Сынылатын әдебиеттер
Негізгі
1. Жолдасбекова С.А., Узахова А.С., Байбатшаева А.Е. Кәсіптік оқыту әдістемесі. (қыздар үшін) 5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған оқу құралы. Шымкент. М.Әуезов атындағы ОҚМУ. 2016 ж – 204 б.
2. Технология оқу бағдарламасы. Астана 2013 ж.
Осымша
1. Узахова А.С. «Кәсіптік оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы студенттерінің практикалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау. 2012 ж (қыздар).
2. Узахова А.С. «Кәсіптік оқыту» пәнінен СӨЖ. Әдістемелік нұсқау. М. Әуезов атындағы ОҚМУ. 2015 ж
Практикалық сабақ № 5
Тақырыбы: Күнтізбелік – тақырыптық жоспар түзу.
Сабақтың жоспары:Күнтізбелік сабақ жоспарының құрылымдық элементтерінің мазмұнына талдау жасауды үйрену.
Сабақтың мақсаты, міндеттері, іскерлігі, дағдысы және кұзіреттілігі:Кәсіптік оқыту сабақтарын күнтізбелік сабақ жоспарының құрылымдық элементтері және берілген мәліметтреді меңгеруіне байланысты студенттердің білімі мен іскерлігін бағалау.
Сабақты өту формасы:Ұжымдық бірлескен іс-әрекет
Ысқаша теориялық мәліметтер
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар бағдарлама мен әдістемелік ұсыныстарды оқып шығып, жыл бойына берілген сабақтарды бөлімдер мен тақырыптар бойынша ойластыру негізінде құрылады. Жоспарлау мұғалімнің сабақ мазмұны мен реттілігін, мақсатын нақты анықтауына мүмкіндік береді. Күнтізбелік жоспар әртүрлі болады (1 кестені қараңыз).
Күнтізбелік – тақырыптық жоспар мұғалімнің сабақты материалдық - техникалық жағын (материалдар, саймандар т. б.) көрнекі құралдар мен үлестірме материалдарын (технологиялық нұсқаулық карталарды, кестелерді, бұйымның үлгілерін, сызбаларын) дайындап ойластыруға мүмкіндік жасайды. Күнтізбелік - тақырыптық жоспарын мектеп директоры бекітеді және шеберханалардың материалдық-техникалық жағынан жабдықталуын ойластырады.
Кесте 1. Күнтізбелік–тақырыптық жоспарының үлгісі
Сабақтың реті мен өткізу күні | Бөлімі, тақыры бы | Сағат саны | Оқыту әдістері, сабақтың түрлері | Көрнекі құралдар құрал-сайман дар | Пәнаралық байланыстар | Әзірленетін еңбек объектісі | Ескертпелер |
Сабаққа дайындалу бойынша ұсыныстар
Білімгерлердің оқыту барысындағы нәтижелері мен үлгерім деңгейлерін жоғары бағалау үшін, практикалық сабаққа дайындықпен келу, сабаққа белсенді қатысып, барлық тапсырмаларды нақты, дұрыс, ұқыпты, толық орындаған жағдайда білімгерге жоғары баға қойылады.
Сабақтың көрнекілігі, құрал-жабдықтары: Оқу бағдарламалары, дәрістер жинағы, практикалық сабақтарға арналған әдістемелік нұсқаулар, кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған оқу құралдары, оқулықтар.
Аудиторияда орындалатын тапсырма түрлері және тізімі:
1-тапсырма. «Технология» пәнінде белгілі сынып бойыншакүнтізбелік – тақырыптық жоспар түзу.
2-тапсырма. Кәсіптік сала бойынша күнтізбелік – тақырыптық жоспар түзу.
Үй тапсырмасының түрлері және тізімі:
Күнтізбелік-тақырыптық жоспар түзу.
Бақылау сұрақтары:
1. Кәсіптік оқыту сабақтарына күнтізбелік-тақырыптық жоспарлау ерекшелігі неде?
2. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарлаудың негізі қайдан алынады?
3. Күнтізбелік-тақырыптық жоспарулаудың қажеттілігі неде?
4. КТЖ қанадй мәселелер қарастырылады?
5. КТЖ кім бекітеді?
СӨЖ-ге тапсырмалар
І. нұсқа (қарапайым)
5-9 - сыныптарға күнтізбелік-тақырыптық жоспар түзу.
ІІ. нұсқа (орташа күрделелік)
10-11- сыныптарға күнтізбелік-тақырыптық жоспар түзу.
Есеп беру формасы:тапсырманы жеке орындау,жазбаша есеп беру, мәліметтерді қорғау.
Сынылатын әдебиеттер
Негізгі
1. Жолдасбекова С.А., Узахова А.С., Байбатшаева А.Е. Кәсіптік оқыту әдістемесі. (қыздар үшін) 5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы студенттеріне арналған оқу құралы. Шымкент. М.Әуезов атындағы ОҚМУ. 2016 ж – 204 б.
2. Технология оқу бағдарламасы. Астана 2013 ж.
Осымша
1. Узахова А.С. «Кәсіптік оқыту әдістемесі» пәні бойынша 5В012000 - Кәсіптік оқыту мамандығы студенттерінің практикалық сабақтарды орындауға арналған әдістемелік нұсқау. 2012 ж (қыздар).
2. Узахова А.С. «Кәсіптік оқыту» пәнінен СӨЖ. Әдістемелік нұсқау. М. Әуезов атындағы ОҚМУ. 2015 ж
Практикалық сабақ № 6