Сынып. Қазақстан тарихы 3 страница

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1) Қазақстанға ұйғырлар мен дүнгендердің қоныс аударуына не себеп болды ?

2) Қазақстанға ұйғырлар мен дүнгендердің көшірілуі Ресей империясының әрекеті ?

3) Осы кезде қандай жарғылар қабылданды ?

V. Бағалау:

1) Аңдасова Қ. - ________;

2) Рамазанов А. - ________.

VI. Үйге тапсырма: қайталау.

Сынып: 8 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________

Пән: Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы.

Сабақтың мақсаты:

· Оқушыларға Қазақстан аумағында ХІХ ғасырдың 2-ші жартысынан бастап болып өткен жаңалықтар туралы түстіндіру;

· Оқушылардың болып өткен жаңалықтарды салыстыра келе, олардың салыстыруғ ақпаратты сараптау дағдыларын қалыптастыру;

· Оқушыларды патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдісі: жаңа сабақты баяндау, дәріс.

Сабақтың жоспары:I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

· Оқушылармен амандасу.

· Оқушыларды түгендеу.

· Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

1) Патша үкіметінің қоныс аудару саясатының нәтижесінде Қазақстанға қандай ұлт өкілдері қоныс аударды ?

2) Ресейдің қандай бөлігінен халық көптеп қоныс аударды ?

3) «Петербург шартының» нәтижесі ?

Жаңа сабақтың жоспары:

1) Сауда-саттық қатынасы.

2) Өнеркәсіп.

3) Қазақстандағы этностық топтар.

III. Жаңа сабақ.

Егер XVIII ғасырда қазақтармен еркін сауда-саттық негізінен шекара шебіне таяу бекіністерде жүргізіліп келген болса, енді XIX ғасырда оның сипаты мүлде өзгерді. Олар "әкімшілік реформаларының жүргізілуімен, сондай-ақ қоныс аударушы шаруалар арқылы отарлау әрекеттерімен байланысты болды. Сауда орталықтары бірте-бірте Қазақстанның ішкі аудандарына қарай ойысты. Олар округ орталықтарына, қоныс аударушы шаруалардың елді мекендеріне және жаңа қалаларға қарай жақындай түсті. Бұрын сауда-саттықтың басты орталықтары Орынбор, Троицгс, Петропавл, Преснегоръков, Омбы, Семей және Орал бекініс қамалдары болып келген еді. Ал XIX ғасырдың 20-жылдарынан бастап, округтық приказдар да сауда орталықтарына айнала бастады. Мәселен, Қазақстанның солтүстік-шығыс жағындағы Сібір әкімшілігіне қарайтын қазақтардың өздерінен ғана орыс көпестері жыл сайын 3 миллионға дейін қой, 150 мыңға дейін жылқы және 100 мыңға дейін мүйізді ірі қара сатып алатын.

Ресейдің қазақтармен сауда-саттығы негізінен татар көпестері мен приказчиктерінің көмегімен жүргізілді. Олар қазақ және орыс тілдерін жақсы білетін еді. Ресей көпестері қазақтардан мал және мал өнімдерін сатып алды. Ал дала тұрғындары ресейлік көпестерден шұға мен бөз маталар, тоқыма кенептер, өңделген былғары, темірден жасалған бұйымдар, шай, қант, темекі және ағаштан жасалған ыдыс-аяқ сияқты тауарлар сатып алатын. Сондай-ақ қазақтардың мал емдеуге қажетті дәрі-дәрмектерге деген сұранысы да күшті болды. Ел аралап жүріп айырбас сауда жасаумен орыс, татар және ортаазиялық көпестер айналысты, Олар көшпелі және жартылай көшпелі халыққа күнделікті қажетті тауарлар сатты. Оны малға немесе мал өнімдеріне айырбастады. Ондай көпестер қазақ даласынан үйір-үйір жылқы айдап қайтып жүрді, Жүн мен майды қажетінше сатып алды. Бұл өнімдер Троицк, Орынбор, Ор, Петропавлдың және Омбының зауыттары мен базарларындағы алыпсатар саудагерлерге үстеме бағамен өткізілетін. Ал алыпсатар саудагерлер өз кезегінде ол өнімдерді Ресей базарларында сататын, тіпті шетелдерге де асырып жіберетін. Бұдан екі арадағы делдалдар мол табыс табатын.

