Түзету тәсілдері 2 страница

- қос гемиплегия;

- спастикалық диплегия;

- гемипаретикалық түрі;

- гиперкинетикалық түрі;

- атоникалық-астатикалық түрі;

- аралас түрі.

1. Қос (екіжақты) гемиплегияда аяқ-қол функциялары бірдей бұзылады,

яғни тетрапарез байқалады. Ондай балаларда көпке шейін патологиялық рефлестері сақталады: тоникалық рефлекстер мүлдем жойылмайды, тік тұру рефлексі дамымайды. Соның салдарынан баланың ерікті моторикасы дамымайды. Мұндай балалардың көбінде олигофрения байқалады, сөйлеу тілі дизартрия немесе анартриямен сипатталады.

2. Спастикалық диплегияда қолдары аяғына қарағанда аз зақымдалады.

БЦСА-ң бұл түрі Литтл ауруы деген атпен белгілі болатын. Параличтің бұл түрінде психикалық дамудың кешеуілдеуі көп байқалады.

3. Гемипаретикалық түрінде біржақ қол мен аяқ зақымдалады. 80%

балаларда БЦСА-ң бұл түрі ерте постнатальді кезеңде дамиды. 25-30% балаларда ақыл-ойының бұзылуының жеңіл түрі, 45-50% балаларда ПКД, 25-35% балаларда сөйлеу тілінің бұзылуы, жиі псевдобульбарлы (жалған сопақша ми) дизартрия байқалады.

4. Гиперкинетикалық түрінде артикуляциялық және қаңқаның бұлшық

еттерінде 4-6 айдан бастап гиперкинездер байқалады. Психикалық дамуында, қалыпты балаларға қарағанда, біраз кешеуідеуі байқалады, ойлау қабілеті қалыпты дамиды. Бұлшық еттердің дистониясы байқалады.

5. Атоникалық-астатикалық түрі мишықтың зақымдалуына

байланысты. Бір жаста бұлшық еттердің гипотониясы байқалады. 12-15 айда ерікті қимыл-қозғалысы дами бастайды.

6. Аралас түрі. Бас миының ерте жаста органикалық зақымдалу

салдарынан, көбінесе БЦСА-ң аралас түрі кездеседі. Негізгі қимыл-қозғалыстың бұзылуымен қатар, клиникалық симптоматикасында бұлшық еттер тонусының, моторикасының, ерікті қимыл белсендігінің бұзылуы байқалады. Интелектісі мен сөйлеу тілінің бұзылу денгейі әр түрлі болуы мүмкін. Аралас түрде бір бұлшық еттер әлсіз, солғын паралич байқалса, екіншісінде спастика байқалады.

Сонымен, БЦСА-ң барлық түріне тән психикалық дизонтогенезінің

төмендегідей жалпы сипаттамасы байқалады:

- әр түрлі психикалық функциялардың дамуы біркелкі емес;

- ми қыртысының функцияларының кешеуілдеп дамуы;

- интеллектуальдік және эмоционалдық жетілмеуімен сай келеді;

- ұғымдық, абстракциялық ойлауының кешеуілдеп қалыптасуы практикалық тәжірибесінің жеткіліксіздігімен негізделді;

- ауытқудың барлық түрінде астеникалық-органикалық синдром кездеседі.

Қорытынды:

1. БЦСА -да әр түрлі себептердің салдарынан баланың құрсақта жатқанда, перенатальді, постнатальді кезеңдерде мидың органикалық зақымдалуы.

2. БЦСА – да нейроонтогенез бағдарламасы бұзылып келесі феномендерді қоздырады:

- функциональді жүйенің дамуының әр кезеңінде ауытқуын (әсіресе қатерлі кезеңдерде);

- бала есейген сайын мидың құрылымының өзгеруіне байланысты функциональдік тапшылық байқалады;

- клиникалық көріністер мидың жеке аймағының зақымдалу симптомы емес, ол қимыл, перцептивтік, интеллектуальдік, сөйлеу және коммуникативтік процестердің даму барысының ауытқуының нәтижесі болып саналады.

