Дәріс10. Басқаның көңілін өзіңе аудару, амандасу, танысудың этикалық нормалары.
1. Қарым-қатынасқа түсу, әңгімелесушінің көңілін өзіңе аудару этикасы.
2. Амандасу этикасы
3. Танысу, қол алысу және т.б. рәсімдер туралы
Мәдениеттілік - бұл сенің кім екеніңді көрсететін айна секілді. Жалпыға бірдей қабылданған этикет бойынша ер адам әйел адаммен, жасы кіші адаммен, жасы үлкен адаммен, лауазымы төмен қызметкер өзінен жоғары лауазым иесімен бірінші амандасуды құп көргенімен, басшыға бағыныштыларының амандасуын күтудің қажеті жоқ.
Коллегаларыңмен қарым-қатынасқа түсу стилі ұжымда қалыптасқан тәртіппен анықталады. Қызметтестеріңмен аты, әкесінің атын атау арқылы, не болмаса кейде «мырза», «жолдас» сөздерін қоса фамилиясын атауға болады. Жиі атын атап өзіңе қаратуды да дұрыс деп қабылдауға болмайды, себебі ол сіздің тарапыңыздан азаматқа жеңіл-желпілік қатынасыңыздың куәсінің көрінісі болады. Атын атап жас қызметкерге, егер оған олар ренжімесе, сөйлесуге болады. Іскерлік қарым-қатынаста бағыныштыңызға тек «сіз» деп сөйлеген дұрыс. «Сен» деп сөйлеу тек ресми емес жағдайлардағы, өзара түсінушілік бар жағдайларда ғана қолданылатын жайт.
Іскерлік кездесуде танымайтын кісіге өзіңіз, не арағайындылық білдіруші арқылы танысуыңыз керек. Сіз қонақ болсаңыз бірінші болып өзіңізді таныстыру міндетіңіз болып табылады. Ер адамның әйел адамға бірінші болып танысуы керек екенін ұмытпаңыз. Таныстырушы әуелі жасы кіші ер, не әйел адамдарды жасы үлкендерге таныстырады. Бірақ ондай қадамға бару үшін танысушы жақтардың танысуға қарсы еместігін білгеннен кейін барған жөн.
Силастық пен жылы қарым-қатынастың ең кең тараған түрі амандасу. Амандасумен әңгімелесу де, жұмыс күні де бастау алады. Әлемде амандасу түрі өте көп.
Мысалы: Тунисте көшеде амандасу иілу, оң қолын маңдайына апару, сосын ерніне және жүрегіне апару арқылы атқарылады. Оның мағынасы: мен сен туралы ойлаймын, сен туралы айта жүремін, және сені силаймын дегенді білдіреді.
Жапондарамандасуды 3 түрлі иілумен орындайды: жеңіл иілу- шамамен 15 градус, ортапша -30, терең иілу одон төменірек. Мысалы ертеңгісін студент профессорды кездестірсе орташа иілумен сәлем берсе, профессордың иілуі одан аздау.
Англиядаәйел адамдар ер адамдармен бірінші болып амандасады, бұл сол арқылы ер адамдарға өзімен амандасуға рұхсат беру дегенді білдіреді.
Жалпы үйге кірген адам (мейлі әйел, мейлі ер адам болсын) әуелі әйел адамдармен, сосын ер адамдармен амандасады. Қонақ әуелі от анасымен, сосын от ағасымен амандасады.
Амандасу үстінде орныңнан тұру қажет пе деген сұрақ туады? Орныңнан тұру, әрине қарсы жақты силайтығыңды білдіретін ишарат. Егер бөлмеде бірнеше адам отырса, кірген адамға тұрудың қажеттілігі жоқ.
Егер амандасу түрегеліп тұрған жағдайда өтсе, әуелі үлкендермен, сосын өз қатарларыңмен амандасып болғаннан соң ғана отыруға болады. Егер үлкендермен не әйел адамдармен амндассаң, тек олар отырғаннан соң немесе олардың саған көрсеткен ишаратын алғасын ғана отыруыңа болады.
