Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы

Жәутіков Орынбек Ахметбекұлы (1911-1989) – ғалым, физика-математика ғылымдарының докторы,профессор, Қазақстан Ғылым академиясының академигі, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми және техника қайраткері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты.Қарағанды облысы Ақтоғай ауданының Қызыларай ауылында дүниеге келген. 1920-1930 жылдары ауылдық мектепте, кейіннен Қарқаралы қаласындағы мектепте оқыған. 1934 жылы Қазақ педагогикалық институтының (Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті) физика-математика факультетін үздік бітіріп, Ленинград мемлекеттік университетінің (Санкт-Петербор мемлекеттік университеті) аспирантурасын тамамдаған. 1934-1951 жылдар аралығында Қазақ педагогикалық институтында ассистент, аға оқытушы, доцент, декан, директордың ғылыми жұмыстар жөніндегі орынбасары, кафедра меңгерушісі болған. 1945 жылы Қазақ КСР Ғылым академиясында Математика және механика секторы ашылып, кейіннен Математика және механика институты құрылған. О.Жәутіков 1945-1965 жылдар аралығында Қазақстан Ғылым академиясының Математика және механика секторында аға ғылыми қызметкер, сектор меңгерушісі, 1965-1969 жылдар аралығында Қазақстан Ғылым академиясының Математика және механика институтының директорының орынбасары, зертхана меңгерушісі, 1969-1989 жылдар аралығында Қазақстан Ғылым академиясы Президиумының мүшесі, Физика-математика ғылымдары бөлімшесінің академик-хатшысы қызметтерін атқарған. 1985-1989 жылдары Қазақстан Ғылым академиясының Математика және механика институтында зертхана меңгерушісі болған.
Негізгі ғылыми еңбектері қозғалыстың орнықтылық теориясына, математика, физика теңдеулеріне, дифференциалдық теңдеулердің шексіз жүйелеріне, теориялық және қолданбалы механикаға, математика тарихы мен оның методологиясына арналған.
Орынбек Ахметбекұлы Жәутіков – республикалық физика-математика мектебін ұйымдастырушылардың бірі. Бұл мектеп қазір Орынбек Жәутіковтің есімімен аталады. Ол республикамызда математик ғалымдарды дайындауда және математиканы насихаттауда көп еңбек сіңіріп, отандық математиктер мектебін қалыптастырды. 1958 жылы академик О.Жәутіков алғаш рет қазақ тілінде математикалық талдау туралы оқулығын шығарған. Ол 200 ден астам ғылыми еңбектердің, ғылыми-танымдық кітаптардың, методикалық жұмыстардың, көптеген оқулықтардың авторы. Белгілі ғалымдар А.Ляпуновтың, С.Ковалевскийдің, Н.Лобачевскийдің, С.Соболевтің, М.Лаврентьевтің, К.Персидскийдің, Қ.Сәтпаевтің, тағы басқалардың өмірі мен шығармашылық қызметтері туралы зерттеулерін ғылыми-танымдық кітаптары мен мақалаларында жариялаған. Академик О.Жәутіков Кеңес Одағы мен шетелдерде өткен осы замандағы математика және механика проблемаларына арналған көптеген съездер, конгрестер мен конференцияларға, симпозиумдарға қатысқан.

Орынбек Ахметбекұлы Алматы қаласында оқушылардың Кіші ғылымдар академиясын ұйымдастырып, академияның көп жылдар бойы Құрметті президенті болды. О.Жәутіков математика ғылымын дамытуға және физика-математика білімдерін жетілдіруде зор үлес қосып, ғылыми-педагогикалық кадрларды даярлағаны үшін Октябрь революциясы орденімен, 2 рет «Құрмет Белгісі» ордендерімен, көптеген медальдармен, Қазақ КСР Жоғарғы Кеңесі Президиумының Құрмет грамоталарымен марапатталған.Қазақстанның еңбек сіңірген ғылыми және техника қайраткері, Қазақстанның Мемлекеттік сыйлығының лауреаты академик-ғалым Орынбек Жәутіков 16 мамыр күні 1989 жылы қайтыс болды.
Қазақ КСР Министрлер Кеңесінің қаулысымен академик-ғалым О.Жәутіковті мәңгі есте сақтау мақсатында Алматы қаласындағы Республикалық физика-математика мектебі мен Қарқаралы қаласындағы No1 орта мектебіне есімі берілген. Әль-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінде үздік оқыған студенттерге арналып О.Жәутіков атындағы стипендия тағайындалған. Алматы қаласында ғалым О.Жәутіков тұрған үйдің қабырғасына мемориалдық тақта орнатылған.

Шығармалары: Математикалық анализ курсы, Алматы, 1958; Математиканың даму тарихы, Алматы, 1967; Бесконечные системы дифференциальных уравнений,.-А., 1974 (сооавтор); Теория бесконечных систем дифференциальных уравнений, А.-А., 1978 (соавтор).

