Бақылау жұмысын тексеру шарттары.
Р түрлі есептерді құрастыру принципі: материалдың күрделілігіне, мағынасына, мазмұнына байланысты, есеп шартының берілуіне, шешу тәсіліне және т.б. байланысты
Тақырыптық бақылау жұмыстарын дайындау: принципі, мақсаты және міндеті, тақырыбы. Бақылау жұмысын тексеру шарттары. Мұғалімнің бақылау жұмысын бағалаудағы сандық және сапалық өлшемдер.
Бақылау жұмысында іскерлік пен дағдының педагогикалық және психологиялық негізін қарастырады. Білімнің, іскерлік пен дағдының өзара салмағы әртүрлі оқу пәндерінде қандай екенін, алатын орнын: творчестволық ойлау, өздігінен еңбек ету,кітаппен жұмыс істеу, жоспар жасау, шығарма,реферат, баяндама дайындау, техникалық есептер құралдарымен тәжірибе қою, байқау ерекшелігін қарастырады.
Мұғалімнің тақырыптық бақылау жұмысын дайындаудың маңызында көңіл аударатын мәселелер кәсіби дайындығын көтеру.
Бақылау жұмысында мұғалім тақырып бойынша бақылау жұмысының ең алдымен негізгі формасы – сабақ екендігін, қазір сабаққа қойылатын дидактикалық басты талаптар және сабақтардың типтері мен оның құрлысы жайлы сөз ету керек. Сол сияқты сабақтың тиімділігін арттыруда , оқыту процесін жандандыруда, оқушылардың танымдық әрекетін дамытуда, педагогикалық ғылымының жетістіктеріне тоқталу керек.
Жазбаша жұмыстың түрлері.Қазіргі кезде физикадағы жазбаша жұмыстың кең тараған мынандай түрлері бар: физикалық диктант, қысқа мерзімді өзіндік және бақылау жұмыстары. Жазбаша жұмыстардың мәтінінде олардың барлығына ортақ төрт дидактикалық қызмет (функция) орындалуы керек: үйретушілік; бағыттаушылық; тексерушілік; тәрбиелік.
Бақылау жұмысын тексеру шарттары.
Бақылаудың үйретушілік мәні- оқушылардың игерген білімі, біліктілігі мен дағдысы деңгейлерін одан әрі жүйелеп жетілдіру, тілі мен ойын, зейіні мен зердесін дамыту. Бақылаудың бағыттаушылық мәні - жеке оқушы мен бүкіл сыныпты оқытудың түпкі мақсатына қарай жетелеу. Бақылаудың тексерушілік қызметі - оқытудың белгілі бір кезеңінде бағдарлама талабына сай оқушылардың білімі мен біліктілігі, оларда қалыптасқан дағды деңгейлерін анықтау.ақылаудың тәрбиелік мәні - оқушылардың жауапкершілік сезімін арттыру, сол арқылы еңбек сүйгіштікке, әділдікке, төзімділікке баулу.
Ерекше айтатын бір жайт ұстаздың кәсіби шеберлігінің деңгейі жоғарыда көрсетілген оқыту мен бақылаудың төрт дидактикалық қызметін бір – бірімен үйлесімді ұштастыра білетіндігімен өлшенеді. Өкінішке орай, көптеген мұғалімдер өз жұмыстарында дидактика талаптарынан туындайтын дамыта оқытудың үйретушілік, бағыттаушылық, тексерушілік және тәрбиелік қызметтерінің жарасымды бірлігін әр кез орындай алмайды. Дидактикалық біртұтастылықты бұзып, тек бағыттаушылық немсе тексерушілік, т,б. Қызметтермен ғана шектелсек, сыңаржақтылыққа ұрынамыз. Осыдан барып мұғалім мен оқушының, оқушы мен оқу құралының арасында жатсыну психологиясы қалыптасады.
