Сынып. Қазақстан тарихы 1 страница

Сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның Ресейге қосылуының салдары мен маңызы

Сабақтың мақсаты:

· Қазақ хандығының Ресей империясына қосылуының себептері жөнінде түсіндіріп, отаршылдық басып алудың салдарын ашып көрсету;

· Оқушыларды топпен жұмыс істеу, басқалардың ойын тыңдау және толықтыру, сынды қабылдай білу, салыстыру және қорытынды шығару машықтарын жеьілдіру;

· Өз халқының өткен тарихына қызығушылыққа тәрбиелеу, патриоттық, Отансүйгіштік сезімдерді ояту.

Сабақтың түрі: аралас

Негізгі ұғымдар: форпост, редут, Қазақстанның Ресей империясына қосылу үрдісі, салдары мен маңызы, империя құрамындағы қазақ халқының саяси және әлеуметтік мәртебесі, орыс-қоқан қайшылығы, Ресей бодандығы.

Сабақтың жоспары:I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Бағалау

VI Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен амандасу.

2. Оқушыларды түгендеу.

3. Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау: үй тапсырмасының орындалуын тексеру және оқушылардың шығармашылық еңбегіне баға беру.

Жаңа тақырыптың жоспары:

1. Қазақтарыдың Ресей бодандығын қабылдауының себептері.

2. Ұлы жүз қазақтарының Ресей бодандығын қабылдай бастауы.

3. Орыс-қоқан қайшылығының шиеленісуі және Қоқанға қарсы соғыс қимылдарының басталуы.

Қазақ халқы жалпы айтқанда Ресей бодандығына өтуінің себептері ол Қазақ хандығының ауыр жай-күйі, қалмақтармен болған соғыс уақыттағы Қазақ хандығы біршама бытыраңқылыққа түскен еді. Көптеген қазақтар қоныс аударған болатын. Әскери демеуге ие боламыз деп Кіші жүз ханы Әбілқайыр хан және оның төнірегіндегілер адамдар Ресейге елшілік жіберді. Соған қоса қазақтар орыс халқымен үнемі әр түрлі сауда-саттық, экономикалық, әскери қатынастарды жасап отырған. Ресеймее алғашқы әскени одақ құру әрекеті XVIIІ ғасырдың бас кезінде жасалды. 1716 жылы Қайып хан жоңғарларға бірлескен күрес жүргізуді көздеген болатын. Ресей үкіметінің әскери қорғандарды салу себебін қазақтарды жоңғарлардан қорғаймыз деп түсіндірген болатын. Ресей үкіметі қазақтармен одақ жасау үшін мақсатта XVIIІ ғасырдың 30-шы жылдарында дипломатиялық қарым-қатынастарды орнай бастады. 1731 жылы Анна Иоановна Кіші жүз қазақтарының қол астына өту туралы грамотасына қол қойды. Содан осындай жағдай Орта жүзде де болды. ХІХ ғасырдың 20-шы жылдары Ұлы жүз аймағында біртұтас хан билігі қалмады. Соған қоса көршілес Орта Азия хандықтары жиі-жиі шабуылдап отырды. Ал Ресей Ұлы жүз аумағын қосып алуын өз мақсаттарына пайдалану үшін көздеді. Қазақ халқы Ресей бодандығын қабылдағанымен үнемі қарсылық жасап тұрған. Осы қарсылықтар жер мәселесіне байланысты, алым-салық жүйесіне қарсы бағытталған.

Тапсырма кезең

Оқушыларға мәтінмен өздік жұмыс тапсырылады, Ресей империясына қарсы бағытталған барлық толқуларды, көтерілістерді атап шығу,

Қазақ хандығындағы Хандық билікті жою үрдісінің барысының сипаттау,

Кесте толтыру

жылдар Көтерілістің басшысы Аумағы, нәтижесі
     

IV.Сабақты бекіту:

«Ұлы жүздің Ресейге қосылуы».

