Ылыми - педагогикалық зерттеу әдістері

Мақсаты: болмысты ғылыми тану әдістері туралы түсінікті қалыптастыру, ғылыми – педагогикалық ойлауды дамыту.

Міндеттері:

а) " Ғылыми зерттеу әдіс" ұғымының мәнін ашу.

ә) Болмысты ғылыми танудың әртүрлі әдістерін көрсету.

б) Зерттеудің эксперименталды – эмпирикалық және теориялық деңгейлері әдістерінің мәні мен мазмұнын ашу.

в) Ғылыми зерттеу әдістерінің таным объектісінің ерекшелігіне тәуелділігін сипаттау.

Жоспар:

1.Әдіснама ғылыми таным әдістері туралы философиялық ілім ретінде.

2. Эксперименталды – эмпирикалық деңгей әдістері.

3. Теориялық деңгей әдістері.

Негізгі ұғымдар: Ғылыми зерттеу әдісі, ғылыми дәлел, заңдылық, ,ылыми ақпараттың анықтығы, жүйе, модель.

Басқа пәндермен байланысы: философия, психология, психофизиология, мәдениеттану, әлеуметтану.

Әдіснама ғылыми таным әдістері туралы философиялық ілім ретінде.Әдіснама, әдіс пен теория әрқашан бір-бірімен тығыз байланысты. Теория педагогикалық құбылыстардың кез-келген әдіснаманың негізі болып табылады және сол әдістеменің көмегімен табылған фактілер арқасында кеңейеді.Теория-таным процесінің нәтижесі, ал әдіснама болса осы танымға жету мен құру тәсілі болып табылады.Бұл – теориялық және практикалық ғылыми-танымдық іс-әректті ұйымдастыру мен құрастырудың негізі мен тәсілдер жүйесі, бұл – осы жүйені тану жолы. Таным теориясы тұтас таным іс-әрекетті процесін және ең алдымен оның мазмұндық негізін зерттейді. Әдіснама шынайы және практикалық түрде тиімді білімге жетудің әдістері мен жолдарына көп көңіл бөледі, осы білімді дамытудың тәсілдерін іздестіреді.

Кез-келген әдіснамалық мәселелерді шешу белгілі бір гносеологиялық принциптер негізінде құралған бастапқы әдіснамалық тұжырымда жүзеге асады. Адамның танымдық іс-әрекетінің жалпы заңдылықтарын, оның даму заңдарын қалыптастыру философия ғылымының мәселесі. Білімді философиялық, аксиологилық түсіну философияға тәнжәне ол ғылыми білім туралы түсініктердің қалыптасуына шешуші ықпал етеді. Алайда зерттеушінің әдіснамалық тұжырымына жалғыз философия мен оның гнесеологиялық негіздері ғана әсер етпейді. Зерттеушінің әдіснамалық концепциясы, көбінесе ғылыми білімді құру мен дамыту теориясы болып табылады, өйткені ол психологиялық-педагогикалық ғылымға және оның тарихына бағытталады. Осыған орай, әрбір әдіснамалық концепция психологиялық-педагогикалық теориялар негізінде құрылып, соларға сүйенеді, өйткені ол осы тұжырымға жақын және оның ең басты құрылымдары болып табылады.

Әдіснамалық тұжырымдар ғылымның философиялық негіздері мен педагогикалық ғылымның зерттелетін саласының жетістіктеріне байланысты ажыратылады.

Зерттеушінің әдіснамалық тұжырымының қалыптасуына бұған дейін қалыптасқан және басқа да психолгиялық-педагогикалық тұжырымдар әсер етеді. Жаңа әдіснамалық тұжырым оған дейінгі пайда болған әдістемелік концепциялар желісінде пайда болып, дамиды, ол нені іздеу керек және қалай іздеу керектігін дәл анықтауға мүмкіндік береді. Сонымен қоса, олар зерттеушіні тежеп, оның еркін ойлауына кедергі жасауы да мүмкін.

Зерттеушіге, кейде, ғылымдағы көпшілік қабылдаған, тұрақты ережелер туралы, әдістемелік көзқарастар, ғылыми мектептер бағыттары туралы ұмытып, олардан бас тартып, оларды дәлелді түрде жоққа шығарудың пайдасы көп болады. Сондай-ақ әртүрлі тұжырымдарға, олардан шығатын мәселелерге және оларды шешудің ерекше тәсілдеріне сын көзбен қараудың да пайдасы зор. Іске осылайша қарау теориялық материалға деген өзіндік қатынасты қалыптастыруға, белгілі бір тұжырымдарға сүйеніп, бір жағынан философиялық ережелер ықпалындағы, ал екінші жағынан ғылыми-педагогикалық танымның белгілі бір саласына бағытталған кейбір тұжырымдарды сынауға көмектеседі.

Зерттеу жұмыстарына жаңадан араласқан зерттеушіге ғылыми талдау жүргізіп, ғылымдағы тұрақгы философиялық және теориялық тұжырымдар мен қортындыларға сүйенудің пайдасы мол. Бұл зерттеліп жатқан саладағы жаңа жүйелік тұтастық білімдерін алуға көмектеседі. Эмпирикалық деңгейдегі білім қайта құрылып, теориялық білім мен нақты шындықтың өзара қатынасы саласындағы теориялық қорытындылар мен нақтыландырулардың негізін құрастыру қажет. Теориялық білім, сөздің жалпы мағынасында, дегеніміз белгілі бір педагогикалық құбылысты талқылауға, қолдануға және түсіндіруге бағытталған ғылыми көзқарастар, түсініктер, идеялар жиынтығы. Ал тар және арнайы мағынасында, ол дегеніміз педагогикалық іс-әрекеттің зерттелініп жатқан саласының заңдылықтары мен байланыстары туралы тұтас түсінік беретін ғылыми білімді ұйымдастыру формасы. Бұл тұтас білім жүйесіндегі ішкі шектеу, ол бір элементтердің басқа элементтерге тәуелділігін сипаттайды, ал теория мазмұны пікірлер мен түсініктер жиынтығынан тұрады. Теория көбінесе жеке тұлғаны тәрбиелеу, оқыту мен қалыптастырудың

қалыптасқан тәжірибесін шығармашылықпен қайта құрумен байланысты. Осылайша, ол педагогикалық тәжірибені қорытындылап, жеке тұлғаның болашақта қалыптасуы мен дамуының жоспарын анықтайды.

