Коменский, Г. Песталоцци, А. Дистерберг, К. Д. Ушинский, Л. Толстой, П.

Билет

Ғылыми шығармашылық жұмыстарын жүргізу

Дарынды оқушылармен ғылыми – зерттеу жұмысын ұйымдастыру. Ғылыми-зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру, дамыту – оқушы шығармашылығын қалыптастырудың нақты жолдарының бірі екенін де естен шығармау қажет. Бұл жұмыс заманауи ақпараттық технологияларды қолдана отырып, қажетті бағдарлы базаларға еніп, деректер қорымен жұмыс жасауды қамтамасыз етеді. Қазіргі оқытушының басты қызметі – білім беру мен жеке тұлға тәрбиесін сабақтастыру болса, оқушылармен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізу арқылы олардың өзін-өзі дамыту, шығармашылық,ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру болып табылады. Баланы зерттеу жұмысына дайындау, оны зерттеушілік ізденіс дағдылары мен іскерлігіне үйрету қазіргі білім берудің маңызды міндеті болып отыр. Бала-табиғатынан зерттеуші, зерттеушілік ізденіс – табиғатпен берілетін қасиеттің ажырамас бөлшегі. Жаңа әсер алу, көп білуге құштарлық, үнемі қадағалауға және эксперимент жасауға ұмтылу, әлем туралы жаңа мәліметтерді өз бетінше іздеу бала мінезінің маңызды белгілері ретінде қарастырылады. Зерттеушілік әдісін қолдану қажеттігі оқушының білім алу процесінде қоршаған ортасына қызығушылығымен, сүйіспеншілікпен қарауымен түсіндіріледі. Оқушының өз бетінше зерттеу жүргізуі оның жеке талабын қанағаттандырумен көкейінде жүрген сұрақтарға жауап табуға үлкен ықпал етеді. Одан басқа, өз бетінше зерттеу жүргізу интеллектуалдық және шығармашылық қабілеті мен ойлау, зерттеу білігінің дамуына мүмкіндік туғызады. Оқушы өз бетінше зерттеу жүргізу арқылы қоршаған ортасын тани алады, жаңа білімді дайын күйінде емес, өзі үшін жаңа білім ашады. Ізденуші оқушылар өз тақырыбының ерекшіліктерін, өзектілігін,маңыздылығын сезіне отырып түрлі әдіс-тәсілдер арқылы өзін қанағаттандыратын нәтижеге жетіп отырады. Ізденіс барысында оқушыларға шығармашылық мүмкіндіктер беріледі. Оқушылар дүниетанымының мүмкіндігіне қарай, ғылыми түрде тапсырмалар беріледі. Мұғалім мен оқушы бірлесе отырып, ғылыми жұмыстың көкейкестілігін, шығармашылық аясын айқындайды, осы міндеттер бойынша оқушылармен қосымша ізденуге жағдай жасай алады. Осы жұмыс барысында ғылыми жұмысты жүргізудің теориялық принциптері пайдаланылады:

1. Ғылыми жұмысты ұйымдастыруда белгілі бір тақырып бойынша көмек көрсету, қосымша мағлұматтар беру.

2. Ғылыми бағыт бойынша зерттеу материалдарының тізбесін жасау және сұрыптау.

3. Жұмыстың өміршеңдігіне мән беріп, ортамен байланысына көңіл бөлу. 4.Зерттеу кезеңдері бойынша қолданатын әдіс-тәсілдерді анықтау.

5. Оқушының жұмыс барысындағы жеке қолтаңбасы, жаңалық қыры, шығармаларын талдай білуі ескеріледі.

6. Жұмыстың соңында қорытындылар мен пайдаланылған әдебиеттердің тізіміне көңіл бөлінеді.

Ғылыми жоба жарыстарына дайындауда төмендегі мәселелерге ерекше көңіл бөлу керек:

1) Тақырыпты қабілетіне қарай таңдау ;

2) Аталған тақырыпты ашудағы шәкірт еңбегінің сипаты, қосқан жеке үлесі; 3)Шешендік сөз саптауы, сөйлеу мәнері, ойын ұтымды,жағымды жеткізе алуы, өзін ұстауы,аудиторияны тартуы;

4) Көрнекілігі мен ұсынылған материалдың сапалылығы;

5) Жұмыстың көркем безендірілуі.

Оқушының дарындылығын әлеуметтік қажеттігіне сай ғылыми негізіңде дамытудың шарттарын анықтап, оны қанағаттандыруда оқушылар ұжымының дайындық деңгейінің, дәрежесінің диогностикалық әр кезеңде жүргізу керек, себебі, ғылыми –зерттеу жұмысының екінші, үшінші кезеңдері осыны міндетті түрде талап етеді, өйткені, бұл оқушылардың жас ерекшелігіне байланысты.

Оқушыларды зерттеу жұмысын жүргізуге үйрету үшін :

мұғалімнің өзі теориялық білімдерін жетілдіріп отыруы қажет;

зерттеу процесіне баланы үзбей, сатылы түрде қатыстыру;

зерттеу кезеңдері мен әдіс -тәсілдерін айқындап алу;

зерттеу барысында өз бетімен қорытынды жасай алу;

шығармашылық жаттығу, тапсырмалардың мазмұнын оқушылардың жас ерекшелігіне, қызығушылығына сай таңдау;

оқушы жетістігін мадақтап,көтермелеу керек.

Ғылыми-зерттеу жұмыстары оқушының интеллектуалдық дамуының өсу деңгейін арттырады. Ғылыми сипаттама беруді үйренеді. Ғалымдардың тәжірибесіне негізделген материалдарды іздестіріп,танымдық белсенділігін арттырады. Ғылыми еңбектермен жұмыс жасау әдістерін меңгереді. Ғылыми жұмыстардың теориялық және тәжірибелік аспектілерін шешуде шығармашылық белсенділік көрсетіп, ғылыми нәтижесін алады. Қоғамдық өмірге бейімделген интеллектуалды жеке тұлға қалыптасады. Қай жұмысты болсын қызығушылықпен,ынтамен жасаса нәтиже шығатыны анық. Ал біздің кішкентай білгірлерімізді қызықтыру,ынталандыру өз қолымызда.

2) Эксперимент түрлері. Эксперимент түрлері: табиғи (қалыпты оқу-тəрбие процесі жағдайында) жəне зертханалық – қандай да əдістің тиімділігін тексеру үшін жасанды жағдайлар түзу (экспериментке алынған балалар тобы өз алдына бөлектенеді). Көп жағдайларда табиғи эксперимент қолданылады. Ол зерттеуге алынған педагогикалық құбылыс мазмұны, мақсаты жəне т.б. орай ұзаққа созылған не қысқа мерзімді болуы мүмкін.

