Кесте. Әріптестердің сезімдерін жеткізу формуласы
Вербальды сезімдерді аз мағынада сыйлау құрылымы | Вербальді сезімдерді көп мағынада сыйлау құрлымы |
Сіз түсінбедіңіз; Мен түсінбедім | Сіз таңданып тұрсыз; Мен таңданып тұрмын; |
Сіз түсінбейсіз; Мен түсінбеймін. | Сіз ренжіп тұрсыз; мен ренжіп тұрмын |
Сізге жайсыз; Маған жайсыз. | Сізге ыңғайсыз; Маған ыңғайсыз |
Сізге жеркенішті, Маған жеркенішті | Сіз күманданасыз; Мен күмәнданамын |
Сіз ашуланасыз; Мен ашуланамын | Сіз қобалжып тұрсыз; Мен қобалжып тұрмын |
Сізге өкінішті; Маған өкінішті | Мені толғандырады; Сізді тролғандырады |
Сізді тітіркендіреді; Мені тітіркендіреді | Сізді бастық шақырады; Мені бастық шақырады |
Сізге қолайсыз; Маған қолайсыз | Сіз қорқасыз;Мен қорқамын |
Кеңес. Егер сіз әріптесіңізбен өз сезіміңізді бөліскіңіз келсе, онда «Мен сіздің не сезіп тұрғаныңызды білемін » деп айтыңыз. «Сіз өзіңізді ренжіген, көңілі қалған сияқты сезінесіз және т.б...»;«Түсінікті, бұл сіздің көңіліңізді қалдырады ...»; «Мен сіздің қандай сезімде түсінемін, бірақ оны сізбен бөлісе алмаймын, себебі...»; «Өзіңіздің әріптесіңіздің сезімін байқау үшін, оның осы сәттегі қимыл-қозғалысынан, бет әлпетінің өзгергенінен, дауыс ырғағынан түсінуге болады.».
Сипаттама.Әр түлі естілген ақпараттарды жинақтап, байланыстыру және толықтырып, бір мағынада түсіну өзара қарым-қатынаста өте қажет.Айтылғандарды қорыта келе, тыңдап отырған адамның, айтып отырған адамға оның ойының түсінікті болуын және дұрыс қабылдауын түсіндіреді.Негізгі ойларды жинақтап, қортынды жасау, сұрақтарды талдау, нәтижесіне сипаттама беру, бұлардың барлығы сабақ негізігі әдістерге жатады.
Кеңес.Сипаттаманы өз сезімімен жеткізе білу керек, мысалы мынадай сөз тіркестерін қолдану арқылы:
«Сіздің негізгі ойларыңыз, менің түсінуімше ...»
«Осы айтылғандарға қортынды жасасаң, яғни, ...»
«Яғни, сіздің айтқаныңыз, мынадай мағына беруі мүмкін»
«Сіздің айтқаныңыздан, мынадай қортынды шығаруға болады...»
Қазіргі жаңа шарттық жағдайда педагог әр түрлі қимыл- қозғалыстарда өзін жан-жақты көрсете білуі керек.Өйткені, оған әр түрлі ақпараттарды талдап, жинақтап,бағалау керек.
Сұхбаттасу барысында шынайы сөздерді табу өте қажет.Мұндай сөздер адамды әр түрлі көңіл-күйге келтіретіні анық.Ойланыңыз сізді тыңдап отырған тыңдаушыларға сіз қандай сөзді таңдап алатын едіңіз:
Айтыңыз: Орнына:
Ұсынамын сізге... Сізге мынаны ....
Бұл жерде мынадан өтуге... Жарайды өтейік...
Жарайды, көрейін.... Сіз міндеттісіз....
Мүмкін біз жасаймыз.... Сіз жасайсыз.....
Психологиялық кедергілер.
Психологиялық кедергілер: орнықтыру кедергісі,психологиялық қорғаныс кедергісі, мінез-құлық кедергісі т.б.
