Кеңес беру процесін 5 фазаға бөлуге болады.
СПС-тің тұрғындары кеңес беруде алғашқы 4 сұрақ бір-біріне ұқсайды. Сол себепті жауап барлық сұрақты қамтып қойылды. Әрі қарай экзаменде өздерің құрастырып жазарсыңдар!!!
17-19-20 сұрақтың жауаптары жоқ, егер де тауып жатсаңдар салып қоярсыңдар.
1. Кеңес беруді педагогикалық білім және білімдендіру әрекет саласы ретінде түсіндіріңіз.
Кеңес беру – бұл іс барысында маманның өтініш жасаған адамға пайда болған мәселелердің мәнін түсіндіріп және ұғындыратын, сондай-ақ оны шешу үшін қолдануға болатын түрлі амалдарды ұсынатын әлеуметтік жұмыс түрі. Әлеуметтік міндеттерді шешудің технологиялық әдістері ретіндегі кеңес беру – бұл азаматтардың, жеке адамдардың, отбасылардың, топтардың, қауымның қажетті бір ақпаратты анықтау мақсатын және оны қамтамасыз етудегі көмек көрсетудің баламалы түрлерін нұсқаумен ақыл-кеңес беру арқылы әлеуметтік қызметте жиі пайдаланылатын шара. XX ғасырдың соңғы онжылдығында елімізде болған әлеуметтік-экономикалық мәселелерге байланысты білім беру саласы мамандарынан тек әлеуметтік тәрбие мен оны жүзеге асыру технологияларына байланысты жұмыстар емес, сондай-ақ отбасы мен балаларды әлеуметтік, психологиялық қолдау көрсету, қорғау шараларын ұйымдастыру керек болды.Осыған орай білім беру саласында әлеуметтік педагогтың жаңа қызмет саласы «әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру» пайда болды.Әлеуметтік педагогикалық кеңес беру – әртүрлі проблемаларға кезіккен адамдарға әлеуметтендіру, әлеуметтік функцияларын қалпына келтіру, өмір сүруге қажет әлеуметтік нормаларды қалыптастыру мақсатында кәсіби жәрдем беру»
Әлеуметтік педагогикалық кеңес беруді үш тұрғыда қарастырамыз:
1. Ә.п ғылым ретінде
2. Ә.п білім беру кешені ретінде
3. Ә.п тәжірибе ретінде
1.Ә.п ғылым ретінде қарастырылған кездегі функциялары келесідей:
1. Сипаттайды(описание)
2. Түсіндіретін
3. Болжамдайтын
4. Диагностикалық
5. Аналитикалық
6. Интеграциялық
Ғылым ретіндегі ерекшелігі:
1. Категориялары
2. Заңдары
3. Заңдылықтары
4. Теориялары болады.
Нысаны: Ә.п іс-әрекеттің субъектілері мен институттарының баланың толық қамтамасыз етуілуіне бағытталған әрекеттер жиынтығы, яғни әлеуметтенуі.
Пәні: әлеуметтену процесіндегі заңдылықтар, қарама-қайшылықтар, әдіс-тәсілдер.
Мақсаты: білім беру үрдісі мен тәжірибесін жақсарту.
2. Ә.п білім беру кешені ретінде
Әлеуметтік салада жұмыс жасаушылардың ғылыми-білім берушілік іс-әрекеті сипатталады.
Нысаны: Ә.п ерекшеліктері туралы айқын ғылыми –импирикалық білімдер жиынтығы.
Пәні: Ә.педагогтарды даярлау үрдісі
Мақсаты: даярлау сапасын қамтамасыз ету
Функциялары:
- Білімдер жүйесін қалыптастыру
- Дағды мен біліктер жүйесін қалыптастыру
- Кәсіби мәнді біліктер қалыптастыру
- Эмоциялық құнды қатынастар қалыптастыру
- Өз бетінше білім алу, жетілдіру қабілеттерін қалыптастыру және т.б.
3. Ә.п тәжірибе ретінде
Ә.п саласындағы тәжірибелік іс-әрекет.
Нысаны: жалпы адамның әлеуметтік ортамен байланысы.
Пәні: адам әлеуметтенуінің тиімді жағдайын туғызу іс-әрекеті.