Егер эксперимент педагогикалық процестің нақты жағдайымен танысуға бағытталған болса, деректеуші (констатирующий) аталып, ал оқушы не сынып ұжымының дамуына қажет жағдайларды анықтауға арналған күнде мұндай эксперимент- қайта жасаушы (дамытушы) деп аталады. Қайта жасау экспериментінде салыстырып баруға керек бақылау топтары түзіледі. Эксперименттік əдістің қиындығы: оны жүргізу техникасын жете білу қажет, бұл зерттеу барысында ұйымдастырушының аса үлкен сыпайылығы мен əдептілігі, көрегендігі мен егжей-тегжейлілігі, зерттеудегілермен қатынас түзу қабілеттілігі де маңызды келеді.

Табиғи эксперимент. Сыныпты, бүкіл ұжымды оқу-тәрбие процесін бұзбай, педагогикалық проблемаларды зерттеу үшін әдеттегі жағдайларда қолданылатын педагогикалық экперимент әдісінің түрі.

Жасампаз эксперимент Тұтас педагогикалық процестің мазмұнын, ұйымдастыру формаларын, принциптері мен әдістерін жаңадан құру үшін арнаулы эксперимент жүргізіледі. Осы педагогикалық эксперимент әдісінің түрін жасампаз эксперимент деп атайды.

Лабораториялық эксперимент. Кейде жете бақылау мен тексерудің нәтижесінде оқыту мен тәрбиенің кейбір әдістері мен тәсілдеріне өзгерістер енгізуге болады. Бұл жағдайда педагогикалық құбылыстарды ұқыптылықпен бақылау үшін сынып ұжымынан бір топ бала бөлініп алынады да, олармен арнаулы эксперимент жүргізіледі. Эксперименттің бұл түрін лабораториялық эксперимент деп атайды.

Модельдеу әдісі – ғылыми танымның зерттеу объектілерін олардың модельдерін жасап, зерделеу арқылы танып-білу әдісі. Модельдеу әдісінің пайда болуы техникалық жүйелердің күрделілігіне, материалдық процестер мен құбылыстарды зерттеу қажеттілігіне орай туындайтын ой-түрткілерге, себептерге, тағы басқа байланысты. Модельдеу кез келген затты мақсатты, жылдам, неғұрлым тиімді тәсілмен зерттеуге мүмкіндік береді. Сонымен қатар, модель зерттеліп жатқан объектінің субъект баса көңіл қойып отырған қасиеттерін жоғары дәлдікпен бейнелей алады. Ол объектіні құбылыстарға, заттар мен процестерге тән қосалқы белгілерден айырып, ондағы жалпы, негізгі, елеулі заңды белгілерді табуға мүмкіндік береді. Сондықтан модельдеу танымның формасы, әдісі, ірі категориясы болып саналады. Модельдеу екі түрге бөлінеді. 1) Пәндік модельдеу зерттеу объектісінің белгілі бір физикалық, геометриялық, динамикалық немесе функционалдық сипаттамаларын нақыштайтын модель жасау арқылы іске асады. 2) Идеалды модельдеу кезінде модель ретінде сұлбалар, сызбалар, формулалар, табиғи және жасанды тілдердегі сөйлемдер, тағы басқа қолданылады. Мұндай модельдеу түріне математикалық (компьютерлік) модельдеу жатады. Әлдебір құбылысты оның моделі арқылы зерделеу модельдік эксперимент деп аталады. Күрделі жүйелерді зерттеу кезінде көбіне бірін-бірі толықтыратын бірнеше модельдер қолданылуы мүмкін. Кейде бір құбылысты зерттегенде бір-біріне қарама-қайшы келетін модельдер пайдаланып, бұл қайшылық таным дамуының аса жоғары деңгейінде шешімін табуы мүмкін. Модельдеу танымның басқа да формалары мен әдістерімен (эксперимент, абстрактілеу, гипотеза ұсыну, теория құру, түсініктемелеу, тағы басқа) бірлесе отырып, адам білімінің тереңдей түсінуіне зор ықпал етеді.

3. Ғылыми әдебиетпен жұмыс. Жұмыстың бұл кезеңінің мақсаты оқушылардың бойында тақырып бойынша әдебиеттерді таңдай білуді, библиографиялық тізімді сауатты құра білуді қалыптастыру. Осы жұмысты орындаған кезде келесі тақырыптар ескерілу керек:

1.Библиографиялық тізімде өзіне тән ең кем дегенде 15 түрлі жұмыс болу керек, олардың қатарында монографиялар, жинақ мақалалары және әртүрлі ғылыми журналдар, диссертациялық авторефераттар, арнайы зерттеулер мен басқа да жұмыстар болу керек. Мәселелердің жаңашыл мен көкейкесті қағидалары- соңғы 3-5 жыл ішіндегі әдебиеттермен жиі жұмыс жасауды, ал мәселелердің жан- жақты және кешенді қарастыру қағидалары қазақстандық, ресейлік, әлемдік әдебиеттермен жұмыс жасау болжайды.

2. Тізімге енген барлық жұмыстар алфавиттік тәртіппен орындалу керек.

3. Тақырыпты сипаттау кезінде автордың тегі, аты- жөні, жұмыстың аты, шығу мәліметтері: шыққан жері, баспасы, жылы, бет саны көрсетілуі керек. Журнал мақалалары сипатталса, онда осы мақала жарияланған журнал атауы, шыққан жылы, нөмірі көрсетілу керек. Жинақ мақалаларын сипаттау кезінде жинақ атауынан кейін оның редакторының тегі келтіріледі. Интернеттен алынған мақалалар, дәйексөздер әдебиеттердің жалпы тізімдерінде төмендегідей көрсетіледі:

Авторы (егер көрсетілсе), мақала атауы, электрондық мекен- жайы, (интернеттегі сілтеме).

Ғылыми жұмыстарда пайдаланылған әдебиеттерге сілтеме төртбұрышты жақша ішінде келтірілген әдебиеттердің нөмірін көрсете отырып беріледі. Нөмірлеу сілтемесі мәтінде келуіне байланысты рет- ретімен келу керек.

Билет

1.Ғылымның даму заңдылықтары. Ғылымның жіктелуі.

Ғылым — адамзат мәдениетінің орасан зор жетістігі болып саналады. Ол адамзат өмірін ұрпақтан-ұрпаққа жеңілдетіп, тәуелсіз етеді және материалдық, рухани байлықтың негізіне айналады. Ғылым адамзат мәдениетінің бір сферасы ғана, оның өз ерек-шеліктері мен мақсаттары бар, бүларды басқа түрге қолдан өзгертуге болмайды. Ал ғылым жеке өзі адамзат өркениетінің ең жоғарғы құндылығы бола алмайды, ол — тек адамзат өмір сүруіндегі әр түрлі мәселелерді шешетін бір құрал ғана. Қалыпты, үйлесімді қоғамда ғылымға да, өнерге де, философияға да, дінге де, адамзат мәдениетінің басқа да құрамдас бөліктеріне бір уақытта орын табылады. Жоғарыда айтылған жағдайларға байланысты біз ғылымға нақты анықтама бере аламыз. Ғылым — жаратылыс туралы объективті білім жиынтығы болып саналатын адамзат мәдениетінің бір бөлігі. Бул түсініктің мазмунына сонымен қатар білімді алу процесі мен оларды адамзаттың тәжірибелік өмірінде қолдануының түрлері мен механизмдері кіреді.

