Дәрістердің күнтізбелік-тақырыптық жоспары 4 страница

Молибден, мыс, кобальт қан өндіру қызметіне қатысакды, иод қалқанша безінің гормонының құрамына кіреді, фтор тіс ұлпасының, әсіресе эмалінің дұрыс қалыптасуына қажет. Бұлар организмге аз мөлшерде қажет болады, сондықтан миркоэлементтер деп атадаы.

Мүшелер мен ұлпалар тұздарды таңдамал түрде жинайды. Айталық , иод қалқанша безінде, кальций-сүйекте, хром, марганец, бром-гипофизде, мыс-бауырда, цинк-жыныс бездерінде көп болады. Нәрестенің дене массасының 2,55%, ал ересек адамның 5% тұздар.

Денедегі судың маңызы, жасқа байланысты мөлшері.Организмнің тіршілігі үшін аса маңызды заттардың бірі-су. Олар организмнің ішкі ортасын құрады. Ересек адамның дене салмағының әрбір килограмм массасына 0,4л су қажет. Ал, нәрестелерде бұл мөлшер 5 есе артық. Егер баланың денесінде су жетіспесе, оның өсуі тежеледі. Жалпы ер адамның денесі 61%, әйел адамның 50% судан тұрады. Адам толық ашығып, бірақ су ішсе 55-60 күн өмір сүреді, ал су ішпесе, 8-10 күн ғана өмір сүре алады.

Несеп арқылы тәулігіне 1,2-1,4л, тер арқылы 0,5-0,8л, үлкен дәрет арқылы 0,1-0,2л, дем шығару арқылы 0,4л су денеден шығарылады.

Организмдегі су қанда өте көп (92%), екінші орында ми(86%), содан соң бүйрек(83%), бұлшық еттер мен бауырда 70%. Майдағы судың мөлшері 30%, ал сүйекте 22%.

Судың организмдегі рөлі оның түріне байланысты. Сұйық ұлпалар мен клетка ішіндегі су жақсы еріткіш. Ал, адам өмірі қосындылардың құрамындағы сусыз мүмкін емес. Белоктардың, майлардың, көмірсулардың құрамында су болады. Нәрестенің дене салмағының 75% -су. Оның ұлпаларының клеткасындағы судың мөлшері -80%. Мектеп жасына дейінгі балаларда өсу, даму қарқыны жоғары болғандықтан, денесіндегі судың мөлшері де көп. 1 жасқа дейінгі сәби тәулігіне 800мл, 2-4 жаста -950мл, 5-6 жаста -1200мл су ішуі керек.

Лекция 8

Тақырып:Қанның жас ерекшеліктері

Жоспар: Қан топтары, қанның ұюы, қан құю және иммунитет

Иммунитет және оның түрлері

Жүректің қызметі мен оның жас ерекшеліктері

Тамырлардағы қанның қысымы, оның жас ерекшелігі

Лимфа жүйесінің маңызы, қызметі және құрамы

Кілт сөздер:қан, иммунитет, эритроцит, тромбоцит, лейкоцит

Қанның пішінді элементеріне эритроциттер, лейкоциттер мен тромбоциттер жатады. Бұлардың ішіндегі ең көбі эритроциттер, яғни қанның қызыл клеткалары. Олардың саны адамның жынысына байланысты: ер адамда 1 мкл қанда 4,5-5 млн., әйелде 4-4,5 млн. Қанның қызыл клеткалары ядросыз. Эритроциттердің пішіні екі жағы ойыңқы келетін линза іспетті болады. Мұндай пішін клетканың бетінің ауданын үлкейтіп, тасымалдау қызметін атқаруын жеңілдетеді, әсіресе оттегін өкпеден дененің күллі клеткаларына және ұлпаларына және ұлпаларына тасуға ыңғайлы етеді. Бұл қызметі эритроциттердің құрамындағы белок заты гемоглабиннің қатысуымен орындалады. Гемоглобин күрделі зат. Ол гемм деп аталады, құрамында екі валентті темірі бар бояулы заттан және глобин белогынан тұрады. Гемоглабин өкпе қуысында оттегімен оңай қосылып, оксигемоглобинге айналады. Оксигемоглобин организмнің ұлпаларына қанмен тасылады да, ұлпаларға келгенде оңай ыдырайды, нәтижесінде глобин мен О2 пайда болады.. Гемоглабиннің қан плазмасына шығуына гемолиз деп атайды. Гемолиздің әсерінен қанның тұтқырлығы айтарлықтай күшейеді де, қан жүісін қиындатады.