Психологиялық қорғаныстан пайда болатын кедергілер.
Психологиялық қорғаныстан туындайтын кедергілер қарым-қатынастағы ең басты күрделі тосқауылдардің бірі. Алайда сіз ойлағандай, ол адам немқұрайды, агрессивті, сөйлемейтін, ашулы әріптес болмауы мүмкін, ол сіздің оны тыңдап, түсінгеніңізді қалайтын шығар. Өзара түсінісе алмайтын әріптесіңізге оған деген қатынасыңызды өзгертуге тырысыңыз.Сонда бұл адаммен қарым-қатынасқа түсудегі қиындықтар бірте-бірте жойылады.
Мінез-құлық кедергісінің іскерлік қарым-қатынасында қиындықтар туғызады.Әр адамның өз мінезі болады, бірақ тәрбиелі адамдардың мінез-құлқы конфликт немесе дискомфорттық қарым-қатынас жасауға себеп болмайды.Бірақ барлық адамдар өзін-өзі танып, өз-өзіне бақылау жасағысы келмейді.Өзара қатынас процесінде туындаған тұлғалық-психологиялық кедергілер ұжымның психологиялық климатын анықтауға мүмкіндік туғызбайды.
Сөзді ой елегінен өткізу. ильтрация (тазалау,електен өткізу.)- ақпаратты саналы саналы түрде қабылдай отырып, терең түйсіне білу процесі.Бұл таным процестеріне тікелей қатысты болып келеді.Мысалы:белсенді қарым-қатынас кезінде сөзді қабылдай отырып,терең түсіну және тез шешім қабылдау.
Топішілік сөйлеу тілі.Әрбір топтың өзіндік іс-әрекетіне қарай сөйлеу мәнері болады.Оны кейбір әдебиеттерде «жаргон» деп атайды.Ол еңбек,кәсіби және әлеуметтік топтық қарым-қатынаста өздеріне түсінікті тілмен сөйлеу дегенді білдіреді.Ол топішілік белсенді қарым-қатынастың болуына әсер етіп,адамның бір-біріне және өзіне деген сенімділігін арттыра отырып, өзара қарым-қатынаста нығайта түсіреді.
Әлеуметтік статустың әртүрлілігі. Қарым- қатынаста адамдар әлеуметтік топтарға бөлініп, лауазымына,біліміне, өмірлік ұстанымына қарай әр түрлі статусқа ие болады.Мұндай әр түрлілік деңгейі ішкі мотивке байланысты иеархиялы болып келеді.Ол іскерлік қарым-қатынаста жиі байқалады.Бұлардың айқын болуы және ирархиялы түрде ауысып отыруы белсенді қарым-қатынасты қалыптастыруда кейбір қиындықтар мен кедергілер келтіреді.
Уақыттың тығыздығы.Уақыттың белсенді қарым-қатынас орнатуға өзіндік рөлі мен маңызы зор. Қысқа мерзімді уақыт ішінде белсенді қарым-қатынас орнауы мүмкін емес. Себебі ол белсенді қарым-қатынас қалыптастыруға аса үлкен мүмкіндік туғызбайды.
Қарым-қатынас салмақтылығы. Бүгінгі қоғамды зертттеуші ғалымдарымыз ақпараттық технологиялар заманы деп немесе жаһандану дәуірі деп атап келеді.Бұның маңызы неде? Оған екі жақты қарауға болады.Жағымсыз жағы – «жаһандану» ол адам ойының жоғары деңгейде даму мен рухани өсуіне кедергі келтіреді.Ұлттық салт-дәстүр мен ұлттық сананың қадір-қасиетінің әлсіреуіне алып келеді.Екінші жағымды жағы «жаһандану» қарым-қатынаста ақпараттың тез таралуына және адамдар қарым-қатынасының аясының кеңейуіне ықпал етеді.Яғни, адамдар арсындағы қарым-қатынастың белсенді болуына қоғамдық жаңару да тиісінше әсер етіп,психологиялық салмақ түсіріп,қиындықтарға ұшыратады.
