Технологиялық карталар 10 страница

Біледі: әуен динамикасын, тембрін ажыратуды.Игереді: ырғақты сезіне музыкалық аспаптармен ансамбльде ойнауды.Меңгереді: динамикалық белгілер ажыратуды.

Технологиялық карта

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі:Музыка

Тақырыбы: «Ағайынбыз бәріміз»

Мақсаты: естияр топ музыкалық шығарманы тыңдап, қабылдауға, айырмашылықтарын ажыратуға уйрету. Әуенге әсерлену, ырғақтық, динамикалық есту қабілеттерін дамыту. Отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілікке үлкен-кішіге деген сыйластыққа баулу.

Міндеттері: естияр топ әнді қуанышты, екпінді орындауға үйрету.

Дыбыстың әуезділігін, жеңіл әндерді орындау дағдыларын қалыптастыру,хорда орындау.

Балалардың жеңіл гимнастиқалық, бейнелі, би қимылдарын үйренген кезінде қимыл мен музыаның үйлесімдігін дамыту.

Мақсаты: 2 сәбилер тобымузыкалық аспаптармен ансамбльде ойнауға дағдыландыру. Би қимылдарын мәнерлеп орындауды үйрету.

Міндеттері: 2 сәбилер тобы музыкаға әсерлену, ырғақтық, динамикалық есту қабілеттерін дамыту.

музыканы еске сақтау, сезіне білу, таныс әнді тану, қабілеттерін дамыту.

әнді түсініп, сергек, жігерлі орындауға баулу.

Музыканың мазмұнына назар аудару.

Қолданылатын көрнекі құралдар: отбасындағы туыстар бейнелеген суреттер.

Қажетті құрал-жабдықтар:алтыбақан, үшбұрыш, қонырау, металлофон, бубен аспаптары

Алдын ала орындалатын жұмыс:өз туыстары туралы әңгімелеу өлең-тақпақтар жаттау, жылы лебіз-тілектер айтуды үйрену. Туыстарын арнап қолдан сыйлықтар жасау.

Сөздік жұмыс: бесік жыры, әлди-әлди.Билингвалды компонент:тиын-белка, түлкі-лиса,саңырауқұлақ-грибы