Мақсаты: әлеуметтенуді қамтамасыз ету.
Функциялары: диагностика; прогностика; білім беруші; коррекция; бейімдеушіліік; бақылаушылық; реабелитациялық; профилактикалық.
Кеңес беру әлеуметтік-педагогикалық қызметтің кәсіби бір бөлігі, формасы болып табылады. Яғни кеңес беру барысында кеңес беруші маман клиентке кәсіби тұрғыда әлеуметтік, педагогикалық көмек көрсетеді, әлеуметтік-педагогикалық білім негізін үйрете отырып туындаған қандай да бір мәселені шешуге бағыт көрсетеді. Әлеуметтік-педагогикалық көмектің негізгі бағыттары Л.Я. Олиференко, Т.И. Шульга, И.Ф. Дементьева бойынша келесідей: баланың психологиялық даму мәселелері; жасөспірім-балалардың жеке тұлғалық мәселелері; отбасы мен неке мәселелері; мектептік кеңес беру; кәсіби кеңес беру және т.б. Аталған мәселелерді шеше отырып кеңес беру барысында педагогикалық білімдендіру әрекет жүзеге асады.
Кеңес беру түрлі мәселелер бойынша жүргізіледі, яғни кеңес беру санқырлы. Кеңес беру кіші жастағы балалардан басталып ересектерге дейін жалғасады. Мұнда кеңес беруге жүгінуде әрбір клиенттің өзіндік ерекшеліктері болады. Осыған орай кеңес беру үрдісі түрлі сипатта, бағытта, түрлі тәсілдер қолдану арқылы жүргізіледі. Кеңес берушінің тәжірибелелігі мен кәсіби біліктілігі оның кез келген мәселеде орынды шешім тауып, клиентке дұрыс бағыт көрсетуіне мол септігін тигізеді.
Кеңес берудегі негізгі мәселелердің бірі педагогикалық білім беру, клиентті педагогикалық тұрғыда кәсіби түрде білімдендіру. Туындаған мәселе шешімі жағдайларға байланысты педагогикалық білім беруді, клиентке түсіндіру жұмыстарын жүргізуді талап етуі мүмкін. Педагогикалық білімдендіру кеңес беру ісін шартты түрде тиімді етуі мүмкін. Сондықтан, кеңес беруді педагогикалық білім және білімдендіру әрекет саласы ретінде қарастыру орынды болып табылады. Осы тұста атап кетер жайт, кеңес беру объектілер. Кеңес беру объектісінің педагогикалық білім деңгейі төмен болуы мүмкін (мысалы, ол кіші жастағы бала; педагогика саласына қатысы жоқ, педагогика мәселелерінен мүлдем бейхабар ата-ана болуы мүмкін ). Әрине, бұл жағдайда кеңес беру тиімділігін арттыруда педагогикалық білім берудің маңызы зор болады. Әлеуметтік-педагогикалық кеңес берудің психологиялық кеңес беруден ерекшеліктерінің бірі – педагогикалық білімдендіру әрекетінде болып табылады.
Қазіргі таңда әлеуметтік-педагогтың аса зор маңызға ие негізгі қызметтерінің бірі болып табылатын формасы - кеңес беру. Қоғамдық қатынастар, адамдардың жеке тұлғалық мәселелері, мінез-құлық ауытқулары, қарым-қатынастар жүйесіндегі мәселелерді шешуде кеңес беруші көмегі өте қажет. Және осы мәселелерді шешуде педагогикалық білім жүйесі қолданылуы кеңес берудің педагогикалық білім және білімдендіру әрекет саласы ретіндегі рөлін түсіндіреді.