Теория өзара байланысты білімдер жиынтығы ғана емес, сонымен қатар, ол-осы білімдердің белгілі бір зерттеу Бағдарламасы түрінде құралуының механизмі. Теория шынайы өмірде жоқ, бірақ теориялық-әдіснамалық Білімдерге сүйеніп жүзеге асыруға болатын нәрсені құрастыруға көмектеседі. Осының бәрі ғылыми білімдердің жалпы жүйесі ретінде педагогикалық теорияның тұтастығын құрайды.

Теориялық білім зерттеушіге оның не нәрсені біле алатынын көрсетсе, практикалық білім оның не істеу керектігіне бағыттайды. Кез-келген теорияның ақиқаттылығының белгісі-болмыстың практикалық өзгерісі. Практика теориялық түсінікке қарағанда әлдеқайда кең және күрделі. Алайда, басқа жағынан қарағанда, теориялық (болжамдар, мысалы, Д.И. Менделеев химикасы практикаға белгісіз жаңа химиялық элементтердің ашылуын болжаған. Осылайша Нептун планетасының ашылуы да бірінші теория жүзінде болжанып, практика жүзінде заманға сай телескоптар пайда болған кезде ғана оны көре алған. Іс жүзінде таза теория болмайды, өйткені ол әрқашан зерттелінетін пәннің әдістемесімен өзара тығыз байланыста болады және зерттеу іс- әрекетінің бағытын анықтайтын бастапқы нүкте болып табылады.

Философиялық білімдердің даму сатыларының әдіснамасының орынды негіздері уақыт өте келе қорытындыланып, шығармашылықпен қайта құрылып, бұл күндері жалпы сипатқа ие болып отырған және ғылыми білімнің зерттелінетін саласына қатысты нақтыланатын диалектикалық-материалистік әдіснаманы ұйымдастыратын бастауына айналып отыр.

Қазіргі замандағы ғылымның әдіснамасы білімнің жеке бір саласы ретінде дамып келе жатыр, оған нақты-ғылыми деңгейде өткізілген зерттеулер сүйенеді. Кейде әдіснаманың философиялық және нақты-ғылыми деңгейлері теңдестіріледі, ал олардың шынайы мүмкіндіктері мен шектерін ғылыми зерттеулердің әдіснамалық негізі болып табылатын материалистік диалектика ғана анықтай алады.

К. Поппердің әдіснамалық тұжырымында, Т. Кунның ғылыми революциялар теориясына, Ст. Тулминнің ғылыми білім дамуының тарихи мақсатына, И. Лакатостың ғылыми-зерттеу бағдарламаларының концепциясына көп көңіл бөлінуде, олар ғылым тарихымен тығыз байланыста болып, ғылымның неопозитивистік мақсатын сынға алады. ғылымның қазіргі заманғы әдіснамасында ғылыми теориялар құрылысына талдау және олардың қызметтері, ғылыми заңдылық ұғымы, тексеру тәртібі, ғылыми теорияларды зерттеудің зандары мен жорамалдарын растау мен жоққа шығару, ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістері, ғылыми-педагогикалық білімнің қалыптасуы мен дамуы, оның қайта құрылуы, теория мен әдістер арасындағы қатынас сипаты, танымдағы практиканың рөлі мен зерттеу объектісінің өзгеруі сияқты мәселелер алдыңғы қатарға шығып отыр.

Қазіргі ғылыми-педагогикалық және әдіснамалық зерттеулер ғылыми білімнің жалпы құрылысында ерекше орын алып, диалектикалық материализмнің дамуына белгілі бір әсер етіп отыр. Бұл ретте әдіснамалықзерттеулер әртүрлі философиялық мектептер мен бағыттар негізінде жүзеге асырылады. Алайда ғылыми нәтижелер, көп ретте, зертгеушінің философиялық бағыттылығына байланысты болмайды, олардың жалпы ғылыми құндылығы болып, педагогика ғылымы әдістемесінің дамуына өз үлестерін қосулары қажет.

Әдіснама дегеніміз әдістер туралы ілім, оларды зертттеушінің ойлау сипатын, оның танымдық процесінің дамуының жолын анықтаушы ретінде қарастыру қажет. Оқыту, тәрбиелеу мен дамыту теориялары педагогика ғылымы әдістерінің негізгі мазмұнын құрайды. Кез-келген мұндай теория зерттеу әдісі қызметін атқара алады, басқа теориялардың құрамды бөлігі болып табылады. Таным процесіндегі әдіске антикалық философияда-ақ үлкен мән берген, онда алғаш рет зерттеу нәтижесі мен ғылыми таным әдісі арасындағы өзара қатынас айқындалған болатын. Қазіргі уақытта таным әдістері, олардың қалыптасуы мен даму процесі зерттеу объектісін тану мен өлшеудің анық ғылыми нәтиже бере алатын нақты әдістерін талап ететін деңгейге жақындап келеді. Сондықтан ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістерінің даму мен жақсару

процесі тұтас педагогикалық ғылымның дамуының ең басты құрамды бөлігі болып табылады.

Педагогика ғылымы сияқты педагогикалық зерттеу әдістерінің қазіргі жүйесінің көлемі кең. Ғылыми-педагогикалық зерттеудің әртүрлі әдістері мен зерттеуші ойлауының шығармашылық сипаты ғылыми зерттеудің барлық әдістерінің мен олардың өзара байланысының сипаттайтын ортақ теорияны құрастыруда біршама қиындықтарға әкеледі. Осыған орай, таным әдістерінің көптеген жіктемелері бар, оларды қолдану мақсатқа, объектіге және пәнге, сонымен қатар зерттеу әрекеттеріне және ғылыми іс-әрекет пен зерттеу жорамалдары жүзеге асатын жағдайларға негізделеді.

