барысында және өзге адамдармен өзара ықпалы жағдайында жүреді. Қоғамдық дамудың сферасы өзін-өзі танудың пайда болуы мен дамуы үшін ерекше рөлге ие – адам өзін өзгелер арқылы жанама түрде таниды. Өзіндік сана мен өзін-өзі танудың бір емес екенін атап айту қажет. Өзіндік сана неғұрлым кең ұғым - өзіндік санадан әрқашан өзін-өзі тану шығады.Психологиялық позицияда өзін-өзі тану мәселесі психология дербес ғылым болып қалыптасқаннан кейін зерттеле бастады. Бұл салада көптеген қызықты әрі мазмұнды зерттеулер жүргізілген. Өзін-өзі тану тұлғаның маңызды бөлігі ретінде қарастырылған көптеген еңбектер бар. Сонымен қатар тұлға дамуының деңгейі өзін-өзі танудың дамуының деңгейіне пропорционалды екендігі жиі атап айтылды. Мінез-құлықтың реттеушісі бола отырып, өзін-өзі тану тұлғаның әрі қарайғы дамуына ықпал етеді. Ол сыртқы әсер мен тұлғаның ішкі күйі және оның мінез-құлық формалары арасындағы тепе-теңдікті белгілейді. Сондықтан өзін-өзі танудың дамуындағы жағымсыз ауытқулар тұлғаның үйлесімді құрылымын бұзып, адам мінезінің жетімсіз қалыптасуына әкеледі. Кейбір зерттеулерде өзін-өзі тану «Мен» ұғымымен теңдестіріледі, ал бұл құрылым тұлға ұғымының синонимі ретінде қарастырылады. Өзін-өзі тану тұлғаға қарағанда неғұрлым кең ұғымды білдіреді деген де пікірлер кездеседі. Ол өзін-өзі тану тұлғаға қарағанда әлдеқайда ерте пайда болып, өзінде неғұрлым кең мазмұнды сыйғызатындығымен дәлелденеді. «Мен», «Мен - бейне», «Өз өзінің бейнесі» сияқты ұғымдардың түсінік аясы «көмескі». Тұлғаны түсіндіру үшін де, өзіндік сананы сипаттау үшін де қолданылып, осымен соңғысының өзіне тән ерекше мазмұнын жоюға әкелетін, «Мен» ұғымын кейбір теріс пайдаланушылық та байқалады. Сонымен бірге нұсқалған ұғымдардың объектілері анық ажыратылмайды. Өзін-өзі тану саналы түрде мақсатқа бағытталған процесс ретінде сипатталады, яғни адам нақты бір мақсатты алдына қояды. Өзінде қандай да бір қабілетті, икемділікті арнайы әдісті қолдану арқылы өзін бағалайды. Міне, осы жерде саналы әрекетке айналады және оның заңдылықтарына бағынады. Егер адам өзін-өзі тануын әрекетке жиі айналдырып отырса, онда адам өзін-өзі терең және тез танитын болады. Біздің өміріміздің өзі бір қалыпты және кризисті жағдайлардын тұрады. Адам шешімді қабылдаған жағдайында ол тек жағдайды емес, сонымен қатар өзінің мүмкіншіліктерін және қасиеттерін жақсы білу керек. Мұндай жағдайлар да өзін-өзі тану белсенді жұмыс істейді, тұлға аз уақыт ішінде өзі туралы мағлұматты ала алады. Бұл кезендерге жататындар: 3 жас дағдарысы, мұнда бала алғаш өзін субъект ретінде ұғынады, алғашқы әлеуметтік Мен жүйесі қалыптасады, өзін білдіруге деген құштарлығы пайда болады; 7 жас дағдарысы, мұнда бала өзін оқу субъектісі ретінде ұғынады және өзін окушы ретінде бағалау мұқтаждығы пайда болады; жеткіншек дағарысы өзінің Менін сыртқы ортамен, құбылыстармен өзара әрекет контекстіне ашады. Ересек адамдарда да дағдарыс болады: 30 жас дағдырысы, зейнетке шығуымен байланысты дағдарыс.