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Есеп  
+ -  
естияр топ 2 сәбилер тобы  
Мотивациялық - қозғаушылық Кел, билейік (В.Конорова) әуенінін ырғағына еркін би қимылдарын жасайды. Би барысында секіртпелі қимылды, орын ауыстыру, бір қырымен бір аяқты келесі аяққа соға секіру қимылдарын қадағалау (боковой галоп). Санамақ айтып, көнілденуге шақырады. Кел, сынайық санамақ, Бас бармағым – атам, Саусақтарды даралап. Балаң үйрек – әжем, Бір үйде біз нешеуміз? Ортан терек – әкем Кел, сынайық екеуміз. Шылдыр шүмек – анам, Титтей бөбек – мен. Балалар көтеріңкі көніл күймен би қимылдарын еркін орындап, ырғақты сезіне билейді   Шеңбер бойына тұрып, сынамақты саусақтарымен көрсете, сөздерін анықтап айтады.   Өз туыстары туралы білетін, жаттаған өлең-тақпақтарын, әндерін айтып, ойынды қызықты өткізуге атсалысады        
    Ұйымдас- тырушылық ізденістік     Жүзімізге қараңыз, Бал күлкілі баламыз. Бізге қымбат күншуақ, Бізге қымбат анамыз. (Ф.Оңғасынова) Музыка тыңдау: Жан анам (Е.Өміров туралы әңгімелеу.)Шығармаларына тоқталу. Ән үйрену: Екеуміз әйбат баламыз (И.Нүсіпбаев, О.Әубәкіров). Әнді орындап, сипаты мен көніл күйі, мағынасы, мазмұны туралы сұрайды. -Ән қалай орындалды?Қаракөз деген кім екен?Сендер аналарына қалай көмектесесіндер? Әннің мәтінін үйретіп, әуенін еске сақтау үшін ырғақты шапалақпен көрсетулерін сұрайды. Ойын: Менің туыстарым Балаларды шеңбер бойымен тұрғызып, бастаушы ортада тұрып, допты кез келген балаға лақтырады. Допты қағып алған бала отбасы немесе туыстары туралы өлең-тақпақ айтып, ән орындауына болады. Ойынға белсене қатысқан балаларды мадақтау. Ана Әнді тыңдап, нәзік әуезд сипатын ажыратады. Ән авторлары туралы естіп, біледі.     Ән әуенін үйреніп, сөзін жаттауға, ырғақпен әндетуге үйретеді.   Ойын барысында өздері үйренген, білетін тақпақтарын, әндерін орындайды. Допты ептілікпен қағып алуға тырысады. Өз туыстары туралы білетін, жаттаған өлең-тақпақтарын, әндерін айтып, ойынды қызықты өткізуге атсалысады. Сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын жеткізеді   Дауыс жаттығуын орындайды. Дауысты дыбыстарды таза, анық айтуға тырысады. Әннің ойнақы, жүрдек екпінін сезініп, ән мазмұнын түсініп орындауға тырысады.   Әннің сөздерін еске түсіреді, айтады.     Ұлдар қыздарды алтыбақанға шақырып, отыруға көмектеседі. Тербетіп, Еркем-ай әуенімен әндетеді. Айгөлек әуеніне қосыла аспаптардың үндестігін сақтап, реттіліктерімен ойнайды    
Рефлексиялқ – түзетушілік Анаң – күнің, жүрегің, Әжең – асыл ардағың, Әкең – өмір тірегің, Атаң – дана қорғаның, Ағаң – қамқор асқарың, Қарындасың – қанатың Інің – мөлдір аспаның, Ел-Отаның – жәннатың Сен бақытты ұлансың, Сен бақытты ұлансың, Бәрі саған қуансын! Бәрі саған қуансын! (М.Куанышпеков) -Туыстарымызды, ата-анамызды сыйлап, ардақтайық, балалар! Туыстарына, ата-анасына арнаған жылы лебіздерін қайталайды. Балалар өлең жолдарын қайталап, жаттап алуға талпынады.Туыстарына сыйлық дайындайды.          

Күтілетін нәтиже:

Біледі: шығармалардың айырмашылықтарын ажыратуды, әнді динамикасын сақтап орындауды.

Игереді: әнді әсерлене орындауды, ырғақтық динамикалық белгілерді қолдануды, ойын шарттарын сақтауды..

Меңгереді: ән мазмұның тындап, әңгімелеуді, әуенге сәйкес мәнерлеп қозғалуды.

Технологиялық карта

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі:Музыка

Тақырыбы: «Ағайынбыз бәріміз»

Мақсаты: естияр топ музыкалық шығарманы тыңдап, қабылдауға, айырмашылықтарын ажыратуға уйрету. Әуенге әсерлену, ырғақтық, динамикалық есту қабілеттерін дамыту. Отбасы мүшелеріне деген сүйіспеншілікке үлкен-кішіге деген сыйластыққа баулу.

Міндеттері: естияр топ Әнді түсініп, сергек, жігерлі орындауға баулу.

Музыканың мазмұнына назар аудару.

Музыканы мұқият тыңдауға үйрету.

Мақсаты: 2 сәбилер тобы музыкалық аспаптармен ансамбльде ойнауға дағдыландыру. Би қимылдарын мәнерлеп орындауды үйрету.

Міндеттері: 2 сәбилер тобы музыкаға әсерлену, ырғақтық, динамикалық есту қабілеттерін дамыту.

музыканы еске сақтау, сезіне білу, таныс әнді тану, қабілеттерін дамыту.

әнді түсініп, сергек, жігерлі орындауға баулу.

Музыканың мазмұнына назар аудару.

