ОҚыту мен тӘрбиелеудіҢ педагогикалыҚ жҮйесі 3 страница

Әлеуметтік тұрмыстық бағдар беру мақсаты - әрбір баланың интернат қабырғасынан шыққаннан кейін өздігінен өмір сүруді сенімді бастауына, әлеуметте табысты бейімделуіне қажетті білім, білік және дағдыларын қалыптастыру болып табылады. Олар әр түрлі қызмет түрлерімен, тұрмыстық заттардың атаулары, міндеттерімен танысады, оларға күтім жасауға үйретеді, оларды дұрыс және ұтымды пайдалана білуді меңгереді. Сонымен қатар өздігімен өмір сүруге психологиялық дайындау, қарым-қатынас мәдениеті мен байланыс дағдыларын дамыта отырып, олардың бойында жеке бас сапаларын: өзіне деген сенімділік, қоғам өміріне белсенді араласуға икемділігін, іс-әрекетінде бастама көтере білуге тәрбиелеу мақсатын көздейді.

Мүмкіндігі шектеулі балалар өз үйлерінде немесе түзетушілік қызмет көрсететін реабилитациялық мекемелерде оқытылады және тәрбиеленеді. Реабилитациялық мекемелердегі балалармен психологтар, психоневрологтар, педиатрлар,психиатрлар, логопедтер, мұғалімдер жұмыс жасайды.Бұл реабилитациялық мекемелердің негізгі міндеттері.

· кескінді тұрғыда диагностика жасау, әрбір балаға жеке тұрғыдан келіп оқыту мен тәрбиелеуде, олардың потенциялдық мүмкіндіктерін іске асыру;

· әрбір баланың диагнозына байланысты оқыту-тәрбиелеу жұмыстарын ұйымдастырып, жүргізу;

· балалардың бұзылған психофизиологиялық функциясын түзету, олардың танымдық қызығушылығын дамыту;

· оқу-тәрбиелеу процесінде әдіс-тәсілдерді ендіру т.б. жұмыстар.

Реабилитациялық мекеменің моделі ауданның әлеуметтік-мәдени және білім беру жағдайының анализінің негізінде жалпы және реабилитациялық типтегі мекемелердің инфраструктурасы және балалар контингентінің негізінде (денсаулығының психосоматикалық күйі, әлеуметтік реабилитация, әлеуметтік жүріс-тұрыс, мекемелер бойынша бөлу және реабилитациядағы қажеттіліктер) жасауы тиіс.

Аудандық әлеуметтік және білім беру ситуациясының ерекшеліктері реабилитациялық қызметтің анықталған моделін қалыптастырудың негізін қалайды. Бұл модель балалардың реабилитациясын организм деңгейінде (медициналық), тұлға(психологиялық), әлеуметтік субъект(әлеуметтік), іс-әрекет объектісі (педагогикалық) деңгейінде немесе кешенді түрде қамтамасыз етеді. Реабилитауиялау жұмыстары кезінде балаларға көмекті педагогтар ғана емес басқа мамандар да бере алатыны қарасытырылған. Реабилитациялық жұмыс модельінің нақты бағдарлары мен кадрлар потенциалы болуы тиіс: мұғалім, босатылған сынып жетекшісі, тәрбиеші, психолог, дене шынықтыру мұғалімі, мектеп дәрігері. Жалпы реабилитациялау моделінде психологиялық қолдау көрсетудің моделне сәйкес реабилитауиялық орталықтарі келесі жағдайда ғана тиімді қызмет ете алады:

- оңалту жұмыстарын ғылыми-әдістемелік қамтамасыз ету;

- оңалту мекемесін кадрлармен қамтамасыз ету;

- оңалту нысандарын таңдау және диагностика жүргізу;

Әлеуметтік-педагогикалық көмек басқармасы, сенім телефоны, әлеуметтік-педагогикалық оңалту орталықтары, балалар үйлері, балалрға көмек көрсету орталықтары арқылы:

- әлеуметтік педагогикалық диагностикасын (себептері, деңгейлері, түрлері);

- балалардың жүйке-психикалық және соматикалық күйінің алғашқы психологиялық және медициналық көмекті;

- экстремалды ситуацияларда көмектесуді;

- жеке оңалту кәсіби-еңбекті, социомәдениеттік, оқу танымдық және сауықтыру бағыттарындағы бағдарламаларды;

- нормаға сай өмір іс-әрекетін қамтамасыз ету;

- кейін өмірлік қалыптасуға көмек көрсетуді жүзеге асырады.