Оқу мазмұнының екі түрлі деңгейі бар. Біріншісі – барлық оқушыларға міндетті оқу мазмұнын жалпыға бірдей деңгейі, яғни ең төменгі деңгей. Екіншісі – тереңдетілген білім деңгейі, мұны меңгеру оқушының қабілеті мен ынтасына байланысты Оқу мазмұнын оқушының қай деңгейде меңгергенін байқау үшін тақырып бойынша орындалатын жазбаша жұмыстар төмендегідей үш сатыдан құрылады.
Бірінші саты:
1) физикалық шамалар және олардың әріптік белгіленуі;
2) физикалық құбылыстардың суреттелуі.
3) Физикалық құралдардың атауы, шартты түрде белгіленуі;
4) Физика тарихына жекелеген фактілерді білу.
Екінші саты:
1) талданып отырған құбылыстың негізі болып табылатын теорияларды білу;
2) физикалық заңдардың оқылуы мен математикалық жазылуын білу;
3) физикалық шамалардың анықтамаларын, өлшем бірліктерін білу;
4) физикалық құралдардың жұмыс істеу принципін түсіну, олардың бөлік құнын, өлшеу шектерін, көрсетулерін анықтай алу дағдысының қалыптасуы.
Үшінші саты:
1) теорияны кейбір қосалқы құбылыстарды түсіндіруде қолдана білу;
2) біртекті құбылыстар тобын сипаттайтын әр түрлі белгілердің өзара байланысын ұғыну;
3) физикалык шамалардың өзара байланысын графиктік кескіндеу, осы байланыстың сипатын анықтау;
4) жауабын экспериментпен үштастыру, оған қажетті кұралдарды іріктеу;
5) белгілі формулаларды қолдана отырып есептеулер жүргізу;
6) физиканьщ жекелеген тарауларының тарихи дамуы
туралы мағлұмат.
Бірінші сатыда тапсырманың репродуктивтік (кайталап айту) түрлері орындалады. Мүндай тапсырмаларды орындауда негізінен зердеге сүйенеді. Ал екінші сатыдағы оқу мазмұнын тексеру үшін окушыларға репродуктивті-рефлекторлық тапсырмалар ұсынылады. Бұл мақсатта тек қана зердеге сүйену жеткіліксіз, ой елегінен өткізіп сараптау да кажет. Күрделірек тапсыр-маларды орындау нәтижесінде шәкірт карапайым психологиялык операция кабылдағанын қайта жаңғыртумен катар, қүбылыстарды танып-білуде қолданылатын күрделі психологиялык ойлау қызметіне дағдыланады. Үшінші сатыға сәйкес келетін білім мен дағдыны бақылауда тапсырманьң рефлективтік түрлері пайдаланылады. Тереңдетілген тапсырмаларды орындауда окушылар жүйелі ойлап-талдауларға негізделген, ой кызметінің әдіс-тәсілдерін меңгеріп, оларды түрлі жағдайда қолдануға дағдыланады.
Мұғалімнің бақылау жұмысын бағалаудағы сандық және сапалық өлшемдер.
Жазбаша жүмыстардың мәтіні оқу мазмұнынын әр сатысысындағы ерекшеліктерді ескере отырып қарастырылуы тиіс. Бұл білім мазмұнын балалардың қалай меңгергенін жіктеп-саралап бақылауға мүмкіндік береді. Әр жазбаша жұмыстың өз мақсаты болады. Мысалы, физикалык диктанттьң негізгі мақсаты - оқушылар білімін болжау, білімдегі олқылықтың алдын алу, оку процесіне тиісті түзетулер енгізу.
а) Физикалық диктантжеке сұрақтардан тұрады. Сұрақтар мына мәселелерді қамтиды:
—физикалық шамалардың әріптік белгіленуі, олардың өлшем бірліктері (1-саты);
— физикалык шамалардың анықтамалары, олардың өлшем бірліктері, бірліктердің арақатынасы (1- жөне 2-саты);
— физикалық кұбылыстар мен заңдардың тұжырымдамасы, физикалық шамалардың өзара математикалык байланысы (2-саты);
— физикалъқ шамалардьң өзара графиктік байланысы (2,3-сатылар);
— физикалық құралдардьң атқаратьн қызметі және олардың жұмыс істеу принциптері (1- және 3-саты).