XVIII—XX ғасырлардың бас кезінде Қазақстанның байырғы халқы өлкенің басым көпшілігін құрады. 1897 жылы Қазақстанда барлығы 4147,7 мың адам тұрған болса, соның 80 пайызға жуығы қазақтар еді. Халықтың қалған бөлігін қазақтар мен қоныс аударған орыс шаруалары, сондай-ақ ұйғыр, дүнген, татар, өзбек, басқа да этностық топтар құрады. Қазақстанға алғашқы болып келгендер қазақтар мен әскери шенді орыстар болды. Олар шекара шебіндегі әскери бекімістер мен станицаларда тұрды. Кейін Қазақстанды отарлау әрекеті күшейген кезде қазақ әлеуметтік тобына қоныс аударып келген шаруалар мен мещандар, солдаттар да қабылдана берді. Украиндықтардың алғашқы тобы Қазақстан аумағында XVIII ғасырдың екінші жартысында пайда болды. Олар негізінен ұлт-азаттық қозғалыстарына қатысқандар еді. Украиндықтардың елеулі бөлігі қазақтың кең-байтақ даласына ХІХ-ХХ ғасырлар шебінде, Ресейдің еуропалық бөлігінен шаруалардың жаппай қоныс аударуы кезінде келді. Қоныс аударушы украиндықтар негізінен Полтава, Харьков, Таврия, Херсон, Екатеринослав және Киев облыстарының шаруалары еді.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1) Оқушыларға Қазақстанның қай өңірлерде жәрменкелер болғаның анықтау керек:

¾ ....................;

¾ ....................;

¾ ....................;

2) Қазақстанда сол кездегі сауда-саттықтың түрлерін болғанын көрсету керек.

3) Қазақстанда жұмысшылардың бой көтеруінің себептерін анықтау керек.

V. Бағалау:

1) Аңдасова Қ. - ________;

2) Рамазанов А. - ________.

VI. Үйге тапсырма: 34-35 параграфтар, оқу, Қазақстандағы өнерікәсіп түрлерінің жаңалықтарын анықтау керек.

Сынып: 8 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________

Пән: Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның ХІХ ғасырдың екінші жартысындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы.

Сабақтың мақсаты:

· Оқушыларға Қазақстан аумағында ХІХ ғасырдың 2-ші жартысынан бастап болып өткен жаңалықтар туралы түстіндіру;

· Оқушылардың болып өткен жаңалықтарды салыстыра келе, олардың салыстыруғ ақпаратты сараптау дағдыларын қалыптастыру;

· Оқушыларды патриоттыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдісі: жаңа сабақты баяндау, дәріс.

Сабақтың жоспары:I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

· Оқушылармен амандасу.

· Оқушыларды түгендеу.

· Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

1) Оқушылардың Қазақстанның сол кездегі өнеркәсіпті қайталауды бастаймын.

Жаңа сабақтың жоспары:

1) Қазақстандағы отаршылдық езгіге қарсы күрес.

2) 1916-1917 ж.ж. қозғалысы. Оның проблемасы.

3) Алаш қозғалысының адғышарттары.