4. Кеңес беру іс-әрекетінің негізгі компоненттері мен жүргізілу барысын көрсетіңіз
Әлеуметтік педагогикалық кеңес беру - бұл әлеуметтендіру, тұлғалық болмысын қайта қалпына келтіру және олардың әлеуметтік функцияларын, бағдарын, қарым-қатынас нормаларының қалыптасқан тәжірибелерін оптимальдандыру мақсатында адамға психологиялық ықпал ету тәсілімен әлеуметтік көмек көрсетудің ерекше формасы. «Әлеуметтiк» деген сөз латын тiлiнен аударғанда «қоғамдық» деген мағынаны бiлдiредi, яғни қоғамдағы адамдардың өмiрiмен және қарым-қатынасымен байланысты қоғамдық дегендi дәйектейдi. Бұл мағынада адамның әлеуметтiк дамуы мен тәрбиесi туралы ғана емес, қоғамдағы әлеуметтiк құндылықтарға, нормалар мен ережелерге бағдар алу туралы сөз етуге болады. «Кеңес беру» сөзі латын тіліндегі consultare – ортақ шешімге келу, қамқор болу, ақылдасу деген сөзден шыққан. Қазақ тіліне аударғанда ол кеңес, қандай да бір сұрақ бойынша маманның түсіндіруі, білімдер аясын кеңейту және оны тереңдету мақсатымен әңгімелесу деген мағына береді. Әлеуметтік-педагогикалық іс-әрекет барысында адамдардың тікелей әлеуметпен байланысты туындаған мәселелері төңірегінде педагогикамен байланыстырыла отырып жұмыс істелінеді. Ал әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру кезінде туындған осындай әлеуметтік-педагогикалық мәселелерге байланысты клиентке кеңес беріледі; мәселе жайлы ақпараттандыру, яғни педагогикалық тұрғыда білімдендіру; мәселені шешуде альтернативті ұсыныстары жасалады. Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беруді жүргізу мәселелері түрліше болады: жұмыс орнындағы мәселелер (жұмыс жағдайына қанағаттанбау, жұмыстың қызтырмаушылығы, жұмыс басшылығымен жіне әріптестермен кикілжіңдер, жұмыстан шығу қауіпі), отбасы мәселелері, жек тұлғалық мәселелер, мектептегі бала мәселелері, жеке тұлғаның өзіне деген сенімсіздігі және өзін бағалауының төмендігі, белгілі бір мәселелерді шешу кезінде өз шешіміне сенімсіздік, қарым-қатынас мәселелер, және т.б. Аталған мәселелер әлеуметтік-педагогикалық сипатта және ол әлеуметтік-педагогтың қатысы арқылы шешімін тауып, әлеуметтік-педагог тарапынан көмек көрсетіледі. Бұл тұстағы кеңес беру әлеуметтік-педагогикалық сипатта болады.
Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру келесідей міндеттерді шеше отырып жүзеге асады:
- Адамға өз көзқарасы бойынша әрекет етіп, таңдау жасауға көмектеседі;
- Жаңа мінез-құлық пен өзін ұстауға үйретеді;
- Тұлғаның дамуына жағдай тудырады;
- Кеңес беру кезінде клиен жауапкершілігін арттыруға бағыт жасалады, яғни кеңес беруші тек клиентке мәселені шешудің жолын көрсетеді, оны бағдарлайды ал нағыз шешімді тек клиент жасайды және ол өз ісіне жауапкершілікті сезінеді.
Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру белгілі бір мақсаттар арқылы жүзеге асырылады. Дегенмен, кеңес беру мақсаты нақты белгіленбеген, ол клиент келіп отырған мәселелеріне байланысты өзгеріп отырады. George и Cristianiкеңес берудің бірқатар мақсаттарын атап көрсетті:
- Клиенттің әлеуметтік шектеулеріне қарамастан оның өнімді өмір сүруі мен өмірлік қанағаттанушылыған қамтамасыз ететіндей клиенттің мінез-құлық өзгерістерін туындату.
- Өмірлік жаңа қиындықтарға тап болуы кезінде оларды жеңе алатындай клиенттің дағдыларын дамыту;
- Аса маңызды шешімдер қабылдай алуға, оларға жауапкершілікті болуға үйрету.
- Қарым-қатынас орнату мен ұстану қабілеттілігін дамыту. Қарым-қатынас адам өмірінің ажырамас маңызды бөлігі, осыған байланысты адамда түрлі мәселелер қарым-қатынас байланысты туындайды.
- Тұлғалық өзін-өзі жүзеге асыру мен потенциалын жоғарылатуды дамыту қажет. Blocher (1966) пікірінше, кеңес беруде клиенттің еркіндікке қол жеткізуіне ұмтылу керек, сондай-ақ, клиенттің өзін және айналасын қадағалау қабілетін дамыту керек.
