Сот баллистика объектілерінің сипаттамасы
I. Атылатын қару-жарақ құралы төмендегідей әртүрлі негіздер бойынша топтастырылады:
1.Атыс-қарулары қолдануына байланысты:
Жауынгерлік – нақты күшпен соғыс техникасын жою үшін пайдаланатын қару жарақ; Оқулық – қару-жарақтың құрылысын білу үшін және ешқандай ату әрекеттерін жүргізбестен, қалай ату қажеттігін оқып үйренуге арналған; Спорттық – арнайы жарыс спорттарында қолданылатын ату құралы; Аңшылық – аң-құс аулау үшін қолданылатын кәсіптік және әуестік қару-жарақ құралдары.
2.Ату кезінде қаруды ұстау мен басқару әдісі бойынша:
-тапанша; -револьвер; -винтовка; -карабин; -автомат; -тапанша-пулемет; -мылтық.
3.Автоматтану дәрежесі бойынша:
-автоматтандырылмаған; -жартылай автоматтандырылған; -автоматтандырылған.
4.Оқты ату сипаты бойынша:
-бірақ рет атылатын қару құралы; -аралас – АКМ (Калашниковтың модерленілген автоматы), ППС (Стечкиннің тапанша-пулеметі), АВС (Симоновтың автоматты винтовкасы) қару-жарағы; -үзіліссіз – РПД (Дягтеревтің қол пулеметі) атылатын қару-жарақ; -оқтың үзіліссіз атылуын автоматты түрде шектейтін (автоматты үзіліспен атылатын) қару-жарақ.
5.Оқпан саны бойынша және ұзындығына байланысты:
-жалғыз оқпанды; -қос оқпанды; -көп оқпанды;
-ұзын оқпанды (мылтық, карабин, винтовка); -орташа (автоматтар); -қысқа оқпанды (тапанша, револьверлер);
6.Калибрі бойынша:
-иір оқпанды: кіші калибрі (6,5мм-ге дейін); орта калибрі (6,5мм-ден 9мм-ге дейін); ірі калибрі (9мм-ден жоғары); -тегіс оқпанды-12, 16, 20, 24, 28, 32 аңшы мылтығы.
7.Оқпанның шкі құрылысының құрастырылу ерекшелігі бойынша:
-иір оқпанды винтовкада иірілудің болуы; -тегіс оқпанды.
8.Дайындау тәсіліне байланысты:
-өндірістік (зауыттық, фирмалық және т.б.); -қолдан жасалған: толығымен жасалған; зауыттан шыққан қарулардың бөлшегін қолдана отырып құрастырылып жасалған; зауыттан шыққан қаруды өзгертіп жасаған немесе арнайы құралдар мен жабдықтарды өзгерте отырып жасалынған (құрылыс-монтажды тапаншалар, газ тапаншалары); -атиптік (қалыптан тыс).
Әртүрлі үлгідегі қару-жарақтың түрін ажырату үшін оның жүйесі, құрылымы және моделі қолданылады.
Атыс құралының жүйесі – атыс құралының жеке құрылысы, ол көбінде конструктордың аты-жөнімен немесе кәсіп орынның атымен байланысты болады. Моделі – өндірістік кәсіпорын өнімдері конструкцияның нақты өзгеруіне байланысты ерекшеленеді. Кейбір түрлері 19-20 суреттерде көрсетілген.
Атыс қаруларынан снарядтар мен гильзаларда әртүрлі іздер қалады. Оқтағы іздер қаруды оқтау мен ату нәтижесінде пайда болады. Оқтау кезінде пайда болған іздердің идентификациялық маңызы болмағандықтан, олар жарамсыз болып табылады. Ату кезінде оқпанның ішіндегі оқтың ойық жиектерімен байланысқа түсуі арқылы оның сыртқы қабатында шұңқыр-сызық іздер пайда болады. Осы іздерді қолдана отырып идентификация жүргізіледі.
Тегіс оқпанды қарулардың бытыраларында (картечьтерінде) көбінде елеусіз іздер қалады, сондықтан да қару идентификациялауға жатпайды. Қару жүйесінің барлық түрлерінен ату кезінде гильзаларда іздер қалады. Ал автоматты және жартылай автоматты қарулардан ату кезінде гильзаларды лақтырудан іздер қалады.
Оқтау кезінде гильза түбінің жоғарғы жағында магазин аузынан шығудың сызықты іздері және гильза корпусында патронник жиегінің іздері қалады. Ал ату кезінде соққыш пен патронник құрылысынан гильзаның капсюлі мен түбінде шұңқырланған іздер қалады. Гильзаны лақтыру кезінде қарудың қайтарғыш (отражатель) пен лақтырғыш бөліктерінен гильзаның корпусында, қалпағында, шеңберлі ойығында шұңқырланған және сызықты іздер қалады. Осы гильзамен оқтағы іздер жекеленген және тұрақты болғандықтан, олар идентификация үшін маңызды.
