Спорттық ойын элементтері

Городки. Бастапқы қалыпты дұрыс ұстап тұрып, таяқты бір қырындап лақтыру. 3-4 пішінді білу. Городкиді 2-3 м және 5-6 м аралықтан таяқ лақтырып құлату.

Баскетбол. Кеуде тұсынан қос қолдап допты бір-біріне лақтыру. Допты оң және сол қолмен алып жүру. Допты кеуде тұсынан екі қолмен лақтыру. Ойынды топ болып үйрену.Бадминтон. Ракетканың воланын белгілі бағытқа қағып лақтыру. Тәрбиешімен жұптасып ойнау.

Футбол. Берілген бағытқа допты оң және сол аяқпен домалату. Доппен затты айналдыра жүру. Допты шұңқырға, қақпаға домалату. Допты қатарынан бірнеше рет қабырғаға соғу. Жұптасып тұрып, допты аяқпен бір-біріне домалату, аяқпен қатарынан бірнеше рет қабырғаға соғу.

Жыл соңында дене шынықтыру бойынша бағдарламалық материалдарды меңгеру нәтижесінде балалар:

- денсаулықты күшейтуді және физикалық дайындықтың жоғарылатуын дене жаттығуларымен шұғылдану арасындағы байланысы туралы; дене шынықтыру сабақтарында техникалық қауiпсiздiк ережесін сақтау туралы түсінігі болуын;

- дұрыс дене сымбатын қалыптастыруғабағытталған жаттығулар кешенін орындауды;

- ертеңгілік және тыныс алу жаттығулар кешенін орындауды;

- қимылды ойындар ойнауды;

- түрлі тәсілдермен жүруді;

- 3-4 м жерге дейін көзін жұмып өтуді;

- 1,5-2 мин аралығында баяу қарқынмен тоқтамай жүгіруді;

- 80-120 м арақашықтыққа жүгіруді орташа жылдамдықтағы жүрумен кезектестіруді;

- шамамен 5,5-6 секунд ішінде 20 м жылдамдыққа жүгіруді;

- 5-6 заттардың үстінен тура және жанымен секіруді;

- түрлі тәсілдермен: бір аяқта, қос аяқтап, бір орында, 3-6 м арақашықтыққа алға жылжи отырып секіруді;

- бір орыннан 80 см кем емес ұзындыққа, 100 см кем емес ұзындыққа жүгіріп келіп, `(30-40 см кем емес) биіктікке жүгіріп келіп секіруді;

- 20 см дейін биіктіктегі зат үстіне секіруді, 30 см биіктіктен белгіленген жерге секіріп түсуді;

- допты жоғары лақтырып және қағып алуды, допты жерге 10 рет соғуды;

- заттарды (5-9 м кем емес) қашықтыққа; 3-4 м арақашықтықтан тік және көлденеңінен нысанаға лақтыруды;

- қарқынды өзгерте отырып (биіктігі 2,5 м) гимнастикалық қабырға бойымен өрмелеуді;

- төрттағандап заттар арасымен еңбектеуді;

- тепе-теңдік қалпын сақтай отырып түрлі тәсілдермен шектелген жазықтық бойымен жүруді;

- бір қатар саптізбектен, үш және төрт қатар саптізбекке қайта тұруды;

- музыка әуенімен таныс дене шынықтыру жаттығуларын орындауды;

- жалпы дамыту жаттығуларын орындау барысында бастапқы қалыпты, орындалу бірізділігін сақтауды;

- төбешіктен шанамен өздігінен сырғанауды;

-бұрылуды орындауды, шанамен бірін бірі сүйретуді;

- 2 км арақашықтыққа шаңғымен ауыспалы сырғанай отырып жүруді, төбешекке шығып және одан түсуді;

- қос дөңгелекті велосипедпен және самокатпен жүруді;

- еркін жүзуді;

- городки, бадминтон, футбол, хоккей, баскетбол сияқты спорт элементтерімен ойналатын ойындарға белсенді қатысуды;

- таныс қимылды ойындарды өздігінен ұйымдастыруды, тәрбиешінің көмегімен сюжетпен берілген ойындарды ойлап табуды;

- дене дайындығының деңгейін көрсете білуі тиіс.

III. Қорытынды

Қорыта келе айтқанда,мектепке дейінгі балалардың күні бойы өз беттерінше қимыл әрекеттерін жасауының, едәуір маңызы бар. Бала қимылдауды барынша қажетсінеді, алайда олар мақсатсыз және кездейсоқ қимыл болмауы үшін тәрбиешінің нысаналы басшылығы қажет. Бала үшін қызықты әрекетті дер кезінде ұсыну, оны әлсін – әлсін түзету, уақытын мөлшерлеу керек.

Өз бетінше жаттыға жүріп, мектепке дейінгі бала өзін еліктірген мақсатқа жеткізетін әрекетке назарын шоғырландырады. Оны ойдағыдай жүзеге асырады, ол әрекеттерді салыстыра отырып және олардың неғұрлым тиімділерін таңдап , әрекет ету әдістерін өзгертеді. Демек бұл процес баланың онымен немесе жаттығуымен тәрбиешінің үйретуі кезінде алдын-ала таныстыруынан басталады.

Дұрыс тәсілдерді игеріп, балалар өз беттерінше жарыстың командалық ойындарды ұйымдастырады. Ойын барысын бақылай отырып, тәрбиеші қажетті түзетулер енгізу керек.

Балалардың өз беттерінше жасайтын әрекеттерінде ережесі бар қимыл – қозғалыс ойындары көп орын алуы керек : олар шығармашылық инициативаны, ұйымдастырушылық шеберлікті дамытады, қатысушылардың мінез – құлықтарын және ережені орындауын да, бағалау өлшемін қалыптастырады, балаларды жақындастырады.

Бала денесін және психикасын дамытуда жүйелі, түрлі мазмұндағы қимыл – әрекет маңызды рөл атқарады. Өздігінен қозғалу белседілігін арттыру бала денсаулығын сақтаудың, дене дамуын жақсартудың , қимыл – қозғалыс тәжірибесін молайтудың, шығармашылық және танымдық мүмкіндіктерді арттырудың пәрменді құралдарыныңбірі ретінде қарастырылады. Балалардың қимыл – қозғалыс тәжірибесін кеңейту және молайту – балабақша тәрбиешісінің алдында тұрған негізгі міндеттерінің бірі.

Балалардың өз беттерінше қимыл әрекеттерін жасауы үшін төрт жасқа қараған кезден бастап тәрбииеші «Балабақшадағы тәрбие бағдарламасының» нұсқаулары мен әрбір нақты топтық балаларының» нұсқаулары мен әрбір нақты топтық балаларының мүмкіндітерінің ескеруіне сәйкес қимыл ойыншықтарын, ұсақ дене тәрбиесі құралдарын іріктеп алады.

Бала денсаулығын жақсарту өздік қимыл – қозғалыс әрекеттерінің ерекше маңызы бар. Дербес қимыл әрекетте бала қимыл – қозғалыста жетілдіріп қана қоймай, ұжымдағы мінез – құлық мәдениетін меңгереді, достық, жолдастық сезімдері, бірлесіп ойнау дағдылары қалыптасады. Қимылды ойындарда балалардың бір – біріне көмектескенін қолдаған жөн.

Наши рекомендации