Ғылымға қойылатын критерийлер

Ғылымилықтың ең басты критерийі — жүйелілік. Ғылыми білім әр қашан белгілі бір жүйе ретінде қарастырылады: бүл жүйенің өзіндік басталу принципі, іргелі түсініктері болады. Сонымен бірге бул жүйеге аталған ғылым үшін зор маңызы бар тәжірибелік фактілер, экспери-менттер, тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстар енеді.

Ғылымға қойылатын тағы бір критерий — онымен айналысатын (қоғамда) бір дарынды адамдардың болуы және қажетті материалдар мен технологияның болуы.

Ғылымилықтың үшінші критерийі — ғылыми танымның мақсаты. Яғни, мақсатсыз ғылым дамуы мүмкін емес, ғылымның нәтижесі адам-зат игілігіне айналуы шарт.

Тағы бір төртінші критерий — рационалдылық (тиімділік). Зерттеудің әр түрлі (әдістемелерін) тәсілдерін өзгерте отырып, ең тиімді жолын таңдап алу.

Ғылымға қойылатын бесінші критерий — зерттеудің тәжірибелік әдістемесін қолдану және ғылымды математикаландыру. Бұл белгілер жаңа уақытта пайда болды және тәжірибемен байланыстыра отырып, ғылымға жаңа сипаттар әкелді.

Ғылым – шындық жөніндегі объективтік заңдарды жасап шығару және ториялық жүйеге келтіру жүретін іс-әрекет ауқымы.

Ғылым – табиғат, қоғам және ойлау заңдарын зерделеу, табиғи байлықтарды ұтымды пайдалану және қоғамды тиімді басқару мақсатында болмыс туралы объективті білімді тұжырымдау және теориялық жағынан жүйелеу функциясы болып табылатын адам қызметінің саласы.

Ғылымның ауқымындағы іс-әрекет – ғылыми зерттеу. Ғылыми зерттеу - таным процесінің ерекше формасы. Ғылыми зерттеу барысында объектілерді жүйелі және мақсатты зерттеу, онда құралдарды және ғылыми әдістерді пайдалану және зерттелетін объектілер жөніндегі білімдерді қалыптастыру мен қорытындылау жүргізіледі.

Ғылыми таным: танымдық іс-әрекетті арнайы адамдар тобы жүзеге асырады. Жүзеге асыру түрі – ғылыми зерттеу. Ғылым тарихында арнайы таным құралдары, ғылыми зерттеу әдістері шығарылып, жасалады.

Ғылыми зерттеу жүйелі және мақсатқа бағытталған болады. Ғылыми-зерттеу қызметі – зерделеніп отырған объектілерге, құбылыстарға (процестерге) тән ерекшеліктерді, заңдылықтар мен заңдарды анықтау мақсатымен қоршаған болмысты зерделеу және алынған білімді практикада пайдалануға байланысты қызметтің түрі. Іргелі ғылыми зерттеулер – табиғат, қоғам адам дамуының және олардың өзара байланысының негізгі заңдылықтары туралы жаңа білім алуға бағытталған теориялық және тәжірибелік қызмет. Қолданбалы ғылыми зерттеулер – практикалық мақсаттарға қол жеткізу және нақты міндеттерді шешу үшін жаңа білім алуға және оны қолдануға бағытталған қызмет.

Болжам - құбылыстардың өмір сүру себептерінің шындығын қасиеттерін түсіндіру мақсатында алға қойған негізделген жорамалды көрсететін ғылым түрі. Болжам деп кез келген ойдан туған жорамал немесе қиялды айтуға болмайды.Обьектіге байланысты болжам жалпы және дербес болып бөлінеді. Ғылымда іске басшылық болжамы маңызды орын алады. Зерттеудің бастапқы кезінде алға қойылатын бақылау нәтижелерін тұңғыш жүеге келтіру, бірақ оларды түпкілікті түсіндіру қамтамассыз етпейтін шартты долбар болады. Болжам арқылы дамытудың 2 кезеңі бар: олар болжамды құру, тексеру. Болжамды құру алғашқы белгіленгендерді табу және сұрыптау. Болжамды тексеру одан туындайтын нәтижелерді және оларды нәрселердің нақты күйімен салыстыруды жалпыдан жеке қарай жүретін ой туындалын жүзеге асыру.

Ғылыми абстрактілеу - заттардың белглі бір қасиеттерін немесе қатынастарын ойша бөлуді өз бетімен қарастыруды қамтитын танымның бір жағы, түрі . Мұның мақсаты мүғалімдердің теориялық деңгейін білімдігін әдістемелік дайындығын көтеру, педагогика ғылыми жетістіктерін насихаттау, озат тәрбиені жинақтау, оқушылармен жұмысты тиімді әдістер мен жұмыс түрлерін қолайлы пайдалануды өндіру. Ғылыми тәжірибелік конференция-оқыту және тәжірибелеу жұмыстарының өзекті мәселелерінің тәжірибесін ұжым болып зерттеу және талқылау түрі. Мұның мақсаты- теорияны басшылыққа ала отырып нақты тәрбие мекемесінің тәжірибесіндегі белгіленген мәселенің шешілу барысын жан- жақты талдау.

Ғылыми педогогикалық хабар - пеодогогика ғылымы пайдаланылатын арнайы басылымдар, техникалық құрылымдар және басқалар арқылы таратылатын оқу және тәрбиелеу теориясы мен тәжірибенің барлық салаларының дамуы жайындағы мағлұматтар жүйесі.

2. Ғылыми болжам - теориялық және тәжірибелік деректерді тұжырымдауға және дамудың объективті заңдылықтарына сүйене отырып, табиғат пен қоғамның, зерттелмеген немесе тәжірибеде әлі де болса анықталмаған құбылыстарын болжау.

Зерттеу логикасын түзу - өте күрделі жұмыс.Өйткені, зерттеу логикасы жұмыстың бірден-бір маңызды кезеңдерін құрай отырып зерттеу процесіне үзеңгілестік жасайды. Дегенмен, зерттеу логикасын түзу үшін соңғы нәтиженің моделін жасап алу қажет болады. (Мысалы: кітап мазмұны).

Зерттеу логикасы құрылымын жасаудың үш кезеңін атауға болады.