Қарым-қатынас арақашықтығын сақтау тәртібі.Вербальды емес қарым-қатынасқа кеңістік,арақашықтық,тұлғаралық қарым-қатынас т.б.жатады. Өзара байланыс тікелей қарым-қатынас кезінде жүзеге асады.Қарым-қатынаста арақашықтықты сақтау немесе керісінше оны бұзу партнердың қабылдай алу жағдайына және қарым-қатынасты дұрыс бағалай алмауына басты себеп болып табылады.
Психологиялық барьер. Белсенді қарым-қатынасты қалыптастырудың тағы бір жолы өзара қарым-қатынаста кездесетін психологиялық кедергілердің алдын алу болып табылады.Оның психологиялық аспектісі ақпаратты дұрыс қабылдай алу процесі.Ақпаратты қабылдау барысында адамдар кейбір психологиялық кедергілерге кезігіп,одан шығу жолын қарастырады.Мұндай кедергілерден шығу мыналарға байланысты:
- психологиялық қорғану:
- мінезді орнықтыру :
- мінез-құлықтық бараьерді жою.
1.Психологиялық қорғану. Қарым-қатынас белсенділігін арттырудың алғы шарттарының бірі деп айтуға болады.Ол - өзара түсінісуге мүмкіндік туғызады,яғни адам аладын ала психологиялық дайындықтан өтіп,сол жағдайға бейімделе келе,іс-әрекет барысында белгілі бір қарым-қатынас нормасына немесе қалыпқа түсіп,психологиялық ахуалға алдын ала дайын болуға тырысады.Бұл процесті психологиялық қорғану деп айтамыз. Бұндай қарым-қатынас аса қиындықтар туғызбайды. Керісінше ортақ тіл табыса отырып,белсенділік пен сеімділік қалыптастыруға көмегін тигізеді.Мысалы: әріптесіңіз өзінің жан дүниесін басқалардың да түсініп, оны мұқият тыңдай отырып, өздерінің жеке пікірлерін айтып,өз ойларын білдіргендерін қалайды.Осындай жағдайда ыңғайсыз жағдай тудырмас үшін,сіз оның орнына өзіңізді қойып,оны түсінуге тырысасыз іштей дайындық жасайсыз. Міне осындай кезде адамға психологиялық дайындық керек.Яғни,осындай психологиялық қорғану,кедергілерден шығуға дайындықтар өзара белсенді қарым-қатынас орнатуға,шешімді дұрыс қабылдуға мүмкіндік туғызады.
2. Мінезді орнықтыру.Белсенді қарым-қатынасты қалыптастыруда мінезді орнықтыру тосқауылдар жиі кездеседі.Топтық қарым-қатынас барысында әділетсіз ой айту, мән-мағынасыз сөйлеу, сынау, дөрекі сөйлеу тыңдаушының сізге деген жағымсыз пікірі мен көзқарасын қалыптастыру мүмкін.Бұл әрекеттер мінез-құлыққа да байланысты болып келеді.Сондықтан белсенді қарым-қатынас мінез-құлықты дұрыс орнықтырумен тығыз байланысты.Мысалы: іскерлік кездесу кезінде жұмысыңыз оң нәтиже беру үшін әріптесіңіздің мінезін қандай екенін болжай алғаныңыз дұрыс.Мінезі ашық- жарқын болып келсе аздап мақтау сөздермен көңілін көтерген болсаңыз,онда ойыңызды қорықпай,ашық айта аласыз.Яғни,қортындысында оң нәтиже аласыз.