Лейкоциттер- ядросы бар қан клеткалары. Ересек адамның 1 мкл қанында 6-8 мың лейкоциттер болады. Баланың иммундық қабілеті (ауруға қарсы тұру, қорғану қабілеті) лейкоциттерге байланысты. Лейкоциттер бала организмінің жұқпалы, яғни инфекциялық ауруларға қарсы тұруын қамтамасыз етеді. Қан клеткаларының бұл маңызды қызметін Нобель сыйлығының лауреаты орыс ғалымы И.И.Мечников ашқан. Лейкоциттердің бірнеше түрлері бар: а) дәнді лейкоциттер немесе гранулоциттер; ә) дәнсіз лейкоциттер, яғни агранулоциттер; б) моноциттер.

Гранулоциттердің 3 түрі бар:нейтрофилдер,эозинофилдер, базофилдер. Ал агранулоциттерге лимфоциттер жатады

Тромбоциттер. Қанның құрамындағы үшінші пішінді элементтер- тромбоциттер немесе қан пластинкалары. Олар сопақша немесе диаметрі 2-5 мкм дөңгелектеу пішінді келеді. Тромбоциттердің жалпы саны 1 мкл 300 мыңнан 400 мыңға дейін. Тромбоцитьер сүйек кемігінде п.б. Олардың өсіп жетілу мерзімі 7-8 күн, ал қан айналымында 5-11 күндей болады. Тромбоциттердің саны тамақ ішкеннен кейін, ауыр дене жұмысымен шұғылданғанда, әйел екеіқабат болғанда көбейеді. Оның мөлшерінің тәуліктік өзгерісі де бар: күндіз көбірек, түнде азырақ болады.

Тромбоциттердің қызметі көп. Оларда ферментер де өндіріледі, фагоцитарлық қабілеті бар, ұсақ қан тамырларының өткізгіштік қасиетіне де әсер етеді

Қанның ұюы. Тромбоциттердің басты қызметі – қанның ұюына қатысуы. Қан тамырлары жарақаттанғагнда әдетте жараның бетін тромбдеп аталатын қойылған қан түйіршігі тез жабады. Біраздан соң ло тығыздалып, жараны бекітеді. Қанның ұюы күрделі ферментативті құбылыс. Оны шамамен 3 кезеңге бөлуге болады: 1- қанда және ұлпада тромбопластинніңпайда болуы; 2- тромбопластиннің тромбингеайналуы; 3-тромбиннің әсерінен плазмадағы фибриноген белогының ерімейтін фибринжіпшелеріне айналып, жараның бетіне тор құруы. Осы торға эритроциттер мен лейкоциттер тұрып қалады да тромбпайда болады.

Организмдегі қан қорлары. Көкбауыр денедегі қанның қоры.Тыныштық кезінде көк бауыр қанға толып, аумағы үлкейеді. Бұлшық еттер жұмыс істей бастағанда қан көкбауырдан жұмыс істеп жатқан бұлшық еттерге тасымалданады. Көкбауыр тимус безімен және лимфа түйіндерімен бірге лимфациттердін өніп, өсіп, дамуына қатысады. Мұнда лимфациттер көптеп жиналады. Олар көкбауырдан лимфа айналымының құйылып, одан тағы да қайтып келеді. Көкбауырдын қыртысында Т- лимфоциттер, ішкі ұлпасында В- лимфоциттер орналасады.