Балалардың дизартриясы

Балалардың дизартриясы церебральді параличтің резидуальдік фонында 85% балаларда байқалады. Балалардың дизартриясың клиникалық белгілері, ересектердің белгілеріне ұқсас болады, атап айтсақ:

- бұлшық еттердің тонусының бұзылуы;

- артикуляциялық моторикасының бұзылуы;

- даус шығарудың бұзылуы,

- тыныс алудың бұзылуы.

Аталған ұқсастықтармен қатар клиникалық белгілерде әр түрлі денгейдегі, сипаттағы өзгерістер кездеседі:

- балаларда мидың органикалық зақымдалуы сөйлеу тілі дамымай

тұрғанда пайда болады. Сондықтан сөйлеу онтогенезінің барысы бұзылады ( уілдеуі, былдырлауы, алғашқы сөздері кеш байқалады);

- ересектерде дизартрия мидың локальді (белгілі бір бөлігі)

зақымдалады, балаларда мидың іс-әрекеті диффузды (ұласқан) бұзылу салдарынан болады;

- балалардың дизартриясы, БЦСА-дей құрсақта жатқандағы, перинатальді немесе ерте жастағы мидың органикалық зақымдалудың салдарынан болады. Мидың іс-әрекетінің ерекшелігі қоршаған орта туралы толық мағлуматтарға мүмкіншілік бермейді, бұл баланың психикалық функцияларының, сөйлеу тілінің, тұлғаның дамуын тежейді.

Қазіргі кезеңге дейін балалардың дизартриясын топтастыру (классификация) мәселесіне әр түрлі көзқарастар бар. Көптеген авторлар балалардың дизартриясы мен ересектер дизартиясының айырмашылығы бар екенін атап көрсетеді (М.Б. Эйдинова, К.А. Семенова, Е.М. Мастюкова, т.б.), бірақ зерттеушілердің ешқайсысы балалардың бульбарлық дизартриясын атамайды немесе бөлмейді. Зерттеушілердің көбі балалардың дизартиясын келесі түрлерге бөледі:

- спастикалық-паралитикалық;

- спастикалық-регидтік;

- гиперкинетикалық;

- атактикалық.

Спастикалық-паралитикалық дизартрия

Дизартрияның бұл түрі екі жақтағы пирамидтік жолдардың зақымдалу салдарынан болады. Негізгі белгілері жалған бульбарлы (псевдобульбарлы) дизартияның белгілеріне ұқсас болады. Бұл түрінде алдымен ауызша сөйлеу тілінің фонетикалық жағы, күрделі артикуляцияларды ажыратуы, еріксіз қимылдары бұзылады, еріксіз рефлекторлы қимылдары сақталады.

Дизартрияның бұл түрінің төмендегідей нұсқалары кездеседі:

- спастикалық түрі. Негізгі белгісі- бұлшық еттерінің тонусының

қатаюы;

- паретикалық түрі. Бұл түрінің негізгі белгісі - бұлшық еттерінің

тонусының қатаюымен қоса, сөйлеу мүшелерінің кейбір бұлшық еттерінің тонусының төмен, бос болуы;

- гиперкинетикалық түрі. Негізгі белгісіне бұлшық еттерінің тонусының

қатаюы мен еріксіз қимылдар (тремор түрінде) жатады.

Спастикалық түрінің сипаттамасы

Сөйлеуге талаптанғанда артикулыциялық мүшелерінің қимылы бірден бұлшық еттердің тонусын қатайтады. Кейде қолдың, аяқтың бұлшық еттері де қатаяды. Тіл артқа қарай тартылады, тіл «кесектеліп» немесе жіңішкеріп, тілдің ұшы жоғары көтеріліп тұрады. Көптеген оральді синкинезиялар кездеседі, тілді жоғары көтере алмайды. Көбінесе тіл алды дыбыстары бұзылады (Р, Л, Ж, Ш, Г, Т, Д), дауысты дыбыстар мұрыннан айтылады. Сөйлеу тілінің темпі баяу, дауысы қырылдап шығады.

