Ысқаша теориялық мәліметтер
Өндірістік оқытудың мақсаты мен мазмұны. Кіріспе. Кәсіпорындарына саяхат. Еңбек қауіпсіздігі, оқу шеберханаларындағы электр қауіпсіздігі. Қолмен, машинамен жасалатын және ылғалды-жылумен өңдеу жұмыстарын орындау. Бөлек бөлшектер мен түйіндерді өңдеу. Төсек орын және іш киімдерін дайындау. Жеке тапсырыс бойынша өлшеумен костюм-көйлек ассортимент киімдерінің бұйымдарын жасау. Киім бұйымдарын өлшеусіз жасау. Оқу шеберханаларындағы еңбек қорғау және өрт қауіпсіздігі. Жеке тапсырыс бойынша тігін бұйымдарын жасауда модельер - пішушімен орындалатын жұмыстар. Әйел адамның дене құрылыс үйлесімділігі мен сыртқы нысанын сипаттамасы. Әйелдер киімінің иық бұйымдары негіздерінің сызуын құрастыруындағы алғашқы мәлімет. Дене құрылысын өлшеу. Өлшем алу жұмыстарын қабылдау. Иық бұйымдарын құрастыруда негізгі сызықты құру. Тік жеңді құрастыруда негізгі сызықты құру. Күрделі нысанды құрастыруда негізгі сызықты құру. Қызбала киімдерін құрастыру ерекшеліктері.
Бақылау тексеру жұмысы. Ер адам киімдерін құрастыру ерекшеліктері. Ер адамның дене құрылыс үйлесімділігі мен сыртқы нысанының сипаттамасы. Ерлер киімінің иық бұйымдар негіздерін сызуын құрастыруындағы алғашқы мәлімет. Дене құрылысын өлшеу. Өлшем алу жұмыстарын қабылдау. Иық бұйымдарын құрастыруда негізгі сызықты құру. Тік жеңді құрастыруда негізгі сызықты құру. Жаға және өңір негіздерінің сызығын құру. Күрделі нысанды құрастыруда негізгі сызықты құру. Жеке дене құрылысына, сән бағыттарын есепке алып, ерлер киімдерінің түрлі ассортименттерін әзірлеу: жейде, шалбар, костюм және пальто тобының бұйымдар модельдерін өңдеу. Ер бала киімдерін құрастыру ерекшеліктері.
Бақылау-тексеру жұмыстары. Оқуды бітірер алдында өтетін өндірістік іс-тәжірибесі.
Білімгерлерге сабаққа дайындалу бойынша ұсыныстар:
Білімгерлердің оқыту барысындағы нәтижелері мен үлгерім деңгейлерін жоғары бағалау үшін, практикалық сабаққа дайындықпен келу, сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда білімгерге жоғары баға қойылады.
Сабақтың көрнекілігі, құрал-жабдықтары: Оқу бағдарламалары, дәрістер жинағы, практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар, кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған оқу құралдары, оқулықтар.
Аудиторияда орындалатын тапсырма түрлері және тізімі:
1-тапсырма. Технология сабақтарына күнделікті сабақ жоспарын құру.
2-тапсырма. Өндірістік оқудағы сабақ жоспарын түзу.
Й тапсырмаларының түрлері және тізімі
Өндірістік саяхат жасау.
Бақылау сұрақтары:
1. Кәсіпорындарына саяхат қалай ұйымдастырылады?
2. Жеке тапсырыс бойынша қанадй жұмыстар атқарылады?
3. Бақылау тексеру жұмыстары қалай жүргізіледі?
Жеке тапсырмалар:
Кәсіпорындарына саяхат жасау және оларды талықылау.
Ұсынылатын әдебиеттер:
Негізгі
1. Жолдасбекова С.А., Узахова А.С., Байбатшаева А.Е. Кәсіптік оқыту әдістемесі. (қыздар үшін) 5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған оқу құралы. Шымкент. М.Әуезов атындағы ОҚМУ. 2016 ж – 204 б.
2. Технология оқу бағдарламасы. Астана 2013 ж.
Осымша
1. Узахова А.С. «Кәсіптік оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы студенттерінің практикалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау. 2012 ж (қыздар).
2. Узахова А.С. «Кәсіптік оқыту» пәнінен СӨЖ. Әдістемелік нұсқау. М. Әуезов атындағы ОҚМУ. 2015 ж
Есеп беру формасы:тапсырманы жеке орындау,жазбаша есеп беру, мәліметтерді қорғау.
Практикалық сабақ №12
Тақырыбы: Технологиялық және нұсқаулық карталарды әзірлеу
Сабақтың тақырыбы: Дидактикалық материалдар, технологиялық және нұсқау карталары, тапсырма - карталары, көрнекіліктер.
Сабақтың жоспары:Сабақтың дидактикалық материалдары, технологиялық және нұсқау карталарын, тапсырма - карталарын, көрнекіліктерді әзірлеу.
Сабақтың мақсаты, міндеттері, іскерлігі, дағдысы және кұзіреттілігі:Түрлі сипаттағы дидактикалық материалдарын, технологиялық және нұсқау карталарын, тапсырма - карталарын, көрнекіліктерді әзірлеуді үйрену.
Сабақты өту формасы:Зерттеушілік