Криминалистикалық тәжірибеде зауытта өндірілгенмен қатар, қолөнерлік және қолдан жасалған атыс қаруларының әртүрлі түрлері кездеседі. Мысалы, сыртқы көрінісі жағынан атыс қаруына ұқсағанымен де, олар атыс қаруына жатпайды. Сондай-ақ, керісінше, сыртқы көрінісі басқа заттар мен бұйымдар сияқты болса да олар атыс қаруы тобына жатады (автоқалам, қолшатыр және т.б.).
Осындай заттарды атыс қаруына жатқызудың криминалистикалық белгілері (критерийлері) әскери-техникалық критерийлерден ерекшеленеді. Жалпы белгісі – белгілі бір мақсатта қолдануға арналуымен қатар, атыс қаруына жатқызу үшін арнайы белгілері де болуы керек. Олар: снарядтың лақтырылуы үшін жарылғыш заттар газының энергиясын қолдану; снарядтың қозғалысын бағыттайтын оқпанның болуы; оқ-дәрінің (зарядтың) от алуы үшін арнайы құрылғының болуы; конструкцияның жеткілікті беріктілігі және қауіпсіздігі; снарядтың жеткілікті әсерінің болуы.
Затты ату құралы қатарына жатқызу үшін соңғы белгісі сандық мағынаға ие болу керек. Криминалистикада осы белгілерді бағалау критерийлері әскери-техникалық талаптарға қарағанда көрсеткіштері минимальды болады. Қару-жарақтың конструкциясы атыстың бірнеше рет болуын қамтамасыз етуі керек. Снарядтың зақымдау әсерін (қирату күшін) бағалаудың ғылыми критериі 0,05 кгм/мм 2 тең минимальды меншікті кинетикалық энергия болып табылады. Бұл көрсеткіш әртүрлі калибрлі снарядтардың 1,1 – 3,0 кгс.м бастапқы кинетикалық энергиясына сәйкес келеді (қирату күшінің әскери-техникалық критерийі 8 кгс.м құрайды).
II. Барлық оқ-дәрі жабдықтарын келесідей топтарға бөліп көрсетуге болады:
Сот баллистикалық зерттеудің келесі объектілеріне оқ-дәрі жабдықтары жатады. Оқ-дәрі жабдықтары бірнеше құрама бөліктерден тұратын күрделі түсінікті көрсетеді. Оқ-дәрі жабдықтары ұғымы патрон ұғымына тепе-тең.
Қолданылатын оқ-дәрі жабдықтарының мынандай түрлерін көрсетуге болады: әскери, аңшылық, спорттық, оқытуға арналған.
Патрон – деп әдетте, гильза арқылы бір бүтінді құрайтын оқты (бытыра, картечь), порохты, капсюльді айтамыз.
Патрон жабдықтарының қалған барлық элементтерін гильза құрайтын (біріктіретін) болғандықтан мұндай патрондар унитарлы деп аталады;
Патрондарды төмендегідей бірқатар топқа бөлуге болады:
1. конструкциясы бойынша: -унитарлы – барлық элементтері гильза арқылы біріктелінген; -унитарлы емес – оқ гильзаға орнықтырылмайды, оқпан ұңғысына орналастырылады; -гильзасыз патрондар – автоматтандырылған әскери қару-жарақ үлгілерінде ғана болады – винтовка С 11 (ФРГ);
2. қолданатын қару-жарақ оқпан ұңғысының сипатына байланысты: -иір оқпанды; -тегіс оқпанды; -аралас оқпанды болып бөлінеді.
3. қару-жарақты қолдану орны (мақсаты) бойынша: -жауынгерлік; -спорттық; -аңшылық қару-жарақ, (аң аулау мақсатында қолданылады);
4. қолданылатын қарудың түрі бойынша: -тапаншалық; -револьверлік; -аралас; -винтовкалық; -мылтыққа арналған.
5. дайындап шығару әдісі бойынша: -зауыттық; -қолдан жасалған; -қайтадан жасалған.
6. қолданылған қару жарақтың сипатына байланысты: -штаттық; -патронды алмастырушы;
7. калибрі бойынша: -кіші калибрлі (6,5 мм дейін); -орташа калибрлі (6,5мм-ден 9мм-ге дейін); -ірі калибрлі ( 9мм ден жоғары).
Элементтердің саны бойынша патрондар екі топқа бөлінеді. Бірінші топ – гильзадан, капсюльден, порохтан және оқтан тұрады. Екінші топқа – гильзаны, капсюльді, порохты, тығын және бытыра немесе картечь немесе оқты жатқызамыз.