Жылдары Оқиғалар Маңызы мен салдары
     

V. Бағалау:

VI.Үйге тапсырма:

1. Ресей бодандығын қабылдаудың себептері мен алғышарттары.

2. Қазақстанға үлкен қызығушылық танытқан мемлекеттерді атаңдар. Олардың қызығу себептерін түсіндіріңдер.

3. Қазақ халқының Ресей бодандығына өтуінің тиімді және тиімсіз жақтарын кесте ретінде жасау.

сынып. Қазақстан тарихы

Сабақтың тақырыбы: Қазақ халқының Хиуа үстемдігі мен патша әкімшілігінің отарлау саясатына қарсы азаттық күресі.

Сабақтың мақсаты.

· Орта Азия мемлекеттер билігінде жүрген қазақтардың жағдайы туралы әңгімелеп, көтерілістердің тарихына, жеңілуінің себептері мен маңызына тоқталу;

· Оқуышлардың еске сақтау және шығармашылық қабілетін дамыту;

· Өмірге жауапкершілікпен қарауға тәрбиелеу, азаттық күресі жайлы айта келе оқушыларда патриоттық, Отансүйгіштік, елін, жерін сүйетін азамат тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас

Сабақтың барысы:

Сабақтың жоспары:I. Ұйымдастыру кезеңі

II Үй тапсырмасын тексеру

III Жаңа сабақ

IV Жаңа сабақты бекіту

V Бағалау

VI Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

1. Оқушылармен амандасу.

2. Оқушыларды түгендеу.

3. Оқушы зейінін сабаққа аудару

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау:

1. ХІХ ғасырдың 1-жартысында Қазақстанға ерекше назар аударған мемлекеттерді атаңдар. Олардың нащар аудару себептеріне тоқталыңдар.

2. ХІХ ғасырдың 2-жартысында қазақстардың Ресейцге қосылу үрдісі аяқталды. Сендердің ойларыңша қазақтар не себепті өз еркімен Ресейге қосылды? Өз жауаптарыңды деректермен дәлелдеңдер.

Сонан соң оқушылардың жауабына сүйене отырып, төмендегі кестені толтыру керек:

«Қазақстанның Ресейге қосылуының маңызы мен салдары»

Тиімді жақтары Тиімсіз жақтары
     

ІІІ. Жаңа сабақ жоспары:

1)

Ресей әскерилердің Қазақстанның Оңтүстігі мен Оңтүстік-шығыс аумақтары арқылы ілгері жылжи түсуі, Хиуа мен Қоқан хандықтары тарапынан үнемі шабуылдардың жассалып тұруы, олардың шектен тыс озбырлықтары мен шұрайлы жерлерді тартып алуы жергілікті қазақ халқының көтеріліске шығуына себеп болды. Ол көтерілістер кезінде халықтың қалын бұқарасын атақты батырла Жанқожа Нұрмұхаммедұлы мен Есет Көтібарұлы басқарды.Арал теңізі маңындағы қазақтарға қарсы шабуылды күшейе түскен мемлекеттердің бірі Қоқан хандығы болды. 1808 жылы қоқандықтар Ташкентті, 1814 жылы Түркістанды басып алды. 1818 жылы қоқандықтар Ақмешіт бекінісін басып алып, Сырдарияның оң жағалауына көшірілді. Қоқандықтар Ақмешіт пен басқа бекіністер аймағында көшіп-қонып жүрген қазақтардан жиналатын алым-салық түрлерін ауырлатып жіберді. Бұл мәселені бейбіт жолмен келісім жасау арқылы шешу әрекеттері сәтті түспеді. Сол себепті қазақ халқына көтеріліске шығудан басқасы жол қалған жоқ. Осы азаттық жолындағы күресті Жанқожа мен Есет батырлар басқарған болатын.