Ғылыми зерттеудегі әр түрлі әдістердің өзара байланысы мәселесі көкейкесті мәселеге айналып отыр. Бұл мәселе аспектілерінің бірі - ғылыми танымдағы философиялық әдістердің орны туралы мәселе. Зерттеушінің теориялық ойлауының негізінде материалистік диалектика әдісі жатыр, ол ізденушіні ғылыми фактілерді жинастыру мен түсіндірудегі субъективті көзқарастан, олардың біржақтылығынан босатып, зерттеушіні зерттеу мәселесіне тарихи анализ жасауға, оның дамуының тенденциясы мен заңдылықтарын табуға, таным мен болмыстағы қарама-қайшылықтарды шешудің тәсілдерін ашуға шақырады. Бұл объективті заңдылықтармен анықталатын білім мен ақиқаттың әр түрлі формаларының өзара байланысын анықтауға, қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарын дамытатын ойлаудың басқа да диалектикалық әдістерін тереңірек түсінуге көмектеседі.

Тарихи материализм әдісі барлық қоғамдық ғылымдар үшін жарамды және ол әлеуметтік, педагогикалық және басқа да заңдылықтар мен олардың дамуының ерекшеліктерін танудың негізі болып табылады. Ғылыми танымның осы әдістері шешуші мәнге ие, зерттеудің бағыты мен оның тағдырын анықтайды, ал оның таным объектісін зерттеудегі принциптік ыңғайы зерттеу нәтижелері мен олардың әдістемелік құндылықтары бағасының дүниетанымдық критерилері болып табылады.

Ғылымның қазіргі әдіснамасында, соның ішінде педагогикалық әдіснама да, теорияның негізін құрайтын бірнеше компоненттерден тұрады: а) фактологиялық

материалдың бастапқы эмпирикалық негізі, ол теориялық түсіндірмені талап етеді; ә) бастапқы теориялық негіз, ол зерттеу объектісін суреттейтін алғашқы жорамалдардан, аксиомалардан, болжамдардан және теориялық ыңғайлардан тұрады; б) теорияның логикасы мен құрылысы; в) эмпирикалық дәлелдері бар теориялық пайымдаулар жиынтығы; г) педагогикалық теорияны қалыптастырудың әдіснамалық негізі, ол дәріптелінген объект пен оның теориялық моделін суреттеумен байланысты. Бұл ретте дәріптелінген объектіні құрастыруды кез-келген педагогикалық теорияны, оның байланыстарын, заңдылықтарын, жорамалдарын, дәріптеушілігін, анық білімдерге жету принциптері мен механизмін құрастырудың қажетті шарты ретінде қарастыру қажет.

Таным процесінде белгілі бір, нақты ғылымдарды (физика, математика, химия, тіл білімі) зерттеудің жекелеген, арнайы әдістері бар. Нақты ғылымдардың әдістерімен қатар жалпы ғылыми сипаттағы әдістер де кездеседі, олар барлық дерлік ғылымдарда қолданылады: байқап-бақылау, теңеу, анализ және синтез, дәріптеушілік, өлшеу, эксперимент, абстрактіден нақтыға қарай өрлеу, индукция мен дидукция; бұлардың әрқайсысы жеке ғылымдарда нақтылана түседі. Сонымен қатар, ғылыми әдістер ғылыми танымның эмпирикалық және теориялық әдістері болып екіге бөлінеді.

Сонымен, зерттеу әдісі дегеніміз күрделі таным тәртіптері, ал олар болса зерттеудің таным операцияларының іске асуының белгілі бір тәртібін белгілейтін әр түрлі әдіс-тәсілдерінің жиынтығынан тұрады. Әдісті құрайтын тәсілдер зерттеу тәртібінің феноменологиялық суреттемесін, оның құрамындағы элементтердің эмпирикалық бөлінуін, эмпирияның зерттеу объектісі мен оның психологиялық-педагогикалық сипаттарын жүйелі түрде түсіну мақсатында зерттеу элементтерінің құрылымдық-қызметтік анализін қамтамасыз ететін анализ бірліктеріне әдістемелік бөлінуін қамтамасыз етулері қажет.

Зерттеу әдістері педагогикалық ғылым дамуының басты құрамды бөлігі болып табылады. Педагогикалық ғылым мен тұтас педагогикалық білімнің дамуы педагогикалық зерттеу әдістерінің даму деңгейіне байланысты. Ғылыми

нәтижелердің анықтығы алғашқы ақпаратарды алудың жолдары мен тәсілдеріне және зерттеу әдістерінің сенімділігіне байланысты. Кез-келген педагогикалық зерттеу белгілі ғылыми білімдерді дәлелдеу емес, ол-жаңа Білімдерді табу процесі. Ол адамның зерттеу объектісі, заттары мен құбылыстарының мәнін ашуға бағытталған жан-жақты танымдық іс-әрекетінің бір түрі.

Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістері. Педагогикада зерттеудің үш деңгейі бар: эмпирикалық, теориялық, әдіснамалық. Эксперименталды-эмпирикалық деңгей әдістерінің тұтас бір тобы бар (гр. Еmреіrіа-тәжірибе).

1.Бақылап-зерттеу-заттар мен құбылыстарды мақсатты зерттеу, мағлұматтарды іріктеп жинау, көзбен көргенді сезім мүшелерімен қабылдау және санада бұл ақпаратқа талдау жасау; зерттеу объектісінің сыртқы жақтары, қасиеттері мен белгілері туралы мәлімет алу. Бақылап-зерттеуге, ең алдымен, бақылаушының өзі, зерттеу объектісі, бақылап-зерттеу шарттары, сондай-ақ бақылап- зерттеу құралдары видеоаспаптар, аспап-құралдар мен өлшеу құрал-саймандары.