Қанның құрамындағы эритроциттерде екі түрлі агглютиногендеп аталған зат бар: А және В агглютиногендер. Қанның плазмасында бұлармен кездескенде қанды ұйытып тастайтын альфа және бетта агглютининдер болады. Егер агглютиноген А агглютинин беттамен кездессе, қанның эротрциттері бір-біріне жабысы, бұзылып қан ұйылып қалады да, оттегін денеге таситын эротроциттер қызметін атқара алмай, адам өліп кету қауіпінде болды. Бұл заттардың бір-біріне қосылыс жасау мүмкіндігі 4 түрлі, соған байланысты адамдапрдың қанын 4 тлопқа бөліп АВО жүйесін деп атаған:

1. Эротроциттерінде агглютиногендер жоқ, бірақ плазмасында екі агглютининдері (альфа,бетта) де бар кісілер.Мұндай адамдар 40%, олар І-топқа жатады;

2. Қанның эротрциттерінде агглютинген А, плазмасында агглютинин бетта адамдар 39%, олар ІІ-топқа жатады;

3. Эротроциттерінде агглютиноген В, плазмасында агглютинин альфа бар кісілер 15% ІІІ-топқа жатады;

4. Эротроциттерінде агглютиноген А және В бар, плазмасында агглютининдер жоқ кісілер 6%, олар ІV-топқа жатады.

АВО жүйесінен басқа түрлі адамдар топтарында кездесетін қанның қорғаныс жүйелері бар екені анықталады. Соның ішінде алғаш рет макака-резус маймылдарының қанын табылған резус-фактордеп аталған заттың маңызы күшті. Бұл зат адамдардың 85%-ында бар, ал 15%-ында жоқ.

Иммунитет және оның түрлері. Иммунитет (лат. иммунитас-бірдеңеден бос болу) адамның жұқпалы ауруларға қарсы тұру қабілеті. Бұл – адам организмінің өте күрделі, көптеген морфологиялық және физиологиялық қасиеттерге байланысты қалпы. Қанның құрамында қорғану қызметін атқаратын басқа да маңызды заттар бар. Бұларға антиденелер мен антитоксиндержатады. Антиденелер қанда болатын белок заттары-иммундық глобулиндер денеге кірген басқа бөтен заттардың әсерінен п.б. Ол заттарға бактериялар, вирустар, басқа текті белокты заттар жатады. Оларды антигендер деп атайды (грек. Анти-қарсы+генос-тек). Антитоксиндер-уланған кезде организмде пайда болатын усыздандырушы заттар(грек.анти.+лат. токсинум- у, улы зат). Антиденелер, антитоксиндер мен антигендер-өте өзгеше үйлесімді заттар, яғни әр антигеннің немесе токсиннің өзіне ғана үйлесетін антиденелері мен антитоксиндері болады. Денеге бөтен заттар, айталық шешек вирустары енісімен организм сол вирустарға қарсы антидене түзеді. Олар вирустармен күресіп, организмді қайталап аурудан сақтап қалады.

Иммунитет табиғи және жасанды болып бөлінеді. Табиғи ммунитет адам ауырғанда пайда болады. Жасанды имунитет ауырған адамның немесе жануардың қанын алынған дайын антиденелерді немесе әлсізденедірілген антигендерді егу арқылы жасалынады.

Иммунитеті жалпы және жергілікті деп те бөледі. Бүкіл организмнің қарсы тұру қабілеті жалпы иммунитетке, ал жеке бір ұлпалардың немесе мүшелердің қабілеті жергілікті иммунитетке жатады. Иммунитет екі тетікке байланысты: денедегі кейбір клеткалардың фагоциарлық қабілеті мен антиденлердің өндірілуі. Дегенмен, иммунитет өте күрделі, бүкіл организм жүйелері қатысатын және бір-бірімен байланысты болатын қабілет.