Физикалық диктантты өткізу әдістемесінің қиындығы жоқ. Мұғалім оқушыларға мәтіннің сұрағын оқып береді (екі рет қайталап оқыса жеткілікті) немесе магнитофондық жазуды, проекциялық кұралдарды пайдаланады. Нұсқалар саны екіден артпайды. Оқушылар қойылған сұрақтарға берілген уақыт ішінде жауаптарын жазады.
ә) Өзіндік және бақылау жұмыстары
Зіндік жұмыстың негізгі мақсаты - оқылған білімді қайталап бекіту, жалпылау, жүйелеу; келесі кезеңдегі оку материалынокуға көшу мүмкіндігін анықтау. Жаңа оқу материалынбастау үшін бірінші және екінші сатыдағы білім мазмұнын барлық оқушының 80 пайызы меңгеруі міндетті.
Оқушылар окулықты, дәптердегі мәліметтерді, анықтама әдебиеттерді пайдалана отырып, тапсырманы өз бетіменорьндайды. Өзіндік жұмысты орьндау үстінде олар мұғалімнен көмек алады, өзара пікірлеседі: Оқушылардың өзіндік жұмысы деп біз арнаулы осы жұмыс үшін берілген уақыттағы, олардыңғ мұғалімнің тікелей қатысуынсыз, бірақ оның тапсыруымен, оның бқылауымен және басшылығымен орындайтын жұмысын түсінеміз. Өздік жұмыс мұғалімнің ұсынған тапсырмасының неғұрлым тиімді тәсілдерін іздестірумен, жұмыс нәтижелерінің анализімен байланысты оқушылардың белсенді ақыл-ой әрекетін қамтамасыз етеді.
Оқушылар сабақта өзіндік жұмыстың қандай түрін орындаса да, жетекшілік роль мұғалім болуға тиіс.
Ол мәселені анықтайды, әрбір өзіндік жұмыстың мазмұны мен көлемін, оның сабақиағы орнын анықтайды, өзіндік жұмыстың әр қилы түрлерінің оқыту методтарын ойлыстырады, өзіндік жұмыс істеу дәрежесінің біртіндеп өсуіне қарай тапсырмалар құрастырылады.
Бақылау жұмысы - мектепте алған білімді тексеру және есепке алудың маңызды құрамдас бөлігі. Оның нәтижесі бойынша ұстаз белгілі бір уақыт аралығындағы оқу жұмысының қорытындысын шығарады. Бақылау жұмысынын көрсеткіші бойьшша оқу материалының игерілу сапасы ба-ғаланады, оқушылардың келесі оқылған материалды қабылдауға даярлық дәрежесін айқындайды. Бұлар мұғалімнің оқу процесін жақсарту шараларьн белгілеуге мүмкіндік береді.
Бақылау жұмыстарын оқушылар толығымен өз беттерімен орындайды. Мәтіннің мазмұнында есепті шығаруға қажетті барлық шамалар беріледі.
Өзіндік және бақылау жұмыстарының мазмұнын жоғарыда көрсетілген білім мазмұнының үш сатысына сәйкес аналитикалық, графикгік және эксперименттік есептер мен сұрақтар құрайды.Олардың типтік түрлері бақылауға дейін өзіндік жұмыстар арқылы орындалады. Бұл жеткіншектердің психологиялық дайындығын, жауапкершілігін арттырады, оқу уақытын дұрыс жоспарлап, тиімді пайдалану мүмкіндігін туғызады.
Құралдағы бақылау жүйесі былай құрылды. Жаңа тақырыпты оқу үстінде алдымен өзіндік жұмыстар, физикалық диктанттар, қысқа мерзімді бақылау жұмыстары (олардың орындалу реті және саны жұмыстың мазмұнымен және көлемімен анықталады) өткізіледі.