Бақылаушының бастапқы мақсаты нені бақылау керек және қандай құбылыстарға көңіл бөлу керектігін анықтайды. Түйсік, сезім арқылы қабылдау мен түсініктерден басқа бақылап-зерттеуде зерттеушінің ұтымды жақтары да қатысады. Мысалы, геолог-зерттеуші мен тәжірибесі жоқ адам бір тасқа қарап тұрып, оны әр түрлі қабылдайды: біреуі оған құнды минерал деп қараса, екіншісі оған жай ғана тас деп қарайды. Бүны мынандай әйгілі нақылмен түйіндеуге болады: ғалым адам көзімен қарайды, басымен көреді. Зерттеу барысында бақылап-зерттеу түрлерінің әр алуан жіктемесі ажыратуға болады:

—тікелей бақылап-зерттеу, мұғалім-зерттеуші оқу-тәрбие жұмысының тікелей басшысы; сонымен қатар ол тікелей куәгер бола тұра бейтарап адам; мұғалім зерттеу мүшесі ретінде зерттеушілер тобына кіргізілуі. Оның рөліне байланысты эмпирикалық фактілерді жинақтаудың техникасы мен әдісі таңдалып алынады;

-жанама бақылап-зерттеу, ол тікелей бақылап-зерттеуді толықтырады және ол зерттеушімен бірге және оның бағдарламасы бойынша жұмыс істейтін өкілдер арқылы

жүзеге асады. Зерттеуші біреу туралы немесе бір нәрсе туралы жанама деректер алады;

—жасырын немесе елеусіз бақылап-зерттеу тұйық теледидар желісі және сынып бөлмелерінде телекамералары бар мектептерде жүргізіледі. Сабақты жасырын бақылап-зерттеу оқушылардың танымдық іс-әрекетінің және мұғаліммен ара қатынасы туралы мәлімет алуға мүмкіндік береді. Жасырын бақылап-зерттеу зерттеушіге құнды мәліметтер береді, егер оқушылар өздерін бақылап отырғанын көрсе өздерін басқаша ұстайды. Оқушылар мен мұғалімдердің бір бірімен оңаша кезіндегі мінез-құлқы оларды бөтен біреулер бақылап отырған кездегі мінез-құлқынан әлдеқайда өзгеше болады;

-үздіксіз бақылап-зерттеу оқыту процесін, екі-үш оқушыны" сабақтағы, ойындағы, сыныптан тыс, мектептен тыс-оқу-тәрбие процесі физикалық қолайлы уақыттағы мінез-құлқын зерттеу үшін қолданылады;

-дискретті (үзік-үзік) бақылап-зерттеу объектіні ұзақ уақыт бақылайтын кезде қолданылады. Бақылап-зерттеу ұзақ уақытка созылуы мүмкін — жарты жыл немесе бір жыл. Бақылап-зерттеу белгілі бір уақытта үзіліп, кейін қайтадан жалғастырылады;

-монографиялық бақылап-зерттеу бір адамды немесе бір затты бақылау кезінде қолданылады;

-бір бағытты бақылап-зерттеу жалпы тұтастықтан бақылап- зерттеу мақсатына сай бір құбылысты немесе деректі бақылау кезінде қолданылады;

-бақылап-зерттеу және іздеу көп деректер арасынан зерттеуші өзіне керек деректер мен құбылыстарды іздеген кезде қолданылады. Мұндай бақылап-зерттеу үшін біршама уақыт пен зерттеушінің аналитикалық жұмыс жасауы қажет.

Педагогикалық құбылыстар мен деректердің сандық және сапалық суреттемесі мен өлшемінің тәртібі бақылап зерттеу негізін құрайды. Өлшем — зерттеу объектісін сипаттайтын белгілі бір өлшем шамасының бірлік ретіндегі басқа біртекті шамаға қатынасын анықтау процесі. Сандық бақылап-зерттеулер мен өлшемдер оларды математикалық өңдеуге жол ашып, теориялық болжамдардың эксперименталды тексеруін тиімдірек жүзеге асыруға мүмкіндік береді.

28

2.Педагогикалық эксперимент танымның эмпирикалық деңгейіндегі зерттеудің негізгі әдісі болып табылады, ол құбылыстарды олардың өту барысының нақты тіркелген жағдайларында зерттеуге бағытталған. Эксперимент жағдайларында құбылыстың күнделікті жағдайларда талқылап- зерттеуге болмайтын қасиеттерін ашуға болады. эксперимент зерттеу құбылыстарын басқа шарттар мен жағдайлардан бөліп алып, құбылыстар мен деректерді "таза" күйінде зерттеуге мүмкіндік береді. Эксперимент ғылыми зерттеудің теориялық және эмпирикалық деңгейлері арасындағы байланыстырушы буын болып табылады. Оның мақсаты ғылыми теория немесе болжамды растау немесе жоққа шығару, сондай-ақ эмпирикалық заңдылықтардың фактуалды мәніне жету мен қалыптастыру. Эксперименттің тағы бір мақсаты білімді жетілдіру, оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамыту тәжірибесін жаңарту.

Эксперимент пен практикалық іс-әрекеттің басқа формалары арасындағы шектеулер әр түрлі, сондықтан эксперимент таным әдісі де, оқу-тәрбие процесін үйлестіру әдісі де бола алады.

Педагогикада эксперименттің бірнеше түрі бар: қалыпты, оқыту мен тәрбиенің күнделікті жағдайларында жүзеге асады; лабораториялық, оқушылардың белгілі бір топтарын бөлу арқылы жүзеге асады. Сондай-ақ, эксперименттің белгілеп-анықтайтын түрі бар, ол зерттеу объектісінің педагогикалық жүйесінің бастапқы күйін белгілеп, көрсетеді; қалыптастыратын түрі - зерттеу объектісін қайта құруға бағытталған. Эксперимент жаңа зерттеу материалына қол жеткізуге бағытталған. Ол тәжірибе арқылы теориялық болжамдарды тексеру, ол бұл болжамдарды растауы немесе жоққа шығаруы мүмкін. Педагогикалық эксперименттің ерекшелігі — зерттеуші оқушылармен жұмыс істейді және оның, әсіресе оқытуда, теріс нәтиже алуына болмайды, өйткені зерттеушінің құрастырған сәтсіз бағдарламасынан оқушылар жапа шегуі мүмкін. Бұл қоғамның құқықтық және адамгершілік қалпыларының бұзылуы.

Педагоикалық зерттеулерде эксперименттің ойдағы эксеримент деген түрі де болады, алайда оны эксперимент деп шартты түрде ғана атайды, өйткені эксперимент дегеніміз тәжірибе, практика.