Тақырып:Жүректің құрылысы мен қызметі

Жоспар: Жүректің қызметі мен оның жас ерекшеліктері

Тамырлардағы қанның қысымы, оның жас ерекшелігі

Лимфа жүйесінің маңызы, қызметі және құрамы

Кілт сөздер: жүрек, тамыр, лимфа

Жүрек еті ырғақты жиырылады: жүрек қуыстары кезекпен жиырылып босайды содан соң толық демалыста болады. Жүрек етінің жиырылуын систола, босауын диастола, демалуын пауза деп атайды. Жүректің бір рет жиырылып және босап, демалуын жүрек циклы деп атайды. Орта есеппен аланда ересек адамның жүрегі 1 минутта 70-75 рет жиырылады, яғни бүкіл цикл 0,8с. Жүректің бір циклы 3 кезеңнен тұрады: а) жүрекшенің систоласы 0,1 с. ә) қарыншаның систоласы 0,3 с. б) жалпы пауза 0,4 с. Жүректің жиырылуы кезінде шамамен 60-80 мл қан жүректің сол жақ қарыншасынан қолқа тамырына айдалады. Мұны қанның систолалық көлемі дейді, ал әр қарыншаның 1 минутта өзінен өткізетін қанның мөлшерін қанның минуттық көлемі деп атайды. Жүрек еті тез жиырылады, оның жүрекшелері мен қарыншаларының арасындагы және қолқа тамырының кіре берісіндегі қақпақшалары да тез ашылып, жабылады. Сол жақ қарыншадан қан қолқа тамырына айдалан кезде ол кеңейеді, бірқ тамыр қабырғасының серпімділігіне байланысты қайтадан тез жиырылады. Сондықтан артерия тамырларының бойымен босау және жиырылу толқындары жайылады. Мұны пульс дейді. Адамның денсаулығына, дене жағдайына, жасына сай оның пульсі өзгереді.

Тамырлардағы қанның қысымы, оның жас ерекшелігі.Тірі организмде қан тамырларының қуысы болмайды, олар қанға толы болады немесе жиырылып тұрады. Қан капиллярларында қан болмауы мүмкін, бірақ онда қыс орын болмайды. Үлкен қан айналыс жолының тамырларында қанның қозғалуы үшін үлкен қысым болуы тиіс. Қарыншадан қан қолқаға айдалған сәтте қолқадағы қысым шамамен сынап бағанасымен 150 мм-ге тең болады, ал иық артериясындағы ең жоғарғы қысым 120 мм болады. Жүректен айдалған қан алыстаған сайын, қан тамырлары тарамдалып, қанның қысымы азаяды: капиллярларда с.б. 40 мм-ге тең. Ал ұсақ вена тамырларында қанның қысымы небары 10-4 мм. Сондықтан адам дем алғанда вена тамырлары созылады да ондағы қысым с.б. 5 мм-ден төмендейді, сөйтіп веналарда қан сорылады. Вена тамырларында қанның қайта қайтуына тамырлардың бойындағы қақпақшалар кедергі жасайды. Қан қысымы жүрек еті босаған кезде төмен болады, шамамен с.б. 70-80 мм. Қанның қысымы жүректің жағдайын білдіреді. Адамның қан қысымы с.б. 110-120/70-80 мм. Сынап бағанасымен 110-120 мм қолқаға қан айдалғандағы иық артериясында қысым. Мұны систолалық, немесе жоғары, немесе максимальды қысым деп атайды. Қанның ситолалық қысымы негізінде жүректің, ал диастолалық қысымы қан тамырларының жағдайын білдіреді. Жүректегі электор құбылыстары. Жүректің қызметі кезінде қозғыш ұлпа ретінде электорлық белсенділік байқалады. Жүректің қызметінің электрлік белсенділігі электракардиограф деген аспаппен жазып алады. Электрокардиограф қозу өрісіне өте сезімтал аспап. Жүрек еттерінің жұмысы кезінде пайда болатын қозуын жазып алған сызбаны электрокардиорамма (ЭКГ) деп атайды.