Тапсырма кезең

1-топқа тапсырма:

«Ж.Нұрмұхамедұлының Орта Азия мемлекеттеріне қарсы көтерілісі» және «Ж.Нұрмұхамедұлының Ресей үкіметіне қарсы көтерілісі» деген тақырыпшаларды оқып, кестені толтырыңдар

Жылдары Аумағы Көтеріліс себептері Әлеуметтік құрамы Негізгі шайқастар Жеңілу себептері Салдары мен маңызы
             

2-топқа тапсырма:

«Е.Көтібарұлы бастаған көтеріліс» деген тақырыпшаны оқып, төмендегі жоспар бойынша хабарлама дайындаңдар:

· Өмір сүрген жылдары

· Мінезіндегі қасиеттер

· Көтерілістегі негізгі оқиғалардың хронологиясы

· Жеңілу себептері

Қоқан хандығы Хиуа хандығы

Ташкент -1808 ж. Түркістан-1814 ж.

Құртөбе-1835 ж. Ақмешіт-1818 ж.

Қожанияз, Жаңақала -1835 ж. Бабажан

Бесқала Жаңақорған, Қосқорған

Сабақты бекіту:

Параграф соңында берілген сұрақтармен жұмыс істеу.

Үйге тапсырма:

23 параграфты оқу, көтеріліс тарихын оқытуға арналған №1 кестені толтырыңдар.

Сынып: 8 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________

Пән: Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның Ресейге қосылуының аяқталуы тарауын қорытындылау.

Сабақтың мақсаты:

· Қазақстан аумағының Ресей империясына қосылуының себептері жөнінде түсіндіріп, отаршылдық басып алудың салдарын ашып көрсету;

· Оқушыларды топпен жұмыс істеу, басқалардың ойын тыңдау және толықтыру, сынды қабылдай білу, салыстыру және қорытынды шығару машықтарын жетілдіру;

· Өз халқының өткен тарихына қызығушылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдісі: жаңа сабақты баяндау, дәріс.

Сабақтың жоспары:I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

· Оқушылармен амандасу.

· Оқушыларды түгендеу.

· Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

1) Қазақ халқын хиуалықтар мен қоқандықтарға қарсы шығу себептері неде ?

2) Қазақ халқын азаттық күресі барысында бастаған азаматтар ?

3) Ж. Нұрмұхаммедұлы мен Е. Көтібарұлы бастаған көтерілістерінің тарихи маңызы.

4) Ұлы жүз халқының патша өкіметіне қарсы күрестің ерекшеліктері ?

Жаңа сабақ жоспары.

1) Ресейдің Кіші жүзді өосып алу.

2) Патша үкіметінің Орта жүз қазақтары қосып алу тақырыбына шолу.

3) Ұлы жүздің Ресейдің қол астына көшуге шолу

III. Жаңа сабақ.

1 Кіші жүздің Ресеймен қарым-қатынас орнатудың себептері ол Жоңғариямен болған ұзақ та ауыр соғыс. Кіші жүз ханы Әбілқайыр хан өз мемлекетін сақтай алу әрекеттері қарапайым халықтың наразылығын тудырды. Бірақ та соған қарамастан 1731 жылы 10 қазанда Әбілқайыр хан Ресей императрицаға Майтөбе шатқалында ант берген болатын. Ресей үкіметі қазақтардың ақсүйектерінен ант алу үшін сыйлық, ақшалай көмек беруден тайынбады. Патша үкіметі қазақтардан ант алған соң шекаралық аймақтарда әскери бекіністер сала бастады. Кіші және Орта жүз қазақтарыының бір бөлігінің Ресейдің қол астына өтудің негізінен алғанда, ұзаққа созылған келеңсіз салдары болды. Қазақ халқы бірте-бірте өз тәуелсіздігінен айырыла бастады. Ресей үкіметінің шекаралас аймақтарынан әскери бекіністер салу бастады. Сөйтіп Ресеймен шекаралас қарым-қатынастар қиындап, барған сайын шиеленісе түсті. Қазақ-орыс қарама-қайшылықтары негізінен жер мәселесе болды. Патша үкіметі Қазақстандағы жерлерді тікелей тікелей тартып алуға және қазақ-башқұрт қатынастарының шиеленісін ушықтыра түсуге көшті. ХІХ ғасырдың 50-60-жылдарда Орынбор мен Омбы тарапынан патша үкіметі әскери күштерінің ілгері жылжуын бастады. Сырдарияның бойында әскери шекара шебі құрылды. Жетісу жеріне казак әскерлері орналасты. Орта Азиядағы мемлекеттері Хиуа, Қоқан, Бұхара хандықтарын бағындыру сәті түсті.

