Стенд-ап: Айбек Құрметұлы – тілші
Кереңдіктен аулақ болудың қарапайым 3 ережесі бар.
Біріншіден: дыбыстың максималды деңгейге дейінгі мөлшері, 60 пайыздан жоғары болмауы керек.
Екіншіден: музыка айналаңыздағы адамдарға естілмеуі тиіс.
Үшіншіден: егер сіздің дауысыңыз өзгелер үшін қатты естілген болса, музыканың дыбысын әлі де бәсеңдеткен дұрыс.
Дәрігерлердің бұл кеңесіне құлақ түрмесеңіз, уақыт өте құлаққапты, кейін есіту аппаратына алмастыруыңыз әбден мүмкін.
Тақырыптық репортаж көрерменге үнемі қызық болатын әрекетпен байланысты. Ол жол қозғалысы жайлы қала көшелерінен репортаж, шебер ұстаханасынан репортаж, көлік цехынан немесе балет сыныбынан репортаж болуы мүмкін. Бұл жағдайда оқиға деп телетоптың объектіге келіп, бұқараға көрсетуін айтуға болады.
Тақырыптық репортажбелгілі бір оқиғаның нақты сәттегі суреттерімен байланысты жазылады. Репортаждың бұл түрі, анығында жеке тақырыптарға арналады. Әдетте, репортаждың бұл түрі нақты объектінің бір тақырыбын бөліп алып, оқырманға сол жөнінде хабарлау сипатында жиі кездеседі. Демек, тақырыпты тереңдеткен сайын оның танымдық сипаты да көтеріле түседі. Сол себепті мұндай репортаждарды тақырыптық-танымдық деп атаған дұрыс болады.
Тақырыбы: Жылдың үздік оқытушылары
Авторы: Р. Асқарбекұлы
Титр: Мәмбет Қойгелді - тарих ғылымдарының докторы, профессор, 2009 жылдың үздік оқытуышысы
Титр:Ұлжарқын Әбдіғапбарова - Педагогика ғылымдарының докторы, 2009 жылдың үздік оқытушысы
Титр: Гүлтас Құрманбай – ҚБТУ Қазақ және орыс тілдері кафедрасының меңгерушісі, 2010 жылдың үздік оқытушысы
Геотитр: Алматы
Жүргізуші: Жақында Алматыда 2010 жылдың «Жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» мемлекеттік грантын тапсыру рәсімі өтті. Осы қаржылай сыйақыны Білім және ғылым министрі Бақытжан Жұмағұлов өзі табыстады. Өткен жылдың қорытындысы бойынша жоғары оқу орны оқытушы-профессорлар құрамын қолдау грантына 200-ден астам оқытушы ие болған. Алматылық тілшіміз ең үздік оқытушылар өз сыйақыларын қалай және қандай мақсаттарға жұмсайды деген сауалдарға жауап іздеп көрген.
Сюжет Ришат
Тілші: Танымал қайраткер, тарихшы әрі оқытушы Мәмбет Қойгелді өткен жылдың үздік оқытушысы деген атаққа ие болдым. Қомақты гранттың құны 18 мың АҚШ долларына тең. Ғалым мұндай қаржылай сыйақыны бұрын-соңды қолға алып көрмегенін айтады.
ШВ: 01 20 08 Шынын айту керек, бұрын халықаралық деңгейде сыйлықтар алғам. Бірақ біздің үкіметтен мұндай көлемді грантты бірінші алуым. .
Тілші: Елбасының нұсқауымен бөлінетін гранттың сұрауы да бар дейді Мәмбет Қойгелді. Яғни бұл қаржыны оңды-солды шашып, өзінің жеке тұрмыстық қажеттіліктерін өтеуге болмайды. Маман қолына алған қаржылай сыйақыны қолданбалы ғылыми-зерттеулер мен халықаралық ғылыми жобаларға қатысу үшін, оқулықтар мен оқу құралдарына, оқу-әдістемелік кешендер әзірлеу мен басып шығаруға және заманауи технологияларды өз саласына енгізуге жұмсауы шарт. Десе де тарих саласында бұған дейін толағай табыстармен танылған тарихшы Мәмбет Қожабайұлы грант мұғалімнің әлеуметтік мәселесін жанама болса да шешуге әсер етуі тиіс деп санайды.