Жүрек қан тамырлар жүйесінің қызметінің реттелуі. Жүректің қызметі кезеген және симпатикалық қос жүйке мен реттеледі. Кезеген жүйкесі сопақша мида басталып, жүрекке жетеді де, оның қызметін тежейді. Симпатикалық жүйке симпатикалық мойын түйінінен шығып жүректің еттерін нервтендіреді, оның жиырылуын және соғуын тездетеді. Симпатикалық жүйкенің тамыр тарылатын талшығының әсерінен қан тамырлары тарылады.

Жүректің жұмысы және қан тамырларының қалпы дененің, оның мүшелерінің, ұлпаларының оттегімен және қоректік заттармен қамтамасыз етілуіне байланысты. Жүрек қан тамырлар жүйесінің организм өмір сүретін ортасына бейімделуі бір-бірімен байланысты қызмет атқаратын жүйкелік және гуморальдық жолмен реттеледі. Жүйкелік реттеу оларға орталық жүйке жүйесінен орталықтан тепкіш талшықтар арқылы келеді. Сезгіш талшықтардың ұшын тітіркендіру арқылы жүректің жиырылуын рефлекторлы түрде азайтып немесе көбейтуге болады.

Жүрек пен қан тамырларының қызметінің гуморальдық реттелуі. Жүрек пен қан тамырларының қызметіне қанның құрамындағы химиялық заттардың концентрация айырмашылығы әсер етеді. Мысалы, адреналин жүректің жұмысын күшейтеді және жүрек соғуын жиілетеді, қан тамырларын тарылтады. Ал ацетилхолин, керісінше, қан тамырларын кеңейтіп, жүректің соғын баяулатып, қызмктін төмендетеді. Жүректің қызметіне тұздар да әсер етеді: калий иондарының көбеюі жүректің жұмысын басады, ал кальций жүрек қызметін күшейтеді.

Лимфа жүйесінің маңызы, қызметі және құрамы.Лимфа жүйесі (лат. лимфа – таза су, ылғал) лимфа сұйығынан лимфа тамырларынан және лимфа түйіндерінен тұрады. Лимфаның жалпы мөлшері 2 л, ол құрамы жағынан қанға ұқсас бірақ эритроциттері болмайды, лейкоциттері, әсіресе лимфоциттері көп, белоктары не бары 3-4% қана. Лимфаның құрамында көптеген гормондар, пептидтер мен зат алмасуынан пайда болған органикалық және бейорганикалық заттар болды, әсіресе дәрі заттары алдымен лимфаға өтеді. Лимфаның түсі бозғылт, бірақ тамақ ішкеннен кейін сарғыштау болады, себебі ішек қабырғаларынын капиллярларынан май мен липопротеидтер лимфоға өтеді де, лимфаның құрамындағы лимфоциттер веналық капиллярларға ауысады.

Лимфа айналысы бір жағы тұйық өте ұсақ тамырлар- лимфа капиллярларынан басталады. Олардың қабырғалары клеткааралығынан ұлпаның артық мөлшерлі сұйықтығын сорып алады. Лимфа капиллярлары ірілеу лимфа тамырларына айналады. Олардың ішкі қабырғаларында қақпақша бар. Қақпақшалар бір ғана бағытта ашылып, лимфаның жүрекке қарай ағуына мүмкіндік тудырады. Жүрекке жақындағанда көкірек немесе негізгі және жоғарғы лимфа өзектері арқылы жиналған лимфа бұғана венасы арқылы жүрекке құйылады. Лимфа жүйесі зат алмасуына қатысудан басқа организмнің иммундық жүйесінің қызметіне қатысады. Оның ерекше биологиялық «сүзгіші» - лимфа түйіндері болады.

Лимфа түйіндерінен өткенде лимфа сұйығындағы микробтар және басқа зиянды заттар тазартылады, содан соң оның тамыр өзектері қайта бірігіп лимфаның негізгі көкірек өзегіне құяды.

Лимфаның қозғалуына, тамырларының бойымен жүрекке қарай бағытталып, ағуына, дененің бұлшық еттерінің жиырылуы және демі сыртқа шығарған кездегі кеуде қуысындағы қысымның төмендеуі себеп болады. Бұған қоса, лимфа тамырларының бойындағы лимфагиондардың еттерінің әлсін-әлсін жиырылып босауы да себеп болады.