Қолданылатын көрнекі құралдар: отбасындағы туыстар бейнелеген суреттер.

Қажетті құрал-жабдықтар:алтыбақан, үшбұрыш, қонырау, металлофон, бубен аспаптары

Алдын ала орындалатын жұмыс:өз туыстары туралы әңгімелеу өлең-тақпақтар жаттау, жылы лебіз-тілектер айтуды үйрену. Туыстарын арнап қолдан сыйлықтар жасау.

Сөздік жұмыс: алтыбақан.Билингвалды компонент:тиын-белка, түлкі-лиса,саңырауқұлақ-грибы

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Есеп
+ -
естияр топ 2 сәбилер тобы  
Мотивациялық - қозғаушылық Отбасы туралы әңгімелесу. Туыстарына өлең-тақпақтар арнау Атам маған әманда, Әдепті жан бол деген. Атам сөзі санамда, Жасы үлкенге жол берем (А.Асылбек) Мейірімді апалар, Балалар одан бата алар. Қалтасына кәмпит сап Немереге апарар Ойын: Менің туыстарым   Өз туыстары туралы білетін, жаттаған өлең-тақпақтарын, әндерін айтып, ойынды қызықты өткізуге атсалысады   Балалар көтеріңкі көніл күймен би қимылдарын еркін орындап, ырғақты сезіне билейді Шеңбер бойына тұрып, сынамақты саусақтарымен көрсете, сөздерін анықтап айтады.      
    Ұйымдас- тырушылық ізденістік     -Ең сүйікті де, бізге ең жақын адам кім? -Неліктен анамызды күнге теңейміз? Ал енді өткен сабақтағы әнді қайталайық. Дауыс жаттығуы: Әдемі ән. Жаттығуды орындағанда терең тыныс алып, дауыстарының бірқалыпты шығуын қадағалау. Анашым жаттығуында –а-дауысты дыбысын ауызды дөңгелете айту тәсілімен айтқызу, таза айтуларына көңіл бөлу. Ән қайталау: Екеуміз әйбат баламыз (И.Нүсіпбаев, О.Әубәкіров). Әнді орындап, сипаты мен көніл күйі, мағынасы, мазмұны туралы сұрайды. Әуенді-қимылды ойын: Алтыбақан. Алтыбақанға қыздарды кошеметпен отырғызу, тербету ұлдарға тапсырылады. Ән-ойынды көнілді, жарқын дауыспен орындауды ұсынады.Оркестрде ойнау: Айгөлек.Музыкалық аспаптар дауыстарының анық шығуын, ұстау тәсілін бақылайды. Сұрақтарға жауап беріп, өз ойларын жеткізеді   Дауыс жаттығуын орындайды. Дауысты дыбыстарды таза, анық айтуға тырысады. Әннің ойнақы, жүрдек екпінін сезініп, ән мазмұнын түсініп орындауға тырысады.   Әннің сөздерін еске түсіреді, айтады.     Ұлдар қыздарды алтыбақанға шақырып, отыруға көмектеседі. Тербетіп, Еркем-ай әуенімен әндетеді. Айгөлек әуеніне қосыла аспаптардың үндестігін сақтап, реттіліктерімен ойнайды   Ана Әнді тыңдап, нәзік әуезд сипатын ажыратады. Ән авторлары туралы естіп, біледі.     Ән әуенін үйреніп, сөзін жаттауға, ырғақпен әндетуге үйретеді.   Ойын барысында өздері үйренген, білетін тақпақтарын, әндерін орындайды. Допты ептілікпен қағып алуға тырысады. Өз туыстары туралы білетін, жаттаған өлең-тақпақтарын, әндерін айтып, ойынды қызықты өткізуге атсалысады.
Рефлексиялқ – түзетушілік Балаларды мадатау, мақтау, қорытындылау. Балалар қоштасып шығады.    

Күтілетін нәтиже:

Біледі: шығармалардың айырмашылықтарын ажыратуды, әнді динамикасын сақтап орындауды.

