Кейбір жаңа педагогикалық технологиялар

XX ғасырдың 80-шы жылдары Россияда жаңашыл -мұғалімдер топтары қалыптасады, олардың әрқайсысы баланы оқыту, тәрбиелеу және дамытуда өзіндік жаңалықтары болады, олар ең жоғарғы нәтижелер береді. Сонымен бірге олардың жалпы ортақ белгілері болды. Мектеп оқушысының оқу жұмысы тәсілдерін жеңілдету және жандандыру, танымдық іс-әрекеті (сүйеніш схемалар, сигналдар) үлкен блоктар арқылы материалдарды оқу және т.б. аса айырықша көрсететін жаңашыл педагогтардың мұғалімдер позициясын бағытын авторитарлықтан демократиялыққа гумандыққа ауыстыруға деген ұмтылушылықгы айтуға болады, бұл жаңа педагогикалық ынтымақтастық деген бағытқа орын берді.

Барлық осы технологиялардың көрнекті өкілдері ішінен Ш.А. Амоношвилиді-бастауыш класс оқушыларын эксперименталды оқыту жаңашалап атау керек. Ш.А. Амонашвили өзінің эксперименталдық мектебінде ынтымақтастық педагогикасын жеке тұлғалық бабын табу бағыты, тіл мен матиматиканы еспеті оқытудың бір ретілік әдістемесі оның педагогикалық іс-әрекетінің өзіндік қортындысы, өзінің тракты "О начальной ступений образования, построенного на принципах гуманно-личностной педагогики" деген еңбегінде баяндалған.

"Өмір мектебі"

Академик М.П.Иванов-коммунарлық тәрбие әдістемесінің коллективтік істің әдістемесінің авторы қазіргі жағдайда А.С. Макаренконың идеясын дамыта түседі. Жаңашыл-педагогтың тәжірибесіндегі басты әдістемелік коллективтік еңбек ісінің ерекшелігі-ол тұлғаның субъективтік позициясы.

Санкт-Петербургтағы №84 мектептің әдебиет пәнінің мұғалімі Е.Н. Ильин әдебиет сабағын өнер және адамгершілік-этикалық курс ретіндегі берудің жүргізудің бірегейлі, соны концепциясын жасады, ол әрбір оқушыға адам болып қалыптасуына көмектеседі. Ұстаз мақсатты басшылыққа ала отырып жас өспірімге өз күшін тексеруге оның өзіндегі ең жақсы тұлғалық қасиеттерін айтуға, гуманизммен адамзаттық биіктеріне әкелуге көмектеседі. Е.Н. Ильиннің әдебиет сабақтары-ол адамды қалыптастыру процесі катынас сабағы, ол жай жұмыс емес; ол тек өмір, өнер оқу сабағы, ол оқу ғана емес кестедегі сағат емес.

СССР Халық мұғалімі В.Ф. Шаталов дәстүрлі класс -сабақ тәсілімен оқытудың өліде болса ашылмай жатқан орасан зор қорын көрсетіп, оқытудың итенцифтендірудің технологиясын жасап практикаға кіргізеді.

В.Ф.Шаталовтың әдістемелік жүйесі әрбір оқушыны оқу іс-әрекетіндегі белсенділікке қатыстыруға, дербес ерікті танымдықты тәрбиелеуге, әрбір жеке оқушыда өзінің адамгершілігін сезімін өзінің күштері мен қабілеттеріне сенімділік нығайта түсуге мүмкіндік береді.

Жаңашыл-педагогтар И.П. Волков творчестволық дамытатын оқытудың технологиясын жасап жүзеге асырды, осыған сай тұлғаның творчестволық қабілеттері баланың оқудан тыс

іс-әрекетін еркін тандап алу негізінде бірізді қалыптасады.

Қ.О. Бітібаева (Усть-Каменогорск) практика жүзінде ынтымақтастық педагогиканы жүзеге асырады. Ол үшін ынтымақтастық педагогикасы ол адамгершілік педагогикасы. Оның көптеген оқушылары өздерінің ұстазының ізін басып отыр. Оны сүйсіне олар әдебиетсіз оны Қ.О. Бітібаеваның ойлауынша даналық сабағын аттап өте алмайды.