Дизартрияның спастикалық түрінде сөйлеу тілінің бұзылуын үш деңгейге бөледі: жеңіл түрінде ауызша сөйлеу тілі түсінікті, тек кейбір дыбыстар ғана анық айтылмайды. Орташа деңгейде көптеген дыбыстар бұзылып айтылады. Ауыр түрінде сөйлеу тілі түсініксіз, көптеген дыбыс топтары бұзылады, сөйлеу процесінде беттің, қолдың бұлшық етерінде көптеген синкинезиялар байқалады.

Паретикалық түрінің негізгі синдромы сөйлеу мускулатурасының спастикалық парезі болып саналады. Сонымен қатар кейбір бұлшық еттердің бірден тонусының төмендеуі, әлсіреуі байқалады.

Бұлшық еттердің солғын параличпен зақымдалуына байланысты жұмсақ таңдай салбырап қалуы мүмкін, ол дауыстың мұрыннан шығуына себеп болады. Тілдің арқасының жеткіліксіздігінен Л,И,Ы,У дыбыстарының бұзылуы мүмкін. Солған параличтер ерін бұлшық еттерінде кездессе, онда еріндік дыбыстар (П,Б,М) дауысты дыбыстар (И,Ы,У) бұзылуы мүмкін. Кейде саливация (сілекей ағу), беттің гипомимиясы байқалады.

Гиперкинетикалық түрінде пирамидалық жолдардың зақымдалуымен қоса ми қыртысы астындағы ядролар мен оның байланысы бұзылады. Бұлшық еттердің тонусының қатаюы тремормен бірге байқалады. Дизартрияның бұл түрінде сөздің жатықтығына әсер ететін сөйлеу тілінің просодикасы айтарлықтай бұзылады және көбінесе анартрия кездеседі.

Қорытынды.

1. Дизартрияның спастикалық-паралитикалық түрінің механизмінің

негізінде орталық спастикалық паралич жатыр.

2. Спастикалық-паралитикалық түрі мидың әр түрлі құрылымдарының

зақымдалуына байланысты үш түрге бөлінеді:

- спастикалық;

- спастикалық-паретикалық;

- спастикалық - гиперкинетикалық.

3. Алдымен артикуляциясы күрделі дыбыстар бұзылады.

4. Дауысты, дауыссыз дыбыстар мұрыннан айтылады.

5. Дауыс әуезділігі бұзылған, қырылдақ.

6. Просодикасы бұзылған.

7. Сөйлеу тілінің дамуы кешеуілдейді, фонетикалық-фонематикалық жетілмеуі байқалады.

Гиперкинетикалық дизартрия

Дизартрияның гиперкинетикалық түрі (ми қыртысы асты, экстропирамидалық) стриополидарлық жүйесінің және оның мидың басқа құрылымдарымен байланысының бұзылу салдарынан болады. Орталық нерв жүйесінің зақымдалуында экстропирамидалық жүйесінің функциясының бұзылу симптомдары: бұлшық еттердің тонусының тұрақсыздығы (дистония) және дене қалпын сақтай алмауы. Дизартрияның бұл түрінде естудің нашарлауы кездеседі, соның салдарынан фонематикалық қабылдау процесінің дамуында қиындықтар туындайды. Ұқсас фонемаларды ажырату қиыншылықтары, сөздің мағынасын түсінуін қиындатады.

Сонымен қатар ауызша сөйлеу тілінің жылдамдығы мен ырғақтылығының ерекше бұзылуы, сөйлеу кезіндегі тыныс алуының қалыптаспауы, артикуляциялық, мимикалық, бұлшық еттердің гиперкинездері байқалады.Аталған симптомдардың баланың көңіл күйіне байланыстылығы дизартрияның бұл түрін тұтықпаға ұқсатады.