Игереді: әнді әсерлене орындауды, ырғақтық динамикалық белгілерді қолдануды, ойын шарттарын сақтауды..

Меңгереді: ән мазмұның тындап, әңгімелеуді, әуенге сәйкес мәнерлеп қозғалуды.

Технологиялық карта

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі: музыка

Тақырыбы: «Менің әжем»

Мақсаты: естияр топ балаларға қазақтың салт дәстүрі жайында мағлұмат беру, ұлттық сан сананы санасына сіңіру

Міндеттері: естияр топ Әнді түсініп, сергек, жігерлі орындауға баулу.

Музыканың мазмұнына назар аудару.

Музыканы мұқият тыңдауға үйрету.

Мақсаты: 2 сәбилер тобы музыкалық аспаптармен ансамбльде ойнауға дағдыландыру. Би қимылдарын мәнерлеп орындауды үйрету.

Міндеттері: 2 сәбилер тобы музыкаға әсерлену, ырғақтық, динамикалық есту қабілеттерін дамыту.

музыканы еске сақтау, сезіне білу, таныс әнді тану, қабілеттерін дамыту.

әнді түсініп, сергек, жігерлі орындауға баулу.

Музыканың мазмұнына назар аудару

Қолданылатын көрнекі құралдар:бесік, қуыршақ, бала тербетіп отырған ана суреті.

Сөздік жұмыс: бесік, бесікке бөлеу.

Билингвалды компонент:тиын-белка, түлкі-лиса,саңырауқұлақ-грибы

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Есеп  
+ -  
естияр топ 2 сәбилер тобы  
Мотивациялық - қозғаушылық Балалар музыка залына шеңбер бойымен келеді. Ортадағы әженің жанына бесік, қуыршақ, жөргектер. Әже балалармен амандасады. Мен сендерге қазақтың дәстүрі «Бесікке бөлеуді» көрсетемін. Бесікте жатқан баланың ұйқысы тыныш, жылы, жақсы ұйықтайды. Баланы бесікке ұйықтататын кезде бөлейді. Әже бесікті көрсетеді. Балалар музыка әуенімен залға келеді. Балалар әженің айналасына дөңгелене отырады. Әженің әңгімесін мұқият тыңдайды. Бесікті ұстап көріп, қызықтайды. Балалар келеді, амандасады.     Балалар «Шеңбермен жүреміз» жаттығуын «бәсең» дыбыспен айтып жасауға тырысады. Бөпе оянғанда «көтеріңкі» дыбыспен жаттығуды жасауға тырысады.      
    Ұйымдас- тырушылық ізденістік     Қуыршақты бесікке жатқызады, жөргектермен орап, бөлейді. Жайлап тербетеді. Қазақтың халық әні «Әлди, әлди» орындалады. Әлди, әлди бөпешім, ақ бесікке бөледім, Ай мен күнге теңедім, ақтарылған өлеңім (А.Асылбек) Музыка тыңдау: «Әй,әй бөпем» (халық әні, өңдеген Қ.Шілдебаев) Музыка ойналады, әже жайлап қосылып, бесікті тербетеді. Балалар бөпені оятып алмас үшін жай сөйлеулерін ескертеді. Балалар, әже бізге баланы бесікке қалай, не үшін бөлейтінін айтып берді. Біз әжеге рахмет айтп, әже туралы ән үйренейік. Ән үйрену: «Ақ әжем» (муз Қ.Қуатбаев, сөзі О.Әубәкіров) Музыка жетекшісі әнді айтып береді. Балаларға алдымен мәтінін қайталатып, әуенмен қосып үйретеді. Түгел шумақты үйренген соң, басынан бастап айтады. Әже құр қол келмей, өзімен бірге ойын ала келгенін айтады. «Сқина салу» ойыны. Балалар дөңгелене отырады. Әже білдірмей бір баланың қолына сақина салады. Белгі бергенде сақинасы бар бала тез ортаға шығуы керек, егер қасындағы көршісі сезіп ұстап қалса, сақинасы бар бала айыбына өнер көрсетеді. Ойын қайталанады.     Әженің өлеңін тыңдайды.   Балалар әже туралы әнді әуенімен таза айтуға тырысады.     Балалар ойын кезінде ұқыпты отыруға тырысады.    
Рефлексиялқ –түзетушілік Балалады мақтау, марапаттау. Балалар әжемен қоштасады.      

