Тақырыбы: БОӘ – педагогикалық ғылым. БОӘ даму тарихы.
Жоспар:
1. ХІХ- ғасырдың аяғында және ХХ- ғасырдың басында патшалық Ресейде білім беру жүйесі.
2. 1871 жылы жаратылыстанудағы өзгерістер.
3. В.Ф.Зуевтің еңбектері.
Кілт сөздер:Бағдарлама, педагогикалық жүйе, оқулық, гимназия, училище.
БОӘ – педагогикалық ғылым.Зерттейтін пәні, әдіс-тәсілдері объектісі педагогика ғылымымен сарындас болып келеді.
Ол - жылдардың аяғы кезінде Ресейге ақсүйектермен жериеленуші таптардың ықпалы қайтадан үстем бола бастады. Осы жағдайға байланысты 1864-жылғы мектеп уставындағы көрсетілген кейбір бұқара халыққа тән жақсы жағдайлар алынып басталынды. Мектептерде жаратылыстану пәнінің орнына қайтадан «Закон божий» пәні жүргізілді. Сөйтіп, Ресейде орта мектептер бұрынғы классикалық жағдайына қайтадан оралды.
ХІХ- ғасырдың аяғында және ХХ- ғасырдың басында патшалық Ресейде, техникалық даму қасиеті төмен бола тұрсада, өндірістердің шоғырлануы ұлғайып, кластар арасында қарама-қарсылық күшейіп,басқа елдер сияқты капитализмнің жоғары сатысы империализмге көше бастады. Сол кезде үстем етуші тап, капиталистер патшалық үкіметі жүйені мәдени жұмысшыларды қатты қинады және шеткі аймақтарда орыс емес халықтарын құғынға ұшыратты. Көптеген жерлерде өндірістердің саны азайды, жұмысшылар жұмыссыздыққа ұшырады, жұмыс күні ұзарды, жұмысшылардың жалақылары кеміді. Мұндай экономикалық кризиске ұшырауы, саяси ереуілге ұласып, ол демонстрацияға айналды.
1901-жылы программаны қайта құру үшін комиссия құрылды. Сөйтіп, комиссия орта мектептің үш класы үшін жасалынған профессор Д.Н. Кайгородовтың бағдарламасықабылдады.
Д.Н. Кайгородов 80-90-жылдары (осы ғасырдың) табиғатты зерттеуде атақты ғалымдардың бірі болған. Ол «табиғаттың ескі досы және табиғатқа бас июші». Гүлдер, ормандар, құстар және табиғаттың жыл мерзімдері туралы көп фенологиялық бақылаулар жүргізіп көптеген әйгілі кітаптар жазған. Сөйте, тұра Д.Н. Кайгородовтың табиғатқа деген көзқарасы идеалистік тұрғыда болған. Табиғаттағы барлық құбылыстарды, заңдылықтарды көзімен көре отырсада,оның барлығы бір «құдайдың құдыреті» мен пайда болды деген болжамаға келген ғалым.
Д.Н. Кайгородов бағдарламаны пәндік принциппен құмай, «табиғаттың жатақханысы» атты принцип жасаған. «Табиғаттық жатақхана» принципі әрбір пәнге кіретін жертілікті жердің орманы, бағы, шабындық жері, көлі, өзені, бөгеті арқылы оқытылатын аралас принцип. Оқыту кезінде әрі өсімдігі, әрі жан-жануары бірдей оқытылады. Ондай оқыту оқушыға түсініксіз болады.
Д.Н.Кайгородов мұндай жүйені немістің мұғалімі Ф. Юнгеннің жүйесінен алған. Бағдарламада топсеруен, қол еңбегі және басқа сабақтардың түрлері ұсынылған.
Қайгородов өзінің бағдарламасында оқушуларды табиғаттың құбылысымен және жергілікті жердің табиғатамен таныстыруды, бұдан оқушылардың табиғатты сүюде сүйіспеншілігі арттатылдығын дұрыс көрсеткен. Сөйте тұра, мектепте жаратылыстану пәнін систематикалық түрде оқытуға қарсы болған. Материалды оқыту жыл мерзімдеріне байланысты оқытылған.
Д.Н.Кайгородовтың программасын проф. В.М. Шимкевичтің программасы ауыстырды В.М Шимкевич өзінің программасын А.Я. Гердтің 1878-жылы жасалынған бағдарламасының негізіде жасаған. Бұл бағдарламада жаратылыстану пәні тек ғана бастауыш сыныптарының І-ІІІ-сыныптарында жүргізілген. Еркектер гимназиясының жоғарғы кластарында жаратылыстану пәні енгізілмеген, ол тек реалдық училищелерде, кадет корпустарында, әйелдер гимназияларында, қалалық училищелерде, кейін келе, коммерциялық училищелерде жүргізілген.
Жаңа программада ғылымның ситемасы қамтылған.
а) өлі табиғат (1сынып); б) өсімдіктер (2-сынып); в) жануарлар мен адам (3-сынып).
