Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы.
Күні,айы,жылы:. 31.10.2014. Тобы: «Гүлдер» тобы.
Білім беру саласы: Шығармашылық.
Бөлімдері: Құрастыру.
Тақырыбы: «Қақпа»
Мақсаты:Құрлыс материалдарын түсіне, пішініне сәйкес дұрыс пайдаланып биік және аласа қақпаларды құрастыра білуге үйрету, текшелерді бірінің үстіне бірін қоюға, кеңестікті дұрыс бағдарлай алуға дағдыландыру, ұқыпты жұмыс жасай білуге тәрбиелеу.
Көрнекі құралдар:құрлыс материалдары,үлгі көрнекіліктер, .
Сөздік жұмыс:Биік-аласа, үлкен-кіші.
Әдіс-тәсілдер:түсіндіру, көрсету, әңгімелесу, сұрақ-жауаптар.
Іс-әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің қызметі | Балалардың іс-әрекеті |
Себепті қызығушылығын ояту кезеңі | Үлгі суреттікөрсете отырып бүгін биік және аласа қақпаларды құрастыратынын айтады. Ол үшін алдымен биік және аласа деген ұғымдарды ойын арқылы нақтылап алу. Ойын: «Биік-аласа». Ойын бірнеше рет қайталанады. | Суретке балалар назар аударады, құрлыс материалдардың түстерін, пішінін айтып береді. Ойында көрметілген ұқсас ойыншықтарды салыстырмалы түрде қайсысы биік, қайсысы аласа екенін айтады. |
Ұйымдастыру- шылық ізденістік | Енді алдымен биік қақпаны жасау үшін қандай құрлыс материалдары керек болатынын таңдап алыңдар деп тапсырма беру.Тқрт түсті текшені оң жаққа бірінің үстіне бірін қойып жинаңдар деп тапсырма беру. Оны қойып болған соң оларды бір-біріне қарай жылжытып жақындатып оның үстіне көлденең кірпішті қоямыз, сонда биік қақпа дайын болады. Екінші қақпаны жасау ұшін дәл осындай тапсырма беру, бірақ текшелердің саны аз, биік қақпа жасау үшін текшелердің саны көп болуы керек деп түсіндіру. Екінші қақпаны да текшелердің түсі және санына қарай орналастырып оны биік, қайсысы аласа қақпа екенін ажыратып айтып беру. Балалар іс-әрекетіне бақылау мен басшылық жасайды. | Балалар текшелердің түстерін қарай отырып бірінің үстіне бірін қояды,бір-біріне жақындатады, үстіне көлденең кірпіш қояды. Балалар екінші аласа қақпаны да құрастырады оныы салыстырып көреді. Іс-әрекетке балалар белсенді араласуы керек. Биік қақпаны жүк машинасын, аласа қақпаға жеңіл машиналарды кіргізіп,ойын ойнайды. |
Іс-әрекетті бағалау кезеңі | Педагог балалардың қақпаларды қалай құрастырғанын, құрылыс материалдарын тиімді пайдалана алғандарын, түстерді дұрыс ажырата алғанын және оны кеңестікте дұрыс орналастырғанына қарай еңбек нәтижелері қортындыланып, мадақталады. | «биік» «аласа» ұғымдарына сәйкес іс-әрекетті қайталап, өздерінің қандай қақпа жасағанын айтып береді. |
Күтілетін нәтиже:
Нені білді: қақпа құрастыруға сәйкес құрлыс материалдарының түсін, көлемін,пішінін ажырата алуды;
Қандай түсініктерді игерді: «биік», «аласа» деген ұғымдарды және оны іс-әрекет барысында көрсете алуды;
.Меңгереді:құрылыс материалдарымен жұмыс жасауға оны көлеміне,пішініне сәйкес кеңестікте дұрыс орналастыра алуды.
Құрастырып, өткізген тәрбиеші: Машканова.Б.А.