Денсаулық сақтау бағдарламасы диагностикалық және емдеу мекемелері, арнайы мекемелер, білім беру және интернаттық мекемелер арқылы мидициналық-педагогикалық және медициналық-әлеуметтік оңалту жасайды, ол өзіне:

· денсаулық күйіндегі кемістікке уақытылы диагностикасын;

· мекемелерде емдеу-сауықтыру жұмыстарын жүргізуді;

· медициналық реабилитация және емдеу бағдарламасын жасауды.; оқыту-жағдайларының медициналық-гигиеналық оптимизациясын;салауатты өмір салтын қалыптастыру;

· оқушыларды, педагогтарды, ата-аналарды медициналық оқыту мен тәрбиелеуді кіргізеді.

Жалпы білім беретін мекемелерде алғашқы диагностиканы жүзеге асыру, арнай түзете-дамыту бағдарламаларысенжұмыс жасайтын топтар ашу; қиын ситуацияларда көмек көрсету, психокоррекция бойынша арнайы сабақтар өткізу жұмыстарын орындайды.

Профильдік оңалту мекемелер кемістігі бар балаларға жағдай туғызады(материалдық-тұрмыстық, кадрлық, әлеуметтік-психологиялық) және оңалтудың нақты басқармаларын жасайды.Қойылған диагнозға байланысты бала сол мекемеде (дамудағы аномалия табылған жағдайда) немесе профильдік оңалту мекемелерінде тәрбиеленеді.Бұл жағдайда көмек тереңдетіліп, кеңейтілген түрде көрсетіледі.

Қазіргі уақытта Қазақстан Республикасында мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға ерте жастан медициналық білім беру және әлеуметтік қолдау жүйесін қамтамасыз ететін инфрақұрылым құру, басқару және қаржыландыру, кадрмен және материалдық-техникалық қамтамасыз ету керек. Психологиялық- медициналық-педагогикалық кеңес беру (ПМПК) мүмкіндігі шектеулі баланы тексеріп және оның ерекше білім алу қажеттіліктерін анықтап, соған сәйкес білім беру мекемесінде оқытуға ұсыныс жасап, қорытынды шығарады. Ата-аналар ПМПК-ның қорытындысымен білім беру мекемесін таңдауға құқылы. Ақыл-ой дамуы бұзылған балаларды әлеуметтік ортаға қосу, яғни тұрмыстық бағдарлау және әлеуметтік бейімдеу көмекші мектептегі жүйелі жұмыстың қорытындысы болып табылады. Сондықтан осы балалармен жүргізілетін жұмыстар жан-жақты және толық жүргізілуі тиіс.

Бақылау сұрақтары мен тапсырмалары

1. Арнаулы білім берудегі мектептік жүйенің сипаттамасын жасаңыз.

2. Арнаулы (түзетім) мекемелеріндегі білім беру мазмұнының негізгі бағыттары қандай?

3. Тұрақты мекенде орналасқан (облыс, қала) арнаулы (түзету) мекемелеріндегі оқу-тәрбие процесінің мазмұнына сипаттама беріңіз.

№15.Мүмкіндігі шектеулі тұлғаларға ерте түзету көмек көрсету жүйесі

1. Халықаралық қауымдастықтағы мүгедектерді қорғау мәселелері

2. Мүгедектердің құқықтары жөніндегі негізгі халықаралық құжаттар

3.Мүгедектерге арналған тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандарттық ережелері

4. Халықаралық ұйымдардың қызметі

5. Мүгедектердің құқықтарын қорғауда оң тәжірибесі бар елдердің әлеуметтік саясатының инновациялық моделі