3.Өзiн-өзi танудың түсiну және түсiне алмау деңгейi. Адам қарапайым өмiр сүредi, оқиды, еңбектенедi, қарым-қатынасқа түседi, өз-өзiмен сөйлеседi. Өмiр барысында көптеген дәйектер жиналып (өзге адамдар жайлы, өзі жайлы), бір мезетте санада бекітіліп, түсініп немесе түсіне алмауы, яғни өзіне деген қатынасына бақылау жасай алмауы қабілетінің төмендегі байқалады.Мақсаттылық. Жеке адам өз алдына қандайда бір мақсат қояды және бағыттылығын, қабілеттілігін, тұлға қасиеттерін қолдана отырып, сол мақсатқа жетуге тырысады. Осы жағдайда әрекет арқылы өзін-өзі бағалауы, талдауы, өзін-өзі тануы жүзеге асады. Тұлға неғұрлым іс-әрекетте өзін-өзі тануын жүзеге асырған сайын, соғұрлым терең өзі жайлы біле түседі. Бұл жерде керi модел де кездеседi, егер эмоционалды күй жоғары деңгейде болса, өзiн-өзi тануы объективтi болмайды, әртүрлi комплекстер пайда болады. Өзiн-өзi танудың қанығуы әртүрлi өмiрлiк жолдарында кездеседi. Тұлға тек жағдайды, өзге адамдарды бiлiп қана қоймай, өз мүмкiндiгiн, қасиетiн, өзiнде бiлген жөн. Өзiн-өзi танудың аяқталмауы - бұнда ересек адамдардың өмiрi бай және шынайы тұлға. Өзiңдi толық тану мүмкiн емес, тiптi әлеуметтiк ортада орны зор, қабiлеттi деп санайтын адамның өзi де жоғары деңгейде өзiн-өзi тани алмайды.Өзiн-өзi танудың психологиялық механизмi - ол тұлғаның құндылық мағыналық өзiндiк реттелуi, өзiнiң барлық жеке дара, типтiк қасиеттерiн, эмоционалдылық-ерiктiк, мотивациялық танымдық жетiлдiруi.Р.М. Жақыповтың айтуынша, өзiндiк тану, өзiндiк сана, рефлексия және әлеуметтік талаптарды еске алу арқылы өзiн-өзi дамыту тұлғаның өзiн-өзi танытуының алғы шарттары болып табылады.Өзiн-өзi танытанын тұлғаның негiзгi қасиеттерiнiң бiрi белсендiлiк. К.А. Абульханова көзқарасы бойынша, белсендiлiк - бұл тұлғаның қажеттiлiктердi, қабiлеттердi, өмiрге қатынастарды және қоғамның тұлғаға қоятын талаптарын интеграциялау негiзiнде тұлғаға ғана тән, өмiрдi ұйымдастыру, реттеу және өзiндiк реттелу тәсiлi. А.А. Бодалев белсендiлiк және оның құрамдас бөлiктерi тұлғаның өзiне-өзi сенiмдiлiк сияқты мiнездемесiмен тығыз байланысты деп көрсетедi. Сондықтан өзiн-өзi танытатын тұлғаның маңызды қасиетi өзiне сенiмдiлiк проблемасы отандық психологтармен аз зерттелiнген. Шетелдiк психологтар тұлғаның бұл сипаттамасын теориялық және эксперименттiк түрде зерттеуге тырысты. Бiрақ, алғашында ол психокоррекция мәселелерiмен байланысты зерттелiндi. Өзiне сенiмдiлiктiң аз немесе тiптi болмауы көп жағдайда пессимизм мен қысылуда көрiнiс табатын тұлғаның невротикалық симптоматикасына әкеледi. ХХ ғасырдың 40 жылдары АҚШ-тағы невроз клиникасының бас дәрiгерi Андре Сальтер өзiне сенiмсiздiктi коррекциялау, емдеу және әлсiрету проблемасымен ең алғашқы болып айналысты.Жеке адамның қайнар көзiнiң белсендiлiк көзi - қажеттiлiк. Қажеттiлiк кең мағынада - бұл мұқтаждық, ал тар мағынада - қалып, яғни адамның жағдай тәуелдiлiгiнiң көрiнiсi. Қажеттiлiк биологиялық және әлеуметтiк болып бөлiнедi. Биологиялық қажеттiлiкке – су, жылу, ауа, тамақ, сексуалды қатынас т.б., ал әлеуметтiк қажеттiлiктiң негiзi - еңбек ету, тануда, қарым-қатынас, жетiстiкке жету т.б. Өзiн-өзi тану процесi ретiнде көрiнiс бередi және оның түп негiзiнде қажеттiлiк жатыр, ол өзiн-өзi танудағы қажеттiлiк деп атауға болады. Өзiн-өзi танудағы қажеттiлiк - бұл тану қажеттiлiгi. Ол «Мен» қажеттiлiгiмен тығыз байланысты. Оларға жататындар: өзiн-өзi сыйлаудағы қажеттiлiк, өзiн теңестiрудегi қажеттiлiк, өзгелердiң көзқарасы бойынша өзiн мойындау т.б.Өзiн-өзi сыйлауға деген қажеттiлiгi адамның өз талаптарына және қоршаған ортадағы адамдардың талаптарына жауап беруiмен жоғары дәрежеге жетуiмен көрiнiс бередi. «Мен»-iң тұтастығына деген қажеттiлiгi «Мен» образының соңына жету.