Эксперименталды жұмыстың жоспары, мақсаты болуы қажет, эксперимент түрі таңдалып, оның мүмкін нәтижелері де ойластырылуы қажет. Зерттеу құбылыстары мен оның қасиеттеріне ықпал ететін факторларды, сондай-ақ эксперименталды жұмыс кезінде бақылануы тиіс мөлшерлерді бөліп алған жөн. Қазіргі экспериментті жүргізу бақылаудың техникалық құралдарынсыз және өлшеу саймандарынсыз өткізу мүмкін емес және де олар практикада тексерілген, теориялық тұрғыдан дәлелденген, зерттеу мәселесін дұрыс шеше алатын болулары қажет.

3.Сұрақ-жауап әдістері. Олардың ерекшелігі педагогикалық жағдайлардың элементтерінің объективті қасиеттерімен қоса өзара байланысты "субъект - субъект" жүйесінің қасиеттері танылып, есепке алынады. Эмпирикалық зерттеу тәртіптерін құрастыру кезінде субъектінің өз іс-әрекетінің жағдайын оның сол іс-әрекет туралы түсінігі ретінде қабылдайтынына сүйену керек. Бұл ретте "түсінік" терминінің мағынасы "білім" терминіне қарағанда кеңірек. "Түсінік" ұғымында субъектінің танымдық педагогикалық жағдайды қабылдау ерекшілігі дұрысырақ беріліп, нақты-сезімдік пен абстрактілі-түсініктемелік бейненің бірлігі жақсырақ белгіленеді. Сұрақ-жауап әдісінің мақсаты бірлі-жарым және жекелегендер жоғалып кетпесін, өйткені олар жоқ болса жалпы абстрактіге айналуы мүмкін.

Сұрақ-жауап әдісінің мынандай түрлері бар:

а)Әңгіме- сұқбат. Бұл ұйымдастырылуы мен мазмұны жағынан еркін диалог, оның кезінде әңгімелесушілер арасында бейресми және еркін қатынастар орын алады. Әңгіме-сұқбат алдын-ала дайындалуы мүмкін, зерттеуші оның жоспарын құрып, өзіне қажет мәселелерді бөліп алады, әңгіме-сұқбатты тіркейтін құралдарды дайындайды (бейне таспа, аудио таспа, стенография), бұлар көбінесе -әңгімелесушіні ашық әңгімеге тартуға кедергі жасауы мүмкін. Зерттеушінің кәсіби білімі және үлкен сыпайылық сезімі болуы қажет, сол арқылы ғана ол әңгімелесушіні ашық әңгімеге тарта алады.

Әңгіме-сұқбаттар әңгімелесушілердің әртүрлі шеңберлерінде жүргізіледі (мектеп директоры, оның орынбасарлары, ата-аналар, окушылар, білім берудің әртүрлі деңгейдегі басшылары). Олардың білім беру

саласының жағдайы мен ондағы өзгерістерге кәсіби баға беруі басқа әдістер арқылы алынған ақпараттарға маңызды косымша болып табылады. Алдын-ала дайындалған әңгіме-сұқбаттармен қоса экспромт әңгіме-сұқбаттарды жүргізуге болады.

ә)Сұқбат-әңгіме-сұқбаттың бір түрі. Әңгіме-сұқбаттың бұл түрі зерттеу объектісінің өз іс-әрекеті туралы өзінің түсінігінің динамикасын белгілеуге көмектеседі, ол өзіндік пікірімен қоса психологиялық-педагогикалық анализдің тақырыбы болып табылады. Сұрақ-жауаптың бұндай түрінде зерттеушінің сұрақ- жауап мәтінінде белгіленген іс-әрекет туралы жорамал түсінігі зерттеу ақпаратына аз ғана әсер етеді. Зерттеушінің міндеті зерттеу объектісінің әңгімесін қолдау. Сұқбат зерттеушінің жоғары кәсібилігін және тәжірибесін қажет етеді. Сұқбаттың мақсаты — зерттеу педагогикалық жағдайға деген көзқарасын қайта құру, зерттеушінің сұрақ-жауап алынғандардың міндеттері мен мәселелері арқылы ішкі және сыртқы байланыстарының ерекшеліктерін зерттеу. Зерттеуші күрдслі кәсіби-педагогикалық іс-әрекеттің жалпы құндылықтарын түсіну сұрақ-жауап объектісімен терең карым-қатынас жасай отырып, оның жекелік-мотивтік, когнитивтік және операционалды компоненттерін түсіну арқылы ғана мүмкін екенін ескеруі қажет. Көптеген мамандарға сұрақ-жауап жүргізу арқылы тенденциялар мен құбылыстар дамуының заңдылықтарын қортындылап түсіну мен анықтау мүмкіндігі туындайды.

Хаттамаларда тіркелген мәліметтерге сапалық және сандық тұрғыдан талдау жасау қажет. Талдау барысында сұрақ-жауап алынған адамның іс-әрекеті объектісінің шынайы сипаттамасын, жұмысындағы білім беру міндеттерін шешуде пайда болған қиындықтарды, оларды жеңудіц тәсілдерін анықтау қажет. Сұқбат нәтижелерінің талдауы мен олардың түсіндірмесі зерттеудің нақты міндеттеріне байланысты әр түрлі жүргізілуі мүмкін.

б)Анкета. Бұл арнайы іріктелген танымдық сұрақтар мен олардың мүмкін деген жауаптарының варианттарының қатал логикалық құрылысы. Анкета құрастырушы ұсыныған алдын-ала белгіленген бірнеше мүмкін деген жауаптары бар жабық сұрақтардан тұрады. Егер анкетадағы сұрақтардың жауаптары болмаса, онда ол ашық сұрақтар

деп аталады. Жабық сұрақтарға қарағанда ашық сұрақтарға статистикалық талдау жасау қиынырақ. Анкета әдісі көбінесе адамдардың бір-біріне, оқиғаларға, іс -әрекет, пікірлерді зерттеу түрлеріне деген қатынасын анықтау үшін қолданылады.

