Ринолалияда кездесетін әр түрлі ауытқуларды түзету мүмкіндіктері

Ринолалия кезіндегі ауытқуды түзету медициналық және психологиялық-педагогикалық құралдар арқылы жүзеге асады. Әдетте емдеудің хирургиялық әдістері қолданылады. Уранопластиканың мақсаты- қатты таңдай жарықшасынан құтылу (фиссурорафия),жұмсақ таңдайды ұзарту(ретротранспозиция) және жұтқыншақ сақинасының ортаңғы бөлігін жіңішкерту (мезафарингосконстрикция). Хирургиялық көмек,ең біріншіден,баланың тамақтануын жақсартуға және қалыпты тыныс алуын қалпына келтіруге ықпал етеді. Уранопластиканы жасау мерзімі әліде толығынан шешілмеген мәселе. Көптеген мамандар мұндай операцияны мектеп жасына дейін жасаған жөн деп есептейді. Сонда логопедтің көмегімен баланың мектепке барар шағында дұрыс сөйлеуі қалыптасады. Бірақ,кейбір жағдайда баланың 5-6 жасында соматикалық және физикалық жағдайына байланысты уранопластиканы жасауға мүмкіншілік болмайды. Жоғарғы ерінінде және таңдайында жарығы бар балаларды хирургиялық емдеу бірнеше қадамдарда жүзеге асырылады. Ақау формасы мен баланың ағза жағдайына тәуелді еріннің жарығы 2-3 күннен бір жылға дейінгі мерзімдерде операцияланады(хейлопластика). Бұл баланың дамуын жақсартады,сыртқы түрін өалыпөа келтіреді. Жоғарғы еріннің, мұрынның қалған ақауларын және таңдайдың деформациясын жою бойынша жұмыс 7 жастан 14 жасқа дейін жасалынады. Логопедиялық тәжірибеде сәтті жасалған уранопластиканың маңызы өте зор.

Кейбір жағдайда туа біткен жарықшалары бар балаларға операция жасалмай, обтуратор (жарықшаны жауып тұратын пластинаны) қолдану ұсынылады.Егер обтураторды алғашқы сөздер шыққанға дейін (1-2 жасқа) қолданса,баланың белсенді сөйлеуінің дамуы қолайлы жағдайда өтеді. Бірақ сонда да мұрындық реңк толығынан жойылады деп кепіл берілмейді. Еріннің және таңдайдың жарығы бар балалардың көбісін толығымен реабилитациялау үшін бір хирургиялық ем жеткіліксіз. Бұл науқастар бірқатар мамандардың (стоматолог, ортодонт, ортопед, отоларинголог, логопед, невропатолог, офтальмологтардың және т.б ) тарапынан көмекті қажетсінеді. Диспансерлі бақылау мен емдеу жүйесінің тарапынан оларға көмек көрсетіледі. Диспансериязация идеясы 1950 жылдарда пайда болган. (М.Д. Дубов). Диспансеризацияның қазіргі заманғы қағидасының ғылыми негіздемесі мен тәжірибеде ке пайдалануын Б.Я. Булатовская 1958-1971 жылдары жүзеге асырды. Оның ұсынысы бойынша жарықтары бар балаларды алғашқы диспансерлі бақылауға алу мен емдеу шаралары өткізілді.

Диспансеризация келесідей түрде жүзеге асырылады: баланың бірінші рет қаралуы кезінде медициналық бике оны есепке алады, диспансерлі картаны бастайды. Баланы хирург, ортодонт, педиатр қарайды. Ата-аналардың сқздерінен жетік анамнез жиналады. Бастапқы диагноз қойылады. Ата-аналарды ем деудің қадамдары мен мерзімдерімен таныстырады, олардың баланы кешенді емдеудегі рөлдерін түсіндіреді. Сүйек жақ-бет саласындағы қосымша ауытқуларды жне деформацияларды анықтаумен алдын алу үшін және тиісті емдеуді белгілеу үшін кешенді қараулар ұйымдастырылады.