III. Жаңа сабақ.

Қазақстан аумағы көне заманнан көшпелілер тұрағы болған. ХІХ ғасырда Россия империясының қазақ жерлерін жайпауы аяқталды. Бұл Қазақстан тарихындағы күрделі де қарама қайшылыққа толы процесс болды. Ол өз бойына қазақ мемлекеттігінің негізгі атрибуттарының жойылуын сыйғызды: хан билігінің институтын таратты, Игельстром 1785-86 жж реформасына сай және “Сібір қырғыздарының уставы” 1822 ж., “орынбор қырғыздарының уставы” 1824 ж., би соттарын жалпы империялық ресей сотымен алмастыру, ресей әскери сотының рөлін күшейту, қазақ даласында алым-салық жинауды ресей үкіметінің құзырына көшіру, қазақ жерін әскери отарлау, орыс казактарының, патшаның отарлау саясатындағы негізгі тірек ретінде нығаюы, жаңа казак әскерлерін – Сібір, Орынбор, Жетісу; жаңа қалалар мен бекіністер салу, қазақ қоғамының құқықтарын шектеу; хан, сұлтан, билерді ресей әкімшілігінің төменгі буындағы шенеуліктерге айналдыру. Қазақстанның ХІХ ғасырдың тарихы қазақ халқы үшін қайғылы болған оқиғаларға толы. Дәстүрлік шаруашылық құрылымы Қазақстанның табиғи жағдайы оның негізгі материалдық өндірісін, шаруашылық құрылымын, қазақтардың көшпелі қоғамының экономикалық потенциалы анықтайды. XIX ғасырдың 60-жылдарындағы үш жүз бойынша қазақ халқының саны туралы алғаш жарияланған мәліметтер А. И. Левшинде бар, ол 2,5 миллионнан - 3 миллионға дейін деген цифр келтіреді. XIX ғасырдың 2-жартысынан бастап шаруалардың әуелі бей-берекет түрде болып, сонан соң өкімет орындары бақылауға алған қоныс аудару үрдісі XX ғасырдың басындағы жарияланымдардан жеке көрініс тапты. Өлкені отарлаудың құрамдас бөлігі - орыс шаруаларың Қазақстанға қоныс аудару саясаты кең ауқым алды. П. Г. Галузо Ресейден қоныс аударушы — шаруалардың Қазақстанның оңтүстігіне орналастырылғанға дейінгі мүліктік жағдайын, олардың жайғасқаннан кейінгі саралануын, шаруашылығының түр-сипаты мен қоныс аударушылар поселкелеріндегі қанаушылық қатынастарды зерттеді. Автор мынадай үзілді-кесілді тұжырым жасайды: «Егіншілік техникасы жөнінен, — деп жазады ол, — қоныс аударушылар жергілікті шаруалардан, атап айтқанда, қазақтардан озып кеткен жоқ. Олар ауыл шаруашылығында капитализмнің дамуы, капиталдың индустриялық нысандарының тууы жөнінен де олардан озып кеткен жоқ». Е. Ділмұхамедов пен Ф. Маликовтің, Е. Бекмұхамедовтын, М. Тұрсынованың, Г. Есенғалиеваның, М. Асылбековтің, Ц. Фридманның еңбектері өнеркәсіп пен көлікті, сауданы және қаржы саясатын Қазақстанда пролетариаттыңқалыптасу проблемасымен тығыз байланыста алып зерттеудегі елеулі жетістіктерді дәлелдейді.Өлкені отарлау жағдайының мәні тау-кен өнеркәсібінде мейлінше толық көрінді.

XVIII— XIX ғасырлардағы Қазақстандағы халық бұқарасының патша өкіметіне қарсы наразылық қозғалыстары кең тарады.

XX ғасырдың басында өнеркәсіптің, ауыл шаруашылығының дамуы ақша рыногын кеңейтіп, несие жүйесі ресурстарын ұлғайтты. Бұл кезеңде елкеде ірі коммерциялық банктердің бөлімдері: Орыс-Азия, Халықаралық коммерция, Орыс сыртқы сауда, Орыс сауда-өнеркөсіп, Сібір сауда, Еділ-Кама, Мәскеу көпестері банктері ашылды. Қазақстан мен Қырғызстан аумағында 1914 жылы 44 банк мекемелері мен 345 несие және карыз жинақтау серіктестіктері жұмыс істеді. Өлке облыстары арасында несиелік мекемелер саны жағынан Ақмола облысы бірінші орынға шықты. Петропавл осы аудандағы сауда-өнеркәсіп қызметінің орталығына айналды. Мал, мал шаруашылығы өнімдері саудасы және үн тарту өнеркәсібінің ірі орталығы Семейде орналасты. Ал Орал және Қостанай Еділ өңірін мал өнімдерімен жабдықтап тұратын маңызды пунктке айналды.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1) Қазақстан аумағына орыс қоныс аударушылармен қандай жаңалықтар келе бастады ?