Ұлы жүз қазақтарының Ресейдің қол астына көшу себептері мынадай – Қытай, Хиуа, Бұхараның және Қоқанның Ұлы жүз қазақтарына қатысты әділетсіз саясат жүргізу болды.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1) Қазақ хандығы жоңғарлармен болған соғыстан қандай күйде шықты ?

2) Ұлы жүз қазақтарының патша үкіметінің жағын қолауының себептері қандай болды ?

3) Жалпы Ресейдің қол астына өтуді кім бастады.

1) Мұздықтардың пайда болуы туралы әңгімелеп беріндер ?

V. Бағалау:

1) Аңдасова Қ. - ________;

2) Рамазанов А. - ________.

VI. Үйге тапсырма: Қазақсанның Ресейдің қол астына өту тақырыптарын қайталау, оқу.

Сынып: 8 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________

Пән: Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Қазақтардың XIX ғасырдың 1 жартысындағы материалдық мәдениет.

Сабақтың мақсаты:

· Қазақ халқының XIX ғасырдың 1 жартысындағы материалдық мәдениеттін дамуы, жағдайы жайлы білім қалыптастыру;

· XIX ғасырдың 1 жартысындағы материалдық мәдениеті жайлы әңгімелей отыра Қазақ халқының өзге кезеңдерімен салыстыра отырып даму қарқының анықтау мақсатында оқушыларда салыстыру қабілеттерін дамыту;

· Оқушыларда өзелінің мәдениетің сүйу, Оқушылардың ұлтытық рухани мәдениетіне, әдебиеті мен өнеріне деген ынтасын артыру.

Сабақтың түрі: аралас.

Әдісі: жаңа сабақты баяндау, дәріс.

Сабақтың жоспары:I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

· Оқушылармен амандасу.

· Оқушыларды түгендеу.

· Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

1) Қазақ хандығының Ресей бодандығын қабыл алуға себептері қандай болды ?

2) Қазақтардан кім бірінші болып орыс бодандығына ант берген болды ?

3) Әбілқайыр ханның патша үкіметіне ант бергеннен соң қарапайым қазақтардың әрекеті қандай болды ?

4) Қазақстанның оңтүстік бөлігінде қазақ халқын қай мемлекеттер қыспаққа ала бастады ?

5) Ресей үкіметінің ант алғаннан кейін қандай құрылыстар салуға бет алды ?

6) Хандық билігін жоюға бағытталған Жарғылар қай жылы қабылданды ?

Жаңа сабақтың жоспары:

1) Қазақ ауылы. Қазақ халқының қысқы және жазғы тұрғын үйлері.

2) Мал шаруашылығы.

3) Егіншілік.

4) Аңшылық.