Бағыныштылары отырған бөлмеге кірген басшы бірінші болып амандасуы керек.Бағыныштылар оған жауап береді, бірақ оған тұрмайды.
Егер басшының кабинетіне оның бастығы не әйел адам, не әйел коллегасы кірсе , оған тұрудың қажеті жоқ.
Ал үлкен жастағы ер адам, не әйел адам кірсе, ең болмағанда орныңнан көтерілгенің жөн.
Егер басшының кабинетіне кірген адамның мәселесі тез шешілетін болса, оған орын ұсыну қажет емес. Егер ұзаққа созылатын болса , онеда орындықты ұсынған дұрыс.
Мекеменің басшысына кіргенде есік түртудің қажеттілігі жоқ, себебі ол бөлме иесін шаруасынан алаңдатады. Бөлмеге кіруші әңгімесін амандасудан (саламатсыздар ма?) бастауы керек. Іште отырғандар кірушіге тесіле «көзімен жеп» қарамай қарсы алуы керек, себебі тесіле қарау мәдениетсіздік болып қабылданады.
Басшының кабинетіне хатшысы болмағанның өзінде де түртпей кіруге болады. Кабинетке түртіп кіру тек ішкі ережеде көрсетілген жағдайда ғана орындалуы керек.
Өмірімізде танысу, кездесу, қоштасу кезінде қол алысу рәсімі де кең тараған. Бірақ оның да этикалық реттелуі бар. Мысалы амандасуда, қоштасуда, танысуда үлкені кішісіне, әйел адам ер адамға, басшы бағыныштысына қолын бірінші болып созады. Егер әйел адам, не үлкен ер адам, не бастық қол ұсынбай жеңіл иіліп ишарат білдірсе, онда амандасушы қол созбай оның да жеңіл иілумен жауап бергені дұрыс.
Жас адамның үлкен адамға, ер адамның әйел адамға, бағыныштының басшысына бірінші болып қол созуы этикетті өрескел бұзғандық болып саналады.
Қол алысу арқылы амандасқанда, танысқанда, қоштасқанда ер адам қарсы жақтың кім екеніне қарамай (мейлі үлкен, кіші, әйел, ер) тұруы керек. Әйелдің созылып тұрған қолын ер адамның отырған күйде алуы – өрескелдік. Жалпы қол алысу ер азаматтарға тән дүние.
Созылған қолды қысу да, ұзақ ұстау да дұрыс емес. Қысу тек алақан арқылы болуы керек (саусақпен емес).
Әйел адам амандасқанда, қоштасқанда қолғабынды шешпеуге болады.Егер екі ер адам да қолғап киген болса, оларға да шешпей қоштасуға, амандасуға жалпы қол алысуға болады. Ал олардың бірі қолғапсыз болса екінші шешуге міндетті.
Кездескенде әйел адамның қолын сүю дәстүрден шығып бара жатқан рәсім. Бірақ кейде болып тұрады. Іскерлік кездесулерде қол сүю орынсыз. Қолды сүю ерекше құрмет көрсетудің белгісі болғандықтан өте жас әйел адамның қолын сүю ретсіз. Егер қол сүю орын алатын болса, онда әйелдің қолын жоғары өз ерніңе дейін көтермей, өзіңнің басыңды ию керек.Жас айырмашылығыңыз едәуір болса, онша иілудің де орынсыз екенін білген жөн.Үйге кірген адам бас киімін алып кіруі керек, әйел адамға бұл тәртіп мінедетті емес.
Баспалдақпен көтерілу, немесе түсуде ер адам әйел адамның алдында жүруі тиісБұл әуелден келе жатқан дәстүр, себебі ер адам алда шам ұстап, жолды жарық етіп әйел адамның көйлегінің ұзын етегін басппау мақсатында ежелден қабылданған тәртіп.