Гершунский Б.С, Никандров Н.Д. Педагогикадағы әдіснамалық білім, М., 1986. С. 30-31.
Тіпті әлеуметтік педагогикаға арналған әдіснамалық негіздердің функциясын да әлеуметтану, психология, әлеуметтік құқық, әлеуметтік информатика, педагогика және пәндік әдіснама болып табылатын және әлеуметік педагогикада пәндік әдіснамалық тұрғылар түрінде жүзеге асырылып отыратын өзге ғыылмдар атқарады. Олар, өз кезегінде әлеуметтік педагогикаға қатысты жеке әдіснамалық функцияны жүзеге асырады және соның әдіснамалық негіздерінің рөлінде шығып отырады.
Білімнің абстрактілік критериінің әлеуметтік педагогиканың ғылымдардың жалпы жүйесіндегі, ал соның әдіснамасының – пәндік, жалпы ғылыми және философиялық әдіснамалар жүйесінде алатын орнын анықтау үшін маңызы зор (2-сұлба).
Сонымен қатар білімнің абстрактілік критериі (кейде ол білімнің қабаттылығы не деңгейлілігі критериі деп аталып отырады) әдіснама деңгейлерінің диалектикасын ғана емес, сонымен қатар оның қалыптасу әдістерін анықтап отыруға мүмкіндік береді. Қазіргі уақытта осы проблемаға деген екі көзқарас танымал болуда.
Бірінші көзқарасқа сәйкес әлеуметтік педагогика әдіснамасының құрамына анағұрлым жоғары абстракциядағы әдіснамалық білімдер кіреді. Оның әдіснамасының қалыптасу жолын негізгі деп санау қабылданған. Осы көзқарас өкілдерінің пікірінше әлеуметтік педагогика әдіснамасының бір бөлігін өзге ғыылмдардың философиялық, социологиялық, политологиялық, педагогикалық қағидалары мен идеялары құрайды.
Екінші көзқарас (және автор дәл соны ұстануда) мынаған негізделген, яғни әлеуметтік педагогика әдіснамасының қалыптасуы дәл осы әлеуметтік-педагогикалық білімдерді (жалпы ақиқаттың, әлеуметтік практиканың әлеуметтік-педагогикалық бөлігін көрсететін) зерттеу арқылы, алайда анағұрлым жоғары абстракциядағы білімнің әдіснамалық функцияларын, яғни әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық негіздерін ескерумен жүзеге асырылады.
2-сұлба. Әдіснама деңгейлерінің диалектикасы
Өзге ғылымдардың (философия, социология, психология, педагогиканың және басқ.) білімнің әдіснамалық функциясын ескеру зерттеушіге солардың білімдерін әлеуметтік педагогика әдіснамасының құрамына енгізуге негіздеме бермейді. Олай болмаған жағдайда ғалымның көзқарасының әдіснамалық тұрғыдан анықсыз болуымен, соның ғылымтану тұрғысынан белгісіздігімен істес болып отыруға тура келеді.
Әлеуметтік педагогикада қолданылатын анағұрлым жоғары абстракциядағы білімдердің теория түрінде ұйымдастырылумен жиынтығында әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық негіздерінің теориясын құрайтыны орынды жағдай. Ол үшін олар әлеуметтік педагогиканың ғылыми пән ретінде терминдері мен категорияларында тиісті түрде аспаптандырулы тиіс және содан кейін ғана сонда қолданылып отыруы мүмкін. Мұндай көзқарас барынша ақталған және негізделген болып табылады: жалпылама белгі дара белгіден айқындалып отырады, алайда оның бүкіл мазмұнын құрамайды.
Сонымен, білімді әдіснамалық білімге жатқызу үшін қолданылатын оның асбтрактілік (қабаттылық не деңгейлілік) критериі әлеуметтік педагогика әдіснамасының орнын, сондай-ақ оның анағұрлым жоғары абстракциядағы әдіснамамен қатынасының сипатын нақтылауға мүмкіндік береді. Бұл қатынас - әлеуметтік педагогиканың өзінің соның дамуына ықпал ететін, алайда оның мазмұнын құрамайтын әдіснамалық негіздерімен қатынасы.
Осы критерий мен әдіснама деңгейлерінің қатынасына сәйкес әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық негіздері теориясының құрылымын 3-сұлба түрінде ұсынуға болады.
Әлеуметтік педагогиканың ғылыми-практикалық негіздері
Әлеуметтік педагогиканың жеке ғылыми негіздері
Әлеуметтік педагогика
ның жалпы ғылыми негіздері
Әлеуметтік педагогиканың жалпы әдіснамалық негіздері
Әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық негіздерінің теориясы
3-сұлба. Әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық негіздері теориясының құрылымы
Білімдердің абстрактілік критериі әлеуметтік педагогиканың әдіснамалық негіздерінің құрылымына негіз болумен оның өзге ғыылмдармен қатынастарын белгілейді. Әлеуметтік педагогиканың жалпы әдіснамалық негіздері жалпы және әлеуметтік философия мен политологияның негізгі қағидаларының соған арнап бейімделуімен байланысты1.
Әлеуметтік педагогиканың жалпы ғылыми негіздері келесі ғыылмдардың қағидаларын құрайды: педагогика, социология2, жалпы және әлеуметтік психология3; антропология4, психиатрия, әлеуметтік құқық5, әлеуметтік басқару, әлеуметтік информатика, әлеуметтік жұмыс16), тарихя, валеология6,экология7, медицина, қақтығыстану, мәдениеттану8. Ерекше орынға әлеуметтік педагогика мен дінтану ғылымының қатынастары ие болуда.
Жоғарыда аталған бірқатар ғылымдардың ережелері әлеуметтік педагогика әдіснамасының құрылымына тікелей енбейтіні, олар әлеуметтік педагогиканың терминдері мен категорияларында арнайы бейімдегеннен кейін ғана соның әдіснамасын (жалпы ғылыми деңгейде – жалпы ғылыми негіздер17) құрап отыратыны түсінікті жағдай.
Вишняков А. С. Әлеуметтік педагогика мен әлеуметтік саясаттың диалектикалық өзара байланысы ғылыми зерттеудің тақырыбы ретінде, 4 2000, Сорокин П. А. Әлеуметтік педагогика мен саясаттың танымал очерктері// Орыс шетелінің 20-шы жылдардағы педагогикалық мұрасы. М, 1993; Холостое а ЕЖ Әлеуметтік политика. М., 2000.
Григорьев С. И., Демина Л. Д. Әлеуметтік педагогиканың психология-социологиялық негіздері. Барнаул, 1996; Демиденко Э.С. Әлеуметтік педагогика: педагогиканың социологиямен ықпалдасуы // Әлеуметтік жұмыстың теориясы мен практикасы. Отандық және шетелдік тәжірибе. Тула, 1993.
Григорьев С.И., Демина Л.Д. Әлеуметтік педагогиканың психология-социологиялық негіздері. Барнаул, 1996; Әлеуметтік педагогика мен әлеуметтік психология: Волгогр. обл. студенттер мен жас ғалымдарының І вузаралық ғыл.-прак. конф. баянд.тез. (5-9 дек. 1994 ж.) Волгоград, 1994.
Серебрякова Т. В., Гуманистік антропология әлеуметтік педагогиканың негізі ретінде // Ярославский педагогический вестник. Ғыл.-әдіст. журн. 1997. № 1 (7); Яркина Т.О. Гуманизм әлеуметтік педагогиканың теория-әдіснамалық негізі ретінде. Соликамск, 1997.