Мектептегі қорытынды жиналыс
Жиналыс мақсаты – студенттердің педпрактикасының қорытындысы шығарылады. Жиналысқа барлық студент топтарв, университете кафедрасының өкілі, мектеп директоры немесе оның орынбасарлары, пән-мұғалімі және сынып жетекшісі.
Бұнда студенттер өздерінің оқу-тәрбие жұмыстары туралы есеп береді, қиыншылықтар кездескен жұмыстың себептерін талдайды. Пән-мұғалімі және сынып жетекшілері студенттердің жұмыстарына мінездеме береді (оның мазмұнына, оқушы мен студенттер арасындағы қарым-қатынастар, студенттің жұмысқа деген қарым-қатынасы), жасалған жұмыстарына баға беріледі, болашақ мұғалімдердің педагогикалық іс-әрекеттердің сапасын жетілдіру туралы пікірлерін, ұсыныстарын айтады.
Мектеп әкімшілігі студенттердің барлық топтарына баға береді, кейбір студенттерге сын пікірлер және тілектер айтылады. Студенттер оқу-тәрбие процесін ұйымдастырудың кейбір бағыттары бойынша жұмыс тәжірибелерінен қорытынды жасап сөйлей алады.
Сондай ақ жауап беру ретінде топ жетекшісі және 1-2 студент сөз алады. Үш күндік мерзімде педпрактика біткеннен кейін факультеттерде комиссия құрылып, студент-практиканттардың қорғау есептері тыңдалады. Қорғау нәтижесінің негізінде, мектептегі педагогикалық кеңесте алған бағасы, құжаттарды талдауда барлығын жинақтай келе студентке педагогикалық практикасы үшін жалпы баға қойылады. Баға әдіскерлер кеңесінде, пән-әдіскерінің пікірін ескере отырып, әдіскер-педагогтер мен психологтардың пікірлерімен санаса келе талқыланады.
Педагогикалық практика бойынша кіріспе және қорытынды конференция
Кіріспе конференция студенттерді педагогикалық практика кезінде мектептер және онда жасайтын жұмыс ауқымын айқындау бойынша өткізіледі.
1) Кіріспе және қорытынды конференциясының уақытын педпрактика меңгерушісі мен деканат, директораттармен келісім бойынша факультет жетекшісі тағайындайды.
2) Конференцияға барлық әдіскерлер мен деканат директорат өкілдері қатысады.
3) Факультет жетекшісі конференцияға мектеп администрациясы мен оқу және тәрбие жұмыстары бойынша әдіскерлерді (төлемақы) шақырады.
4) Кіріспе конференцияда шығып сөйлейтіндер: практика меңгерушісі, факультет басшысы, оқу тәрбие жұмыстары бойынша факультет жетекшілері, кітапхана жұмыскерлері.
5) Студенттерді педпрактиканың мақсатымен, міндеттерімен, оның мазмұнымен, студенттердің міндеттерімен, оқушыларды тәрбиелеу мен оқытудың қазіргі проблемалары мен педагогикалық этика мәселесімен, мектептер бойынша студенттерді бөлу туралы бұйрықпен таныстырады.
Қорытынды конференцияда педагогикалық сараман қорытындысы шығарылады. Бұған мүмкін болса кіші курс студенттерін шақырған дұрыс. Қорытынды конференцияда студенттердің әрбір мектептегі топтарының есептері тыңдалады. Сонан соң оқу және тәрбие практикасы бойынша әдіскерлер шығып сөйлейді. Пән бойынша факультет жетекшісі жалпы қорытындысын шығарып, педагогикалық практиканың бағасын жариялайды. Осы конференцияға студенттердің практикадағы оқу-тәрбие жұмыстары бойынша көрмелер ұйымдастырылады (қабырға газеті, тақырыптық қабырға сөрелері, фотографиялар, үлгілер, кестелер, макеттер). Видеожазбалар арқылы сабақтар, сыныптық шаралар көрсетуге болады.
Қорытынды шығаруда практика кезінде студенттердің ұшырасқан қателіктері және оларды болдырмау жолдарын табу.
Педагогикалық практиканы ұйымдастыру мен өткізуді жетілдіру туралы пікірлермен ұсыныстарды ескеру, жинақтау.
Алтыншы бөлім.
Педагогикалық сараман кезінде студенттердің оқу-әдістемелік, ақпараттық,материалды –техникалық қамтылуы
Топтық және даралық кеңестер
Кеңес мақсаты – машықкерге сабақты және тәрбие шараларын даярлауға әдістемелік көмек көрсету.
Әдіскерлер міндеттері – студенттердің дидактикалық немесе тәрбиелеушілік міндеттерді шешудің жолдарын айқындауға көмектесу; қиыншылықтардан шығу жолдарын табуға, оқу-тәрбие жұмыстарында қателіктер мен кемшіліктердің себептерін болдырмау жолдарын іздеу.
Кеңес аптасына бір-екі рет жүргізіледі. Сараман басында «Сараманның алғашқы аптасы» тақырыбына топтық консультация өткізілу қажет.
Мектепте студенттермен бірге «студент-практикант бұрышы» - онда қажетті ақпараттар орналасуы қажет. Дара түріндегі консультация график бойынша жүргізіледі. Графикті сабақ пен, сынып сағаттары кестесіне сәйкес әдіскерлер құрастырады.