Педагогикалық қабілеттіліктің ерекшеліктері
Педагогикалық қызметтерді оны ойдағыдай жүзеге асыру үшін белгілі бір педагогикалық қабілеттілік қажет. Педагогикалық қабілеттілік – мұғалімнің педагогикалық іс-әрекетте жоғары нәтижелерге қол жеткізуін қамтамасыз ететін жеке-дара психологиялық ерекшеліктері мен кәсіби маңызды сапасының қорытынды жиынтығы.
Коммуникатив-тілігі: адамға деген оң қатынасы, тілектестігі, пер-цептивтігі, кәсіптік байқағыштығы, педагогикалық интуициясы. Динамизмі: еріктік әрекетке, логикалық сендіруге қабілеттілігі. Эмоционал-дық орнықтылығы: өзін-өзі меңгеруі, оптимистік болжау. Креативті-лігі: шығармашылыққа қабілеті Мынадай түрлерге ажыратылады: - гностикалық (тани білу және танымнан қанағат алу бірлігі); - дидактикалық (білімді түсіндіру, бере білу және оқыту білігі); - коммуникативтік (қарым-қатынас жасау, ынтымақтасу білігі); - ұйымдастырушылық (тәрбиеленушілерді алуан түрлі іс-әрекеттерге қосу, оларда оған деген қызығушылықты шақыру,өкілеттік беру, барлық қатысушыларды біріктіру және олардың қызығушылығын қойылған мақсаттарды іске асыруға бағыттау білігі); - перцептивті (баланың ішкі әлеміне ену, олардың қобалжыған сезімін және күйін, қабілеті мен эмоциясын түсіну білігі); - болжамдық (педагогикалық болжай білуді жүзеге асыру, педагогикалық іс-әрекетте өзара әрекет нәтижесін болжамдау білігі); - суггестивті (мұғалімнің эмоционалды-жігерлі иландыруы, оның бекем қайратты сөзі көмегімен ықпал етудің қажетті нәтижесіне жету білігі);29 - экспрессивті (өзінің білімі мен нанымын эмоционалды және мәнерлі етіп бере алу, мұғалімнің әртістігі, сөйлеудің көп бейнелі интонациясын, ымды, қозғалысты, икемділікті меңгеру білігі). |
13. Педагогикалық техника ұғымы.Педагогикалық шеберлікте педагогикалық техника деп аталатын мәселеге мән беріледі. Мұғалім әр сөзін дұрыс сөйлеп, нық айтуы тиіс, оның жүріс-тұрысы, қозғалысы, отырып-тұруы оқушыларға ерсі болмайтындай дәрежеде болуы керек. А. П. Черняевская бойынша, педагогикалық техника – мұғалім іс-әрекетінің ішкі мазмұны мен сыртқы мазмұнының үйлесімді бірлігіне әсер ететін тәсілдер жиынтығы.
Педагогикалық техника – мұғалімнің өздерінің жеке психофизиологиялық жай-күйін, көңіл күйін, эмоциясын, денесін, сөзін және педагогикалық мақсатты қарым-қатынасын ұйымдастыруды қамтамасыз ететін жалпы педагогикалық және психологиялық білім кешені.
Педагогикалық техника, педагогтың ішкі және сыртқы құрылымына гармониялық себеп болады.
«Педагогикалық техника» түсінігі екі компоненттен тұрады:
1) Педагогтың ішкі дүниетанымын: өз денесін басқаруы (мимика, пантомимика), сезімді басқаруы (психикалық күш салу, шығармашылықты сезіну), әлеуметтік – перцептивті қабілеті (зейін, бақылау, ойлау), техникалық құрал (тыныс алу, дауыс ырғағы, дикция, темп) басқара білу қабілетімен байланысты.
2) Оқыту – тәрбиелеу процесінде тұлғаны, ұжымды техникалық жағынан, педагогикалық техникамен байланыстырып, дидактикалық, ұйымдастырушылық, коммуникативті қабілет, педагогикалық қарым – қатынасты бақылау, ұжымды шығармашылық істермен байланыстыру.
Педагогикалық техника:
- Дене қозғалысы - жест, поза, пантомимика;
- Адам қозғалысының мәні туралы кинетика ғылым зерттейді;
- Пантомимика –дене, қол, аяқ қозғалысы, ол ойдың негізгісін бөліп көрсетеді және бейне жасайды;
- Жест – қол сермеуі, ол бейнелеуші және психологиялық жесттер болып бөлінеді;
- Бейнелеуші жесттер – ойдың барысын бейнелейді, иллюстрациялайды;
- Психологиялық жесттер – сезімді білдіреді;
- Мимика - өз ойын, сезімін, көңіл-күйін, жағдайын беттің бұлшықет қозғалысымен білдіре алу өнері;
- Жест және мимика ақпараттың эмоциональды мәнін арттырып, оның жақсы меңгерілуіне жағдай жасайды;
- Дикция – бұл сөздерді, буындарды және дыбыстарды айтудағы ашықтық, нақтылық.
Педагогикалық техниканың құрамдас бөліктері:
- Өзін-өзі басқару іскерліктері;
- Ұжыммен, жеке тұлғамен өзара әрекеттесу іскерліктері жатады.
Педагогикалық шеберлік компоненті ретінде кәсіби білімнің маңызы.