2) Патша үкіметіне баға беру.

V. Бағалау:

1) Аңдасова Қ. - ________;

2) Рамазанов А. - ________.

VI. Үйге тапсырма: 34-35 параграфтар, оқу, Қазақстандағы өнерікәсіп түрлерінің жаңалықтарын анықтау керек.

Сынып: 8 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________

Пән: Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: 1860-1870 жылдардағы азаттық күресі.

Сабақтың мақсаты:

· Қазақ халқының ХІХ ғасырдың 2-ші ширегіндегі басталған ұлт-азыттық қозғалыстың өршудің себептеріғ барысы, қозғаушы күштері туралы білім қалыптастыру;

· Оқушыларға көтерілістердің себептерін түсіндіріле келе, патша үкіметінің саясатымен байланысты болуымен қатар, олардың себебі болып отырған басқа да ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру;

· Оқушыларды патриоттық бағытта тәрбиелеу, олардың патриоттық, отансүйгіштік сезімдерді қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдісі: жаңа сабақты баяндау, дәріс, белсеңділік арттыру.

Сабақтың жоспары:I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

· Оқушылармен амандасу.

· Оқушыларды түгендеу.

· Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

1) Қазақ-орыс қарым-қатынастары қандай деңгейде болды ?

2) Өнеркәсіптегі болған жағдай ?

3) Қазақстан аумағын ғылыми жолмен зерттеу ісінің жемісі болып отырған өнеркәсіптегі пайда болған шаруашылық салалар ?

Жаңа сабақтың жоспары:

1) 1868-1869 жылғы Торғай мен Оралдағы көтеріліс.

2) 1870 жылғы Маңғыстаудағы көтерілістің басталуы.

III. Жаңа сабақ.

1867—1868 жылдары Қазақстан үш генерал-губернаторлыққа бағынды. Орынбор генерал-губернаторлығына — Орал, Торғай облыстары; Батыс Сібір генерал-губернаторлығына —Семей, Ақмола облыстары; Туркістан генерал-губернаторлығына — Жетісу, Сырдария облыстары мен Орал және Сібір казак-орыс әскери округтерінің кейбір аудандары кірді. Әрбір облыстың басында әскери губернатор мен оған бағынышты облыстық басқарма болды.

Торғай мен Орал облыстарындағы көтеріліс 1868-1869 ж.ж.

Қазақтар 1868 жылғы «Уақытша Ережені» «жаңа штат» деп атаған. Міне, осы «жаңа штат» туралы алып қашты хабар оны жариялаудан көп бұрын және ұйымдастыру комиссиясы елге шықпай тұрып-ақ тарады.

«Уақытша Ережені» жүзеге асыру үшін шыққан комиссия 1868 жылдың қаңтарында жұмысын тоқтатып, шеп бойына қайтуға мәжбүр болды.Бұған басқа да дистанцияларға қарасты халықтың көтеріліске шыққан бөлігі қосылды. Комиссия қоршауға түсіп, оның төрағасы Плотниковты «енді қайтып келмеймін» деген тілхатын алғаннан кейін ғана босатады.

Бірінші кақтығыс 1869 жылы 21 қаңтарда Гурьев уезін ұйымдастыру комиссиясына қарсы болды. Адайлардың, 400 ысық руы қазақтарының Тентек, Сағыз өзендері бойында көрсеткен қарсылығынан Жемнен әрі қарай өте алмаған комиссия мүшелері Каспийдің қатқан мұзы үстімен кейін қайтты.

1869 жылдың көктемінде жекелеген ауылдардың ашынуы көтеріліске ұласты. Қазақ ұлықтарына жалданған бақташылар, батырақтар және басқа еңбеккерлер қырға жиылып, 600—700-ден бөлініп, жасақтар құра бастады.

Қазақтар топ-топ болып бірігіп, жасақ ұйымдастырды. Олар күндіз-түні жан-жақтан комиссияны мазалаумен болды. Шеп бойындағы казак-орыстардың малдарын айдап әкетіп, әскери жасақтарға шабуыл жасады.