Күтілетін нәтиже:

Біледі: қазақтың салт дәстүрінің бірі бесікке бөлеуді.

Игереді: бесікке бөлеу, бесік жыры деген түсініктерді.

Меңгереді: ойын кезінде қырағылық, сақтық, ұқыптылық дағдыларын.

Технологиялық карта

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі: музыка

Тақырыбы: «Менің әжем»

Мақсаты: естияр топ музыкаға деген сезімдерін ояту, «бәсең» және «көтеріңкі» дыбыстарды айтуға дағдыландыру.

Мендеттері: естияр топМузыканы тыңдау, қабылдау, еске сақтау дағдыларын қалыптастыру.

Дыбыстың әуезділігін, жеңіл әндерді орындау дағдыларын қалыптастыру,хорда орындау.

Балалардың жеңіл гимнастиқалық, бейнелі, би қимылдарын үйренген кезінде қимыл мен музыаның үйлесімдігін дамыту.

Мақсаты: 2 сәбилер тобы музыкалық аспаптармен ансамбльде ойнауға дағдыландыру. Би қимылдарын мәнерлеп орындауды үйрету.

Міндеттері: 2 сәбилер тобы музыкаға әсерлену, ырғақтық, динамикалық есту қабілеттерін дамыту.

музыканы еске сақтау, сезіне білу, таныс әнді тану, қабілеттерін дамыту.

әнді түсініп, сергек, жігерлі орындауға баулу.

Музыканың мазмұнына назар аудару

Қолданылатын көрнекі құралдар:бесік, бөпе-қуыршақ, сылдырмақтар, бала санына сай қуыршақтар.

Сөздік жұмыс: әлди-әлди, сылдыр-сылдыр.