Қазіргі білім беру технологиялары санатындағы дамытатын жетілдіретін оқу технологияларын көрсеткен жөн. (Д.Б. Эльконин-В.В. Давыдов, Л.В. Занков, Г.С. Альтшуллер және т.б. Дамытатын оқыту деп жаңа түсіндіріп иллюстративтік тип тең орысша келе жатқан белсенді іс-әрекеттенген оқыту типі. Дамытатын оқыту дамудың заңдылықтарын ескеріп қолданады, индивид деңгейі мен ерекшелігіне бейімделеді, тұлғаның мұралық нышандарының дамуына дем береді, бағыттайды және тездетеді, баланы толық кұнды іс-әрекеттің субъектісі ретіндс бағалайды.

Жаңашыл педагог Н.А. Зайцев сауаттылыққа ерте оқыту және интенсивті оқыту технологиясының авторы болады, бұл технология өте жоғары нәтижеге жетуді қамтамасыз ететін сауаттылыкқа оқытудағы принципиалды жаңа бағытқа негізделген. Н.А. Зайцевтің технологиясының мәні сонда, ол оқу процесін бала дамуының табиғаттың негізіне сүйене отырып, қатынас және іс-әрекет арқылы, болатының танымдық күшін жан-жақты үдету арқылы жасайды.

"Преемственность" бағдарламасының авторы В.Н. Зайцев бастауыш мектептегі жалпы оқу біліктерін дамыту технологиясын негіздеді. Бұл технологияның негізінде-диагностика және өзін-өзі диагностикалау, сабақтастық, білім дамуында жеткен деңгейді тұрақты қолдау жатыр.

Қазіргі замандағы білім беру технологияларына компьютерлік оқыту (жаңа информативтік) технологиясы жатады.

Компьютерлік оқыту формаларын қолданатын қазіргі деңгейдегі дамыған телекоммуникациялар, дистанциондық технологиялар информациялық технологиялар алдағы жүзжылдықта оқыту процесінің даму негізін құрайды.

Дистанционалдық білім беру жүйесі университеттердің ғылыми және білім беру мүмкіншіліктерін нағыз үлкен оқушы аудиториясы үшін толық қолдануға жинаған тәжірибесін информациялық оқыту технологияларды жүзеге асырумен қолдану үшін мүмкіндік береді.

Дистанционалдық білім беру (Д.Б.б.) үздіксіз білім беру жүйесінің бір формасы болады, ол әртүрлі оқушылар категорияларына бірдей мүмкіншілік беруге жағдай жасайды.

Біздің республикамызда 1989 жылдан бастап иесі аталған мектептер кеңінен Қазақ ССР Халыққа. білім беру министрлігі "бекіткен" Республикалық иесі аталған. мектептердің ережелері" негізінде ашылады. Олар СССР халық мүғалімі, қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Айтқалиев. Құсайын Айтқалиұлының мектебі; Бучина Валентина Людвиговичтің өнер мектебі, биология пәнінің мұғалімі Очкур Елена Афанасьевнаның мектебі, бастауыш кластарының мұғалімі Мор Галина Яковлевнаның мектебі; Қазақ ССР еңбек сіңірген мұғалімі, орыс тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімі Фокин Юрий Павловичтің мектебі) Республикалық иесі аталған мектептердің мақсаты тұлғаның өзін-өзі көрсетуге ең жақсы режим жасау, оқытудың бірегейлі және тиімді "технологиясын" іздеуге қолдану жасау болады.

М. Монтессор, Р. Штейнердің және С.Френеннің әдістемесі мен жұмыс істейтін үш еріктіліктің типі бар.