Қорытынды.

1. Гиперкинетикалық дизартрияның белгілеріне дистония, дискинезия

жатады.

2. Ми қыртысы асты дизартрияның негізгі белгісі сөйлеу тілінің

просодикалық жағының бұзылуы: сөйлеудің жылдамдығы мен ырғақтылығының тұрақсыздығы, тыныс алуы мен дауыс шығаруының бұзылуы.

3. Дыбыс айтуы тұрақсыз. Дыбыс айтуының бұзылуы гиперкинездің

таралуы мен ауырлығына және сөйлеу кезінде көңіл-күйінің жағдайына байланысты.

4. Дизартрияның гиперкинетикалық түрі балаларда жеке сирек кездеседі,

көбінде спастикалық белгілермен қоса жүреді.

5. Сөйлеу тілінің дамуы қалыпты мөлшерде.

Дизартрияның атоникалық-астатикалық түрі

Дизартрияның бұл түрін ауырлығы бойынша екі денгейге бөледі: дизартрияның көмескі түрі немесе дизартрияның минимальді байқалуы және ауыр түрі – анартрия. Сөйлеу тілінің басқаларға түсініктілігінің денгейіне қарай С. Тардьенің (1968) топтастыруы бар:

- дыбыс айтуының бұзылыстарын тек арнайы тексеру барысында ғана

анықтауға болады;

- дыбыс айтуының бұзылуын бәрі де байқайды, сөйлеу тілі басқаларға

түсінікті;

- баланың сөйлегенін тек жақын адамдар ғана түсінеді;

- сөйлеу тілі баланың жақындарынада түсініксіз.

Дыбыс айту мүмкіншіліктерінің мүлдем болмауы немесе нашар байқалатын дизартрияның ауыр түрін анартрия деп атайды. Әдетте ондай балаларда ми қыртысы асты аумақтарының зақымдалуына байланысты қол, артикуляция, дауыс және тыныс алу праксистері бұзылады. Ондай балаларда сөйлеу тілі мүлдем болмайды, дыбысты және буынды қайталауы шектелген, тек кейбір дауысты дыбыстарды «а», «э», сирек - «у», «о», «и» дыбыстарында байқалады. Анартрияда балалардың сөз түсінігі сақталған, ол фонематикалық қабылдауының біршама сақталғанын көрсетеді.

Дизартрияның көмескі түрінің сипаттамасы

Логопедияда дизартрияның көмескі түрі сөйлеу тіл кемістігінің ерекше түрі болып 20-ғасырдың 50 - 60 жылдары бөлініп шыға бастады. Р.А.Белова-Давид патогенетикалық принципке негізделген сөйлеу тілінің дыбыс айту бұзылуының классификациясында екі негізгі түрін атайды: бұзылудың функционалды дислалиясы және орталық нерв жүйесінің органикалық зақымдалуының салдарынан болған дизартрия.

Е.Ф. Соботович мектеп жасына дейінгі балалардың дыбыс айту бұзылыстарының патогенезін ескере отырып жүйелейді және неврологиялық симптоматиканың негізінде көрінген органикалық негізі бар дыбыс айтуының бұзылыстарын анықтайды. Ғалым бұл бұзылыстарды дизартриялық қатарындағы бұзылыс деп топтастырады.

Бұл бұзылыс симптаматикасы БЦСА кезіндегі көрінетін дизартрияның классикалық түрлерінен өзгеше. Басқа да рессейлік және шетелдік зертеушілер симптоматикасы және табиғаты дислалия мен дизартрияға тән емес дыбыс айтылуының қалыптасуының бұзылуы байқалады деп дәлелдейді.