Бірінші кезең - зерттеу тақырыбын таңдау, оның мақсатын ннықтауға дейінгі, болжамды құру кезеңдері, жалпы төмендегі логикалық схема түрінде берілуі мүмкін: проблема ----- тақырып----нысаны (объект) ----- пәні ----- ғылыми фактілер ---- жетекші идея---- жорамал-----зерттеу мақсаты мен міндеттері. Жұмыстың екінші кезеңінің логикасы зерттеу әдістерін таңдаудан, зерттеу қорытындысын тұжырымдауға шейін төменгі .схемада жасалынуы мүмкін:
әдістерді таңдау ----- жорамалды тексеру ----- алдын ала қорытындыларды конструкциялау-----оларды практикады тексеру----- тәжірибе жасау, нақтылау -----шешуші қорытынды жасау. Үшінші, қорытынды кезең - зерттеу нәтижелерін практикаға ендіру және жұмысты әдеби көркемдеп баспаға дайындау. (Оқулық, оқу құралы, әдістемелік құрал және т.б.)

3.

Билет

1. Ғылымның жіктелуі. Ғылым — адамзат мәдениетінің орасан зор жетістігі болып саналады. Ол адамзат өмірін ұрпақтан-ұрпаққа жеңілдетіп, тәуелсіз етеді және материалдық, рухани байлықтың негізіне айналады. Ғылым адамзат мәдениетінің бір сферасы ғана, оның өз ерек-шеліктері мен мақсаттары бар, бүларды басқа түрге қолдан өзгертуге болмайды. Ал ғылым жеке өзі адамзат өркениетінің ең жоғарғы құндылығы бола алмайды, ол — тек адамзат өмір сүруіндегі әр түрлі мәселелерді шешетін бір құрал ғана. Қалыпты, үйлесімді қоғамда ғылымға да, өнерге де, философияға да, дінге де, адамзат мәдениетінің басқа да құрамдас бөліктеріне бір уақытта орын табылады. Жоғарыда айтылған жағдайларға байланысты біз ғылымға нақты анықтама бере аламыз. Ғылым — жаратылыс туралы объективті білім жиынтығы болып саналатын адамзат мәдениетінің бір бөлігі. Бул түсініктің мазмунына сонымен қатар білімді алу процесі мен оларды адамзаттың тәжірибелік өмірінде қолдануының түрлері мен механизмдері кіреді.

Ғылымға қойылатын критерийлер

Ғылымилықтың ең басты критерийі — жүйелілік. Ғылыми білім әр қашан белгілі бір жүйе ретінде қарастырылады: бүл жүйенің өзіндік басталу принципі, іргелі түсініктері болады. Сонымен бірге бул жүйеге аталған ғылым үшін зор маңызы бар тәжірибелік фактілер, экспери-менттер, тәжірибелік қорытындылар мен ұсыныстар енеді.

Ғылымға қойылатын тағы бір критерий — онымен айналысатын (қоғамда) бір дарынды адамдардың болуы және қажетті материалдар мен технологияның болуы.

Ғылымилықтың үшінші критерийі — ғылыми танымның мақсаты. Яғни, мақсатсыз ғылым дамуы мүмкін емес, ғылымның нәтижесі адам-зат игілігіне айналуы шарт.

Тағы бір төртінші критерий — рационалдылық (тиімділік). Зерттеудің әр түрлі (әдістемелерін) тәсілдерін өзгерте отырып, ең тиімді жолын таңдап алу.

Ғылымға қойылатын бесінші критерий — зерттеудің тәжірибелік әдістемесін қолдану және ғылымды математикаландыру. Бұл белгілер жаңа уақытта пайда болды және тәжірибемен байланыстыра отырып, ғылымға жаңа сипаттар әкелді.

Ғылым – шындық жөніндегі объективтік заңдарды жасап шығару және ториялық жүйеге келтіру жүретін іс-әрекет ауқымы.

Ғылым – табиғат, қоғам және ойлау заңдарын зерделеу, табиғи байлықтарды ұтымды пайдалану және қоғамды тиімді басқару мақсатында болмыс туралы объективті білімді тұжырымдау және теориялық жағынан жүйелеу функциясы болып табылатын адам қызметінің саласы.

Ғылымның ауқымындағы іс-әрекет – ғылыми зерттеу. Ғылыми зерттеу - таным процесінің ерекше формасы. Ғылыми зерттеу барысында объектілерді жүйелі және мақсатты зерттеу, онда құралдарды және ғылыми әдістерді пайдалану және зерттелетін объектілер жөніндегі білімдерді қалыптастыру мен қорытындылау жүргізіледі.

Ғылыми таным: танымдық іс-әрекетті арнайы адамдар тобы жүзеге асырады. Жүзеге асыру түрі – ғылыми зерттеу. Ғылым тарихында арнайы таным құралдары, ғылыми зерттеу әдістері шығарылып, жасалады.

Ғылыми зерттеу жүйелі және мақсатқа бағытталған болады. Ғылыми-зерттеу қызметі – зерделеніп отырған объектілерге, құбылыстарға (процестерге) тән ерекшеліктерді, заңдылықтар мен заңдарды анықтау мақсатымен қоршаған болмысты зерделеу және алынған білімді практикада пайдалануға байланысты қызметтің түрі. Іргелі ғылыми зерттеулер – табиғат, қоғам адам дамуының және олардың өзара байланысының негізгі заңдылықтары туралы жаңа білім алуға бағытталған теориялық және тәжірибелік қызмет. Қолданбалы ғылыми зерттеулер – практикалық мақсаттарға қол жеткізу және нақты міндеттерді шешу үшін жаңа білім алуға және оны қолдануға бағытталған қызмет.

Болжам - құбылыстардың өмір сүру себептерінің шындығын қасиеттерін түсіндіру мақсатында алға қойған негізделген жорамалды көрсететін ғылым түрі. Болжам деп кез келген ойдан туған жорамал немесе қиялды айтуға болмайды.Обьектіге байланысты болжам жалпы және дербес болып бөлінеді. Ғылымда іске басшылық болжамы маңызды орын алады. Зерттеудің бастапқы кезінде алға қойылатын бақылау нәтижелерін тұңғыш жүеге келтіру, бірақ оларды түпкілікті түсіндіру қамтамассыз етпейтін шартты долбар болады. Болжам арқылы дамытудың 2 кезеңі бар: олар болжамды құру, тексеру. Болжамды құру алғашқы белгіленгендерді табу және сұрыптау. Болжамды тексеру одан туындайтын нәтижелерді және оларды нәрселердің нақты күйімен салыстыруды жалпыдан жеке қарай жүретін ой туындалын жүзеге асыру.

Ғылыми абстрактілеу - заттардың белглі бір қасиеттерін немесе қатынастарын ойша бөлуді өз бетімен қарастыруды қамтитын танымның бір жағы, түрі . Мұның мақсаты мүғалімдердің теориялық деңгейін білімдігін әдістемелік дайындығын көтеру, педагогика ғылыми жетістіктерін насихаттау, озат тәрбиені жинақтау, оқушылармен жұмысты тиімді әдістер мен жұмыс түрлерін қолайлы пайдалануды өндіру. Ғылыми тәжірибелік конференция-оқыту және тәжірибелеу жұмыстарының өзекті мәселелерінің тәжірибесін ұжым болып зерттеу және талқылау түрі. Мұның мақсаты- теорияны басшылыққа ала отырып нақты тәрбие мекемесінің тәжірибесіндегі белгіленген мәселенің шешілу барысын жан- жақты талдау.