6. ТМД елдерінде мүгедектердің құқықтарын қорғау

Халықаралық қоғамдастық мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелеріне жақында ғана назар аудара бастады. 1970-ші жылдардың аяғына дейін арнаулы қорғау шараларынсыз мүгедектердің барлық негізгі құқықтарын мойындау тұжырымдамасы басты орын алды. Адам құқықтары туралы Халықаралық Билльде жария етілген адамгершілік қадір-қасиетті кемсітпеу және құрметтеу қағидаттары мүгедектер үшін жеткілікті деп саналды. Алайда мүгедектік проблемасын зерделеу және мүгедектердің құқықтарын қорғау жөніндегі практикалық іс-әрекет олардың құқықтарын қорғаудың жекелеген халықаралық жүйесін құру қажеттігін анықтады.

Мүгедектердің құқықтарына арналған халықаралық құжаттардың тарихы Біріккен Ұлттар Ұйымының «Ақыл-ой дамуы бұзылғанадамдардың құқықтары туралы Декларацияны» қабылдаған (БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының
1971 жылғы 20 желтоқсандағы қарары басталады. Мүгедектердің қанағаттарлық өмірге құқықтарын, сондай-ақ барлық азаматтық және саяси құқықтарын таныған жалпы сипаттағы халықаралық-құқықтық құжат БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 1975 жылғы 9 желтоқсандағы 3447 (XXХ) Қарарымен бекітілген «Мүгедектердің құқықтары туралы Декларация»болды.1976 жылы 16 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы 1981 жылды Халықаралық мүгедектер жылы, ал 1983 жыл мен 1992 жылдың аралығындағы кезеңді – БҰҰ мүгедектерінің онжылдығы деп жария етті. Халықаралық мүгедектер жылын өткізудің аса маңызды нәтижесі 1982 жылы 3 желтоқсанда БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы қабылдаған Мүгедектерге қатысты дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасы болды. Осыдан 1993 жылға дейін қабылданған мүгедектердің құқықтары жөніндегі халықаралық-құқықтық құжаттар мүгедектердің жекелеген проблемаларын шешті, бірақ мүгедектердің құқықтарын тұтас қорғаған жоқ.«Мүгедектерді кәсіби оңалту және жұмыспен қамту туралы дүниежүзі елдері ұйымының Конвенциясы» (№ 159, 1983 жыл), Мүгедектерді кәсіби оңалту және жұмыспен қамту туралы ДЕҰ-ның Ұсынымы (№ 168, 1988жыл), Мүгедектерге қатысты адам ресурстарын дамыту саласындағы қызметте басшылыққа алынатын Таллин қағидаттары (1991 жыл), Психикалық ауру адамдарды қорғау және психиатриялық көмекті жақсарту қағидаттары (1991 жыл). Тек 1993 жылы мүгедектердің құқықтарына арналған негізгі жан-жақты құжат – «Мүгедектерге арналған тең мүмкіндіктерге қамтамасыз етудің стандарттық ережелері»қабылданды. Ерекше мұқтаж адамдарға білім беру жөніндегі Дүниежүзілік конференцияда: білім беруге және оның сапасына қол жеткізген Саламан декларациясы (Саламанка, Испания, 1994 жылғы 7-10 маусым) және ерекше мұқтаж адамдардың қарапайым мектептерге құқықтарын растаған Ерекше мұқтаж адамдарға білім беру бойынша іс-қимылдар негіздемесі қабылданды.1993 жылы 14-25 маусымда Венада өткен Адам құқықтары жөніндегі дүниежүзілік конференцияда қабылданған «Іс-қимыл бағдарламасының» «Теңдік, қадір-қасиет, шыдамдылық» деген тарауында адам құқықтарының әмбебаптығы және мүгедектерге әдейі немесе абайсыз көзқарас бойынша кемсітушілікке тыйым салу қағидаты ерекше атап өтілді.Мүгедектердің жағдайын жақсартуға бағдарланған дамыту мәселелері БҰҰ ұйымдастырған жоғары деңгейдегі конференциялар мен кездесулердің күн тәртібіне жиі енгізіле бастады. Мәселен, 1995 жылы 15 қыркүйекте Әйелдердің жағдайы жөніндегі төртінші Дүниежүзілік конференцияда қабылданған Пекин декларациясы мен Іс-қимылдар платформасында мүгедек әйелдерге қатысты ережелер, бағдарлар мен шаралар толық мазмұнда берілген. Сонымен бірге халықаралық қауымдастықтың күш-жігері жеткілікті шамада тиімді болған жоқ: БҰҰ екі рет жүргізген мониторинг (1987, 1992) барлық өзгерістерге қарамастан, мүгедектердің тең мүмкіндіктер алмағанын, ал көптеген елдерде қоғамнан оқшауланған күйінде қалғанын көрсетті. Осыған байланысты 1994 жылы БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы мүгедектерге қатысты Дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасын одан әрі жүзеге асырудың ұзақ мерзімді стратегиясын мақұлдады. Оның негізгі мақсаты ретінде түрлі ағымдық ресурстарды қамтитын және әрбір адамға оның әлеуетін барынша дамытуға мүмкіндік беретін «барлығына бірдей қоғамды» құру жария етілді. Алайда қалыптасқан ахуал, мүгедектердің құқықтары туралы бірыңғай ресми халықаралық шарттың жоқтығы, басқа да нормативтік актілердегі мүгедектердің құқықтары туралы нормалардың шашыраңқылығы - халықтың осы тобының құқықтарын толыққанды қорғауға кепілдік бермейтінін анық көрсетті. Мексика Президенті Висенте Фокстың БҰҰ-ның Бас Ассамблеясының 56-шы сессиясында ұсынған бастамасы бойынша Мүгедектердің құқықтары мен қадір-қасиетін қорғау және көтермелеу туралы жан-жақты бірыңғай халықаралық конвенцияның жобасын дайындау басталды. Арнаулы конвенцияны қабылдау қажеттігі негізгі конвенцияларда мүгедектердің құқықтарымен тікелей байланысты нормалардың жоқтығынан туындады. Мүгедектердің құқықтары мүгедектердің құқықтары жөніндегі осы конвенцияларда тек жанама ғана қозғалды. Тек Баланың құқықтары туралы конвенцияның бір бабында ғана мүгедек балалар туралы сөз болды. Қолданылып жүрген мүгедектердің құқықтарына қатысы бар халықаралық-құқықтық құралдар заңдық тұрғыдан міндетті болып табылмады.2004 жылдың тамызында БҰҰ-ның Бас Ассамблеясы Арнаулы комитетінің мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияны әзірлеу бойынша төртінші сессиясы өтті. Конвенция жобасын ағымдағы талқылаудың негізгі қайшылығы осы құжаттың мақсатын айқындауда түрлі тәсілдердің кездесуі болды. Бір елдер адам құқықтары саласындағы қолданылып жүрген халықаралық-құқықтық құжаттарда жазылған құқықтарды қайтадан растайтын және бір мезгілде қосымша мүмкіндіктерді бекітетін конвенцияға қол қоюды талап етті. Екіншілері құқықтарды қамтамасыз ету тұратын елдің экономикалық ресурстарына байланысты және конвенцияның ережелерін орындауға байланысты қаржылық ауыртпалықтар дамушы елдер үкіметінің осы құжатқа қол қоюын алыстатады деп есептеді.

