Зін - өзі бақылау сұрақтары
1. Оқыту әдісі дегеніміз не?
2. Оқыту әдістерінің түрлеріне сипаттама беріңіз.
3. Қазіргі оқыту әдістеріне қандай талаптар қойылады.
4. Оқытудағы ауызша түсіндіру әдістеріне не жатады.
З бетімен жұмыс істеуге арналған тапсырмалар
1. Оқыту әдісі деген сөзден қандай түсінікті ұғуға болады?
2. Оқыту әдісін классификациялаудың айтыс туғызатын себебі неде?
3. Әдіс пен тәсілдің ара- жігін ажырата аласың ба?
Рефераттар
1. Оқытудың сабақтан басқа әдістері.
2. Оқытудағы бақылау және өзіндік бақылау.
3. Шетел мектептеріндегі оқыту әдістері.
Дебиеттер
1. Педагогика. (дәріс курсы). Алматы, 2003ж.
2. Ж.Әбиев, С.Бабаев, А.Құдиярова Педагогика. Алматы, 2004ж.
3. Қ.Бержанов Тәрбие мен оқытудың бірлігі. Алматы, 1973ж.
4. С.Батышев Научные организации учебно-воспитательного процесса. Москва, 1975г.
5. Н.Көшекбаев Оқыту теориясы. Алматы 1976ж.
Лекция. Оқушылардың оқу жетістіктерін диагностикалау және тестілеу
Диагностика / грек. «диа»- мөлдір, таза, «гнозис»-білім, ғылым/ – объект немесе үрдістер жайында мәліметтерді алдын-ала алу тәсілі. (И.П. Подлассыйдың анықтамасы бойынша)
Педагогикалық диагностиканың тарихы педагогикалық қызметтің қалыптасқаннан бергі уақытты қамтиды. Әдебиеттерде диагностиканы ежелгі қытайлықтар б.з.д, 1000 жылдыққа дейін емтихандарында пайдаланып келген. Педагогикалық диагностиканың объективті әдістерінің құралдары осыдан 200 жыл бұрын құрылған болатын. ХІХ ғасырдың 60-жылдары ағылшын ғалымы Дж.Фишердің ұсынған «scale books» мектептегі оқу үлгерімін анықтауға арналған тесттер қолданылған. Педагогикалық тестілеудің көрнекті өкілі ағылшын Э.Трондайк (1874-1949) болған, ол мектеп пәндерін қамтыған көптеген диагностикалық формаларды ұсынған болатын.
С.И. Ожеговтың сөздігі бойынша «диагностика-бұл диагнозды оқытудың тәсілі». «Диагностика» ұғымы медицинада ежелден пайдаланып келе жатқандықтан медицина ғылымымен тығыз байланыста қарастыруға болады. Егер аурудың себеп-салдарын дәл, уақытында анықтайтын болсақ, одан жазылып кетуге үміттенуге болады. Сол сияқты егер біз педагогикалық диагностиканың негіздерін білсек, шәкірттеріміздің оқу үлгеріміндегі немесе тәрбие үрдісіндегі ақаулықтарды дер кезінде анықтап, сол қателіктерді шешудің жолын да, яғни қажетті әдіс-тәсілдерді қолдана аламыз.
Диагностиканың негізгі міндеттері мен принциптері
Педагогикалық диагностиканың өзіндік мақсат, міндеттерінің бар болғанымен, әдістерді психологиялық диагностикадан алған. Педагогикалық диагностика қазіргі таңда қалыптасқан ғылыми пән.
Педагогикалық диагностиканың принциптері:
Жүйелілігі
Объективтілігі
Беріктілігі
- Көрнекіліг,
Негізгі міндеті- оқушылармен меңгерілген білімнің тереңдігінің , көлемдігінің, дұрыстығының деңгейін анықтау.
Педагогикалық диагностиканың қызметтері мен әдістері
Педагогикалық диагностиканың қызметі:
Талдамалы қызмет
Жеке диагностикалық қызмет
Бағалаушылық қызмет
Коррекционалдық қызмет
Бағытталған қызмет
Ақпараттық қызмет
Педагогикалық диагностиканың әдістері:
Ауызша сұрау
Жазбаша сұрау
Компьютерлік тексеру
Сынақ-емтихан
Педагогикалық диагностиканың түрлері:
Алдын-ала – *ағымдық -* мерзімдік – * тақырыптық – * қорытынды – * өтілген материалдардың ізімен.
Педагогикалық диагностиканың формалары: жеке-дара, топтық, сыныптық.
Дістемелік кеңестің практикалық бөлімінде жас мамандар тәжірибеде қолданатын
Тест ағылшын сөзі (test) аударғанда сынау, тексеру, бақылау деген мағынаны білдіреді. Тест - дегеніміз оқушылардың білім деңгейін анықтауға қажетті тапсырмалар жиынтығы. Білім деңгейін тест арқылы тексерумен айналысып жүрген ғалым-педагогтар, тест – оқушылардың өз-өзін тексеруге мүмкіндік ашатын есеп беру, оқыту әдісі деп есептейді. Сондықтан бұл әдіс сабақ үрдістерін бір-бірімен байланыстырып қана қоймай, білімді тексеру, бекіту, қайталау, жүйелеу құралы болып отыр.
Педагогикалық диагностиканың түрлеріне толық тоқталды:
Алдын-ала – *ағымдық -* мерзімдік – * тақырыптық – * қорытынды – * өтілген материалдардың ізімен.
Педагогикалық диагностиканың формалары: жеке-дара, топтық, сыныптық.
Педагогикалық ұжымды зерттеудегі диагностиканың маңызы
Жым деген түрлі түсті шыныдан жасалған, әдемі өрнектелген сурет тәрізді. Егер суреттің бір шеті ойылып түсіп қалса, бар сұлулығын жоғалтады»- демекші, біз бір ұжым болғандықтан, әрқайсымыздың ұжымдағы орнымыз ерекше.
Педагогикалық ұжымды түбегейлі зерттеу үшін төмендегі көрсеткіштер бойынша мәліметтерге ие болу маңызды: - Психологиялық атмосфера - Ұжым мүшелерінің бағалары мен өзара бағасы - Ұжымды басқару стилі - Ұжымды «басшы-қарамағындағылар” қатынасы - Ұжымдағы әлеуметтік-коммуникативтік компетентіліктің және тұлғааралық қатынастың деңгейлері - Ересектер мен балаларға қатынасы бойынша эмпатия деңгейі - Ұжым мүшелерінің көңіл-күйі, белсенділігі - Педагогтардың тұлғалық мазасыздану деңгейі.