Арнайы кәсіби кеңес берушілік қызметпен айналысатын маман – кеңес беруші. Яғни, әлеуметтік-педагогикалық кеңес берудің субъектісі (S)– кеңес беруші. Кәсіби кеңес беруді кеңес берушілер, психологтар, әлеуметтік-педагогтар, арнайы дайындықтан өткен педагогтар немесе дәрігерлер жүргізе алады.
Ал объектісі(О) – белгілі бір әлеуметтік-педагогикалық сипатты мәселелері бар адамдар, ол оқушы, жеке тұлға, отбасы, жұмыскер, мұғалім, ата-ана, топ болуы мүмкін.
Кеңес беру үрдісінің негізгі құрауышы - кеңес беруші тұлғасы болып табылады. Кеңес беру үрдісінің тиімділігі, оң әсерлі болуы көп жағдайда кеңес беруші тұлғасына байланысты. Кеңес берушінің өз қызметі туралы толыққанды түсінігінің болуы, оның жұмысы қандай мақсатқа бағытталғанын білуі, кеңес берушіге қойылатын талаптарға жауап беруі кеңес беру үрдісін оңтайландырады.
С. Wrenn (1965) кеңес берушінің маңызды рөлдік қызметтерін жүйеледі, олар:
- клиентпен сенімге негізделген қарым-қатынас орнату;
- клиенттің өмірлік жағдайына «кірігу»;
- клиент үшін қолайлы психологиялық орта құру;
- Кеңес беру үрдісін үнемі жетілдіріп отыру.
А.Storr (1980) кеңес беруші мамандығын ерекше мамандық деп санайды. Себебі, кеңес берушілер күні бойы өзге адамдардың өмірі мен қиындықтары туралы тыңдауға тиіс, ал басқа адамдардың осылай бөтен адамдарды тыңдап отырғанын елестету қиын.
Кеңес беру кезінде кеңес беруші позициялары мынадай болады:
1. Нейтралды кеңес беруші
2. Программист кеңес беруші (нұсқаулар ұсынады)
3. Тыңдаушы кеңес беруші
4. Айна
5. Катализатор (проблеманы шешуге ұмтылады)
Қиын клиенттермен жұмыс істеу кезіндегі кеңес беруші стратегиялары:
1. Контур-парадокс (клиент күтпеген нәрсені айту немесе жасау, яғни клиенттің дұрыс емес айтып отырғанын біле тұрып онымен келісу, оның іс-әрекетін қолдау )
2. Экстрополяция (келісу)
3. Ашық және сарапталмаған сұрақтар(тергеу)
4. Угурация (ммм, мхм)
5. Түйіндеме жасау (клиент ойын қорытындылау)
6. Банальность (қалыпты диалогтар қолдану)
Ал, енді кеңес берудің түрлеріне келетін болсақ:
1.Карвасарский Б.Д:
♥ мәселеге бағытталған;
♥ тұлғаға бағытталған;
♥ шешімге бағытталған.
2.Кочюнас Р.:
♥ индивидуалды және топтық;
♥ бір реттік және көпреттік;
♥ жекешақыртуменберілетін;
♥ қосымшатесттікжәнетестсіз;
♥ псхологиялық коррекция әдісінсіз;
♥ әлеуметтік-психологиялық тренинг арқылы.
3.Немов Р.С.:
♥ жеке бас-интимдік (тұлғалық) – кеңес берудің бұл түрі жиі әрі көп кездеседі.Адамның тұлғалық сұрақтарымен,уайымдарымен айналысады.Кеңес алуға келген клиент айналадағыларынан өз проблемасын жасыруға тырысады.Мыс:адамдармен қарым-қатынас,әртүрлі қорқыныш,сәтсіздіктер.Бұндай кеңес беруде адамның өз-өзіне көңіл толмаушылығы,интеллектік мәселелерін жатқызуға болады.
♥ отбасылық – адамның өзінің және басқасының,туысының жанұясындағы мәселелерімен айналысады.Болашақ жар таңдау,отбасындағы қарым-қатынас,конфликтерді шешу жолдары,әйелі мен күйеуі туыстарымен қарым-қатынасы,ажырасу сұрақтары.
Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру нәрсесі мыналар болып табылады:
· өмірлік қамту саласында: еңбекпен қамтылуы, жеңілдіктерді белгілеу, жәрдемақы, мүгедектік, дағдарыс жағдайындағы материалдық көмек, т.б.;
· тұрмыс жағдайы саласында: қажетті жиһаздармен және тұрмыстық техникамен қамтамасыз ету, пәтерін жөндеу, дезинфекциялау, гигиеналық дағдыларға үйрету, пәтерде бала бұрышын ұйымдастыру, бос уақытты ұйымдастыру, балаларды қадағалау, т.б.;
· отбасы денсаулығы саласында: балалар мен ересектердің созылмалы, қатты ауыруларын тексеріп-анықтау және емдеу, салауатты салтпен өмір сүруге дағдыландыру, аурулардың алдын алу, балаларға нашақорлықтан аулақ болуға көмектесу;
· рухани және моральдық хал-ахуал саласында: ішімдікке бой ұрудан құтылу, отбасының дәстүрлері мен тұрақтылығын сақтау, отбасы мүшелерінің құнды бағаларын қолдау;
· бала тәрбиесі саласында: мектепке үйрену мәселесін шешу; мінез-құлық ауытқушылығын анықтау және оны түзеу; психологиялық, тіл дамыту, психотерапиялық, заңгерлік көмек көрсету, педагогикалық хабарсыздықты, сапасыздықты, дәрменсіздікті болдырмау және т.б,;
· отбасының ішкі және сыртқы қатынастар саласында: бұрынғы немесе жаңа жақсы әлеуметтік байланыстарды қалпына келтіру, араздықты жоюға көмектесу, бала – ата-ан және ерлі-зайыпты қарым-қатынастарын реттеу және т.б.
Кеңес беру процесін 5 фазаға бөлуге болады.
- байланыс тудыру;
- мәселені анықтау;
- арнайы жұмыс фазасы;
- шешім қабылдау;
- кері байланыс фазасы.
1 фаза – клиентпен байланыс тудыру , яғни бұл фазада қарым – қатынас дистанциясы анықталады. Сонымен қоса байланыс кезіндегі мінез – құлық осы кездегі реакциялар ерекшеліктері вербалды және вербалды емес қарым – қатынас мінезі және мінез – құлықты бағалау, реттеу жүреді.
2 фаза – мәселені анықтау, бұл кезде клиент пен психолог арасында мәселені түсіну кезінде келісушіліктері болу керек. Бұл кезде клиент өз мәселесін анықтайды, ал песихолог оны түсіндіріп, келіседі. Яғни клиент пен кеңес беруші бірдей ойға келеді. Альтернитивті гипотезаларды талқылайды.
3 фаза – арнайы жұмыс фазасы, бұл кезде кеңес берудің ең негізгі қорытындысы клиенттің мәселені жаңалай түсіне алуы.
4 фаза – шешім қабылдау фазасы, бұл кезде клиенттің кеңес алудан кейін тиімді әрі өнімді мінез – құлқы көрінуі керек. Клиенттің шешім қабылдауы сенімділікке, оптимизмге, жауапкершілікке сүйенуі қажетү Бұл фазада психолог пен клиент болашақ әрекетінің әдіс – тәсілдерін дұрыс таңдауы қажет, ол әдіс – тәсілдерді нақты жағдайда қолдануы шарт.
5 фаза – кері байланыс фазасы, мұның негізгі қорытындысы клиентке кеңес беру және кеңес берудегі нақты процесс клиентті қанағаттандыру керек.
Кеңес беру үрдісінің құрылымы(структура)
Кеңес беру үрдісінің құрылымының ең кең тараған үлгісі (В.Е.Gilland және оның қызмететстері, 1989) – эклектикалық үлгі. Бір бірімен тығыз байланысқан алты деңгейден тұрады.
