Рефераттар тақырыптары
1. Биологияны оқытуда материалдық базаны ұйымдастыру.
2. Биология кабинеті.
3. Мектеп жаныгндағы оқу- тәжірибелік үлескісі: құрал- саймандары және бөлімдер бойынша негізгі дақылдармен сорттарды орналастыру.
4. Табиғатта фенологиялық бақылауларды ұйымдастыру.
5. Шағын мектептетердегі БОӘ ерекшеліктері.
6. Дәстүрлі емес сабақтар: түрлері, әдістемесі.
7. Факультативті сабақтарды ұйымдастыру, әдістемесі.
8. Техникалық құралдар: түрлері, әдістемесі.
9. Биология пәнінде тест қолдану: түрлері, әдістемесі.
10. Тірі табиғат мүйісін ұйымдастыру.
11. Мектепте биологиялық олимпиаданы ұйымдастыру әдістемесі.
12. Мектепте биологиялық Онкүндік ұйымдастыру әдістемесі.
13. Мектепте Құстар күнін өткізу әдістемесі.
14. Әдістеме бірлестігінің жұмысы.
15. Мектептен тыс мекемелердің биологиялық жұмыстары.
16. Көпшіліктік пайдалы қоғамдық шараларды ұйымдастыру.
17. Биология пәнінде техникалық құралдарды пайдалану әдістемесі.
Викториналар:
1. Балықтардың ең үлкен жауы не? (кит).
2. Қазақстанда балықтардың қанша түрі кездеседі? (140).
3. Тірі қазба деп есептелінетін қай балық? (бекіре).
4. Аквариумда айт балықтардың қандай түрлері өсіріледі? (тиескоп, көбелек балық семирқұйрық).
5. Қандай балықтардың қаңқасында сүйектер көп болады?(табан)
6. Ең үлкен және ең кіші балықтарды ата? (акула, бұзаубас).
7. Өзен-көлдің санитары деп аталатын қай балық? (шортан)
8. Каспий көліндегі ең үлкен қай балық?(бекіре).
9. Генетика ғылымы нені зерттейді? Негізін кім, қашан салған?
10. Моногибридті будандастыру деген не?
11. Біркелкілік деген не?
12. Доминанттық деген не?
13. Рецессивтілік деген не?
14. Аллельді гендер деген не?
15. Тұқымқуалау заңдылықтарын сызбанұсқа түрінде белгілеу сызбанұсқасын түсіндір
16. Генотип деген не?
17. Фенотип деген не?
18. Гомозиготалы организм деген не?
19. Гетерозиготалы организм деген не?
20. Ажырау заңы қалавй айтылады? (генотипі, фенотипі)
21. «Гаметалар тазалығы» ережесі
22. Толымсыз доминанттылық деген не?
23. «Талдай шағылыстыру» қандай мақсатпен жүргізіледі?
24. Дигибридті будандастыру деген не?
25. Белгілердің тәуелсіз ажырау заңы
26. Полигибридті будандастырудың статистикалық сипатын түсіндір
27. Тіркес тұқымқуалау заңдылығын кім ашты?
28. Кроссинговер деген не?
29. Гендердің әрекеттесу түрлері
30. Жыныспен тіркес тұқым қуалау деген не?
31. Адам генетикасын зерттеу әдістері
1. Кенияда салмағы небәрі бірнеше грамм болатын құс бар. Оны орысша стриж, ағылшынша Suipt (шапшаң, ұшқыр) деп атайды. Сағатына 160 км жылдамдықпен ұшатын ол - әлемдегі еі ұшқыр құс болып саналады. Олардың кейбірі бір жылдың 9 айын әуеде ұшумен өткізеді. Бір қызығы – кейде 2 қанатын 2 түрлі қағады. Соның арқасында қандай шапшаң зулап келе жатса да қалаған жағына оп – оңай, кілт бұрыла салады. Бұлар ұя жасағанда өзінің сілекейін пайдаланады. Аяқтары жерде жүруге икемсіз.
