IV тоқсанда ағылшын тілі пәні бойынша күнтізбелік жоспар бойынша мектепішілік

Мәлімет

Қазіргі таңда білім беру саласында жаңа технологиялардың оқытуда пайдалану өзекті мәселелердің біріне айналып отыр. Ал, оқытудың жаңа озық тәсілдерін сабақта қолдану мұғалімнің біліктілігіне байланысты. Оқушыларға сапалы білім беруде жаңа педагогикалық технологияларды қолданудың маңызы зор. Жаңа ақпараттың технологияларды білім беру саласында кеңінен қолдану қажет

2013-2014 оқу жылында күнтізбелік жоспар Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігінің 09.07.2010 жылғы №367 бұйрығымен бекітілген бағдарламаларын басшылыққа ала отырып жасалынған.

«Шет тілі» оқу пәнінен оқытудың мақсатышетелдік азаматпен тұлғааралық және мәдениетаралық қарым-қатынас жасауға қабілетті көптілді тұлға қалыптастыру, мәдениеттер диалогы арқылы өз мәдениеті туралы білімдерін кеңейту болып табылады.

Шет тілі бойынша сағат саны:

5,6,7,8,9-сыныптарда аптасына 2 сағаттан, жылына жалпы сағат саны-әр сыныпта 68 сағаттан.

Жаратылыстану-математикалық бағыт:

10-11 сыныптарда аптасында 2 сағаттан, жылына жалпы сағат саны-әр сыныпта 68 сағатты құрайды.

Үздіксіздік және сабақтастық ұстанымдарына сәйкес 10-11-сыныптарда шет тілдерін мәдениетаралық-қатысымды құзіретті және оның құрамдас бөліктерін лексикалық және грамматикалық минимумды кеңейтуге, тілдік, сөйлеу дағдыларын жетілдіруге, бейімделу және әлеуметтік-мәдени біліктерін әрі қарай дамытуға бағытталған.

Өзекті мәселем: «Дамыта оқыту арқылы оқушы шығармашылығын арттыру.»

Қазіргі білім берудегі басты мақсат жас ұрпақтың білім деңгейін көтеру және жан-жақты дамыған жеке тұлға қалыптастыру . Осы мақсатқа жету үшін өзімнің ұстаздық іс-тәжірибемде жобалау технологиясын, В.Дьяченконың топпен деңгейлеп оқыту технологиясын қолданамын. Мен сабақ беру үрдісінде мынандай негізгі факторларды басшылыққа аламын:
-оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу тиімділігін арттыру

-жекелей,жұппен,топпен жұмыс жүргізу

-ойлау қабілетін дамытатын логикалық жаттығулар беру

-қабілетіне қарай деңгейлік тапсырмалар беру

-оқушылардың теориялық-практикалық сауаттылығын арттыру.

Бұл технологияның тиімділігі сол,оқушының әсерлену жүйесі қалыптасады.

Топпен оқыту технологиясын қолдана отыра төмендегідей нәтиже күтемін. Мен сабақ барысында оқушылардың қабілетіне, білім деңгейіне, ынтасына қарай үш топқа бөліп, өз бетімен еңбектенуге,ізденуге,шығармашылыққа баулып, қорытынды жасауға машықтандырамын, оқушының ақыл-ойын дамытып, өзіндік дүниетанымын қалыптастырамын, сабаққа ынтасы арттырып, тапсырманы орындау барысында жіберілген қателер мен кемшіліктерді уақытында анықтап түзетуге мүмкіндік беремін.

Оқушылардың шығармашылық ізденісін, тапқырлығын, зеректігін,ойлауға икемділігін дамытуға өткізілген сыныптан тыс жұмыстар өткіземін.

2013 жылдың 12 наурызында 7 класқа онлайн бойынша сыныптан тыс сабақ «Polyglot» өткіздім. Мақсаты-оқушыларға үш тұғырлы тіл саясаты арқылы әртүрлі үш тілде мақал-мәтелдер, жаңылтпаштар мен жұмбақтар жасырылды және әлемдегі атақты полиглоттар туралы қызықты мағлұматтар берілді.

Осы жұмыстардың нәтижесінде білім сапасы төмендегідей:

IV тоқсанда ағылшын тілі пәні бойынша күнтізбелік жоспар бойынша мектепішілік - student2.ru

IV тоқсанда ағылшын тілі пәні бойынша күнтізбелік жоспар бойынша мектепішілік

қорытынды тест жұмыстары алынды, қорытындысы төмендегідей:

Класы Қатысқаны Бағалары Сапасы
    «5» «4» «3» «2»  
- 64%
- 82%
- 83%
- 83%
- 52%
- 61%
- 80%
- 75%

Наши рекомендации