XIX ғасырдың өзінде-ақ қазақтардың шағын елді-мекендер ауылдар деп аталды. Қыруар мал басын бағу үшін қазақтар шағын ауыл болып тұруға мәжбүр болды. Әр ауылда шаруашылық 5-20 отбасынан аспады. Ауылдар ең жақын туысқандардан тұрды. Отбасындағы адамдар саны 5-7 адам. Ауылды басқаратын би немесе ақсақалдар болды. Қоныс таңдаған кезде су қорының молшылығын ескерді. Қазақтар жаз кезінде киізде тұрған болатын. Киіз үй кей жағдайда кедей қазақтардың баспанасы да болды. XIX ғасырдың 30-50 жылдарда қазақтардың отырықшы өмір салтына көшу себебінен олардың тұрақты баспана салу үрдісі кең қанат жайды. Қыста тұратын баспанасын қыстау деп атады. Қыстау әр түрлі құрылыс материалдардан салынды : тас, ағаш, шым және шикі кесек. XIX ғасырдың соңына қарай қазақтар төбесі 2 жақты беткейлі шатырмен жабылатын үй салуды үйренді. Үй ішінде аспісіретін әрі үйді жылытатын пеш салына бастады.

Мал шаруашылығы қазақтардың негізгі кәсібі болды. Мал қазақтарды тамақпен, жүнмен қамтамасыз етті. ХVІІІ ғасырдан бастап ірі қара өсіру таралды. Егіншілік қазақтарда көбінесе оңтүстік аудандарына дамыды.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1) ХVІІІ ғасырдағы қазақ халқының тұрмыс тіршілігі туралы баяндап беріндер.

2) ХVІІІ ғасырда қазақтардың баспанасының өзгеріске ұшырауының себептерін ашындар ?

3) Қазақ халқының елді-мекендердің түрдері қандай болды ?

V. Бағалау:

1) Аңдасова Қ. - ________;

2) Рамазанов А. - ________.

VI. Үйге тапсырма: параграф 24, оқу, қазақтардың егіншілігін, балық аулау, мал шаруашылығын дамыту әдістерін, аңшылықты қарастыру, конспект жазып келу.

Сынып: 8 «а». Сабақ №:____________ Күні:_______________

Пән: Қазақстан тарихы.

Сабақтың тақырыбы: Қазақстандағы халық ағарту ісі.

Сабақтың мақсаты:

· Оқушыларды ХІХ ғасырдың соңы-ХХ ғасырдың бас кезіндегі Қазақстандағы білім беру жүйесінің құрылымы және негізгі бағыттарымен таныстыру, патша әкімшілігі халық ағартыу саласында қандай мақсаттар көздегенін, өлкедегі оқу-білім ісінің маңызын ашып көрсету;

· Оқушыларды ХІХ ғасырдың соңы мен ХХ ғасырдың басындағы тарихи оқиғаларға шығармашылық тұрғыда талдау жасай білу әдісіне үйрету және білімнің маңызы жайлы логикалық-танымдық ойлау жүйесінің дамып,тақырыпты терең меңгеруге деген қызығушылығының арта түсуіне ықпал ету;

· Алға қойған мақсатқа жетуде оқушыны табандылық таныту, қажырлылық көрсету және шыдамды болуға тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: аралас.

Негізгі түсініктер: зайырлы және діни білі, медресе, оқу пәндері, кадет корпусы, семинария, жаңа әдістемелік мектептер.

Әдісі: шағын дәріс, сұрақ-жуап.

Сабақтың жоспары:I. Ұйымдастыру кезеңі.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

III. Жаңа сабақ.

IV. Жаңа сабақты бекіту.

V. Бағалау.

VI. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

· Оқушылармен амандасу.

· Оқушыларды түгендеу.

· Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

1) Қазақ аулының ХVІІІ ғасырдан ХХ ғасырдың бас кезіне дейінгі кезеңіндегі жағдайы ?

2) Көшпенділердің жазғы және қысқы баспана түрлері қандай болды ?

3) Қазақтардың егіншілікпен айналысудың себептері қандай ?

4) 1-ші оқушы Қақақстандағы егіншілік, балық аулау ісі туралы баяндайды.

5) 2-ші оқушы мал шаруашылығы мен аң аулау туралы баяндайды.

Жаңа сабақтың жоспары:

1) Қазақтардың дәстүрлі оқу-ағарту ісі. Жаңа әдістемелік мектептер.

2) ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырдың басында өлкедегі зайырлы мектептер мен оқу орындарының ашылуы.

3) Дала өлкесінде ауылдық мектептердің пайда болуы.

4) Омбы – Дала өлкесіндегі ағарту ісінің ірі орталығы.

5) Ресей империясындағы жоғары оқу орындарында оқушы қазақ жастары.

III. Жаңа сабақ.

Қазақ халқы ертеден бастап үнемі сауат алуға ұмтылған болатын. Бұған мысал ретінде қазақ халқы арасында әр түрлі мақал-мәтелдердің көптігі. ХІХ-ХХ ғасырдың бас кезінде Қазақстанда халыққа білім беру ісі 2 бағытта жүргізілді: діни және зайырлы. ХІХ ғасырдың бас кезінде қазақ балалары мектептер мен медреселерде мұсылманша білім алды. Оқыту ата-аналардың қаржы есебінен жүргізілді. Сол себепті ауқаттылар ғана оқыды. Соған қоса ер балалар оқыды. 1870 жылдан бастап патша үкіметінің бастамасы бойынша медреселерде міндетті түрде орыс тілі негіздерін үйрету еңгізілді. Кейіннен патша үкіметі мұсылманша оқытуды өз бақлауына алуға тырысты. Мысалы: 1867-1868 жылдардағы әкімшілік реформалар бойынша мектеп мен медресе ашу үшін уезд бастығының арнайы рұқсатын алу керек еді. ХХ ғ-дың бас кезінде діни оқу орындары өскелең талаптарын қанағаттандырудан қалды. Мұсылман мектептерін реформалау қозғалысы басталды. Оны ұйымдастырушылар жадидшілер болды. Осы кезден бастап жаңа әдістемелік мектептер пайда болды. Оқытудың осы түрін негізін қалаушы түрік тілдес халықтарының ағартушыларының бірі И. Гаспринский болды. Жадидшілер мектептерде арифметика, география, жаратылыстану, тарих сияқты басқа да зайырлы пәдерді оқыту қажеттігін дәлелдеді. Қазақстанда алғашқы жаңа әдістемелік мектеп 1900 ж. Түркістан қаласында ашылды. Содан Верный, Қазалы, Қостанай, Перовск, Семей сияқты басқа да қалаларда пайда болды. Қазақ зиялылардың көп бөлігі жаңа әдістемелік мектептерде оқыды. Бірақ патша үкіметі жаңа әдістемелік мектептердің таралуына жол берген жоқ. Себебі осы мектептер панисламизм, пантүркизм ошақтары деп саналды.

ХІХ ғасырда Ресейде әскери ущилищелер ашыла бастады. Кейіннен олар Сібір және Орынбор кадет корпусына айналды. 1841 жылы Бөкей хадығында Жәңгір ханның бастамасымен алғашқы қазақ мектебі ашылды. Осы мектептерде орыс тілін, математиканы, географияны, бірқатар шығыс тілдерін, ислам дінінің негіздерін оқып үйренді.

Тапсырма кезеңі.

Кесте толыру.

ХІХ ғасырдың 1 жартысында ашылған зайрлы мектептер мен оқу орындары Ұқсас жақтары ХІХ ғ-дың 2 жарт. Мен ХХ ғ-дың басында ашылған зайырлы оқу орындары
     

IV. Жаңа сабақты бекіту.

1) Қазақ қоғамында мектептер мен медреселер қандай рөл атқарды ?

2) Жаңа әдістемелік мектептер дегеніміз не ?

3) Қазақстнда зайырлы мектептер ашу үрдісі қалай жүрді ?

4) Діни мектептердің мен зайырлы мектептердің айырмашылығы ?

V. Бағалау:

1) Аңдасова Қ. - ________;

2) Рамазанов А. - ________.

VI. Үйге тапсырма: параграф 43, тақырыптың 5, 6, 7 тақырыпшаларды үйде қарастырып баяндама дайындау.

Наши рекомендации