Мүгедектерге қатысты дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасымүгедектердің проблемаларын шешуде тәсілдерді өзгерткен бірінші құжат болды. Оны қабылдағанға дейін мүгедектерге қатысты әлеуметтік саясат тек медициналық сипаттағы шараларды, оңалтуды және мүгедектіктің жекелеген себептерін болдырмау жөніндегі алдын алуды ғана қамтыды. Бағдарламада жария етілген мүгедектердің қоғамдық өмірдегі теңдігі мен толық қатысуын қамтамасыз ету мақсаты халықаралық қауымдастықтың мүгедектіктің жай-күйін өзгертуді түсінгендігін, мүгедектік проблемасын шешуге тұтас амалдар қолдану қажеттігін мойындағанын айғақтайды.Бағдарлама «мүгедектік» ұғымының өзін елеулі өзгертті: мүгедектерді халықтың әлсіз тобына жатқызуды тоқтатты. Сарапшылар түсінік бергендей, мүгедектік өмірдің қалыпты қыры болып табылады; сол немесе өзге де себеппен кез келген адам қалыпты өмір ағысының кез келген кезеңінде мүгедек болуы мүмкін. Мүгедектердің «осалдығы» қағидатына негізделген тәсіл «қарапайым» әлеуметтік және экономикалық құрылымдарда мүгедектердің бейімделуіне жағдай жасау іс-шараларын қамтитын мүгедектердің әлеуметтік жеткіліктілігін дамыту тұжырымдамасына орын берді. Мүгедектер үшін тең мүмкіндіктер жасау Бағдарламада қоғамдық өмірдің барлық салаларында қол жетімділікті қамтамасыз ету процесі ретінде қаралады. Құжатта жазылғандай, қол жетімділікті қамтамасыз етудің негізгі құрамы шешім қабылдау процесінде мүгедектердің толық әрі тиімді қатысуына жәрдемдесу шаралары болып табылады.