Торғай облысы Ырғыз, Елек уезі осылайша көтерілістің бір ошағына айналса, екінші ошағы Орал облысының Орал, Калмыков уезінде қалыптасты. Калмыков уезінде Тайпақ деген жердегі Азнабай елді мекенінде алаша, байбақты рулары көп топтасты. 1869 жылғы наурыздан бастап стихиялы түрде шыққан наразылықтар белгілі формаға ие болып, ұйымд Наурыздың соңы мен сәуірдің басында белгілі ақын Шәңгерей Бөкеев Орал облысына келіп, «Уақытша Ереженің» күмәнді тұстарына тоқталып, жер сатуға рұқсат берудің зияндыжақтарын түсіндіреді.асқан сипат алды. 1869 жылғы наурызда толқу бүкіл Орал облысын, Торғай облысының батысы мен оңтүстігін түгел қамтыды. Шалқар көлінің маңайына Ханкөл, Азнабай, Тайпақ, Өлеңті, Құрайлы, Шідерті, т.б. өңірлерін мекендеген рулардың көтерілісін Сейіл Туркебаев пен Беркін Оспанов басқарды. Көтерілісшілер найза, қылыш соғып, қару-жарақ, оқ-дәрілер іздестірді. Ең маңызды жерлерге салт атты шолғыншылар қойылды. Көктем түскен соң комиссия жеткілікті қаруымен екінші рет қырға аттанды. Көтерілісшілерге қарсы Торғай облысында Ақтөбе бекінісін, Орал облысында Ойыл бекіністерін салу көзделді.Көтерілісті біржола басу үшін олардың негізгі күші шоғырланған жер — Ойыл өңіріне соққы беруге Орал облысының әскери губернаторы Веревкин 400 солдат, 4 зеңбіректі бір рота, т.б. күштермен Ойыл бойына аттанды. 7 шілдеде 8 мың отбасы «Уақытша Ережені» мойындауға мәжбүр болды. 25 шілдеде байбақты Беркін Оспанов бастаған 1 мыңдық қол талқандалды. 31 шілдеде көтерілістің тағы бір басшысы Сейіл Түркебаев тұтқындалды. Қалған көтеріліс басшылары Хиуа жеріне өтіп кетті. Көтерілістің жеңілуіне феодалдардың опасыздығы ғана емес, сонымен бірге кейбір рулардың арасында ауызбірліктің жоқтығы да себеп болды. Олардың ынтымақтаса қимылдауына жердауы да бөгет болған еді. Казак шептері маңындағы ауылдар отаршылдарға қарсы белсене күреске шыға алмады. Майдан мен тыл бір жерде болып, көтерілісшілер қимылын өте-мөте қиындатты.

1870 жылы Маңғыстаудағы көтеріліс осы оқиғалардың жалғасы болды.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1) 1868-1869 жылғы көтерілістің себептері қандай болды ?

2) Көтерілістің қозғаушы күштері кімдер болды ?

3) Көтеріліс қай аумақта болып өтті ?

V. Бағалау:

1) Аңдасова Қ. - ________;

2) Рамазанов А. - ________.

VI. Үйге тапсырма: қосымша ақпарат табу.

Сынып: 8 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________

Пән: Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: 1860-1870 жылдардағы азаттық күресі.

Сабақтың мақсаты:

· Қазақ халқының ХІХ ғасырдың 2-ші ширегіндегі басталған ұлт-азыттық қозғалыстың өршудің себептеріғ барысы, қозғаушы күштері туралы білім қалыптастыру;

· Оқушыларға көтерілістердің себептерін түсіндіріле келе, патша үкіметінің саясатымен байланысты болуымен қатар, олардың себебі болып отырған басқа да ерекшеліктері туралы түсінік қалыптастыру;

· Оқушыларды патриоттық бағытта тәрбиелеу, олардың патриоттық, отансүйгіштік сезімдерді қалыптастыру.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдісі: жаңа сабақты баяндау, дәріс, белсеңділік арттыру.

Сабақтың жоспары:I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

· Оқушылармен амандасу.

· Оқушыларды түгендеу.

· Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

1) 1868-1869 жылғы көтерілістің себебі неде болды. Оның сипаты.

2) Осы көтеріліс қандай аумақта болып өтті.

3) Көтерілісшілердің басты мақсаты не болды ?

Жаңа сабақтың жоспары:

1) 1868-1869 жылғы көтерілісті қорытындылау.

2) 1870 жылғы көтерілістің барысы, себептері, нәтижесі.

III. Жаңа сабақ.

Себептері. Көтеріліс патша өкіметі 1868 жылы қабылдаған “Уақытша ережеге” (“Далалық облыстарды бас-қару жөніндегі Ереже”) сай туындады. Ресей империясы адай руларын 19 ғасырдың 30-жылдарынан бағындыра бастады. 1866 — 67 жылы адай руларынан Жоғарғы адай (Баймәмбет Маяев басқарды) және Төменгі адай (Ғафур Қалбин басқарды) дистанциялары құрылды. Екі билеуші Орал облысы басқармасына шақырылып, жаңа ережелермен танысты. Жаңа реформа бойынша салықтың мөлш. 1 сом 30 тиыннан 3 сом 50 тиынға дейін өсті және билеушілерден үй санын дәл есепке алуды, жерді мемлекеттік меншік деп тануды, болыстар мен ауылдарға бөлінуді талап етті. Ел арасында толқу басталды. Халық бұқарасын Досан Тәжіұлы, Алғи Жалмағамбетов, Ержан және Ерменбет Құловтар басқарды. Оған қоса Маңғыстау приставы полк. Рукин би-шонжарлардың көмегімен салықты екі жылға (1869 — 70) бір-ақ жинамақшы болды. Рукин 1870 жылы 15 наурызда Б.Маяевтың жол көрсетуімен төрт зеңбірегі бар 35 казак, тілмаш Бекметов, 60-тай билер мен старшындар құрамымен адай руларынан салық жинауға аттанды. Рукиннің қарулы жасақпен келуі көтерілістің басталуына түрткі болды. Көтерілісшілер Рукин отрядымен 22 наурызда кездесті. Көтерілісшілерге“ұсақ” құдығы маңында Бозащы тобы қосылды. Рукин отряды біржола талқандалып, Б.Маяев өлтірілді, Рукин көтерілісшілердің қолына түспес үшін өзін-өзі атып өлтірді. Ережені Маңғыстауға ендіру 1870 жылға дейін кейін қалдырылған болатын. Отарлық үкімет осындағы адай руы Орал және Торғайдағы көтеріліске қолдау көрсетеді деп қорықты. Тек 1870 жылы ғана орыс өкіметі Маңғышлаққа реформа жүргізбек болды. 1869 жылдың қазанында реформаны ендіруге дайындық жүргізу үшін дала бекіністеріндегі гарнизондар күшейтілді. Адайлардың жазғы көшу территорияларының барлығын орыс әскерлері бөліп алды, олар бүл үшін «зерттеу жүргіземіз» деген сылтау айтты.

1869 жылдың қарашасында Кавказ әскерлері Каспий теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауын жайлап алды. Тек 1870 жылдың басында ғана орыс өкіметі Маңғышлақты (Маңғыстауда) бекініс жасауға шешім қабылдады. 1869 жылдың қазан айында реформа ережелерін ендіруге дайындық үшін дала бекіністері гарнизондары күшейтілді. Адайлардың жазғы көшу жерлерінің барлық территориялары орыс әскерлері жайлаған әскери бекеттер арасында бөлініске салынды, олар аумақты «зерттеуді» сылтау етіп, қазақтарды толық бақылауға алды.

1869 жылдың қарашасында Кавказ әскерлері Каспий теңізінің оңтүстік-шығыс жағалауына орнығып, келесі жылы олар Хиуа шекарасында пайда болды. 1870 жылдың 2 ақпанында Маңғышлақ (Маңғыстау) Орынбор генерал-губернаторлығынан бөлініп, Кавказ әскери басшысы қарамағына өткізілді. Сөйтіп, адай руының бүкіл көшпелі территориясы орыс әскерлерімен қоршалды.

Наши рекомендации