1.Мәселені зерттеу.Бұл сатыда кеңес беруші клиентпен байланыс орнатып, өзара сенімге негізделген қатынас құрады. Клиентті мұқият тыңдау шарт, оған барынша жанашырлық, мұңына ортақтастық таныту маңызды, эмпатия, қамқорлық көрсете білу және бұл аталған жайттарды еш бағалаусыз, басқарусыз жасау керек. Клиенттің туындаған мәселені терең түсінуін ұйымдастыру қажет, оның сезімдерін тұрақтандыра білу осыған алып келеді. Клиент өзін ұстауы мен мәселені баяндауына көп көңіл бөлу керек.
2.Мәселенің екі өлшемді анықтамасы. Кеңес беруші клиент мәселесін оның эмоционалдық және когнитивті қырларын қарастыра отырып дәл сипаттауға тырысады. Мәселені дәл анықтау клиент пен кеңес беруші ортақ түсінікке келгенге дейін жалғасады. Мәселені дәл анықтау мәселенің туындау себебін толық түсінуге мүмкіндік береді, тіпті кейбір жағдайларда мәселені шешу жолдарын да көрсетеді. Мәселені дәл анықтау мүмкін болмаған жағдайда зерттеу сатысына оралу керек.
3.Мәселені теңестіру.Бұл сатыда мәселенің шешілуі мүмкін жағдайлар анықталады және ашық талқыланады. Ашық түрде сұрақтар қою арқылы кеңес беруші клиенттің мәселені шешу нұсқаларын атауға итермелейді, бірақ өз ұсыныстарын клиентке таңбайды. Әңгімелесу кезінде ол нұсқалардың жазбаша түрін де жасауға болады, бұл түрлі нұсқаларды қарастыруға және оларды салыстыруға мүмкіндік береді.
4.Жоспарлау.Жоғарыда таңдалған нұсқаларды бағалау жүзеге асады. Кеңес беруші клиентке дұрыс нұсқаны таңдауға көмек көрсетеді. Мәселені шешудің нақты нұсқаларын жоспарлау клиентке барлық мәселелердің шешіле бермейтіндігін түсінуіне көмектеседі. Қайсібір мәселелер шешімін табуы үшін уақыт өтуін талап етсе, ендігі бір мәселелер толық емес бөлшекті түрде шешімін табуы мүмкін.
5.Әрекет ету кезеңі. Жоспарлану бойынша мәселені шешуді жүзеге асыру. Кеңес беруші клиенттің нақты жағдайларды есепке ала отырып, сондай-ақ, болуы мүмкін сәтсіздіктер, уақыт, эмоциялық шығындалу сынды жайттарды есепке ала отырып әрекер етуіне көмектеседі. Клиент мәселені шешу барысында кездесетін сәтсіздіктердің түпкілікті сәтсіздік емес екендігін түсінуі керек және мұндай жағдайларға қарамастан өз жоспарын жүзеге асырудан тайынбауы керек.
6.Бағалау және кері байланыс. Бұл сатыды клиент кеңес берушімен бірге жеткен нәтиженің деңгейін анықтайды. Қажет болған жағдайда мәселені шешу жоспарына қайта оралады. Тереңдеген жаңа, жасырын мәселелер туындап жатса алдыңғы сатыларды қайталап шығу керек.
5.Әлеуметтік-педагогикалық кеңес беру кабинетінің жабдықталуы мен тыңғылықты кеңес берудегі алғашқы этаптарына сипаттама жасаңыз.
Кеңес беру тыныш жағдайда, сырттан дауыс естілмейтін кабинетте жүзеге асырылуы тиіс. Кабинет аса үлкен болмауы керек, тынфыш түстерге боялған, жиһаздары ыңғайлы орналастырылған және тым астарлы болмауы тиіс. Жарық клиентке тура түспеуі қажет. Кабинетте үстел, ыңғайлы орындықтар болуы керек. Релаксация бойынша сабақтар өткізу үшін төсектің болғаны дұрыс. Керегелерге бірнеше сурет ілуге болады, сөрелерге кітап қоюға болады, алайда клинттің зейінін алаңдатпау үшін интерьер тым артық болмауы қажет.