1905-жылы революцияның уақытысында алдыңғы қатарлы адамдардың ұсынысы бойынша, барлық мектептерде жалынға бірдей білім беру және тегін оқыту, мекенді шіркеуден бөлу, мектепте жаратылыстану пәнін жеке пән ретінде оқыту, «құдай туралы заңдылықтарды» оқытпау, мұғалімдерге толық мүмкіншілік тұғызусияқты ұсыныстар болды. Мұндай ұсыныстар В.И. Лениннің жеке зерттеу арқылы 1903-жылы РСДРП-нің ІІ-съезінде партияның программасына енгізілген.
В.В. Павловтың (1862-1918) әдістемелік қызметі 19-ғасырдың аяғы кезінде басталған. Сол кезеңде ол «техникалық мектептерде жаратылыс тану пәнін оқыту жөнінде комиссияның» құрамына кіреді. Оның негізгі маманды ботаник. Ботаника саласында шұғылдана өмірінің көпшілігін жаратылыс тану методикасымен айналысқан ғалым. Өзінің методикалық идеясын тарату үшін мұғалімдердің арасында, Петербург университетінде студенттерге жаратылыс тану методикасы туралы лекция оқиды. Сонымен қатар, өз идеясын тарату үшін «Природа в школе» атты журнал шығаруға ат салысады. Сонымен қатар, С-Петербургте педагогикалық музей әскери оқу мекемесінің жанында табиғатшы-мұғалімдер қоғамын құрады. Ботаника пәнінің оқулығын, оқулыққа арнап методикалық нұсқаулар және жалпы «жаратылыс тану методикасының негіздері» - деген оқулықты 1907-жылы жазып шығады.
Биологиялық әдістерді пайдалана отырып, Павлов мынадай принциптерде оқыту ұсынған:
1. Формасы, оның атқаратын қызметіне байланысты оқытылсын.
2. Өсімдік пен жануарлардың тіршілігі әр уақытта өмір сүрген ортасына байланысты оқылсын.
3. Оқылатын материалды таңдап алу кезінде, сол организм биологиялық материалға толық бай болуы тиіс.
Қоршап тұрған орта туралы ол «сезім» бірінші, зат екінші деген ұғымға келді. Мұндай дұрыс емес көзқарастарға В.И. Ленин өзінің еңбегінде «Материализм және эмипириокритицизм» қатты соққы берді.
Мектепте жаратылыс тану курсының құру, оны оқыту және топсеруендерді, сарамандық сабақтарды ұйымдастыру туралы Половцевтан да басқа көптеген әдіскерлер - табиғатшылар өздерінің еңбектері арқылы көріне бастады.
Мысалы: К.П. Ягодовский, Б.И Рожков, В.А. Герд, И.Н. Полянский, т.б. Олардың еңбектерінің арқасында мектеп жаратылыс тану пәні өзінің бөлімдері арқылы оқулықтар, оқу құралы және практикалық экскурсия туралы көптеген нұсқаулар алды. Мұндай жағдайлар жаратылыс тану пәнін классицизмнің ауыр қамытынан босатты және оларды дұрыс жолға салды.
Жаратылыс тану пәні көптеген мектептерде өте аз түрде жүргізілді. Тек ғана жеке меншілік гимназияларда, коммерциялық училищелерде ауқатты адамдардың балалары оқыған. Себебі,буржуазиялық қоғамға табиғаттың сырын көп білу керек болды. Сондықтанда көптеген мектептерде ботаника, зоология, анатомия курстары оқытылып қоймай, биологияның қортынды курсы ретінде эволюциялық ілім оқытылады.
1871 жылы жаратылыстанудағы өзгерістер.
Жаратылыстану ғылымына еңбек сіңірген, Ч.Дарвиннің ең алғаш ізбасары – А.Я. Герд дарвиндік ұғымға сүйене отырып, жаратылыстану пәніне арналған көптеген мектеп оқулықтарын шығарды. Ол оқушы санасына әсер ететіндей,тірі табиғатты жан-жақты оқып білуіне дұрыс бағыт бере білді. Герд шығармашылық еңбектеріне оның айқын түпнегізін көруге болады.
Ресейдегі революциялық көтеріліс салдарынан 1871 жылынан бастап көптеген оқу орындарынан жаратылыстану пәні қысқартылды. Тек 1901 жылы гимназиялардың бастауыш сыныптарына жаратылыстану пәні қайта енгізілді. Осы аралықтардағы үзіліс салдарынан орыс әдістемесінің біржола тоқтап қалуына және А.Я. Герд атының мүлдем ұмытылуына сыбып болды.
Кейін 1914 жылы Б.Е. Райков өзінің «Мектептегі жаратылыстану атты кітабында А.Я Гердті әдскер ретінде танытты. Ендеше, Совет Одағы кезінде, Гердтің жаратылыстану ғылымының дамып, өркендеуіне әдістемелік мақсаттары жан-жақты жоғары бағаланып мойындалды.
Академик В.Ф.Зуев. (1752 - 1794). Өзінің еңбегінде «Начертание естественной истории», 3 бөлім: «Ископаемое царство», «Прозябаемое царство», «Животное царство». Бұл оқулық 40 рет баспадан шыққан. Көрнекілік және өлкетану принциптерін ұстаным еткен.
Ші дәріс