Лекция 9

Тақырып:Тыныс алу мүшелерінің жас ерекшеліктері

Жоспар: Тыныс алу жүйесінің маңызы.

Тыныс алу мүшелерінің қызметіне сыртқы ортаның әсері және гигиеналық талаптар

Кілт сөздер:тыныс алу, мұрын,көмей, кеңірдек

Тыныс алу жүйесінің маңызы.Адам организмі өзін қоршаған сыртқы ортамен қатты, сұйық жөне газ түріндегі заттармен алмаспай өмір сүре алмайды. Адам үнемі сыртқы ортадан қоректік заттарды, суды және оттегін алады. Адам организмінде қорекгік заттардың қоры болады, сондықтан 25-30 тәулік аштықты өлместен көтере алады. Сусыз адам бірнеше апта өмір сүре алады, ал оттегінсіз бірнеше минөттің ішінде өліп қалады. Тыныс алу мүшелері оттегі мен көмір қышқыл газын таситын негізгі міндеттерінен басқа да қызмет атқарады.

Тыныс мүшелері мұрыннан басталады Тыныс жоддары екіге бөлінеді: а) дем алғанда және дем шығарғанда ауаның жылжитын қуыстары; ө) ауа мен қанның арасында газдардың алмасатын орыны - өкпе альвеолалары (лат.альвеолус — ойма қуыс, науа).

Тыныс алуға қатысатын мүшелер тыныс алу жүйесін құрады. Бүл жүйенің мүшелерін екіге бөледі: тыныс жолдары жөне басты тыныс алу мүшесі - өкпе.

Ауа сырттан өкпеге жөне өкпеден сыртқа қозғалатын қуыстар - тыныс жолдарына мұрын қуысы, көмей, кеңірдек, жөне бронхылар жатады. Дегенмен, тыныс жолдарының қызметі ауаны өткізу ғана емес. Мұрын қуысында, көмейде, кеңірдекте жөне бронхыларда дем алғанда ішке кіретін ауа шаңнан, микробтардан тазартылып, тыныс жолдары мен өкпе қуысының шырышты қабаты кеуіп қалмау үшін ылғалдандырылып, өкпені суық ауаның есерінен сақтау үшін жылытылады.

Ауа танау арқылы мұрын қуысына кіреді. Мұрын қуысы кеңсірік шеміршегі арқылы оң жөне сол жақ бөліктерге бөлініп, жұп танау тесіктері арқылы сыртқа ашылады да ішкі жағы хоан тесігі арқылы жұтқыншақпен қосылады. Мұрын қуысы шырышты қабатпен қапталған. Сонымен қатар, мұрын қуысында иіс рецепторлары орналасқан, жұтқыншақ - ас қорыту жүйесінің мүшесі, ал көмей — сөйлеу мүшесі.

Тыныс алу жүйесінің маңызды бөлігі - ө к п е. Бұл бронхылардың ұсақ тармақтарының қуыстарынан жасалған альвеолалар мен серпімді дәнекер ұлпалардан тұратын жұп мүше. Альвеолалар немесе өкпе қуыстары өте ұсақ, шар төрізді домалақ, оларды микроскоп арқылы ғана көруге болады. Олардың қабырғалары жұқа, кептеген қан тамырларының капиллярларымен қоршалған. Өкпе альвеолаларының жалпы ауданы 200 м2.

Тыныс алу жүйесінің құрылысы мен қызметі адамның жасына, жынысына және жеке басының ерекшелігіне байланысты.

Жаңа туған сәбидің өкпесінің ұлпасы нашар дамыған, бірақ қан тамырларына өте бай болады. Алғашқы 3 айлық өмірінде және жыныстық жетілу шағында өкпе қарқынды өседі.

Тыныс алудың нервтік және гуморальдық реттелуі.Тыныс алу мүшелерінің қызметінің реттелуі әр дережедегі реттеу жолдарымен іске асады.