Мүгедектерге арналған тең мүмкіндіктерді қамтамасыз етудің стандарттық ережелеріДүниежүзілік бағдарламаның идеяларын дамыту шеңберінде қабылданды және түріне қарай мүгедектердің құқықтарына арналған шарттық құжат болды. Стандарттық ережелер ұсынымдық сипатқа ие, алайда мүгедектердің құқықтарын қорғау саласында халықаралық құжат болмаған жағдайда олар мүгедекетердің құқықтарын танитын және кепілдік беретін бірден-бір әмбебап құжат болып табылады. Стандарттық ережелер мемлекеттің мүгедектер үшін тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету шараларын қабылдауда моральдық және саяси адалдықтарын көрсетеді. Мәнісі бойынша, олар – мемлекеттердің мүгедектік проблемаларын шешу шеңберіндегі саяси-құқықтық, экономикалық және техникалық ынтымақтастығының жалғыз негізі. Стандарттық ережелердің құқықтық және моральдық негізі, құжаттың өзінде жазылғандай: Адамның құқықтары туралы халықаралық билль, Баланың құқықтары туралы конвенция, Әйелдерге қатысты кемсітудің барлық нысандарын жою туралы конвенция, сондай-ақ Мүгедектерге қатысты дүниежүзілік іс-қимыл бағдарламасы болды.Стандарттық ережелер төрт салада тең мүмкіндіктерді қамтамасыз ету жөніндегі практикалық ұсынымдарды келтіреді: тең қатысу үшін алғышарттар, тең мүмкіндіктер жасауға мақсатты салалар, оларды жүзеге асыру шаралары және бақылау тетігі. Мүгедектердің құқықтарын қорғау саласындағы арнаулы құжаттарының ішінде аса маңыздысы Мүгедектерді кәсіптік оңалту және жұмыспен қамту туралы конвенциясы(немесе № 159 Конвенция. Конвенция 1985 жылы 20 маусымда күшіне енді) болып табылады. №159 конвенция барлық санаттағы мүгедектердің мүддесі үшін кәсіптік оңалту саласында тиісті шаралардың қабылдануын қамтамасыз етуге және жұмыспен қамтуға байланысты еңбек нарығында мүгедектердің мүмкіндігін кеңейтуге бағытталған.

Мүгедектерге жәрдемдесу және қолдау саласында ауқымды жұмыстарды мүгедектікті болдырмау, мүгедектерді тамақтандыру, гигиенасы, білім беру, оларды кәсіби-техникалық даярлау, еңбекке орналастыру бағдарламаларымен айналысатын БҰҰ-ның мамандандырылған мекемелері мен басқа да халықаралық ұйымдар жүргізеді. Осы бағдарламаларды жүргізетін ұйымдардың ішінде: Халықаралық еңбек ұйымы, БҰҰ-ның Азық-түлік және ауыл шарушылығы ұйымы, Білім, ғылым және мәдениет жөніндегі Біріккен Ұлттар Ұйымы, Халықаралық азаматтық авиация ұйымы, Дүниежүзілік почта одағы (ДПО) бар.