Тақырып 2. Өзін-өзі танудың жалпы сипаттамасының

Процесі ретінде

1. Өзін-өзі танудың тәсілдер және құралдар

2. Идентификация және рефлексия өзін-өзі танудың механизмі ретінде

3. Өзін-өзі танудың бөгеттері

зін-өзі танудың тәсілдер және құралдар

Әңгіме тақырыбына байланысты техникалық құралдар қолданылады.
Әңгіме мұғалімнің қысқаша сөзінен басталады. Ол оқушыларға мәселелі сипаттағы сұрақтар қойып, талдатып, қорытындылайды. Пікірталас. Пікір білдіру, баға беру оқушының дүниеге сенімін арттырып, ондағы қателіктер мен кейбір адамдардың жалған көзқарастарымен күресуге үйретеді. Пікірталас оқушылардан ақыл-ой қызметін, сезім белсенділігін талап етеді. Мұғалім пікірталасты өткізбес бұрын оның тақырыбын, сұрақтарын тұжырымдап, жүргізушіні белгілеп, қолданылатын әдебиеттерді ұсынып, оқушыларды пікірталас ережелерімен таныстырады. Түсіндіру. Бір топқа, жеке оқушыларға жаңа ережелер басқа адамды құрметтеу, өзін басқа кісінің орнына қою, т.б. түсіндіріледі. Партаны сызу, дөрекілік жасау теріс қылық екенін түсіндіре берудің қажеті болмағандыңтан басқа әдіс қолдану керек. Мұғалім адамшылық қасиет туралы баланың пікірін сұрап, оқушыны жақсы сапалардың қажеттігіне сендіріп, баланы теріс қылығы үшін ұялтып, түзелуге бағыттайды. Өнеге. Мұғалім оқушыларға әдебиеттегі және өмірдегі түрлі кейіпкерлерді үлгі еткенде оқушы өзінің ішкі жан-дүниесіне үңгіле бастайды. Бала басқа адамға еліктегіш. Бастауыш сынып оқушылары барлық адамдарға еліктейді. Жеткіншектер өздері таңдаған адамдарына еліктейді.
Балалар әдеби және тарихи кейіпкерлерге, құрбыларына, ересектерге, ата-аналарына, мұғалімдерге, бұқаралық ақпарат құралдарының, өнердің жас ұрпаққа үлгі ететін адамдарына еліктейді. Сендіру. Мұғалім өз пікіріне баланы сендіргісі келіп, оған былай дейді: "Ақымақ - жаман адам, себебі ол өз ісіне есеп бермейді".

Оқушыға сабаққа кешігудің зияндығын дәлелдеу үшін: "Бәріміздің ойымызды бөліп жіберетіндіктен, адамдардың кешіккені ұнамайды,", - дейді. Мәдениеттіліктің пайдасына оқушының көзін жеткізу үшін, мұғалім: "Суды стақанмен іш, шишаның аузынан ішуге болмайды", - дейді.

Мұғалім балаға қарым-қатынастың маңызын ашу үшін: "Сен газетті үйіңе ұмытып кеткендіктен, сынып сағатымыз ойдағыдай өтпейді" - дейді.

Диалог әдісін қолданатын мұғалім: "Мен осылай ойлаймын, сендер қалай ойлайсыңдар", - деп сөйлеседі. Пікірталас жұмыс барысында пайда болады немесе оны мұғалімнің өзі ұйымдастырады. Көркем шығармадан алған әсерін мұғалім оқушыға былай білдіреді: "Мына портреттегі адам екінші портреттегі адамға қарағанда сұлу".
"Сенің ақылық бар ғой, жібірлеген құрбыңнан кешірім сұра", - деп, мұғалім балаға нұсқау береді.

Ол жасырын тұрде болғандыңтан бала басқаша қабылдайды.
Ертегі, әдеби кітаптар, мерзімді баспасөз материалдары мектеп жасындағы оқушылардың адамгершілік санасын қалыптастыратын құралдардың бірі. Оқушылар жағымды кейіпкерлерге еліктеп, жамандыңтан аулақ болуға үйренеді.

Көзін жеткізу - тәрбиешінің өз тәртібі, жұмыс тәсілдері арқылы жүзеге асатын, балалар көзқарасына ықпал етудің педагогикалық тәсілі. Қоғамдың пікір. Балаларға тәрбиешінің қоятын талабы ең алдымен ұжымның талабы екендігін түсіндіру керек. Ұжымның талабы - жалпы қоғамдың пікірдің көрінісі. Қоғамдың пікір ұжымдағы іс-әрекетті ұйымдастыру және мінез-құлықты қалыптастырудың негізгі әдісінің бірі.
Қоғамдың пікір ұжым мүшесінің, жекелеген топтардың іс-әрекетін, қылығын бағалауда қолданылады. Қоғамдың пікірдің негізгі нысандары - ұжым мүшелерінің жиналыста, жиындар да, митингіде, жергілікті баспасөзде және дөңгелек үстел басында, ашың әңгімеде, кемшіліктерді сынап, жаңа міндеттерді жүзеге асырудың жолдарын белгілеуі.

Наши рекомендации