3.Мінез-құлықтық тосқауылдары жою.Белсенді қарым- қатынаста іс-әрекетпен бірге мінездің кейбір қырлары танылып қалады.Мінездің психологиялық аспектілерінің айқын болуы белсенді қарым-қатынас орнатуға біраз кедергілер келтіреді. Әрбір жеке адамның өзіне тән мінезі болады десек те,тәрбиелі,өзін-өзі басқара білетін адамдар жағымсыз мінезді конфликтіге апаратын жол деп қарамайды. Мұндай жағдайда кейбір адамдар мінезін байқатпай, өзін- өзі қадағалайды, іс- әрекетіне жауап беруге тырысады.
Реферат тақырыптары:
1.Халық педагогикасындағы қарым – қатынас туралы пікірлер.
2. Әл –Фарабидің «Әлеуметтік – этикалық трақтаттарындағы» қоғамдық қарым –қатынас жайлы пікірлері.
3. Абай Құнанбаев мұрасындағы қарым – қатынас жайлы пікірлер.
4.Оқушылар арасында құқытық мәдниет қалыптастыруға арналған тәрбие сағатында сөйленетін сөздің нанымдылығына сипаттама беріңіз.
5.А.С.Макаренко қолониясындағы мейрамдарда сөйленген сөз түрлерінің тәрбиелік ықпалы.
6. Сынып жетекшісінің адамгершілік тәрбиеге арналған сынып сағатында сөйлеген сөзінің ықпалдылығы.
7.Ахмат Байтұрсыныо мұрасындағы сөйлеу мәдениетіне қатысты пікірлер.
8.Абай Құнанбаев шығармаларындағы сөздің тәрбиелік ықпалы жайлыв ойлар.
9.М.Жұмабаев, Ж.Аймаутов, М.Жүсіпов мұраларындағы педагогикалық сөйлеу туралы пікірлердің сабақтастығы.
10.Әл-Фараби сөз және оның қоғамдық қарым қатынастағы маңызы жайлы пікірлері
11.Сөз және оның қоғамдық қарым –қатынастағы мәні, педагогикалық сөздің тәрбиелік ықпалы.
12.Педагог сөзіне қазіргі кезде қойылатын талаптар мен тәрбиелік ықпалының әлсіздігінің себептері.
13.Сөз түрлерінің педагогикалық қызметте қолданылуы мен атқаратын қызметі.
Әдебиеттер:
Әбу Наср Әл-Фараби. Әлеуметтік-этикалық трактаттар. Алматы, 1975
Жүсіп Баласағұни. Құтты білік. Алматы, 2002.
Ахмет Яссауи. Даналық кітабы. Алматы, 1995.
Абай Құнанбаев. Шығармаларының екі томдық жинағы. Алматы, 2005
Құдайбердиев. Ш.Шығармалары. Алматы, 1988
Аймаутов Ж.. Психология. Алматы, 1992
Жұмабаев М.. Педагогика. Алматы, 1989
Байтұрсынов А.. Шығармалары. Алматы, 1995.
Макаренко А С. Лекции о воспитании. М.1988
Макаренко А.С. Педагогическая поэма. М.1988
Сорока -Росинкий В.Н Педагогические сочинения. М.1989
Пантелеев Л., Белых. Г. Республика ШКИД. Минск, 1977
Бодалев А.А. Личность и общение М. 1983
Василенко Ю.С. Оголосе педагога// Сов. педагогика. 1972 №7
Водейке Р.И. Как управлять собой. Минск, 1983
Габдреева Г.Ш.Самоуправление психическим состоянием. Казань. 1981.
М.Митина. Психология труда и профессионального развития учителя. М.2004
Социология образования. М. 2004.
Добрович А.Б. Воспитателю о психологии общения. М.1987.
Жарықбаев Қ. Психология. Алматы, 1998.
Хайруллин Г.Т.Технология и техника взаимодействия. Алматы-Худжант, 1996.
Журналы: Педагогика, М.; Психологи. М.; Жоғары мектеп педагогикасы.
Негімов С. Шешендік өнері. Алматы, 2004.
Халитова І.Р.Әлеуметтік педагогика. Алматы, 2007