Аталған кемістіктің табиғаты көпке дейін белгісіз болды. Соған байланысты терминалогиясы әр түрлі (апраксикалық дизартрия, артрикуляторлы диспраксия, органикалық, орталық немесе күрделенген дислалия, функционалды дизартрия, минимальді дизартриялық бұзылыс және т.б.) болды. Кейінірек Е.Ф.Собатович, Р.И.Мартынова, Э.Я.Сизова, Э. С. Макарова, Я. В. Лопатина және т.б. бұл кемістікті көмескі дизартрия немесе дизартрияның көмескі түрі деп атайтын болды.

«Дизартрияның көмескі түрі» деген терминді ең алғаш рет О. А. Токарева қолданған. Оның пікірі бойынша, аталған кемістігі бар балалар көп дыбыстарды дұрыс айталады, бірақ еркін сөйлеуде олар машықтандырылмаған және ажыратылмаған болады.

Зерттеулер алғашқыда дизартрияның көмескі түрін дыбыс айту кемістігіне жатқызғаннан кейін көптеген авторлар оны сөз және сөзсіз функция симптоматикасы ретінде қарастыратын болды. Қазіргі таңда арнайы әдебиетте дизартрияның көмескі түрі бас ми минимальді дисфункциясының салдарынан болған кемістік деп қарастырылады. Дыбыс айтуының бұзылуымен қатар зейін, есте сақтау қабілетінің, интелектуалды әрекет, ерік, жеңіл қозғалыс бұзылады және жоғары ми қыртысы функцияларының қалыптасуының бұзылыстары байқалады.

Дизартрияның көмескі түрінің этиологиясын зерттеушілер (бас ми құрылымына пренатальді, натальді, ерте постнатальді кезінде әсер ететін жағымсыз фактрлар) органикалық себептермен байланыстырады.

Көптеген жағдайда анамнездез баланың дамуының үш кезеңіде бір қатар жағымсыз факторлар тізімі кездеседі. Жағымсыз факторлардың ішінде жүктіліктің токсикозы, ұрықтың хроникалық гипоксиясы, анасының жүктілік кезіндегі хроникалық ауруы, анасымен ұрықтың резус - конфликттік жағдайлардағы нерв жүйесінің минимальді зақымдалуы, жеңіл асфиксиясы, туылған кездегі жарақаттану, баланың нәрестелік кезіндегі инфекциялық аурулары, т.б. Зерттеушілердің айтуы бойынша, баланың дамып келе жатқан миында жағымсыз факторлардың әсерінен зақым жайылмалы түрде болады және мидың толық дамуын тежейді, оның құрылымының қызметін бұзады.

Дизартрияның көмескі түрі болған жағдайда әр түрлі неврологиялық симптоматикасы бар екенін ресейлік және шетелдік зерттеушілер атайды.

Орталық нерв жүйесінің органикалық зақымдалуының симптомдары парездердің көмескі түрінде, бұлшық еттердің тонусының өзгеруінде мимикалық және гиперкинезде (еріксіз қозғалыстары - артық), паталогиялық рефлекстерде, вегетативті нерв жүйесінің бұзылуында байқалады.

Г. В. Гуровец, С. И. Маевская, Б. А. Архипова дизартрияның көмескі түрі бар балаларда көз - қимыл жүйкесінің қызметі бұзылады дейді.

Бұл жағдайда бір жақты птоз, қылыйлық, көз алмасының қимыл- қозғалысының шектелгені байқалады.

Дизартрияның көмескі түрі бар балалрдың қимыл-қозғалысы баяу, шектелген болады. Мұндай балардың жалпы моторикасы ұсақ моторикасына қарағанда жеткіліксіз зерттелген. Көптеген авторлар дизартрияның көмескі түрінде ұсақ моторикасының бұзылуы артикуляциялық моторикасының бұзылуымен бірге басқарушы симптомдардың бірі деп санайды. Л. В. Лопатина, Н. В. Серебрякова, балалардың ұсақ моторикасының бұзылуын айта отырып, олардың моторикасының нақты еместігін, үйлеспегендігін айтады.