СНХ. Мәмбет Қойгелді - тарих ғылымдарының докторы, профессор, 2010 жылдың үздік оқытушысы: 01 16 30 Адам күнделікті өзі өмір сүріп отырған отбасынан, оның әлеуметтік мәселелерінен тәуелсіз емес. Жеке ғалымның ғылыммен айналысуы үшін сапалы жұмыс жасау үшін үкіметтен, мемлекеттен көмек қажет. Мына грант тікелей осының көрінісі.
ШВ. Кабинетіне кіріп келе жатқан сәті.
Тілші: Өткен жылғы байқау бойынша үздік оқытушы деп танылған тағы бір ғалым Ұлжарқын Әбдіғаппарова болатын. Ұстаз-педагог қолына тиген соммаға атқаратын шаруаларын тиянақтап үлгерген. Биыл екі рет шетелге шығып, арнайы семинарларға қатысуды жоспарлап отыр. Одан бөлек өзі еңбек етіп жүрген қазақтың қолданбалы сәндік өнері саласы бойынша жинақтар мен монографияларды баспаға өткізбекші.
СНХ. Ұлжарқын Әбдіғапбарова - Педагогика ғылымдарының докторы, 2009 жылдың үздік оқытушысы 01 48 50 01 48 50 Менің шығара алмай жүрген кітаптарым бар. Қазақтың сәндік қолданбалы өнері туралы, кітаптар көптен бері қаржы тапшылығына орай баспаға жетпей жатыр. Сол сияқты педагогикалық талай еңбектерді студенттерге оқулық ретінде жеткізгім келеді. Міне осыған бұл грант үлкен жол ашпақ.
ШВ:01 31 15 Дүниежүзінде өз тілін білмейтін бір-ақ ұлт бар екен. Ол-қазақ, ұят қой, балалар!
Тілші: Жоғары оқу орындарының оқытушылық құрамын қолдау гранты соңғы бес жылда үздіксіз беріліп келеді. 2008 жылы осы конкурстың жеңімпазы атанған ұлағатты ұстаз Гүлтас Құрманбай болатын. Грант иегері өткен жылы өзіне жүктелген міндетті абыроймен атқарып, ғылыми потенциалын арттыруға мол мүмкіндік алған. Гүлтас Сайынқызы «жылдың үздік оқытушысы» грантына 30-дан астам жеке еңбегін жарыққа шығарған.
СНХ: Гүлтас Құрманбай – ҚБТУ Қазақ және орыс тілдері кафедрасының меңгерушісі, 2008 жылдың үздік оқытушысы. Абай айтқан «Көңілде алаң басылса» деп. Мұнда көңілге алаң басылса дегені-қаражат. Яғни қарны аш болса, ол қандай керемет дүние туғызады. Егер оның қаражаттық қолдауы болса, шығармашалық жұмыс істеуіне мүмкіндік береді.
Тілші:Оқытушының еңбектері Монғолия, Қытай, Түркия, Әзірбайжан елдерінің тілдерінде жарық көрген. Яғни осы мемлекеттегі этникалық қазақтардың ана тілін меңгеруіне арналған тіл ұстарту құралдары мемлекеттік қаржының қолдауымен басылды, дейді ғалым.
СНХ: 01 36 20 Гүлтас Құрманбай – ҚБТУ Қазақ және орыс тілдері кафедрасының меңгерушісі, 2010 жылдың үздік оқытушысы: Біз бинесмен емеспіз. Жалғыз ақыл-оймен жұмыс жасаймыз. Бізге көлденең табыс деген болмайды. Оқытушыларға осындай көмектің болуы жақсылықтың нышаны деп ойлаймын.
Тілші: Жоғары оқу орнының үздік оқытушысын тағайындау жөніндегі республикалық конкурсқа жыл сайын 200 грант бөлінеді. 2010 жылы байқауға 144 жоғары оқу орнынан барлығынан 900 үміткер қатысқан. «ЖОО-ның 2009 жылғы үздік оқытушысы» атты республикалық байқаудың басты мақсаты - педагогтардың кәсіби біліктілігін арттыруға жағдай жасау. Байқау жеңімпазы атанған әрбір оқытушыға 2000 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 2 млн. 800 мың теңгеден астам қаржы беріледі.