4.Мұғалімдердің, жаңашыл-педагогтардың тәжірибесін зерттеу өсіп келе жатқан ұрпақты оқыту және тәрбиелеумен байланысты. Тәжірибе дегеніміз педагогтің ұзақ жылдар бойындағы практикалық-педагогикалық іс-әрекет нәтижесінде жинастырған шеберлігі, ол практик-мұғалімнің тәжірибелігі. "Тәжірибе" және "практика" ұғымдар ұқсас ұғымдар емес. Практика ұғымының мәні кең, өйткені онда мұғалімнің оқу-тәрбие жұмысының озат, мазмұны тар тіпті теріс тәжірибесі жиналуы мүмкін. Басқа адамның педагогикалық тәжірибесін толық зерттеу оңай шаруа емес. Мұғалімнің баяндамалары, ғылыми мақалалары, әдістемелік жұмыстары, көрнекілік құралдары, компьютердегі педагогикалық тәжірибе мағлұматтарын зерттеу, сабақтарға, педагогикалық оқуларға, сыныптан тыс шараларға қатысу, сынып жетекшісімен, ата-анамен әңгіме оны зерттеудің көзі бола алады. Мұғалімдердің озат педагогикалық тәжірибесін зерттеу керек, бірақ оны оқушылармен жұмыс кезінде орынсыз қолдануға болмайды. Оған тек мектептегі оқу-тәрбие жұмысын жүзеге асыратын зерттеушінің жеке дара қасиеттерін есепке ала отырып сүйенуге болады.

5.Эмпирикалық әдіс ретіндегі дәрігерлік-педагогикалық тексеру медикалық-педагогикалық кестені жаппай дайындаумен байланысты. Ол кестелер оқушыларға қатысты жеке дара қолданылады, оқушылар әртүрлі ғылыми мамандар тексеруінен өтеді.Тексеру барысында оқушылардың өмір-баяны, психологиялық-педагогикалық сипаттамасы, олардың үлгерімі, жеке тұлғалық дамуының генезисі, ауырған ауруларының сипаты, олардың туа біткен кемшіліктері, оқушылардың, олардың ата- аналарының денсаулығы, таным процесі барысының ерекшеліктері (ақыл-есі, ойлауы, қиялы) зерттеледі.

Зерттеушінің кестелер мен оқушыларды тексерудің мазмұндық-мағыналық талдауы негізінде оқушылардың оқу іс-әрекетін орындауының және оқу-тәрбие процесіне бейімделуінің даралық ерекше тәсілдері айқындалады. Тексерудің медикалық-педагогикалық кестелерге талдау

жасау оқушылардың ішкі даралық және аралық даралық айырмашылықтарын айқындау үшін жүргізеді. Оларға қорытынды жасай отырып, нақты бір оқушыларды оқыудың, тәрбиелеу мен дамытудың жолдары мен тілдерін ойластыруға көшуге болады. Медикалық-педагогикалық кестедегі белгілі бір концептуалды- әдістемелік үлгі бойынша педагогика мен психология жетістіктеріне сүйеніп жеке тұлғаның әлеуметтену мәселесінің жеке дара және ұжымдық шешімін табуға болады. Бұл оқушылардың ресми және бейресми қарым-қатынасы кезіндегі конструктивті және іс-жүзінде пайдалы іс-әрекетін ұйымдастырудың интеллектуалды-танымдық және коммуникативті-жекелік аспектілерін тереңірек түсінуге мүмкіндік береді. Зерттеушінің міндеті талдаудың сандық және сапалық тәртіптерін құрастыру.

6) Оқушылардың жазбаша, графикалық және шығармашылық жұмыстарын зерттеу зерттеушіге оқушылардың интеллектуалды-даралық ерекшеліктері мен қабілеттері туралы мағлұмат беретін әдістің бір түрі. Оқушылардың жеке дара іс-әрекетінің нәтижелерін зерттеу,олардың жазбаша, графикалық және басқа да жұмыстарына талдау жасау зерттеушіге оқушылардың мотивтері, іс-әрекет стилі мен оларды орындаудағы жетістіктер туралы, сондай-ақ сол іс-өрекеттің сыныпта, сыныптан тыс және бос уақытта әр түрлі көрініс табуы туралы жан-жақты мәлімет береді.

Оқушылардың даралық-психологиялық ерекшеліктерне, ынта- талаптарына, мақсат-мүдделеріне, бейімділігі мен кабілеттеріне талдау жасау олардың оқыту, тәрбие, дамыту процестеріне деген қатынасын анықтауға мүмкіндік береді, жеке тұлғаның танымдық процестері мен қабілеттерінің қалыптасу деңгейін көрсетеді. Оқушылардың психологиялық-педагогикалық мінездемелерімен, жеке құжаттарымен, оқушылардың медикалық-педагогикалық тексерулерінің, педагогикалық кеңес мәжілісінің, әдістемелік кеңес хаттамаларымен танысу, сынып журналдары мен есеп беру құжаттарын зерттеу зерттеушіге оқушылардың оқу-танымдық қызметінің даму деңгейі мен ақыл-ой іс-әрекетінің ерекшеліктері, олардың жұмысқа шыдамдылығы туралы пайдалы объективті мәлімет береді, оқушылардың жеке тұлғасының дамуының дәрежесі,

деңгейі мен құрылысындағы сандық және сапалық өзгерістерін көрсетеді.

7.Педагогикалық құжаттарды зерттеу білім беру жүйесі қызметінің негізгі бағыттарының жағдайы мен даму тенденцияларын көрсетеді. Оқу жоспарлары, бағдарламалары, окулықтар, оқу-әдістемелік оқу құралдары, мұғалімдердің сабақ жоспарлары, жалпы білім беретін мектептердің, лицейлердің, колледждердің оқу-тәрбие бағдарламалары мен жоспарлары, сынып журналдары, мұғалімдердің есеп берулері, оқушыларды оқыту, тәрбиелеу мен дамытудың мазмұндық компонентері тіркелетін басқа да құжаттар зерттеудің ең маңызды негіздері болып табылады. Мектеп іс-әрекетінің нәтижесіне баға беру үшін тестердің, емтихандардың, бақылау жұмыстарының, шығармалардың, эсселердің, жобалардың, суреттердің ерекшелігін зерттеудің маңызы зор. Бұл зерттеушіге мектептің іс жүзіндегі сі- әрекетінің шынайылығын анықтауға, себеп-салдарлық байланыстарды, оқушы жеке тұлғасының дамуына әсер ететін факторларды айқындауға мүмкіндік береді.