Ғылыми педогогикалық хабар - пеодогогика ғылымы пайдаланылатын арнайы басылымдар, техникалық құрылымдар және басқалар арқылы таратылатын оқу және тәрбиелеу теориясы мен тәжірибенің барлық салаларының дамуы жайындағы мағлұматтар жүйесі.

2. .Зерттеу әдістері жиынтығын қолдану мәселелері.

Технологиялық жетістіктер мен іс-әрекеттерді зерттеу. Кәсіби педагогиканың нақты мәселелерін зерттеуде қолданылатын әдістер Педагогика ғылымы дамуының маңызды факторы, оның зерттеу әдістерінің көбеюі мен ұдайы жетіліп отыруы. Айта кетерліктей, бұл бағытта педагогика үлкен прогреске ие. Бір кезендерде педагогика үстірт философия- лық-әлеуметтік бақылау, пайымдаулар бойынша ғана зерттеліп, ал педагогикалық идеялар ұлы ойшылдардың тек шығармашылық қызметінің нәтижесінде ғана туындап келді. Ал XIII ғ. бастап педагогиканың толық қанды ғылымға айналуына теориялық ізденулерді практикалық тәрбие істерімен байланыста жұргізген ғалымдардың белсенді ұлесі болды. Бұл тәрбиелік ой мен істі біріктіріп, ғылыми тұжырымдар жасағандардың ішінде бұгінге дейін танымал Я.А. Коменский, Г. Песталоцци, А. Дистерберг, К. Д. Ушинский, Л. Толстой, П. П. Блонский, А.С. Макаренко, С.Т. Шацкий сынды педагог-ғалымдар болды. XIX ғ. оқыту және тәрбие теориясының бұдан былай тереңдеуіне ықпал жасаған эксперименталдық зерттеулер еді. Қазіргі кезеңде педагогикалық зерттеулер әртұрлі әдістердің бұтін бір жұйесі жәрдемімен алға басуда. Бұларға: педагогикалық бақылау, әңгімелесу, мектеп құжаттарын зерттеу, оқушылардың шығармашылық жұмыстарымен танысу, озат педгогикалық тәжірибені ұйрену және қортындылау, әлеуметтік талдау (сұрақ, анкета жұргізу, тестен өткізу, рейтингтік сараптау), математикалық статистиканы талдау, педагогикалык идеяларды теориялық талдаудан откізу және т.б. әдістер. Педагогикалық бақылау әдісі. Бұл әдіс педагогикалық зерттеудің қай-қайсысында да қолданыс табады. Себебі педагогикалық құбылыспен танысу зерттеушіге педагогикалық жұмысқа қатысы бар деректерді ұйреніп, жинақтап, белгілеп алуды қажет етеді. Мысалға, ғалым сабаққа қатыса отырып, оқушылардың, егер мұғалім сабақ материалын қызықты тұрде баяндаса, жым-жырт отырып, зейінді тындайтынын аңғарады. Одан әрі зерттеушіге аян болатыны: бір оқушылар өзін сабақта белеснділікпен көрсетіп, мұғалімнің сұрақтарына ықласпен жауап беруге тырысады; жолдастарының жауаптарына толықтырулар енгізеді, өздері сұрақ қоя отырып, сабақ мазмұнын тереңдете ұққысы келеді және т.б. Ал кейбіреулер сабаққа деген енжарлығы мен зейінсіздігін байқатады. Осы құбылыстарды бақылау зерттеушіге алғашқы болжам-дарын қортындылауға мұмкіндік береді. Оның мән-мағынасы келесідей болуы ықтимал: 1) оқушылардың зейінділігі сабақтың мазмұндығына байланысты; 2) сабақта зейінділік және белсенділік танытқан оқушылардың білімі біршама жоғары дәрежеде. Бақылау әдісі, осылайша, нақты теориялық ой-пікірлерге нәр беріп, кейін олар басқа да әдістердің көмегімен тереңдете зерттеліп, тексеріледі. Әңгімелесу эдісі. Бұл әдіс те ғалым-тәрбиеші мен тәрбиеленушінің екеуінің де бірдей педагогикалық дерек пен құбылысқа деген ойы мен қатынасын айқындауға жәрдемін тигізеді. Соның арқасында ол көрініс берген құбылыстардың мәні мен себептері жөнінде тереңдеу пайымдалған ғылыми тоқтамға келуге тырысады. Егер, мысалға, жоғарыда келтірілген оқушылардың сабаққа деген әртұрлі мінез-құлықтық қатынасын алар болсақ, зерттеуші бұл құбылыстың себептері жөніндегі өзінің пікірін мұғалімнің ойымен салыстырғанды жөн табады. Бұл үшін ол мұғаліммен әңгімелесуді бірден-бір жол деп, сабаққа кезіккен құбылыстардың себебін тұсіндіріп беруге мұғалімді ойыстырып, оның пікірін білуге ұмтылады. Белгіленген сұрақтар бойынша, мұғалім мен оқушы пікірлерінің өзара сай келуі немесе алшақтығы, өң берген педагогикалық жағдайдың түп төркінін айқындауға себебін тигізері, әлбетте сөзсіз. Мектептік құжаттар мен оқушылардыц шыгармашылық өнімдерін зерттеу әдісі. Көптеген педагогикалық құбылыстарды зерттеу барысында мектеп құжаттары мен оқушылардың шығармашылық іс-құжаттарын көздеп отыру ұлкен маңызға ие. Мысалы, оқушылардың кұнделікті сабақ бағаларының олардың жалпы ұлгеріміне ықпалын білу үшін мектеп журналымен, өткен жылдардағы табельдерімен танысып шығу орынды. Мектеп кітапханасындағы балалардың оқырман карточкесімен танысу олардың қызығу өрісінен хабар береді. Ұй тапсырма дәптерлерін көре отырып, зерттеуші баланың үйге берілген жұмыстарды орындауға деген қатынасын байқайды. Белгілі бір тақырыпта еркін шығарма жаздырып немесе сурет салдырып, ғалым оқушының дұниеге, қоғамға көзқарасын болжауы мұмкін және т.б. Педагогикалық эксперимент. Бұл арнайы ұйымдастырылып, алдын-ала зерттеу мақсаты белгіленген мұғалім мен оқушылардың педагогикалық іс-әрекеті. Бұл сипаттағы эксперименттер әртұрлі: жетіскен білім деңгейін анықтау, дамытып қайта жасау, бақылау эксперименттері. Жетіскен білім деңгейін аныктау экспериментті зерттеу жұмыстарының бастапқы сатысы болып, зерттелінуі тиіс. Ол проблеманың жалпы жағдайымен танысуға негіз болады. Мысалға, егер оқу жұмысы барысындағы шәкірттердің өзін бақылауы зерттелінуі қажет болса, осы эксперимент арқылы және басқа әдістерді (әңгімелесу, анкета) қолдана отырып, ғалым- оқушылардың өзіндік бақылау әдістерін қаншалықты білетінін анықтайды. Нәтижеде оқушылардың өз оқу жұмысына өзіндік бақылауының мұмкіндіктері жөнінде қорытынды жасайды. Егер зерттеуші бұл проблеманың мектеп ісінде кері сипатқа ие болғанын анықтаса, ол зерттеуді одан әрі жалғастырып, дамыту-қайта жасау экспериментіне кіріседі, яғни алдын-ала түзілген жоспар бойынша оқушылардың білім игеру тәжірибесінде өзіндік бақылаудың тиімді тәсілдерін ендіреді. Егер нәтиже ұнамды болып шықса, алынған көрсеткіштер теориялық талдаудан өтіп, бұл әдістің мектеп жұмысында қолданылуы жөнінде қажетті қорытындылар жасалады. Бұл проблема жөнінде зерттеу барысының келесі кезеңі аталған - эксперимент бойынша жетіскен көрсеткіштер мен қорытындыларды жалпы көпшілік мектеп тәжірибесінде тексеру. Бұл міндет бақылау экспериментінің жәрдемімен шешіледі. Бұл мектепте сыналған әдіс басқа мектептер мен мұғалімдердің тәжірибесінде пайдалануға ұсынылады. Егер ол да бұрынғы қорытындылардың дұрыстығын негіздесе, зерттеуші ең соңғы деректерді бір ғылыми тұжырымға жеткізіп, оларды педагогиканың теориялық және методикалық қорына өз жаңалығы етіп қосады. Озат педагогикалык тәжірибені ұйрену және жинактау. Бұл әдіс оқыту мен тәрбие жұмыстарын табысты өткізіп жатқан озат мектептер мен мұғалімдердің тәжірибесін ұйрену және оны теориялық пайымдауға негізделген. Көп жағдайларда мұғалімдер кұнделікті сабақ тәжірибесімен эмпирикалық тұрде маңызды педагогикалық жаңалықтарға жетіп отырады, бірақ олардың бұл пайдалы істері педагогикада танылмай, тиісті зерттеуден тыс, жеке ынталы ұстаздың пайымы ғана болып, көпшілікке жетпей, қалып кете береді. Яғни, жеке мектеп тұрмысындағы педагогикалық практика теориялық ой-пікірі ме, әдістемелік қорытыңдысына жетпейді. Оқыту-тәрбиелеудің озат тәжірибесі теориялық пайымдау мен талдауға тұссе ғана педагогикалық ғылым жұйесінде орнығуға мұмкіндік алады. Педагогикадағы әлеуметтік зерттеу әдістері. Жоғарыда қарастырылған әдістер біршама құндылығымен қатар жалғыз-ақ елеулі кемшілікке ие: ғалым ол әдістерді қолдана отырып, тар өрісті деректерді ғана дамытуы мұмкін, яғни зерттеу қорытыңдысы болмашы сандағы мектептер мен оқушыларға байланысты жасалынады. Ал көп жағдайларда кейбір мәселелердің шешімі ауқымды зерттеуді талап етеді. Бұл ретте педагогтар әлеуметгік зертгеу әдістерін (анкета жұргізу, рейтингтік бағалау) алға тартады. Мұнымен қойылған мәселені жылдам әрі көп сандағы оқушыларға сұрақ қойып анықтауға болады. Педагогикадағы әдістер тізбегі аталғандармен шектелмейді. Олардың түрі мен формасы педагогикалық теориямен айналысқан зерттеуші - ғалымдар мен озат мұғалімдердің ынта-ықылас ізденуіне байланысты, әдістердің жаман, жақсысы болмайды, олардың әрбірі оз орнында құнды. Өкінішке орай, сталиндік жеке басқа табыну мен брежневтік тоқырау жылдары педагогика ғылымының ролі төмендеп, оның қызметі мектеп пен білім мәселелері бойынша жоғарыдан тұскен "даналық" көрсетпелерге тұсіндірме беріп, олардың "тек дұрыс" екенін негіздеумен болды. Бұл теориялық ой-пікірдің дамуына, үлкен кедергі болып, шығармашылық ой ұмтылысын тұсаулап тастады. Қазіргі кезеңде, егеменді ел - Қазақстан Республикасы аясында педагогика ғылымында догматизм мен жеке пікір ұстемдігіне тойтарыс беріліп, шын мәніндегі жаңашыл педагогикалық зерттеулерге қажетті жағдайлар жасалып, халыққа білім беру саласының бұтіндей қайта тұзілуіне, біздің қоғамымыздың демократиялануына, ғылыми техникалық даму талаптарына сай жаңа сапалық деңгейге көтерілуіне тиімді жолдар ашылуда.