Морин Монтессордің (1870-1952) мектебі ақыл- ойды саусақтардың өте нәзік қозғалыстары, қолдардың ұсақ мәнерлі ырғақтарымен интенсивті сенсорлық сезімдер арқылы дамытуға негізделген. 1993 жылдан бастап Алматыда жекеменшік "Элко" корпорациясының ерікті озат мектебі жұмыс істейді. Бұл мектептің оқыту негізінде мемлекеттік бағдарлама жатыр. Бірінші кластан бастап қазақ, неміс, ағылшын тілдері, эстетика, сөйлеу мәдениеті, ерікгі қозғалыс пәндерімен сабақ жүреді. Қосымша мынадай пәндер макеттендіру, моделдеу, хор, бал билері, гүл өсіру, сахна өнері, молдау жүргізіледі. Мектепте баға қойылмайды, оқу мен тәрбиелеу деңгейі жеке бағаланады.

С. Ферне (1896 -1996) мектебінің әдістемелік тәсілдері біздің республикамызда әсіресе бастауыш кластарда көптеген мектептерде қолданылады. С.Ферненің әдістемесі баланың өзінің

жеке тәжірибесіне негізделген. Ұстаздың қызметі баланың өзіне тән қабілетті оның өзі, өз бойынан тауып оны дамытуға көмектесу. Бұл концепцияның практика жүзінде жүзеге асуына "ерікті тестер" мен "мектеп типографиясы" қызмет етеді.

Рудольф Штейнердің (1861-1925) идеялары Қазақстанда "Вольдорф мектептері" деген атпен тарауда, ол адамның рухани дүниесіне терең ойлауына негізделген. Онда мынадай бағыттар: құқықтық, экономикалық, химия-биологиялық бар. Оқушылар қазақ және шетел тілдерін терең оқиды. Вольдорфтік педагогикасының элементтері басқада Алматы қаласының орта білім беретін мектептерінде қолданады.

Инновациялық мектептер дәстүрлі және сонымен қатар жаңа міндеттерді қазіргі деңгейге сай шеше алатындығын дәлелдейді, оқушы тұлғасының мәдени, адамгершілік дамуының гаранты болатындығын көрсетті.

Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың технологиясы. Қазіргі қоғамда болып жатқан әлеуметтік-экономикалық өзгерістер жеткілікті дәрежеде дәстүрлі орташа жай білім беруге жасалған білім беру моделінің тоқырауын кризисін жеткілікті дәрежеде анық көрсетіп берді. Қазіргі дүниеде тұлғаға деген талаптың қатаңдай түсуі мен білім беру кеңістігінде өзгерістердің әлеуметтене түсу тенденциясының өсуіне әкеледі:

-білім берудің статикалық моделінен оқушылардың ақыл-ой әрекетінің динамикалық құрылымының қалыптасуына көшу;

-оқытуда оқушылардың танымдық іс-әрекеттер тәсілдерін белсенді меңгеруге бетбұрыс;

-оқыту процесінің тұлғаның қазіргі қоғамның өзгеру жағдайларында барынша өзін-өзі жүзеге асыру перспективасына сай талап пен мүдесіне адаптациялау, үйрету.

Көрсетілген тенденциялар ұстаздардың педагогикалық технологияларды жасауға деген қызығушылығының өсуіне ықпал етті. Біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асырудың технологияның өзіндік ерекшелігі бар; ол педагогикалық процесс субъектілерінің ұстаз және оқушы әрекеттерінің мәнін алдын ала анықтайды, онда тұлға іс-әрекет барысында қайта өзгереді.

Ұстазды дайындаудың технологиясындағы тек қана теориялық білімдердің белгілі бір деңгейін ғана емес, біртүтас педагогикалық процесті жүзеге асырудағы пақгылы практикалық міндеттерді шешуде өзінің кәсіби іс- әрекетінің объектісін өзгертуге алған білімдері үшін қолдана білуді көрсетеді. Көрсетілген көзқарас тұрғысынан педагогикалық технологиялар теориялық білімдерді біртұтас педагогикалық процесті практика жүзінде жүзеге асыруға алмастырудағы бірізді комплексті әрекеттің мәні болады, ол ұстаздар мен оқушылар тұлғаларының өзіндік дамуын қамтамасыз етеді, оның жүзеге асуын сатылы өлшеуге мүмкін болады және одан тұлғаныңда және коллективтің даму динамикасын көруге болады. Бұл анықтама жасалынатын педагогикалық жұмыстардың тиісті өлшемдерінің технологиясын анықтауға болмайды.(Н.Д. Хмель):