Халықаралық Жәутіков олимпиадасы – әлемнің әр түрлі мемлекеттеріндегі мамандан­ды­рылған физика-математика мек­тептерінің арасында өтіп келе жатқан тамаша интеллектуал­дық сайыс. Олимпиада дарынды балалармен жұмыс істеуде өзіндік тәжірибе мен қолтаңбаға ие болуда. Қазір бұл жарыс брендке айналды. Балалар осы олимпиа­даның жеңімпазы атануды абырой санайды, үлкен белесті ең­сер­гендей болады. Тіпті бұл олим­­пиададағы табыс көп бала­­ның тағдырына оң ық­палын ти­гізеді. О.Жәутіков олимпиад­асы­ның басты ерекшелігі – таяу және шал­ғай мемлекеттердегі маман­дан­ды­рылған мектеп­тер­дің ең да­­­­­рынды оқушылары үш пән бойынша бі­лім жарыстыра алады. Онда жеке оқушылардың қабі­леті ғана танылып қоймайды, ма­ман­дан­ды­рылған мектептердің мық­ты командалары да анық­талады.

О. Жәутіков атындағы Республикалық мамандандырылған дарынды баларға арналған физика-математика орта мектеп-интернатының іргесі 1972 жылыАлматыда қаланды. Республикалық және халықаралық олимпиадалар мен ғылыми жобалар сайысынан жүлделі орындарға ие болып, жоғары көрсеткіштерге жеткен Қазақстан мектептерінің бірі болып табылады. Аталған оқу орнында 9-11 сынып оқушылары білім алады. Директоры: Қайрош Бексейітұлы Мақышов. Құрылған уақытынан бері 39 жыл ішінде О.Жәутіков атындағы РМФМОМИ-ды 7000-нан астам түлектер бітірген. Олардың ішінде экономика, ғылым, бизнес салаларында өз орындарын тапқан, сонымен қатар ҚР Президентінің аппаратында, ҚР үкіметінде жауапты жұмыстарды атқаратындары бар.

Смағұлов Шалтай

Смағұлов Шалтай (16.03. 1949 жылы туылған, Алматы облысы, Балқаш ауданы, Құйған ауылы – 22.02.2003жылы, Алматы қаласы) – ғылым, техника, білім облысындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Инженерлер академиясының академигі, есептеу және қолданбалы математика кафедрасының меңгерушісі, Әл – Фараби атындағы ҚазМУ механика және математика ҒЗИ – ң директоры, физика-математика ғылымдарының докторы (1988ж.), профессор (1990ж.), «Есептеу математикасы және информатикалық технология» облысының ірі маманы. Новосибирск мемлекеттік университетін (1972ж.), КСРО ҒА-ның Теория және қолданбалы механика институтының аспирантурасын (1978ж.) бітірген. Ресейдің жоғары оқу орындарында (1972–1984ж.ж.) жұмыс істеді. ҚР ҰҒА-ның Механика және математика ғылыми-зерттеу институтының директоры (1996–2001ж.ж.), ҚазҰУ-да декан (2001–2003ж.ж.) қызметтерін атқарды. 120 ғылыми жарияланымның, 8 монографияның авторы. ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты (1994ж.). 1981 жылы НГУ профессоры Б.Г.Кузнецовтың ғылыми жетекшілігімен сығылмайтын сұйыққа арналған ɛ - аппроксимациялық Навье – Стокс теңдеуінің математикалық сұрақтарына арналған физика – математика ғылыми кандидаттық диссертациясын қорғады. 1987 жылы Навье – Стокс теңдеуінің жуықтап есептеу математикалық сұрақтарының тақырыбына докторлық диссертациясын қорғады.

Ш.Смағұловтың ғылыми қызығушылығы көп қырлы және ол есептеу математикасы, гидродинамика дифференциалдық теңдеудің сапалық теориясы, мұнайгаз өндірісіндегі және білім информациялық технологиясы және т.б. түрлі облыстарына қатысты. Смағұловтың 100 – ден астам ғылыми еңбектері бар, оның 4 монография, 40 – тан астам кандидаттың, 3 доктордың ғылыми жетекшісі, консультанты.

Шалтай Смағұл­ұлы нағыз ғалым. Ол Новосібір қаласындағы университетті бі­тір­геннен кейін Теориялық және қолдан­балы механика ғылыми-зерттеу институтында жұмыс істеді. Сібірдің ғылыми мектебінен өтті. Қазақстанда есептеу математикасынан және математикалық модельдеуден ғылыми мектептің қалыптасуына оның ықпалы аз болған жоқ. Ол – білім мен ғылымның дарынды ұйымдастырушысы еді. Ең алғаш рет Навье-Стокс теңдеулерін эволюциялық түрдегі теңдеу­лер­мен аппроксимациялау идеясын Шалтай Смағұловтың ұстаздары академик Н.Яненко мен профессор Б.Кузнецов ұсынған болатын. Одан кейін бұл есеппен алыс, жақын шет елдердегі біраз математиктер айналысты. Есепті шешуде басқа ғалымдарға қарағанда, Ш.Сма­ғұлов үлкен нәтижелерге жетті. Эво­лю­­ция­лық теңдеулер шешімі жинақталу жылдамдығының одан әрі жақсармайтын бағасын берді. Алғаш рет Шалтай Смағұлұлы Лагранж айнымалыларында жазылған тұтқыр сығылатын сұйықтың теңдеуінің айырымдық схемасын ұсынды және оның орнықтылығы мен жинақтылығын математика ғылымында негіз­деді. Ол ұсынған және зерттеген айы­рымдық схеманы бүгінде Смағұлов схемасы деп атайды.