Төменгі дәрежелі тыныс орталығы сопақша мида орналасқан. Ол бір-бірімен тығыз байланыстағы дем алу мен дем шығаруға жауапты екі бөлімнен түрады.

Тыныс орталығының нейрондарының қозғыштығы көмір қышқыл газьшың концещрациясына байланысты, яғни гуморальдық реттеу жолы. Оның андағы концентрациясы артқанда тыныс орталығының нейрондарының қозғыштығы күшейеді де, тыныс мүшелерінің қызметіне қозғау салады. Көмір қышқыл газэшың тыныс орталығьша өсері екі түрлі жолмен іске асады:

а) нейрондарды қоректеңдіретія қанның құрамының тікелей әсері;

б) рефлекторлы жолмен көмірқышқыл газының арнайы хеморецепторларға әсері.

Тыныс алудың дамуына дене еңбегінің әсері және гигиеналык талаптар.Тыныс алу мүшелерінің бөрінің физиологиялық көрсеткіштеріне дене еңбегі мен спорт әсер етеді. Мысалы: Өюіенің тіршілік сыйымдылығы; штангистерде - 4 л, футболистерде - 4,2 л, боксерлерде -4,8л, қайықшыларда - 5,5 л. Тыныс алу жиілігі: спортсмендерде минөтіне - 6-8 рет, ал жаттықпаған адамдарда -14-20 рет. Спортпен шұғылданатын адамдардың тынысы терең болады, бұл организмнің үнемді қызмет етуінің белгісі. Мысалы, терең дем шыгарғанда олардың сыртқа айдалған ауасының құрамындағы кемір қыпіқыл газы 2 есе көп болады. Мұндай терең дем алу жүрекке "массаж" жасайды да, оның қоректенуін жвне физиологиялық қалпын жақсартады. Тыныс алу мүшелерін жаттықтыру, шынықтыру балалар мен жастардың тыныс мүшелері арқылы пайда болатын ауруларға қарсы тұру қабілетін арттырады. Олай болса, дене шынықтыру мен спорт денсаулықты сақтауға қажетті жағдайлардың бірі.

Баланың дұрыс отыра білуі де маңызды. Бүкірейіп, кеудесін үстелдің немесе партаның шетіне тақап отырғанда кеудеге қысым жасалып, тыныс алу мүшелерінің қызметін төмендетеді, жүрек қан-тамырлардьщ өсуіне кедергі болу арқылы баланың бойының өсуіне бөгет жасайды. Салқын тию, тыныс мүшелерінің аурулары бала организміңің барлық мүшелерінің өсіп дамуьша, қызмет етуіне жағымсыз әсер ететінін естен вдығармаған жөн.

Оқу-тәрбие жұмысын ұйымдастырғанда есте сақтайтын тағы да бір жағдай — дене еңбегі мен дене шынықтыру және ой еңбегі кезінде балалар тынысын тарылтады, сондықтан оның дұрыс болуын қадағалау қажет. Балаларға дұрыс демалуды жастайынан үйрету керек. Сонымен қатар, ой еңбегі мен дене еңбегін кезектестіру аса маңызды. Сондықтан мектеп жүмысында сабақ кестесін жасағанда бүл ерекшеліктерді есте сақтау керек. Сынып бөлмелерін, еңбек сабағының бөлмелерін жиі желдетіп отыру керек. Жоғарғы сынып оқушылары далада таза ауада төулігіне 3 сағатган, ал бастауыш сынып рқушылары 4 сағаттан кем болмауы тиіс. Әсіресе ауасы таза бөлмеде ұйықтау аса маңызды, сондықтан балаларды форточкалары ашық бөлмеде ұйықтауға әдеттендіру керек. Баланың киімі де дүрыс дем алу мен дем шығаруға әсер етеді. Сондыбқан олардың киімі жеңіл, денесін қыспайтын, қимыл-қозғалысына бөгет етпейтін болғаны жөн.

Наши рекомендации