Билингвалды компонент:тиын-белка, түлкі-лиса,саңырауқұлақ-грибы

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Есеп  
+ -  
естияр топ 2 сәбилер  
Мотивациялық - қозғаушылық Музыка жетекшісі балаларды қолындағы қуыршақ-бөпесімен қарсы алады, амандасады. Бөпе ұйықтап жатыр екен. Жетекші «Шеңбермен жүреміз» жаттығуын бастайды. -Балалар, біз қазір жаттығуды «бәсең» дыбыспен жүріп жасаймыз, өйткені бөпеміз оянып кетуі мүмкін. (Әлдидің жылаған даусы естіледі). -Балалар, біздің бөпеміз оянды, енді «көтеріңкі» дыбыспен жаттығуымызды жасайық (жаттығу қайталанады). Балалар келеді, амандасады.     Балалар «Шеңбермен жүреміз» жаттығуын «бәсең» дыбыспен айтып жасауға тырысады. Бөпе оянғанда «көтеріңкі» дыбыспен жаттығуды жасауға тырысады. Балалар музыка әуенімен залға келеді. Балалар әженің айналасына дөңгелене отырады. Әженің әңгімесін мұқият тыңдайды. Бесікті ұстап көріп, қызықтайды.      
    Ұйымдас- тырушылық ізденістік     - Балалар, енді бөпеміз бесігіне жатқызайын, оның ұйқысы келіп тұр. (Бесікке жатқызу). Ал сендер «Бесік жыры» әнін тыңдаңдар (бір шумағын). Халық әні «Құлыным». (Роза Рымбаевна. «Сезон»ААҚ,2003 ж) - Балалар, сендерге ән ұнады ма? -Олай болса орнымыздан тұрып, «Сылдырмақ» әнін қайталайық, есімізге түсірейік.   Жетекші сылдырмақтарды балаларға таратып беріп, әнді айтып, қимылдарын жасауға, қайталауға ынталандырады.   - Балалар, «Сылдырмақ» әні естеріңе түсті ме? Олай болса, бірінші «бәсең» дауыспен айтып көрейік, өйткені біздің бөпеміз ұйықтап жатыр. Бөпенің жылаған дауысы естіледі. - Балалар, енді «көтеріңкі» дауыспен айтайық, бөпемізді жұбатайық. - Балалар, жаңа кім жылады? Кәнеки, бөпемізге «Қуыршағым- ай» биін билеп берейікші (қуыршақтарды үлестіреді). Балалар, бесікке қызыға қарайды. «Бесік жыры» әнін тыңдауға тырысады.     Балалар сұраққа жауап беруге талпынады. Орындарынан тұрып, сылдырмақты алып, «Сылдыр-сылдыр сылдырмақ» деп қайталайды, билеуге талпынады. Балалар әнді «бәсең» және «көтеріңкі» дауыспен айтуға тырысады. Балалар бесікке барып қарауы мүмкін, тербетуі, жұбатуы мүмкін (балаларға ерік беріп, бақылау). «Бөпе жылап жатыр»,- деп айтуға тырысады. Балалар қуыршақты алып, билейді.     Әженің өлеңін тыңдайды.   Балалар әже туралы әнді әуенімен таза айтуға тырысады.     Балалар ойын кезінде ұқыпты отыруға тырысады.  
Рефлексиялқ –түзетушілік - Балалар, сендер бөпені жақсы жұбатыңдар, сендерге көп-көп рақмет. Келесі жолы жақсы билеп,ән айтсаңдар, бізге көп ойыншықтар келуі мүмкін, - деп мадақтайды.   Балалар көңілденіп, шаттанып, қоштасады.      

Күтілетін нәтиже:

Біледі:музыканы тыңдауды, еске түсіруді, «бәсең» және «көтеріңкі» дыбыстарды.

Игереді:әлдилеуді, сылдырмақты ұстауды, қуыршақты ұстауды.

Меңгереді: шеңбер жасауды, отырып-тұруды, жүгіруді, музыкамен билеуді.

Технологиялық карта

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі: музыка

Тақырыбы: «Көктем»

Мақсаты: естияр топ әуенді есту, сезіну қабілеттерін әрі қарай дамыту, қарапайым би қимылдарын орындауға дағдыландыру, табиғи дауыспен ән айтуға үйрету.

Міндеттері: естияр топ музыкаға әсерлену, ырғақтық, динамикалық есту қабілеттерін дамыту.

музыканы еске сақтау, сезіне білу, таныс әнді тану, қабілеттерін дамыту.

әнді түсініп, сергек, жігерлі орындауға баулу.

Музыканың мазмұнына назар аудару.

Мақсаты: 2 сәбилер тобы музыкалық аспаптармен ансамбльде ойнауға дағдыландыру. Би қимылдарын мәнерлеп орындауды үйрету.

Міндеттері: 2 сәбилер тобы музыкаға әсерлену, ырғақтық, динамикалық есту қабілеттерін дамыту.

музыканы еске сақтау, сезіне білу, таныс әнді тану, қабілеттерін дамыту.

әнді түсініп, сергек, жігерлі орындауға баулу.

Музыканың мазмұнына назар аудару

Қолданылатын көрнекі құралдар:көктем көрінісін бейнелейтін суреттер, биге қолданылатын гүлдер.