Ақаулықтың сипаты мен ауырлығына байланысты балаларға амбулаторлық немесе стационарлы бақыла ұсынылады. Маңызды- баланың нәрестелік жасынан көрсетілетін ортодонттық жәрдем болып табылады. Уранопластикадан кейін (таңдайға операция) жұмсақ таңдайды қалыптастыратын қорғаныс пластинкалары т.б пайдаланылады. Психикалық даму жағдайына тәуелді жарықтары бар балалар аса әртекті топты құрайды: қалыпты психикалық дамыған балалар: ақыл-есі дамуы тежелген, олигофрениясы бар балалар (әр түрлі деңгейдегі). Кейбір балаларда бөлек неврологиялық микробелгілері болады: нистагм, көз саңылауларының мұрын-ерін қыртыстарының жеңіл ассиметриясы, сіңір және перистальді рефлекстердің жоғарлауы. Осындай жағдайларда, ринолалия орталық жүйке жүйелерінің ерте кезектегі зақымдануымен шиеленіседі. Әр түрлі дәрежеде балаларда жүйке жүйесінің қызметінің бұзылулары, өзінің ақауына психогенді әсерлесулерімен сипатталған қозушылық және т.б жиірек байқалады.

Ринолалияға шалдыққан балалармен коррекциялық жұмыс дифференциалды түрде баланың жасына, артикуляциялық аппараттың шеткі бөлігінің қалпына және сөйлеу тілінің даму ерекшеліктеріне байланысты жүргізіледі. Балаларды логопедиялық мекемелерге орналастырудың негізгі белгісі сөйлеу процесінің дамуы болып табылады. Сөйлеу тілінің фонетикалық-фонематикалық жетіспеушілігі бар балаларға логопедиялық көмек балалар емханаларында амбулаторлы немесе стационарлы түрде көрсетіледі, сөйлеу тілінің басқа процестерінің жетіспеушілігі бар балалар арнайы балабақшаларға алынады. Мектеп жасындағы фонематикалық қабылдауында күрделі жетіспеушіліктері бар балаларға көмек жалпы білім беру мектебіндегі логопедиялық пункттарда көрсетіледі.

Туа біткен таңдай жарықшалар балалардың дамуына өте көп әсерін тигізеді: бұндай балалар соматикалық әлсіреген, аурушаң болып келеді. Сонымен бірге олардың ішінде есту қабілеті төмендеген балалар жиі кездеседі. Ринолалияда сөйлеу тілінің кемістігімен қатар жоғарғы психикалық функцияларының дамуының ауытқулары байқалады. Бұл науқастар тұлғалық дамуының және іс-әрекетінің қалыптасуының ерекшеліктерімен сипатталады.

Ринолалиясы бар балалардың сөйлеу тілінің кемістіктері өмірге келген кезінен бастап бір қатар себептермен негізделеді. Біріншіден, тыныс алу және тамақтану функцияларын қамтамасыз етуі тілдің спецификалық қалпын (тілдің түбі өте жоғары көтерілуі) қалыптастырады. Тілдің мұндай қалпы бір жағынан оның функционалдық мүмкіншіліктерінің бұзылуына, екінші жағынан бұзылыстың компенсациясына (орын басуына) әкеліп соқтырады (сөйлеу кезінде артикуляцияға бет, маңдай бұлшық еттер қатысады, көптеген синкенезиялар пайда болады).

Ринолалия кезінде спецификалық тыныс алу, дыбыс айтудың ауытқулары, мұрындық реңк байқалады. Сөйлеу тілінің бұзылысының көрінісінде негізгісі дыбыстың айтылуының бұзылуы болып табылады. Екіншілік сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық жағының бұзылуы, фонематикалық есту қабілетінің жетіспеушілігі, жазбаша сөйлеу тілінің бұзылуы болуы мүмкін.

Ауытқуды түзету медициналық, психология-педагогикалық ықпал ету арқылы жүзеге асады.

Сұрақтар:

1. Ринолалияда кездесетін әр түрлі ауытқуларды түзету.

2. Ринолалия кезінде спецификалық тыныс алу, дыбыс айтудың ауытқулары, мұрындық

реңк.

Наши рекомендации