Мәліметтер мен зерттеудің басқа да әдістері парадигмалық түсініктер мен зерттеудің концептуалды сорабын құрастырудың әдістемелік ерекшеліктері жүйесінде талдау жасалуы тиіс алғашқы эмпирикалық ақпаратты алуға бағытталған. Зерттеу — белгілі бір мәселені шешудің ақыл-ой, концептуалды-жекелік және практикалық процесі. Алайда бұл мәселені тек эмпирикалық деңгей әдістерін қолдана отырып шешу мүмкін емес. Зерттеуші нақты ғылыми деректерден олардың теориялық қорытындыларына көшуі қажет. Сонда ғана оларды негіз деп санап, зерттеу мәселесінің теориясын құрастырудағы дәлел ретінде педагогикалық ғылымға енгізуге болады.

Теориялық деңгей әдістері. Ғылыми танымның екінші деңгейі - теориялық деңгей. Ол зерттеушіге зерттеу әдістері мен ғылыми нәтижелер арасындағы себеп-салдарлық тәуелділікті айқындауға, эмпирикалық деректерден теориялық қорытындыларға көшу барысындағы педагогикалық заңдылықтарды анықтауға көмектеседі. Теориялық деңгей әдістері:

1. Әдебиет көздерін зерттеу зерттеудің бастапқы құрамды бөлігі болып табылады. Бұл кез-келген ғылыми іс-әрекеттің алғашқы кезеңі. Зерттеуші ғылымның осы саласында оған дейін қандай мәселелер зерттелгенін анықтау үшін, зерттеу мәселесінің бұрынғы мен қазіргі жай-күйін және оған катысы бар барлық мәселелерді түсіну үшін таңдап алған тақырыбы бойынша әдебиеттермен танысуы қажет.

Зерттеу мәселесі бойынша әдебиеттерді білу зерттеуші мәд- ениетінің, оның ғылыми адалдығы мен зерттеу нәтижелерінің құндылығының шарты болып табылады. Ғылымның зерттеліп отырған саласының жай-күйі мен дамуын тану үшін зерттеуші әр түрлі педагогикалық бағыттар, көзқарастар, ғылыми мектептер, отандық және шетелдік баспалардың арасынан өзіне керекті әдебиетті таңдап алып, көптеген авторларға ортақ және білім беру прорцесіндегі заманға сай тенденцияларды анықтайтын жалпыны табуы қажет.

Әдебиеттерді зерттеу кезінде оларға талдау жасау, оларды салыстыру, теңестіру, жалпыға ортақ ғылыми әдістерді анықтау сияқты жұмыстар жүргізіледі, ол қоршаған болмысты тануда үлкен рөл атқарады. Әдебиет көздерін зерттеу әдісі ғылыми танымның белгілі бір кезеңіндегі зерттеудің нақты мақсаттар мен міндеттерімен анықталады. Бұл әдістің қажетті әдебиеттерді іздеу, әдебиет материалдарына алдын-ала талдау жасау, оқу мен жазып алу техникасы ескеру, тақырыптық белгілері бойынша жеке картотеканы құру, әдебиеттерді бір жүйеге келтіріп қолдану, әдебиеттерді зерттеу сияқты сатылары бар.

Талдау мен синтез. Талдаудың эмпирикалық материалды механикалық бөлу; тұтастың құрамындағы элементтердің өзара қатынасы формаларын анықтау; білім құрылысын ашу; зерттеу объектісінің сипаты мен динамикасын айқындау сияқты түрлері бар. Талдау элементарлы сипатта болуы мүмкін, бұндай талдауда элементтердің бір біріне және тұтастай бастапқы жүйеге қатынасы айқындалмайды. Сондай-ақ ол қатыстық қисынды сипатта болуы мүмкін, мүндай талдауда элементтердің бір-біріне қатынасы көрініс табады. Талдау барысында зерттеу нәтижелерін бағдарламалар, кестелер, жоспарлар пікірлер, жүйелер түрінде жинақтауға болады, бұл ретте аулақтау ережесі қолданылады, яғни күрделі пікір болған

жерде оның құрамды сөйлемдері де болуы керек. Конъюнкция (лат. conjuncton - одақ, байланыс) ережесін де қолдануға болады, бұл ереже бойынша екі немесе одан да көп пікірлерді бір күрделі сөйлемге біріктіруге болады. Талдау мен синтез диалектикалық түрде бір-бірімен тығыз байланысты, "талдау" термині көбінесе зерттеу процесін тұтастай зерттеу кезінде қолданылады. Сондай-ақ белгілі бір нәтижелері бар деректерге жүйеге кірерде және одан шығарда талдау жасап, салыстыруға болады.

3.Абстракциялаудың (дерексіздендіру) екі түрі бар: талдап қорыту және жекелеп бөлу. Талдап қорыту -көптеген бірыңғай заттар мен құбылыстардың жалпы, бірдей белгілерін анықтау. Жекелеп бөлу — бір затты немесе" құбылысты зерттеп, талдау үшін зерттеушіге қажетті бір қасиетін бөліп алу процесі.

Дәріптеушілік — дерексіздендірудің бір түрі, оны ғылыми танымның жеке тәсілі ретінде қарастыруға болады. Дәріптеушілік процесі барысында зерттеуші ой жүзінде заттың барлық шынайы қасиеттерінен бас тартып, оның мазмұнына іс жүзінде мүмкін немесе жаңа түсінік пен белгі береді. Дәріптелген объектінің зерттеушіге теория жүзінде шынайы объектілерді, әсіресе, материалдық объектілерді зерттеу мен санада сақтауда тигізер пайдасы мол.

4.Тұжырым жасаудың индуктивті және дедуктивті әдістері; бұл әдістің көмегімен эмпирикалық деректер қорытындыланып, жекеден жалпыға қарай және керісінше жалпыдан жекеге қарай қисынды салдарлар айқындалады. 5.Ұқсастыру әдісі заттар мен құбылыстардың жалпылығын айқындау үшін қолданылады.