а) айтылған ойдың концептуалдығы;

б)ғылыми жұмыс атқарушылардың өте анық методологиялық позициясы;

в)нақтылы педагогикалық кұбылыстарды қарастырудағы жүйелілік;

г)технологияда педагогикалық процестің екіжақтылық сипатын көрсету;

д)педагогикалық процестегі субъектілердің орны мен олардың өзара өрекеттерін анықгау;

е)алынатын нәтижелердің өлшенетіндігі;

ж)қандайда болмасын оқу-тәрбие мәселелерінің жұмыс жайдайларында технологияларды қолданылатындығы.

Технология өндірістік іс-әрекеттегі мақсат пен жетістіктің ажырамас бірлігі болғандықтан жасалынатын педагогикалық технологиялардың сапасын бағалау мәселесін айтпай кетуге болмайды. Педагогикалық процесс дегеніміз "ұстаз-оқушылар" жүйе жағдайының алмасуы. Демек, педагогикалық процесте жүйе жасаушы фактор тұлға болды-ұстаз тұлғасы оқушылар тұлғалары. Егер педагогикалық процесте оқу орнының оқу-тәрбиелеу іс- әрекетінде тұлғаның дамуы мен қалыптасуына әсер ететін жағдай болса, демек, біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асыру технологиясы нормаға сәйкес деген сөз.

Соңғы жылдары бірқатар педагогикалық құбылыстарды зерттеушілердің методология ретінде синергетиканы ғылыми орталық пән ретінде жүйе тұрақтылығы (физикалық, химиялық, техникалық, әлеуметтік) проблемасы ретінде қарастыруы кездейсоқ емес.

Педагогикалық процесс әлеуметтік жүйелердің жеке бір бөлігі ретінде, ол өзін-өзі ұйымдастырушылық пен өзін-өзі жөнге салуға қабілетті. "Адам-адам" жүйесіне тән және оның жеке бір бөлігі "ұстаздар-оқушылар" тиімді қызмет атқарылуының өлшемі ретінде адамның өзі болады, себебі, әлеуметтік жүйелерде тұлға жүйе жасаушы фактор болады. Егер адамның өзін-өзі жүзеге асырудағы және тұлға ретінде өз орнын табуы (ол бұл ұстаздарға да, оқушыларға тең қатысты) мұқтаждылықтары қанағаттандырылса, онда өндіріс қызмет атқаруы тиісті "адам-адам" жүйесі қызмет -күйзеліске ұшырайды. Демек, педагогикалық еңбекті технологиясын жетілдіре түсу проблемасы басқа да кәсіби іс-әрекет аймақтары сияқты көкейкесті болады.

Сонымен, біртұтас педагогикалық процесті жүзеге асыру технологиясы мынадай мазмұнды логикалық тізбекке сан түзейді. Біртұтас педагогикалық процестің теориясын білу ұстаз іс-әрекеті объектісінің идеалдық моделі- нақтылы оқу-тәрбие мекемелерінің іс жүзіндегі процестің жағдайын диагностикалау өлшеу әдістемесін меңгеру-іс-әрекет объектісінің теориясын нақтылы процестің өзгерту жағдайын тұтасымен немесе оның аяқталған формасын, ситуациясын моделдеу (жобалау) үшін әрекет тәртібін анықтау (ұстаздар мен оқушылар іс-әрекеттерінің алгоритмі).

Жалпы оқытудың типтерін, түрлерін, стилдерін (яғни технологияларын) таңдап алу білім беру саласынан, білім беру парадигмасынан дидактикалық концепциялардан неше оқыту теориясынан, оқытудың мақсаттары мен міндеттерінен, жеке тұлғалық және кәсіби мүмкіншіліктерден, ұстаздың бейімділігі мен жоғары бағалауына байланысты.

Наши рекомендации