А. В. Семенович синергетикалық сенсомоторлы жөне реципрокты үйлесімдерінің күрлелі бұзылуына, синкенизияларының көптігіне назар аударады. Артикуляциялық моторикасының зерттеу кезінде дизартрияның көмескі түрі бар болғанда бұлшық еттерінің қызметінің бұзылуы байқалады.Үшкіл нервтің төменгі бөлігімен, бет, тіл асты және тілжұтқыншақ нервтермен инервацияланатын үшкіл нервтің ( жұп) қызметі бұзылғаны төменгі жақ сүйегінің қимыл көмегінің шектелуінен көрінеді. Бұл жағдайда тіл және еріннің синкенезиялары, қимылдарының шектелуі, нақтылығы еместігі байқалады. Бет нервінің (VII жұп) қызметінің бұзылуы дизартрияның көмескі түрі бар балаларда мұрын, ерін қатпарларының ассиметриясы, тегістігі, мимикалық қимыл көлемінің жеткіліксіздігі көрінеді.

Тіласты нервтің (XII жұп) иннервациясының бұзылуы тіл ұшының дірілі, оны статикалық қалыпта ұстауы, тілді жоғары көтеруі, бұлшық еттердің гипер- және гипотонусымен белгіленеді. Тіл жұтқыншақ нервтің (IX жұп) қызметінің бұзылуы жұмсақ таңдайдың жеткіліксіз көтерілуімен көрінеді. Сөйлеудің мұрындық ренкі байқалады, саливация, тілдің түбірі және ортасының қимылының көлемі шектеулі болады. Авторлар қимылдарының ауысуының, артикуляция мүшелерінің қимылдарын бір мезгілде қайталауының, персиверацияларының (еріксіз қайталанатын қимылдар), бір қатар қимылдарының қайталау кезінде орындарын алмастыруының қиындығы кездеседі деп ескереді.

Артикуляциялық аппараттың моторикасының аталған бұзылыстарды әр түрлі фонетикалық жетіспеушіліктерді дәлелдейді. О.А.Токареваның айтуы бойынша аталған балаларда дыбыс айтылуының бұзылуы дислалияға қарағанда күрделі болады және логопедиялық ықпалды ұзақ талап етеді.

Дыбыс айтудың ерекшеліктері инервацияның бұзылуының сипатына, артикуляция аппаратының мүшелерінің нерв бұлшық еттерінің қалпына байланысты болады.

Г. В. Гуровец және С. Н. Маевскаяның мәліметтері бойынша жиі кездесетін бұзылыстар дыбыстарды бүйірлік, тісаралық, жіңішкеріп айту болып табылады. Дизартрияның көмескі түрі бар балалар күрделі дыбыстарды артикуляциясы жеңіл дыбыстарымен алмастырады, аффрикаттарды оны құрайтын компоненттеріне бөледі, қатаң дыбыстарды ұяң дыбыстарға ауыстырып айтады.

Зерттеушілер аталған балаларға дыбыс айтудың полиморфты бұзылуы тән дейді. (93,2%) Ол, көбінесе бұрмалап айтуымен және мүлдем айтылмауымен сипатталатын дыбыстардың үш тобы: ызың, ысқырық, сонорлар. Бұндай балаларда просодикалық бұзылуы жақсы көрінбейді. Дауысының тембірінің ерекшеліктері (жоғары, күшті, шәңкілдек немесе керісінше әлсіз, төмен, бәсең) әр түрлі интонацияның жеткіліксіз дифференциясы байқалады. Сөйлеу тілі бір келкі, мәнерсіз болады. Дизартрияның көмескі түріне арналған көптеген зерттеулерде (Г. В. Гуровец, С. И. Маевская, Е. Ф. Соботович, Л. В. Лопатина т.б.) бұндай балалардың фонематикалық қабылдауының бұзылуы жиі кездеседі деп айтылады. Олар есту арқылы қатаң-ұяң, жуан-жіңішке, аффрикаттарды және олардың компоненттерін ажырата алмайды. Сөздің дыбыстық - буындық құрамының бұзылуы, дыбыстық - буындық талдау және жинақтау, фонематикалық түсінігін қалыптастыруының қиындығы оларға тән қасиет.