2. Картоп жапырағында өз иісімен колорадо (жолақ) қоңызын шақыратын, ал апельсин қабығында оларды иісімен шошытып қуатын зат табылады. Ғалымдар біріншісімен оны қармаққа түсіру үшін қолдануға, екіншісім ен картоп алқабына шашуды ұсынады.
3. Сагуарос деп аталатын алып кактустың жуан діндерінде мол көлемде су сақталады. Бұл өсімдіктер Американың шөл далаларында өседі. Олардың биіктігі 18 метр (60 фунт), ал салмағы екі пілдің салмағымен пара-пар болады.
4. Кенелердің алдыңғы аяқұтарында арнайы бездері болады. Бұл бездері оларға қан сорған сәтте қанның ұйып қалмауына мүмкіндік береді. Мұндай зат, сондай-ақ, қан соратын жарғанаттарда да болады екен.
5. Арктикадағы лонгин деген өсімдік ең төзімді өсімдіктердің бірі саналады. Ол мәңгілік тоң жердің қатпарында 10 мың жыл жатқаннан кейін де бүр жарып, гүл аша беретін көрінеді.
6. Қырық жастан кейін адамның бойы өсуін тоқтатып, керісінше әр он жыл сайын шамамен он миллимметрге төмендейтін болады. Бұлайша «шөгудің» себебі – омыртқа мен буындардағы шеміршектердің құрғауынан.
7. Адамда шамамен 2 млн-ға жуық тер бездері болады екен. Орта жастағы адам әр метр терден кейін, 540 калорий жоғалтады. Ер адамдар әйелдерге қарағанда 40%-ға артық терлейді екен.
8. Ақ аюдың жуынған кезде алақанымен қарды көсіп алып көзін, құлағының айналасын жуатынын?
9. Ақ аюдың юіо жақ қырымен жатып, қонжығын түк басқан кеудесіне қысып ұйықтайтынын?
10. Балаларын суықтан қорғау үшін көрпе орнына аналық тышқанның олардың үстіне өзі шығып ұйықтайтынын?
11. Барыс ұрғашысының ұйықтағанда баласын бауырына қысып, оны құйрығынан орап жылытып жататынын?
12. Қоянның терлемейтінін, ыстық күндері оның өз бойындағы артық жылуды қан тасымалдайтын тамырлары көп орналасқан ұзын да құлақтары арқылы сыртқа шығара алатынын?
13. Қасқырдың табанына кірген шөгірді тісімен алып тастайтынын, ал ауыра қалса, өзіне - өзі аштық жариялап, шөптермен де емделе алатынын?
14. Арлан түлкінің жүкті жұбайына тамақ таситынын, оның тазалығын қадағалап, терісіндей бүргендері алып отыратынын?
15. Түйенің ұзақ уақыт сусыз жүре алатынын, есесіне бір ішкенде әлденеше шелек сіміретінін?
16. Үлкен панданың туыстасы кіші панда екенін? Ол тырнағын жасырып, мысық сияқты жуынады, аю секілді ағашқа өрмелейді, жанат секілді секіріп – секіріп жүгіреді.
17. Үнді пілінің африкандық туысынан кіші екенін, оның тым агрессивті емес, өте алғыр болатынын және қолға тез үйренетінін?
18. Кейбір калибралардың қанатын минутына 200 рет қағатынын?
19. Калибралар бұтаға отырған сәттен – ақ олардың қан айналымы баяулай беретінін?
20. Ең кішкентай колибраның ұясының үлкендігі жаңғақтың жартысындай болатынын, ал жұмыртқасының салмағы 2 г болатынын?
21. Сүтқоректілердің ішіндегі жүрегі ең кішкентайы (денесімен салыстырғанда) ламантин екенін? Ол кеудесіне қарағанда мың есе жеңіл болады.
22. Термиттердің өз тұрғын жайын балшықтан салатынын: Олар топырақты шайнап, оны «кірпіш» сияқты етіп сығымдап алып, үйін содан жасайды.
23. Құмырсқа қоректілердің ұзын да жабысқақ тілінің ұяға 1 минутта 160 рет кіріп шығатындай жылдамдықпен қозғалатынын? Ол күніне 30 мың насекомды жей алады.