Жұмыс орнында аса жеке заттардың немесе кеңес берушінің пайымдауларын бейнелейтін заттардың болмағаны жөн. Әр кездесу сайын клиентті сол бір кабинетте қабылдау керек. Бұл оны елеңдетпейді, жаңа жағдайға бейімделуге уақыт кетірмейді, сонымен қатар өзін қауіпсіз сезінуге мүмкіндік береді.Кездесу танысудан басталады. Бұл жерде белгілі-бір этикетті ұстанған жөн: орнынан тұрып клиентті жарты жолдан күтіп алу, өзін таныстыру, клиенттің өз аты мен тегін атауын өтіну, өзі отырмай тұрып оған орын таңдап отыруға ұсыныс жасау. Клиент өзін еркін сезіну үшін кеңес беруші танысудың алғашқы минуттарынан бастап сипайы, қонақжай қожайын болып көрінуі және өзін табиғи ұстауы тиіс.
1. Кеңес беретін бөлменің жабдықталуы: клиент пен кеңес берушіге ыңғайланып жасалған креслолар немесе столдар, айналатын журналдық столдар болуы тиіс.
2. Егер клиент пен кеңес берушінің жүргізетін жұмысы аз уақыттық қана болса, онда креслолардың орнына столдар қоюға болады. Және кеңес берушілік іс барысында клиенттің бейвербалды қарым-қатынасын мұқият қадағалап отыру керек. Егер жұмыс ұзақ уақытқа созылатын болса, онда креслоларды қойған жөн. Жиһаздан бөлек, кеңес беру бөлмесінде аудио және видео техниканы да орнатып қоюға болады, бұл қандай да бір жазбаларды жазу тыңдау немесе көру кезінде керек болып қалуы мақсатында.
3. Үстел үстінде қағаздар, көшірме техникалары, компьютер, т.б. заттар болуы керек. Клиенттің психологиялық тестінің нәтижесін талдау үшін калькулятор керек болып қалуы мүмкін.
4. Клиенттің картотекасын және басқа адамдарға көрсетуге болмайтын құжаттарын сақтауға арналған сейф орнатылуы тиіс.
Кеңес беру үрдісінің құрылымы(структура)
Кеңес беру үрдісінің құрылымының ең кең тараған үлгісі (В.Е.Gilland және оның қызмететстері, 1989) – эклектикалық үлгі. Бір бірімен тығыз байланысқан алты деңгейден тұрады. Кеңес беру процесін басынан аяғына дейін белгілі бір тәртіппен кезеңдерге бөліп көрсетуге болады. Әрбір кезеңнің өзіндік ерекшеліктері бар.
1.Мәселені зерттеу.Бұл сатыда кеңес беруші клиентпен байланыс орнатып, өзара сенімге негізделген қатынас құрады. Клиентті мұқият тыңдау шарт, оған барынша жанашырлық, мұңына ортақтастық таныту маңызды, эмпатия, қамқорлық көрсете білу және бұл аталған жайттарды еш бағалаусыз, басқарусыз жасау керек. Клиенттің туындаған мәселені терең түсінуін ұйымдастыру қажет, оның сезімдерін тұрақтандыра білу осыған алып келеді. Клиент өзін ұстауы мен мәселені баяндауына көп көңіл бөлу керек.
2.Мәселенің екі өлшемді анықтамасы. Кеңес беруші клиент мәселесін оның эмоционалдық және когнитивті қырларын қарастыра отырып дәл сипаттауға тырысады. Мәселені дәл анықтау клиент пен кеңес беруші ортақ түсінікке келгенге дейін жалғасады. Мәселені дәл анықтау мәселенің туындау себебін толық түсінуге мүмкіндік береді, тіпті кейбір жағдайларда мәселені шешу жолдарын да көрсетеді. Мәселені дәл анықтау мүмкін болмаған жағдайда зерттеу сатысына оралу керек.
3.Мәселені теңестіру.Бұл сатыда мәселенің шешілуі мүмкін жағдайлар анықталады және ашық талқыланады. Ашық түрде сұрақтар қою арқылы кеңес беруші клиенттің мәселені шешу нұсқаларын атауға итермелейді, бірақ өз ұсыныстарын клиентке таңбайды. Әңгімелесу кезінде ол нұсқалардың жазбаша түрін де жасауға болады, бұл түрлі нұсқаларды қарастыруға және оларды салыстыруға мүмкіндік береді.