6.Теория жүзінде мүмкін жағдайдың, құбылыстың немесе заттың моделін жасау әдісі. Модельдеу - зерттеу объектісі өзімен ұқсастық қатынастағы басқа бір объектімен алмастырылатын зерттеу әдісі. Бірінші объект түпнұсқа болады да екінші объект оның моделі болады. Зерттеуші модельді зерттеп, алған нәтижелерін ұқсастық және үйлестік заңы бойынша түпнұсқаға көшіреді. Модель және модельдеу әдісі түпнұсқаны зерттеу қиын немесе мүмкін емес болғанда немесе түпнұсқаны зерттеу үлкен қаражат шығынын талап еткен жағдайда қолданылады. Модель мен түпнұсқа арасында белгілі бір ұқсастық болу керек. Мұндай ұқсастық зерттеушінің модельді зерттеу кезінде алған

ақпараттарын түпнұсқаға көшіруге мүмкіндік береді, ал көшіру үшін ұқсастықтың, талдау мен синтездің әртүрлі формалары колданылады. Модельдің физикалық табиғаты түпнұсқаның физикалық табиғаты сияқты болу керек (түпнұсқаның толық көшірмесі болған модель модель бола алмайды). Модельдің түпнұсқадан айырмашылығы оны зерттеу оңай, алайда оның бойында модельге де, түпнұсқаға да тән негізгі сипаттары мен өлшемдері болуы қажет. Модель ұқсастық ретінде түпнұсқа, оны жетілдіру, қайта құру және оны басқару туралы білімді зерттеу, сақтау және кеңейту үшін қолданылады.

Модельдеу ауызша, логикалық, физикалық, математикалық, заттық, белгілік болады. Модельдің түрін таңдау таным зерттеу объектісінің күрделілігіне байланысты.

7.Болжау әдісі зерттеушінің қатысынсыз педагогикалық жүйс немесе білім беру жүйесінің қозғалысын көрсету үшін қолданылады. Зерттеу нәтижесінде алынған нақты ғылыми деректерді сандық көрсеткіштерге, кестелерге, графиктерге, сызбаларға, диаграммаларға, формулаларға, түсініктер мен заңдарға айналдыру зерттеушінің ойлау абстрақциясының жоғары деңгейі мен дәрежесі қажет. Осының бәріне бүгінде болашақтағы білім беру жүйесінің даму заңдылықтары мен тенденцияларын түсіну үшін теориялық жағынан терең талдау жасалуда.

8.Математикалық және статистикалық әдіс педагогикалық құбылыстар мен олардың сапалық өзгерістері арасындағы сандық тәуелділікті анықтау үшін қолданылады. Бұл әдіс зерттеу жиынтығын өңдеу үшін, байланыс пен ықпал ету көрсеткіштерін есепке алу үшін, өз ара тәуелділікті айқындау үшін, әр түрлілік көрсеткіштерін бөлу деңгейін анықтау үшін, орташа арифметикалық қате мен оның мөлшерін айқындап, осы мөлшерді бөлу дәрежесін (дисперсия), орташа квадраттық ауытқуларды, әр түрлілік коэффициенттерін есептеу үшін қолданылады.

Тіркеу әдісі педагогикалық зерттеулер ішіндегі кең тараған әдіс, ол зерттеу объектісінің белгілі бір қасиеттерін ашып, есептеу үшін қолданылады. Тіркеу әдетте белгілі бір белгісі бар не жоқ бір құбылысты өлшеу үшін қолданылады. Бұл белгісі бар объектіні анықтап алып, оны бұл белгісі жоқ басқа бір объектіден ажырата алу қажет.

Сондай-ақ, шартты критерилер қажет, мысалы қандай оқушыны тәртіпті, ал қандайын тәртіпсіз деп, өзімшіл немесе көпшіл деп, үлгерімі жақсы немесе үлгерімі нашар деп айтуға болады.

Тізбектеу әдісі деректердің, құбылыстардың, қасиеттердің, белгілердің өсуі немесе төмендеуін анықтау үшін қолданылады. Өлшеудің бұл әдісі ретке келтіру әрекетіне негізделген, яғни зерттеу объектілері немесе құбылыстары белгілі бір белгісінің мөлшерінің ұлғаюы немесе төмендеуі тәртібі бойынша орналастырылады. Сандық тізім әдісі сандық көрсеткіштерге сапалық талдау жасауға мүмкіндік береді. Орташа мөлшерді анықтау әдісі орташа сандық көрсеткіштерге, бағаларға талдау жасап, нәтижелері мен оларды дәрежесі бойынша орналастыру, өзара үйлесімдік коэффициенттерді есептеу үшін қолданылады, бұл зерттеушінің математикалық статистика және мүмкіндік теориясы саласында арнайы дайындығын талап етеді.

Теориялық деңгей әдістерінің бұл тобы эмпирикалық деректерге және олардың теорияны құрастыруға ықпал етуіне терең талдау жасап, ондағы заңдылықтарды ашуға, сыртқы факторлады және олардың ішкі мазмұнының факторларын түсіндіруге бағытталған. Эмпирикалық әдістер объектіні философиялық категория ретінде "құбылыс" деңгейінде зерттесе, теориялық әдістер "мәні" деңгейінде зерттейді. Бұл ретте екі әдіс те объектіні танудың ғылыми сатысы болып табылады, онда құбылыс мәннің көрініс формасы, ал мән тек құбылыста ғана көрініс табады. Олар бір-бірімен тығыз байланысты, бірақ бір-біріне ұқсас емес. Құбылыс мәнге қарағанда қозғалмалы болып келеді. Зерттеу объектісінің мәнін теориялық түрде тану оның даму заңдылықтарын ашуға көмектеседі. Зерттеудің теориялық. және эмпирикалық әдістері ғылыми таным деңгейлері ретінде бір-бірімен диалектикалық байланысты және бір-бірінсіз өмір сүре алмай әрі дамымайды.

Ғылыми танымның үшінші деңгейі ең жоғары деңгей-әдістемелік деңгей. Танымның әдістемелік деңгейі педагогика категорияларымен, "білмеген туралы білімді" айқындаумен, ғылыми-педагогикалық зерттеу әдістемесі ретінде белгілі теорияларды қолданумен байланысты

мәселелерді шешуге бағытталған, таным іс-әрекетінің негізгі әдістмелік теориясы құрылуда.

Ғылыми-педагогикалық зерттеудің жоғарыда аталып өткен әдістері таным іс-әрекеті құралдарының ішіндегі бірегейлері ғана. Зерттеудің бұл әдістері нақты зерттеу әдісттерін шешуде қолданылатын ең негізгілері.

Наши рекомендации