Мүгедектердің проблемаларын шешу мәселелері мемлекеттердің өңірлік ынтақтастығы шеңберінде де көтерілді: 1983-1992 және 1993-2002 жылдар Азия-Тынық мұхитындағы мүгедектердің он жылдығы, 2000-2009 жылдар –Африкалық мүгедектердің он жылдығы, 2003-2012 жылдар – араб елдеріндегі мүгедектердің он жылдығы, 2003 жыл – Еуропадағы мүгедектер жылы деп жарияланды.

Өздерін құқықтары бойынша әлеуметтік деп атайтын бірқатар мемлекеттерде мүгедектердің құқықтарын қорғау мәселелері басым болып табылады. Бұл елдерде мүгедектердің проблемаларын бірінші болып, әдетте, өз азаматтары туралы әлеуметтік қамқорлық саласында үлкен үлес қосқан мемлекет басшылары өзектендірді. Бұл АҚШ-тың бірқатар президенттерінің іс-қимылдарынан аса айқын әрі тиімді көрінеді. 1970-ші жылдардың басындағы мүгедек балалардың тегін және тиісінше білім алу құқығын қорғау туралы екі күрделі сот ісі, Вьетнам соғысынан кейін мүгедектер санының көбеюі – мұның барлығы американдық қоғамның мүгедектердің құқықтарын қорғау бойынша заңнамалық шаралардың қабылдауына әкелді. 1973 жылы федералдық үкіметтермен келісім-шартқа отырар кезде АҚШ-тың мемлекеттік бағдарламаларында кемсітуге жол бермеуді көздейтін «Оңалту туралы» Заң қабылданды. 1976 жылы барлық мүгедек балаларға арналған Білім туралы Заңды қабылдай отырып, АҚШ Конгресі елде сегіз миллионнан астам мүгедек балалардың бар екенін анықтады. Олардың жартысынан көбі тиісті білім алмаған. Осындай миллиондаған бала мектеп жүйесінде қамтылмаған. Барлық мүгедек балаларға арналған білім туралы заңның маңызы жоғары, өйткені мүгедек балалар үшін мектеп есігін ашып берді және оларға берілетін арнаулы білімді реттейтін бірқатар қорғау шараларын енгізді. 1988 жылы АҚШ Конгресі мүгедек адамдарға дене кемістігін «адам боп өмір сүрудің табиғи элементі» деп танитын, американдық қоғамның «жалпы экономикалық, саяси, әлеуметтік, мәдени және білім беру» өмірінде «тәуелсіздігі, өзін-өзі көрсету, мазмұнды карьера жасау немесе толық қатысу» құқығына ешқандай да қысым жасамайтын «Тек-Акт» ретінде танымал техникалық құралдар арқылы көмек беру туралы Заң қабылдады. Осы нормативтік құқықтық актілер қабылданғаннан кейін мүгедектердің өздерінің кемсітуге қарсы орасан қозғалыстары басталды. Осы орайда мүгедектер тарапын қабылдаған және жаңа заңдардың нормаларын орындамаған жағдайларда қатаң санкциялар қолданған соттар үлкен роль атқарды. Американың барлық штаты бойынша арнайы құрылған құрылысшы-мердігерлер бригадасы сырғыма жолдар мен пандустар жасай бастады, күннен- күнге мүгедектер үшін Америка қалаларында қол жеткіліктілікті жақсартты. АҚШ Президенті Клинтонның қолдауымен мүгедектердің тұрмыс жағдайын елеулі жақсартатын, мүгедектіктің қандай да болмасын нысанындағы адамдарға тең құқықтар мен тең мүмкіндіктер беретін көптеген заңдар қабылданды. Мәселен, 1997 жылы 4 маусымда Клинтон американдық білім беруді дамытуда құбылыс болған «Дамуында және денсаулығында ауытқушылық бар адамдарға білім беру туралы» Заңға қол қойды. Президент оның негізгі мақсатын қысқаша ғана тұжырымдады – барлық американ балалары үшін әлемдік таптағы білім беруді қамтамасыз ету. Бұл жерде, ең алдымен, барлық балалар