Дәріс: Мақал-мәтелдер.
Мақал-мәтелдердің жанрлық белгілері мен класификациялаудың принциптері. Тақырыптық, логикалық-семантикалық жіктеулер туралы түсінік. Мақал-мәтелдердің жиналуы мен зерттелуі және тура және ауыспалы мағыналары. Құрылысы жағынан ықшам болып, ырғақ, ұйқасқа құрылатындығы. Мақал мен мәтелдің айырмашылығы. Мақалда түсінік пен қорытынды қатар айтылып, ой тиянақты келсе, мәтелде ой ишара, тұспалмен беріледі. Мақал-мәтелдердің тақырыбы халық өмірінің барлық саласын қамтиды. Мақалда тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні айтылады. Мақал-мәтелдердің қанатты сөз, афоризмдерден айырмашылығы.
Дебиеттер:1-7,18,21,56.
Дәріс: Жұмбақ, жаңылтпаш, өтірік өлең.
Қазақ жұмбақтарының жиналу, зерттелу тарихы. Жанрлық белгілері мен жасалу жолдары. Жұмбақтардың шығуына таудың әсері. Жұмбақ заттардың қызметіне, дәміне, түсіне, сыртқы көрінісіне, дыбысына, қандай нәрседен жасалатыныына қарай ойластырылады. Жұмбақ - өмірдегі зат пен құбылысты тану құралы. Жұмбақтар басқа жанрлармен (ертегі, айтыс, мақал-мәтел, шешендік сөздер) байланысты болады.
Жаңылтпаш көбіне тез айтуға құралады. Балалардың тілін дамытады, кейде ойын үстінде үлкендер де айтады. Өтірік өлең өмірде болмайтын жағдайларды өлеңге айналдырады. Өтірікті шындыққа айналдырып айту үлкен тапқырылқты талап етеді.
Дебиеттер:1-7,23,24,36,49.
Дәріс: Шешендік сөздер.
Шешендік сөздер ақындар айтысы секілді, халық ауыз әдебиетінің өзіндік ерекшеліктерін көрсететін жанрларының бірі. Әдетте, шешендік өнер айтыс-дауда туып, дамиды. Философиялық терең ойға құрылған шешендік сөздер сайысы тек қазақ халқы ғана емес әлемдік әдебиеттің ежелгі дәуірлеріндегі халықтың көбіне тән. Дәстүрлі шешендік сөздер дегеніміз – белгілі бір мәселеге байланысты тапқыр ой, көркем тілмен айтылған және халық жиі қолданып,сәйлемдік құрамы қалыптасқан жүйелі,үлгілі сөздер. Шешендік сөздерді шартты түрде мазмұнына қарай үшке бәлеміз: шешендік арнау, шешендік толғау, шешендік дау. Шешендік арнау – белгілі бір адамға арнайы айтылған сәлем, сын, әзіл және бата сөздер. Шешендік толғау сөздер.Шешендік арнау сөздер адамдар арасындағы қарым-қатынас пен көңіл-күйін бейнелесе,шешендік толғау халықтың табиғат құбылыстары мен өмір өзгешеліктеріне өзіндік көзқарасын көрсетеді. Шешендік дау-қазақ қауымының заттық және даулы мәселелерді шешетін ежелгі әдет заңынан елес береді. Шешендік Дауды мазмұнына қарай шартты түрде жер дауы, жесір дауы, құл дауы,мал дауы және ар дауы деп беске бөлуге болады.
Дебиеттер:1-7,22,25,37,38,42,45,50.
Дәріс: Аңыздар.
Аңыз, жылнама, миф, шежіре қай елде болса да, бар. Қазақ халық ауыз әдебиеті аңыз, миф, әңгімелерге аса бай. Халық прозасының ертегіге жатпайтын жанрлары өзінің табиғаты мен мүддесіне қарай баяндап отырған оқиғаларын шын етіп көрсетуге тырысады, әрбір фактіні өмірде болады деп хабарлайды. 1.Аңыз, әпсана, миф, хикая мен әңгімедегі баяндалған оқиға шын болып көрінуге тиіс, өйтпегенде ол шығармалардың тыңдаушы үшін құны болмайды. 2.Аңыздық прорзада қиял саналы түрде пайдаланылмайды. 3.Баяндаушы аңыздың немесе хикаяның көркемдігін әрлендіріп жатпайды, оның міндеті – қажетті мәліметті, оқиғаны хабарлау. 4.Танымдық қызметі басым ( ғибрат, білім беру). Миф – дүниенің, жаратылыстың әр түрлі құбылыстар мен жердің жаратылуын, адамзаттың алғашқы қалай пайда болғанын және аңдар мен құстардың шығу тегі мен мінез-құлқын, ерекшеліктерін түсіндіріп, баяндайтын прозалық шығармалар.
Хикая дегеніміз – ел өмірде бар деп сенген неше түрлі жезтырнақ, үббе, албасты, күлдіргіш, жалғыз көзді дәу, шайтан, пері, дию сияқты нәрселері туралы діни-нанымға негізделген әңгімелер. Аңыз дегеніміз – бір мекеннің, жергілікті жердің, я болмаса бір тайпаның, рудың ауызекі шежіресі. Әпсана (легенда)- дегеніміз қазақ фолклорының ертегіге жатпайтын қиял мен кереметтік элементтерін мол пайдаланатын және бір шындық оқиғаны, кейіпкерді, мекенді қамтитын бірақ мұсылмандық дінге негізделмеген әңгіме.
Аңыздар олардың түрлері. Аңыздардың тарихи негіздері.
Дебиеттер:1-7,9,10,11,20,37,43,45,52.
Дәріс: Ертегілер.
Барлық елдердің фольклорынан мол орын алатын жанрлардың бір түрі - ертегілер. Ертегілер көбінесе қара сөз үлгісінде айтылатындықтан, оны халықтың ерте заманда шығарған көркем әңгімесі дейміз. Қазақ ертегілерінің ел арасынан жиналып хатқа түсуі, баспа жүзіне шығуы ХІХғ. II жартысынан басталады. Бұл ретте Ш.Уәлиханов, Г.Н. Потанин, В.В.Радлов, Ә.Диваевтан бастап бірнеше кезеңдердің ғалымдары еңбек сіңірген. Ертегі жанрының мақсаты - тыңдаушыға ғибрат беру ғана емес, сонымен бірге эстетикалық ләззат беру. Ертегі жанрының функциясы кең, ол әрі тәрбиелік әрі көркем- эстетикалық роль атқарады. Ертегілік прозаның басты мақсаты - сюжетті барынша ғажайыпты етіп, көркемдеп, әсерлеп баяндау. Демек, ертегі шындыққа бағытталмайды, қайта керісінше, әсірелеуді міндет тұтады. Жануарлар туралы ертегінің түп-төркіні адамзат тарихының ең арғы заманында, аңшылық өмір кезінде жатыр. Қиял-ғажайып ертегілер - қазақ ауыз әдебиетінің ең көне жанрларының бірі. Алғашқы қауымдық қоғамда дамыған. Сондықтан бұл ертегілерде адамзаттың ертедегі өмірінің көптеген белгілері сақталған. (Матриархат дәуірі, анимизм, тотемизм, магия сияқты діни наным –сенімдер). Қиял-ғажайып ертегілердің сюжеті мен поэтикасына, құрылымына батырлық жырлар үлкен әсер еткен.
Дебиеттер:1-7,9,10,11,12,15,37,45.