4.Жоспарлау.Жоғарыда таңдалған нұсқаларды бағалау жүзеге асады. Кеңес беруші клиентке дұрыс нұсқаны таңдауға көмек көрсетеді. Мәселені шешудің нақты нұсқаларын жоспарлау клиентке барлық мәселелердің шешіле бермейтіндігін түсінуіне көмектеседі. Қайсібір мәселелер шешімін табуы үшін уақыт өтуін талап етсе, ендігі бір мәселелер толық емес бөлшекті түрде шешімін табуы мүмкін.
5.Әрекет ету кезеңі. Жоспарлану бойынша мәселені шешуді жүзеге асыру. Кеңес беруші клиенттің нақты жағдайларды есепке ала отырып, сондай-ақ, болуы мүмкін сәтсіздіктер, уақыт, эмоциялық шығындалу сынды жайттарды есепке ала отырып әрекер етуіне көмектеседі. Клиент мәселені шешу барысында кездесетін сәтсіздіктердің түпкілікті сәтсіздік емес екендігін түсінуі керек және мұндай жағдайларға қарамастан өз жоспарын жүзеге асырудан тайынбауы керек.
6.Бағалау және кері байланыс. Бұл сатыды клиент кеңес берушімен бірге жеткен нәтиженің деңгейін анықтайды. Қажет болған жағдайда мәселені шешу жоспарына қайта оралады. Тереңдеген жаңа, жасырын мәселелер туындап жатса алдыңғы сатыларды қайталап шығу керек.
6.Әлеуметтік педагогтың кеңес беру іс-әрекетін құжаттандыруын талдаңыз
Әлеуметтік педагог үшін қоғамдық құбылыстарды зерттеу барысында мәліметтер жинау әдістері бір қатар қиындықтарға тап болуы мүмкін. Сол қиындықтардың бірі - қоғамның, қоғамдық құбылыстардың үздіксіз өзгерісте болатындығынан туатын қиындықтар. Екінші қиындық - қоғамдық құбылыстардың аса кең ауқымдылығымен, кейде тіпті бүкіл адамзатты қамтитындығымен байланысты бақылау жүргізудің қиындықтары. Үшінші қиындық - қоғамдық құбылыстардың аса күрделілігіне байланысты, сол себепті ол құбылыстарға әсер ететін көптеген факторларды зерттеу қажет болады.
Осы тұрғыда әлеуметтік педагог социумның «әлеуметтік диагнозын» қою барысында оқушылардың жас және психологиялық ерекшеліктерін, олардың қабілетін, қызығушылығын зерттей отырып, ресми емес ұйымдардың балалар мен жасөспірімдерге тигізетін оңды және теріс ықпалдарын анықтай отырып, ол психологиялық, медициналық, құқықтық, адамгершілік-этикалық және басқа да сипаттағы проблемаларды шешуге көмектесе отырып, қоғам мен отбасы, бала тұлғасы жүйесіндегі аралық келістіруші бола тұрып, тәрбиеленушінің қалыптасуына, балалар мен ересектер арасындағы гуманистік, рухани-адамгершілік қарым-қатынастарға ықпал ететінмынадай заңдарды басшылыққа алады:
1. Адам құқықтарының жалпыға бірдей декларациясы;
2. БҰҰ «Балалардың құқықтары туралы Конвенция»;
3. Қазақстан Республикасының Конституциясы;
4. ҚР «Білім беру туралы заңы»;
5. ҚР «Неке және отбасы туралы заңы»;
6. «ҚР баланың құқықтары туралы заңы»;
7. «Патронаттық тәрбие туралы ереже»;
8. «Қорғаншылық және қамқоршылық туралы ереже»;
9. ҚР Еңбек кодексі;
10. ҚР Қылмыстық кодексі;
11. «Кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың профилактикасы мен балалардың қадағалаусыз және панасыз қалуының алдын-алу туралы» ҚР Заңы.
Құжаттар:
1) Нормативті
2) Әлеуметтік карта
3) Оқушы паспорты
4) Жылдық жоспар
5) Көпбалалы отбасы құжаттары
6) Азқамтылған отбасы құжаттары
7) Патронат
8) Қамқорлықтағы балалар
9) Жалғызбасты аналар
10) Жаңа жылдық шырша
11) Акция
12) Қамқорлық акциясы
13) Жазғы лагерь