Лан» әскери-спорттық ойынын мектепте ұйымдастыру және өткізу.

Әрбір жаңа оқу жылының басында қыркүйек айында барлық орта мектептер мен орта арнайы оқу орындарында, КТМ-де келесі жұмыстар жүргізіледі.

1-курс тобы, әрбір 9-сыныпта өткізілетін ашық жастар жиналысында оқушылардың «Ұлан» ойынына түсуі туралы сұрақ шешіледі. Жиналыс батальон штаб мүшелерімен және сынып жетекшілерінің қатысуымен өткізіледі.

Ойынға қатысу туралы сұрақты балалардың өздері шешулері тиіс. Әрбір ұландыққы төмендегі міндеттер жүктеледі:

Өз Отанның патриоты болу.

ӘҚК-дегі қызметке өзін-өзі даярлау ағашқа оннан кем емес тартыла білу, басқа нормативтерді орындау, атап айтқанда.

Үлгілі оқу, тәртіпті болу.

Инициатива көрсете білу, «Ұлан» ойыны командирлерінің бұйрықтарын жылдан әрі дәл орындау.

Ұқыпты сыртқы тұлғаға ие болу, үлкендерге сыйластықпе, қарау.

АӘД және әскери-спорттық жұмысқа арналған оқу – материалдық базаны құрудың және жетілдірудің белсенді қатысушысы болуы тиіс.

Жиналыста бөлімшелерді, взводтарды құру, командирлер мен ұрыс парағының редакторы тағайындалуы керек.

10-11 сыныптар, оқу орындарының 2-3 курстар взводтарында командалық құрамды қайта таңдау жүзеге асырылады. Батальонда тағайындалады: батальон камандирі, тәрбиелік іс бойынша орынбасры, штаб башысы және штаб мүшелері.

Камандалық құрамға таңдалынған ұландықтар әркім өз бағыттары бойынша жұмыстарды ұйымдастырады және оны орындағаны үшін батальон штабы алдында персанальды жауапкершілікке ие болады. Айына бір реттен жиі емес бөлімшелер, взводтар, ұрыс парақтарының редакторларын оқыту, күнтізбелік жоспар, сабақ кестесі өңделеді, «Ұландық» газетін ай сайын шығарады, өрт саптық даяарлық, азаматтық қорғаныс ТЖ, арнайы даяарлық, тактика және т.б бөлімшелерге ұландықтарды даярлау тарауларын оқытуды ұйымдастыру жүзеге асырылады.

Ойын батальонының штабы, взводтардың командалық құрамы жұмыс жоспарын өңдеп, бекітеді. Консульттанттар кеңесі және оқу орындарының коллективі ұландықтар барлық категориядағы актив оқуларын ұйымдастырады және өткізеді.

Батальон штабының басты міндеті – әрбір ұландықтың қорғаныстық – көпшілік жұмыста және спорта белсенді қатысуына қол жеткізу, әрбір взводта жыл бойылық жоспарлы жұмысты ұйымдастыру.

Взвод – ойынның негізгі бөлімшесі. Онда ойын қатысушыларымен бірге күнделікті, үнемі әскери – спорттық жұмыс өткізіледі. Сондықтан взводтағы ұйымдастырушылық жұмыс маңызды іс болып табылады. Взводтағы жұмысты үнемі, ретті түрде өткізу қажет, оның қорытындыларын мерзімді түрде жиналыстарда талқылау, взвод ұландықтарының барлық тапсырмаларды орындауын есепке алу.

Взвод камандирі «Ұландыққа арналған» бағдарламасы бойынша ұландықтарды сабаққ қатысуы, қалыптасқан нормативтерді, тапсырмаларды олардың орындауы, әскери-патриоттық және қорғаныстық-көпшілік жұмыстар көрсетілетін «Ұландықтар взводының күнделігін» жүргізеді.

Ойынға әдістемелік және педагогикалық жетекшілік ету үшін мұғалімдер, соғыс ардагерлері, жауынгер - интернационалисттер, запастағы жауынгерлер, ата-аналар, медициналық қызметкерлер, «Отан» белсенділері, ЖОО студенттері ішінен концультаттар Кеңесі құрылады. Кеңес төрағасы және бас консультант айына екі реттен кем емес инструктивті және әдістемелік сабақтар өткізеді, айына бір рет ойынның барлық бөлімшелері командалық құрамының оқуы ұйымдастырылады.

Директор ойынға ұйымдастырушылық – педагогикалық жетекшілігін жүзеге асырады, оқушыларға әскери-патриоттық тәрбие беруге сынып жетекшілерін, тұтасымен педагогикалық ұжымды белсенді қатысуға тартады, ойынды материалдық қамтамасыз ету үшін батальон штабы, консультанттар кеңесіне көмек көрсетеді.

«ҰЛАН КҮНІН» ҰЙЫМДАСТЫРУ»

Ол барлық салт-жоралардың орындалуымен апта сайын жүргізіледі. Белгілі бір күнде, сабақтардың нақты саны, міндеттері мен мақсаттары көрсетілген «Ұлан күнін» өткізу туралы бұйрық келесідегідей бірізділікте шығарылады:

Взводтар бойынша сапқа тұру;

Штаб басшысы ұландықтардың бар және сабаққа даяр екендігі туралы взвод командирлерінің баяндамасын қабылдайды;

Штаб басшысы батальон басшысына баяндайды;

Батальон командирі ойынға қатысушылармен амандасып, тапсырмалар береді;

Взводтар батальон бұйрық берумен мектеп жетекшілігі және педагогикалық ұжым алдында салтанатты маршпен ізет ете жүріп өтеді де, сабақтарына тарасады.

Жоспарға сәйкес әрбір взвод кестеде көрсетілген өздерінің нақты істерімен айналысады.

Наши рекомендации