3.

Билет

1. Қазіргі кәсіптік білім беру мәселелері. Теория мен практиканың бірлігі Білім - адам ойында шындықты дұрыс бейнелеуі қоғамдық тәжірибеде тексерілген таным барысының нәтижесі. Білім адамдардың қоғамдағы материалдык және рухани іс әрекеті нәтижесі ретінде пайда болады кез келген шындықты бейнелеу білім болмайды(жануарларға байланысты қарайтын болсақ) адам өзін өмірдегі ісінен , оның обьективті жағдайлары мен заттарынан бөліп қарайды. Адамдар болмысының тәсілдерінің өзі олардың әлемге қатынастарының тәсілдерінің мақсатқа сәйкес және тек басқа адамдармен қарым- қатынасымен жүзеге асатын нақты іс. Сондықтан да әрбір жеке адам өз әрекеттері мен заттарына сырттай қатынасатын сияқты. Әрбір құбылысының өзіндік қасиеттері мен сапалары бар шын әлем оған сыртқы обьективті өмір ретінде көрінеді. Адамның обьективті әлем заттары мен құбылыстарының обьективті мүмкіндіктері жөніндегі ойы оның білімдерінің алғашқы түрі. Тек білімдер ғана іс мақсатын көруге береді. Бұл жерде адамның шындыққа қатынасы аралыққа айналды. Осы қатынас яғни адамдардың шын өмір барысын олардың болмысын саналы қабылданған болмысқа айналдырады. Сана дегеніміз адамның әлемге қатынасының өзі осы әлемнің шын қабылеті қандай және оған өзінің заттары мен күштері арқылы әсер еткенде не болатынын біле отырып қатынас жасау. Білім беру - жүйеге келтірілген білім,білік және дағдыларды игеру барысы және нәтижесі, оқушы өмірге және еңбекке дайындаудың қажетті шарты, білім берудің негізгі жолы мектепте оқыту білім берудің мектепке дейінгі бастауыш, ора, жоғары тағы сол сияқты сатылары бар.