үшін тегін орта білім алу құқығын қорғау (беру) туралы, қарапайым мектептерде оқитын мүгедек балаларға арналған арнайы оқыту бағдарламасының қол жетімділігі туралы және олардың жұмысындағы нәтижелер үшін мектептердің жауапкершілігін арттыру туралы сөз болып отыр. Бұл проблеманың қоғамдық жағына баса назар аударылды: балаларды жалпы білім беру процесінде барынша қарапайым орта мектептерде оқытуға тырысты, ал олар өз құрдастарынан қалып қоймас үшін және қарапайым оқу жоспарымен үлгеру үшін олардың әрқайсысы үшін қосымша сабақтармен бірге арнайы жеке оқыту бағдарламалары әзірленді. Бұл орайда оларды оқыту бойынша қосымша шығынды мемлекет өзі көтерді. Мүгедектер үшін әлеуметтік қызмет көрсету жүйесінің дамуына қарамастан, мүгедектердің құқықтары туралы қамқорлық АҚШ президенттері үшін бүгін де өзекті болуда. Президент Джордж Буш 2001 жылы дене кемістіктері бар адамдардың компьютерлер мен интернетке неғұрлым қолжеткізуіне бағытталған бұйрыққа қол қойды. 2004 жылы АҚШ армиясының ардагерлерін, соның ішінде түрлі қарулы қақтығыс салдарынан жарақат алған мүгедектерді Ақ Үйді күзетуге тарту жобасы басталды. Қазірдің өзінде Ақ Үйдің қауіпсіздік қызметінде 40 адам жұмыс істейді және жақын арада мұның саны 100-ге дейін көбейеді. 2003 жылы 16 желтоқсанда АҚШ Конгресі қарулы күштердегі ардагерлер мен мүгедектердің, сондай-ақ осындайлар жұмыс істейтін фирмалардың федералдық үкіметпен еңбек келісім-шартына отырған кездегі артықтышылығы айтылған заң қабылдады. Мүгедектер жөніндегі дүниежүзілік комитет, Франклин және Элеонора Рузвельт Институты қоғам өміріне мүгедектердің толық қатысу міндеттерін шешуде едәуір прогреске қол жеткізген мемлекетке мүгедектер туралы қамқорлығы үшін тапсыратын Франклин Делано Рузвельт атындағы жыл сайынғы халықаралық сыйлық тағайындады. АҚШ-та 1990 жылы «Американдық мүгедектер туралы» Заңның қабылдануына байланысты әлеуметтік саясаттың инновациялық моделі немесе азаматтық құқықтарды іске асыру моделі деп аталатын – мүгедектерге қатысты өткізілетін кемсітуге қарсы әлеуметтік саясат тұжырымдамасы дами түсті. АҚШ-та әзірленген азаматтық құқықтарды іске асыру моделі әлеуметтік саясаттың халықаралық эталоны ретінде қаралады. Ол азаматтық құқықтарды толық қорғаумен қатар, мүгедектердің әлеуметтік мәртебесін арттыруға және қоғамға кірігуіне ықпал етеді және жалпы қоғамды ізгілендіру түсу үшін алғышарттар құрайды. Сонымен бірге деинституционалдау тәжірибесін, яғни мамандандырылған интернаттар мен стационарлық үлгідегі мекемелер желісін қысқарту және тұрғылықты жері бойынша мүгедектерге қызмет көрсетуді дамыту нәтижесінде қаражатты азайту есебінен мемлекетке экономикалық жағынан тиімді. Кейбір зерттеушілер Ұлыбритания, Мексика, Канада, АҚШ, Германия, Австралия, Израиль, Жаңа Зеландия, Жапония және т.б. сияқты мемлекеттерде мүгедектік саласында ұлттық саясатты жуықтағанын куәландырады. Азаматтық құқықтарды іске асыру моделі тарихта бірінші рет мүгедектерге қоғамның толық құқылы мүшесі мен оның белсенді қатысушысы ретінде қарағандықтан және олардың оқшауланбай, қарапайым ортаға оралуы үшін алғышарттар жасағандықтан инновациялық болып табылады.

Наши рекомендации