Шалтайдың дифференциалдық теңдеулерді шешуге арналған (оның ішінде әйгілі Навье-Стокс теңдеуі бар) еңбегі дүние жүзіндегі белгілі журналдарда жарияланды.

Қазақ Ұлттық инженерлік академиясының академигі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Ш.Смағұлов есептеу математикасы саласында үлкен ғылыми жетістіктерге жетті. Оның басшылығымен Қазақстан Республикасының мұнай-газ кен орындарын зерттеу, бақылау және болжауға арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе жасалды.

Әл – Фараби атындағы ҚазМУ жанындағы механика және математика ҒЗИ – да Республика орта мектептеріне бағдарламасы Смағұловтың басқаруымен өңделуде және оның редакциясымен «Білімдегі компьютер технологиясы» атты кітабы жарық көрді.

Смағұлов теоремасы. Болашақ ғалым 1972 жылы Новосібір университетін бітірісімен КСРО ғылым академиясының академигі Н.Н.Яненко басқарған ғылыми – зерттеу институтына қызметке алынды. Ол бірден әлемдік математикадағы ең қиын Навье – Стокс дифференциалдық теңдеулер жүйесінің проблемасымен айналысады. Айта кету керек, бұл проблема қазірге дейін толық шешімін тапқан жоқ. Оны толық шешкен адамды 1млн. АҚШ доллары көлеміндегі қомақты жүлде күтіп тұр. Осы Навье – Стокс проблемасын теориялық тұрғыдан да, қолданбалы ғылым саласы бойынша да зерттеген Шалтай әлемге әйгілі Смағұлов теоремасын дәлелдеп, Смағұлов әдісін ашты.

Бұл нәтижелер математика ғылымының алтын қорына кірді. Алған ғылыми тақырыбымен, сол бойынша қол жеткізген нәтижелері әлемдегі есептеу математикасының негізін қалаушы академик А.А.Самарскийді және де басқа да әйгілі шетел ғалымдарын таңғалдырған болатын. Осыдан кейін ғана ол докторлық диссертациясын қорғады. Талантты ғалым бар саналы ғұмырын Навье – Стокс проблемасын шешуге арнады.

1984 жылдан бастап Шалтай Смағұлов ҚазМУ – дің механика – математика факультетіне кафедра меңгерушісі болып тағайындалып, елеулі еңбек етті. Шалтай құрған мектебі нағыз ғылыми мектепке айналып келе жатыр еді. Осындай жақсы мектеп, тамаша ғылыми ізденістер басталғанда, 90 – жылдардағы өзгерістер әркімді әр жаққа ығыстырып, ғылымды өміріне балаған адамдар базар жағалап кетті. Сол тұста Шалтай өз шәкірттеріне ғылыми ізденістер арқылы қаржы көзін табуды үйретті. Өзі бастап ғылыми жобаларды өндіріске енгізіп, ғылым гранттарын жеңіп алуға қол жеткізді. Бір сөзбен айтқанда, шәкірттеріне ғылым жетістіктерімен де мол ақша табуға болатынын көрсетті. Бұл математиктер үшін үлкен жаңалық еді. Енді математиктер де заман көшіне ілесіп, ізденістің ілгерілесу жолына түсе бастады.

Математикалық модельдерді жаппай іс жүзінде пайдалануды Қазақстанда бірінші болып іске асыру жолын көрсеткен Шалтай болатын. Сондықтан оның ғылыми мектебі өтпелі кезеңнен еңсесін түсірмей биіктен көріне алды.

Хасен Ибрашев

Хасен Ибрашев1916 жылдың15 желтоқсанында Орал облысыКазталов ауданында дүниеге келген.Хасен Ибрашев- ғалым, математик, профессор (1969).

Еңбек жолы:

Ол 1941 жылы Орал педагогикалық институтын бітірген,Ұлы Отан соғысына қатысқан;

· 1943-48 жылдары ҚазМУ-де проректор қызметін атқарған;

· 1948-78 жылдары ҚазМУ-де кафедра меңгерушісі болып жұмыс істеген;

· 1957-71 жылдары декан.

Негізгі ғылыми еңбектері шекті және шексіз жай дифференциалды теңдеулер жүйесінің теориясына және Ляпуновтың екінші тәсілін қолданғандағы олардың шешімдерінің орнықтылығын зерттеуге арналған

2-дәрежелі Отан соғысы, Еңбек Қызыл ту, «Құрмет Белгісі» ордендерімен және медальдармен марапатталған.

Негізгі еңбегі Математикалық анализ курсы.1, 2-т., А., 1963-70

Наши рекомендации