Сөздік жұмыс: көктем, шуақ, алуан.Билингвалды компонент:тиын-белка, түлкі-лиса,саңырауқұлақ-грибы

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Есеп  
+ -  
естияр топ 2 сәбилер тобы  
Мотивациялық - қозғаушылық Балаларды қарсы алып, көктемгі баққа қыдыруға шақырады. Балаларға әуен ырғағымен ілесе адымдап, нық басып жүруді ұсынады. («Марш» М.Раухверг) Біз адымдап жүреміз, бір, екі, үш, Серуендеп келеміз, бір, екі, үш. деп балалардың қосыла айтуын сұрайды. Балалар қол ұстасып көтеріңкі көңіл күймен зал ішінде еркін жүреді.   Ырғаққа ілесе нық басуға талпынады. Балалар көктем көріністері бейнеленген суреттерді қызықтайды Балалар өлең не туралы екенің айтуға талпынады      
    Ұйымдас- тырушылық ізденістік     Қараңдаршы балалар, бақ іші қандай әдемі! Мұнда қызыл жасыл алуан гүлдер жайнап тұр екен, деп балалардың назарын аулауға тырысады. Бақ іші қандай тамаша, Алуан гүлдер тұр тұнып, Демалайық отырып. деп демалуға жайғастырады. Үнтаспадан құстардың дауысы естіледі. Балалар ненің дауысын естіп тұрсыңдар? Бұл құстардың дауысы. Құстар қалай дыбыстайды екен? Құстар қалай ұшады? Қолымызды жаяйық, Құстай қанат қағайық! деп балалардың құстың қанат қаққанын көрсетулерін сұрайды. Қандай қызық көктемде, Күн шуағын төккенде, Гүл тереміз алуан, шығып алып бөктерге деп «Көктем» әнінің шумағын орындап береді. Әнді екінші рет орындағанда, балаларға педагог мәтінге сай қимылдарды көрсетіп, қайталатады. Ән аяқталысымен балаларды алдын ала «гүлдер өсіп тұрған» гүлзарға шақырып, Қызыл, сары, жасыл, көк, Гүлдерді біз терейік деп гүл жинауға ұсынады. Достығымыз жарасып, көңілді би билейік «Гүлдермен би» қимылдарын көрсетіп, балаларды биге машықтандырады. Шеңбер бойымен гүлдерді жоғары көтеріп жеңіл жүгіруді, бір орында тұрып тербелуді, ортаға жиналуды, кері қарай жүру қимылдарын жасауға үйретеді. Гүлдерге таңырқай қарап, ұстап көреді.     Кілемге жайғасып отырады.   Балалар құстар үнін зейін қойып, қызыға тыңдайды, қызығушылық сезімдері оянады.   Қолдарын созып, «ұшуға» әрекеттенеді. Балалар әнді ынта қойып тыңдап, түсінуге талпынады. Педагогтың жасаған іс қимылын қайталап, көрсетуге тырысады. Қолдарын көкке созып, Күнді, өсіп тұрған гүлдерді көрсетеді.   Балалар қуана жүгіріп гүлдерді теріп алады.     Шеңбер бойымен тұрып, педагогке қарап, би қимылдарын қайталатады. Гүлдерін жоғары көтере бірге тербеліп, айналып, ырғақпен билеуге талпынады. Балалар әнді тыңдап, ән туралы өз түсініктерін айтуға тырысады.     Балалар жаңа әнмен танысып, ән туралы білгендерін ортаға салып, әнді үйренеді.   Қойылған сұрақтарға ұйымшылдықпен жауап береді. Әннің әуеніне қосылып, «ля» буынын таза айтады      
Рефлексиялқ –түзетушілік Көктем келіп шуақты, Балаларды қуантты. Алақай ау алақай, құстар сайрап, Бақтар жайнап, гүл атты. Балалар сендерге бақ ұнады ма? Құстар қалай әндетеді екен? Гүлдер қандай? Мен сендерге әдемі гүлдер сыйлаймын, деп алдын ала түрлі түсті қағаздан қиылған гүлдерді таратып береді. Балалар қуанып, қол шапалақтайды.     Сұраққа түсініп жауап беруге әрекеттенеді. Балалар рахмет айтып, көңілді қоштасады.      

Күтілетін нәтиже:

Наши рекомендации