Білім беру және оқыту теориясы - педагогика ғылымының саласы. Білім беру және оқыту теориясы жас кезеңдерінің барлық сатыларына сәйкес оқытудың заңдылықтарын оған қойылатын талаптарды, білім беру міндеттерін мазмұнын, оқыту мен оқу түрлерін әдістерін оқу барысында ынталандыру мен бақылауды анықтайды. Білім беру және оқыту теориясының методологиялық негізі таным теориясы, оқушы тұлғасын жан-жақты және үйлесімді қалыптастыру туралы ілім болып табылады. .Бұл теория білім беру және оқытуда арнайы ұйымдастырылатын іс деп қарайды. Оқыту барысында оқушылардың білім, білік, дағдыларды меңгеруде мұғалім мен олардың өз бетіндік іс бірлігі айқындалады .

Білім беру және оқыту теориясы адамның ісін санасын, қарым-қатынасын зерттейтін философия. Бұл теорияның мақсаты оқытудың заңдылықтарын қоғам қажеттігіне сай оқытудың мақсаттары мен міндеттері, әдістері, түрлері және нәтижелері байланысын ашу. Заңды байланыстардың көптеген түрлерін жинақтай отырып бұл теорис оқытуға қойылатын талаптарды қалыптастырады. Бұл талаптарды орындай отырып мұғалім оқу барысын қолайлы етіп құра алады. Соңғы жылдары білім беру және оқыту теориясы оқу жүктемесін тиімді және ұтымды ету тұрғысынан оқытудың әрбір нақты жағдайын сапалы және мақсатты ұйымдастыруға мүмкіндік беретін оқыту барысын қолайлы ету теориясын жасап шығарады. Қоғамдық қажеттілікті есепке ала отырып әрбір тарихи кезеңге білім беру және оқыту теориясын,оқыту міндеттерін, білім беру мазмұнын таңдап алу белгілерін, оқу жоспарларын, бағдарламаларын, оқулықтарды оқу құралдарын, дидактикалық материалдарды жасаудың негізін ашып береді. Білім беру және оқыту теориясы оқыту әдістерін зерттейді, оларды түрлі негізде топтайды, тәжірбиелік эксперименттік және педагогикалық озат тәжірбие негізінде жаңа әдістер мен әдістемелік жүйелерді жасайды. Бұған шешімі табылуға тиісті мәселе көтере отырып, оқушылардың танымдық іс жасау күйін туғызу, ізденіс, әдістерінің пайда болуы дәлел. Білім беру және оқыту театры оқытуды ұйымдастыру түрлері мен құралдарын қарастырады. Ғғылым(наука)-мақсаты мен қызметі адамның өзі және оны қоршаған әлем жөніндегі білімдерді жасап шығару болып табылатын адамзаттың іс шеңбері, қоғамдық санның бір түрі. Ғылым деген атау мен табиғат қоғам құбылыстарын түсінуге және олардың дамуын алдын ала болжауға мүмкіндік беретін бірте кеңейіп келе жатқан теориялық білім жүйесін белгілейді. Қазіргі кезде ғылым тікелей өндіргіш күшке айналып отыр.

Білім беру әдістемесі – ғылыми негізделген оқудың әдістері, ережелері, тәсілдері, жүйесі осының арқасында оқушының дуниеге көз карасын қарастырып алған білімдерін тәжірбие жүйесі осының арқасында оқушының дүниеге көзқарасын қалыптастырып алған білімдерін тәжірбиеде өз бетімен қолдану дағдыларымен қаруландыру. Білім беру әдістемесі таным теориясына суйенеді. Педагогика, психология, логика және т.б бірқатар ғылымдар жетістіктерін басшылыққы алады. Білім беруде оқытуға қойылатын талаптарды шығармашылықпен қолдану үлкен пайда келтіреді.Психология ғылымындағы оқушы зейіні, иесі, қабылдауы, қызығуы мәселелерін оқыту барысында есепке алу қажет. Логика мұғалімді ойлау заңдарын білу мен, сендіру әдістерімен, алға қойған қағидаларды ғылыми дәлелдеу тәсілдері мен қаруландыру .Оқыту барысының кезеңдеріне сәйкес әдістемеде мұғалімнің сабаққа дайындалу, жаңа материалдарды баяндау, оқушылардың әдебиеттермен өз бетімен жұмыс істеуі, олардың оқу және тәжірбелік тапсырмаларды орындауы қорытындылау білімін тексеру және бағалау тәсілдері қарастырылады. Білімді бекіту - оқытудың барлық кезеңдерінде жүзеге асатын білімді игеру беріктігінің міндеттерін шешуге мүмкіндік береді. Әдетте білімдерді бекітуге арнайы уақыт бөлінеді. Оқылатын материалды тусіндіру барсында оның негізгі мазмұнын қайталау үшін әңгіме ұйымдастырылады. Білімді бекітудің ең тиімді тәсілі оларды тәжірбиеде қолдану болып табылады. Білімді бекіту оқытатын жаңа материалмен байланыстар негізінде бұрынғы білімдерді тереңдетуді, білім , білік, дағдыларды жетілдіруді талап етеді. Білімді бекітудің үйреншікті әдістері мен түрлері бұрын оқылған материалдар бойынша әңгіме, жинақтау сипатындағы сабақтар, шолулар, кітаппен жұмыс, тәжрибелі тапсырмалар болып табылады.Ұмытудың алдын алу білімдерді бекіту мақсатында оқу жұмысының барысында тексеру және қайталау жұмыстары жүргізіледі. Бұл оқу материалы жуйеге келтіруді ,жинақтауды, толықтыруды және білім мен біліктің беріктігін қамтамассыз етеді. Осы жұмысты жүргізуге мұғалім болашақ оқу жұмысына қажетті білім қырларына баса назар аударады. Әдістемелік тұрғыдан дұрыс ұйымдастырылған білімді бекіту жұмыстары түрлі анықтама әдебиеттерді жұмыс орындауда, бақылау орындауда тиімді пайдалануға оқушылардың танымдық қызығуы, өз беттерімен білім алу қабілеттерін дамытуға бейімдейді.

Білімді ұғып алу - білім, білік дағдылады игеруге бағытталған іс-әрекет. Зерттелетін құбылыстарды деректерді, барысмтарды талдау және мсұрыптау нәтижесінде ғылыми ұғымдардың негізін қалайтын жинақтау қалыптасады. Білімдерді ұғып алудағы жинақтаулар сипатын оқушылардың жеке ерекшеліктерімен және қабілеттерімен анықталады.Мұғалім бул ерекшелктерді еске ала отырып оқушыларды талдау, сұрыптау, жинақтау, жалпылау, сияқты ақыл адамдарын үйретеді мысалы, жалпы ұғымда шығару үшін жеткілікті деректер мен құбылыстарды талдай отырып бекітеді. Оқыту барысында тек дайын білімдерді беру ғана емес, оқушыларға оларды өз бетімен алу білігін үйрету, оның тиімді тәсілдері мен әрекекттеін қалыптастыру маңызды нәрсе болып табылады.