Дизартрияның фонематикалық жетіспеушілігінің механизм жайында әліде талас мәселе болып тұр.

Л. В. Лопатинаның айтуы бойынша мектеп жасына дейінгі балаларда анық емес артикуляциялық образдары мен дыбыстардың есту дифференциальді белгілерінің шекаралары өшіріледі. Ал есту арқылы анық қабылдау және бақылау жоқ болғандықтан дыбыс айтуындағы ақаулықтары сақталады.

Р.Е.Левина бұндай көрініс сөйлеу мүшелерінің морфологиялық және қимылдық зақымдануында көрінетін сөз кинестезиялары бұзылуы байқалады дейді .Сонымен, қазіргі дефектология әдебиеттерінде дизартрияның көмескі түрі кезінде кездесетін фонематикалық жетіспеушілік екінші реттік бұзылыс деп қарастырылады.

Нейропсихолог - зерттеушілер (А. В. Семенович, Л. И. Серова т.б.) басқа көз қараста. Оларда дизартрияның көмескі түрі кезінде фонематикалық түсініктің бұзылуын басқарушы симптомдардың бірі деп санайды (сөйлеу тілдің фонематикалық жағының жетіспеушілігі мен қатар).

Бірақ ол дыбыс айтудың бұзылыстарымен емес, ми жүйесінің цериброгенезінің бұзылуынан және жүйелі кешеуілдеуінің салдарынан дейді.

Е. Ф. Соботович, Л. В. Лопатина дизартрияның көмескі түрі бар балалардың сөйлеу тілінің грамматикалық жағының жетілмеуі байқалатынын дәлелдейді: сөйлеу тілдің морфологиялық және синтаксистік жүйесінің жеңіл түрде жетілмеуінен экспрессивті сөйлеу тіліндегі аграмматизмдерге шейін. Авторлардың пікірлері бойынша бұл балалардың сөйлеу тілінің грамматика жағынан жеткіліксіз қалыптасуының себебі фонемаларды ажыратудың бұзылуы. Осы көз қарасты Н. В. Серебрякова да қолдайды. Ол дизартрияның көмескі түрі бар мектеп жасына дейінгі балаларда сөйлеу тілінің лексикалық-грамматикалық жетіспеушілігінің салдарынан байланыстырып сөйлеуінің бұзылуы байқалады дейді. Бірақ басқа зерттеушілер бұл көзқараспен келіспейді (Р. И. Мартынова, Г. В. Гуровец, т.б.) Олар бұл бұзылыстар міндетті түрде көрінбейді, белгілі бір жағымсыз факторлардың әсерінен де болуы мүмкін дейді.

Нейропсихолог-зерттеушілер дизартрияның көмескі түрі бар балаларда заттардың атауы мен олардың образымен сәйкестендіруі бұзылғанын айтады. Кейбір балаларда өзбетінше сөйлеуінің қалыптаспауы байқалады, сөзді жинақтау және реттеу функцияларының қалыптасуы кешеуілдейді. Бір қатар авторлар (Р. И. Мартынова, Е. Ф. Собатович, Л. В. Лопатина т.б.) дизартрияның көмескі түрі бар балалардың жоғары психикалық функциялары мен процестерінің қалыптасуының ерекшеліктерін анықтады: ойлау әрекетінің төмендеуі, зейін және жадының функцияларының төмендеуі, сюжетті сериялық уақиғаның логикалық кезектілігін сақтауының, себептік байланысын орнатуының бұзылуы.

Наши рекомендации