Дәріс тақырыбы: Кәсіптік оқыту мен еңбек гигиенасы.
Дәріс мақсаты:Кәсіптік оқыту және мектепте еңбек сабақтарына қойылатын гигиеналық талаптарды қарастыру.
Дәріс жоспары мен қысқаша мазмұны:
1.Еңбек сабақтарына қойылатын гигиеналық талаптар.
2.Еңбек сабағы жүргізілетін бөлменің жарықталуы, желдету, жылытуы, құрал жабдықтарына қойылатын гигиеналық талаптар.
3.Оқушылардың еңбек әрекетін ұйымдастыру.
4.Мектеп жанындағы оқу-тәжірибелі үлескесінде жұмыстарын ұйымдастыруға қойылатын гигиеналық талаптар.
Кәсіптік оқу оқуды өмірімен жақындастырады, мектеп оқушыларының оқу материалын меңгеруін жеңілдетеді. Кәсіптік оқу мектеп оқушыларының дене еңбегіне қатысуымен тығыз байланысты. Дене еңбегінің орасан зор гигиеналық маңызы бар, егер ол дұрыс ұйымдасса және қарқындылығы мен ұзақтығы жағынан балалар мен жасөспірімдердің күшіне және мүмкіндіктеріне сәйкес келсе, онда мектеп оқушыларының денсаулығын нығайтып, оларды еңбекті құрметтейтін және сүйенетін саналы да тәртіпті азамат етіп тәрбиелейді, оларға өзіне өзі қызмет көрсету дағдысын сіңіреді. Мектептің төменгі сыныптарынң өзінде-ақ қол еңбегі сабақтары өткізіледі. Орта мектептің орталау және жоғарғы сыныптарда кәсіптік оқуда дене еңбегінің ролі айтарлықтай артады. Еңбек оқушылары жүйке жүйесінің күйіне игі әсерін тигізеді, бұрыннан бар шартты рефлекторлық байланыстардың жетілуіне және жаңа байланыстардың орнауына әсер етеді, қозғалыс дағдылары мен іскерліктерін дамытады, тыныс алу, қан айналысы мүшелерінің қызметін арттырады, зат алмасуды айтарлықтай күшейтеді және мектеп оқушыларының жұмысқа қабілеттілігін жақсы сақтауға көмектеседі.
Мектептегі еңбек сабақтарын енгізу мынандай гигиеналық мәселелерді шешуді талап етеді: еңбек сабақтары өткізілетін орынының гигиеналық сипаттамасы, материалдарға, саймандарға қойылатын талаптар; еңбек сабақтарының гигиенасы, еңбек сабақтарындағы оқушылардың жеке басының гигиенасы және олардың еңбегін қорғау. Бастауыш сыныптатарда қол еңбегі сабақтары кәсіптік оқудағы алғашқы қадам болып саналады. Қол еңбегі сабақтары оқу жоспарындағы барлық пәндермен тығыз байланысты бола тұра, арифметика, өлшеу жайлы білімдерін практика жүзінде игеруге көмектеседі. Бұл теориялық және практикалық білімдердің белгілі бір бірлігін жасайды. Қол еңбегі сабақтарының барысында оқушылар заттардың шама, форма, көлем, салмақ және т.б. қасиеттері туралы бірқатар нақты түсініктер алады. Бұл оқу материалдарын игеруді жеңілдетеді, мұның гигиеналық тұрғыдан алғанда маңызы зор. Қол еңбегі сабақтары көлбеу қақпағы бар партада, сынып бөлмелерінде өткізіледі. Еңбек сабақтарын өткізу жағдайларына қойылатын гигиеналық талаптар сынып бөлмесіне қойылатын талаптармен ауданы, ауа температурасы, ылғалдылығы, жарықтың түсуі, вентиляция сәйкес келуі керек. Еңбек сабақтарында оқушылардың отыруын, станоктарда жұмыс жасауларын, құралдарды дұрыс қолданып отыр ма, қауіпсіздік техникасы ережесін сақтап отыр ма екендерін мұғалім қадағалау қажет. V-VII сынып және жоғарғы сынып оқушыларының слесарлық және столярлық шеберханаларда өтілетін апта сайынғы екі сағаттық еңбек сабағы еңбек дағдыларын, тәртіптілікті қалыптастыруды, еңбекке деген ынтаны дамытуды көздейді, сөйтіп олар осы арқылы мектептегі оқуды өмір талаптарына жақындастырады. Еңбек сабақтарының гигиеналық жағынан нәтижелілігі бір қатар жағдайларға: оларды өткізу жағдайларына, оқушылардың жұмыс режиміне, сабақтарының құрылымына, оқушылардың ынтасына байланысты. Еңбек сабағының алғашқысында оқушыларды еңбек құралдарының жұмыс істеу ережелері, оларды дұрыс қолдану, жұмыс орындарын таза ұстаумен, қауіпсіздік техникалық ережелерімен таныстыру қажет.
ҚОЛДАНЫЛАТЫН ӘДЕБИЕТТЕР:
1.А.Г.Хрипкова Возрастная физиология и школьная гигиена. М., 1990
2.Ю. А. Ермолаева Возрастная физиология. М., 1985.
3.Н.Н. Леонтева, К.Б. Маринова Анатомия и физиология детского организма. М.,1986.
4.Советов С.Е. Мектеп гигиенасы. А., 1973.
5. Антропова А. А. Основы гигиена учащихся. М.,1982.
6. Белецкая В. И. Школьн.ая гигиена. М., 1983.
7.С. Жұмабаев Жасерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы. А.,1988.
8. Чабовская А. Основы педиатрии и гигиены. М.,1978.