Кәсіби педагогика – жалпы педагогиканың бір тармағы ретінде кісіптік білім беру жүйесімен қатар қалыптасып келе жатқан ғылым саласы. Кәсіби педагогиканы теориялық және қолданбалы ғылым ретінде сипаттауға болады. Өйткені ол, бір жағынан, кәсіби педагогикалық құбылыстарды баяндап түсіндірсе, екінші жағынан, кәсіптік білім берудің міндеттерін шешуге бағытталған оқыту және тәрбиелеу жолдарын қарастырады. Ол теориялық жағынан дами отырып, кәсіптік білім бойынша оқу-тәрбие процесін жетілдіруді көздейді.

Кәсіби педагогика – түрлі типтегі кәсіби оқу орындарында жүзеге асырылатын кәсіптік білімнің орта, жоғары және жоғары білімнен кейінгі мәселелерін қарастырады.

Кәсіби педагогиканың объектісі – кәсіптік білім беру жүйесі.

Кәсіптік білім – бұл белгілі бір жүйеде кәсіп бойынша алынған білім, білік және дағдылар жиынтығы және оны тиісті кәсіптік ортада пайдалана білудің ережелері мен нормалары тәртібі. Кәсіби даму – жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекеттің субъектісі ретінде дамуы. Кәсіп – жалпы адамзаттық мораль нормаларымен келісілген еңбек түрі және адамзат үшін материалдық игіліктер бастамасы. Кәсіптік оқыту – бұл болашақ маманның өзі таңдаған кәсібі бойынша ғылыми-техникалық ілімді игеруі және кәсіптік білік, дағдыны қалыптастырудағы бірлескен іс-әрекеті. Білік - әйтеуір бір ережеге және оны нақты міндеттерді шешу барысында лайықты пайдалануға негізделген жаңа әрекетті меңгерудің нәтижесі.Білікті әрекеттің орынды тәсілдерін таңдай білуден, тек қана таңдай білуден емес оларды тәжірибеге қолдану.

Біліктің және дамуның ең тиімділігін қамтамамсыз жалпы шарттар:

- тұжырымдалған ережені тусіну:

- орындалатын қажет әрекет бейнесін қалыптастыру:

- жаңа міндеттерді шешу барысында әрекетті оындаудың нәтижілігі жөнінде хабар алып отыру:

2.Педагогикалық бақылауды ұйымдастыру және жүргізу. Зерттеу нысаны – жастардың мамандыққа дайындығы.

Зерттеу пәні- жалпы білім беретін мектеп оқушыларын мамандыққа дайындаудың мазмұны, формасы, әдістері және дидактикалық құралдары.
Зерттеу мақсаты – оқушыларды мамандыққа оқытудың ғылыми - әдістемелік негіздерін дайындау.

Зерттеудің жұмысшы жорамалы: жалпы білім беретін мектепте кәсіби оқыту тиімділігі артады, егерде:

әртүрлі кәсіпке дайындау мазмұнында ғылымның, жаңа технологияның талаптары, аймақтық мәселелер ескерілсе;

оқыту процесінде, оқытудың дидактикалық құралдары ретінде өндірістік негізде құрылған техника- технологиялық есептер мен тапсырмалар: жинақтау процесін ескеретін жинақтаудың технологиялық схемаларын түсіндіретін графикалық тәсілдер қолданылсы;

оқушылар еңбегін ұйымдастырудың жетік формалары қарастырылатын болса;

оқу бағдарламаларына кәсіпке оқытудың біріңғай мазмұны түзілетін болса;

оқу- тәрбие жұмыстары барысында оқушыларда кәсіби маңызды сапаларды қалыптастыруда V – VІІ, VІІ – ІХ, Х-ХІ сыныптарда сабақтастық қалыптасатын болса.

Зерттеу міндеттері

1.Өндіріс салаларына ғылым мен жаңа технологиялардың қарқынды енуі, олардың кәсіби дайындық мазмұнына қоятын талаптарын анықтау.

2.Оқушыларды кәсіпке баулу мазмұнындағы біріңғай кәсіби деңгейді анықтаушы талаптарды саралау.

3.Кәсіби оқытк бағдарламасы мазмұнын түзу және оны эксперименттік тексеру.

4.Кәсіби оқытудың тиімді дидактикалық құралдарын, формасын, әдәстерін анықтау.

5.Кәсіби оқытудың дидактикалық негіздерін дайындау.


Зерттеу жұмысының әдіснамалық және теориялық негіздері – табиғат, қоғам, ой дамуының заңдылықтары; теория мен практиканың диалектикалық бірлігі туралы; жүйелі – құрылымдық қатынас туралы; философиялық және психологиялық-педагогикалық тұжырымдамалар; жеке тұлғаны іс-әрекет арқылы дамыту теориясы; дамыта оқыту теориясы.

Зерттеу көздері. Қазақстан Республикасының “Білім туралы” Заңы, ҚР Конституциясы, қаулы-қарарлары, философтардың, психологтардың, педагогтардың материалдары,; Қазақстан Республикасы орта білім мемлекеттік стандарты; Жоғары педагогикалық оқу орындарының, кәсіби оқыту орындарының оқу жоспарлары, бағдарламалары мен оқу –тәрбие процесі.
Зерттеу әдістері. Зерттеу маңыздылығы бойынша әдебиет көздерінен қажетті мәліметтерді жинақтау және оларды жүйелеу; ғылым мен өндіріс салаларындағы прогресті анықтау; жұмысшы кадрларды дайындаудың озық тәжірибелерін зерделеу; байқау, анкета, хронометраж, педагогикалық эксперимент.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: кәсіби оқытудың ғылыми негіздерін және мазмұнын түзу; жұмысшы кәсібін меңгерудің тиімді формаларын, әдістерін және оқытудың дидактикалық құралдарын түзу.

Зерттеудің практикалық маңызы: оқушылардың кәсіби оқыту мазмұнын дайындау; “Кәсіби оқытудың мазмұны, формалары мен әдістемесі” - әдістемелік оқу құралы; “Оқушылардың кәсіби дайындығының дидактикалық негіздері” монографиясын дайындау.

Тәжірибелік-экспериментальдық жұмыстар келесі бағыттарда ұйымдастырылады: жастардың кәсіби дайындығы бойынша жинақталған тәжірибелерді оқып үйрену; оқушыларды кәсіби оқыту бағдарламаларын эксперименттік тексеру; әдістемелік нұсқауларды тексеру және оларды оқу процесіне ендіру. Алға қойылған шешуде практикада орын алған әлеуметтік жағдайларға және алдыңғы қатарлы озық тәжірибелерге сүйену қажет.

3.

6-ші билет

1. Теория мен практиканың дилектикалық бірлігі

Наши рекомендации