Ысқаша теориялық мәлімет

1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті стандартына сәйкес әзірленген.

2. Пәннің оқыту бағыты оқушыларды материалдық құндылықтардың заманауи өндірісінің негізгі технологиялық үрдістерімен таныстыруға, кейінгі кәсіптік білім алуға және еңбек етуге қажетті дайындықтарын қамтамасыздандыруға негізделген.

3. Бағдарламаның мазмұны оқушының жеке тұлғасы, отбасы және қоғамның қажеттіліктерін, қазіргі заманғы педагогикалық ғылымының жетістіктерін ескере отырып белгіленген.

4. Бағдарлама мазмұнының материалдарын меңгеру үшін келесі білім беру бағыттын қаратырып

1) қауіпсіздік техникасы және еңбекті қорғау;

2) ауыл шаруашылық өндірісінің техникасы мен технологиясы;

3) ағаш пен ағаш материалдарын қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясы;

4) металды қолмен және механикалық түрде өңдеу технологиясы;

5) сәндік-қолданбалы өнер элементтерін қолдана отырып, материалдарды көркем өңдеу технологиясы;

6) электротехника және электроника негіздері;

7) шығармашылық жобалау іс-әрекеті;

8) қазіргі заманғы өндіріс, техникалық және кәсіптік білім алу материалдарын оқытуды көздейді.

5. Оқу курсының мақсаты – техника мен технология саласында оқушылардың заманауи өндірісінде алған білімі жүйесінің нәтижелігіне бағытталған функционалдық сауаттылығын қамсыздандыру, сонымен қатар, технологиялық ойлау қабілетін, болмысқа деген шығармашылық көзқарасын дамыту болып табылады.

6. Оқыту міндеттері:

1) техника, технология және заманауи өндіріс негіздерінен жүйеленген білімді қалыптастыру;

2) құрылымдық материалдарды өңдеу технологиясы, жобалау іс-әрекеттерін іске асыру бойынша жалпы еңбектік, жалпы өндірістік және арнайы икемділіктер мен дағдыларын қалыптастыру;

3) технологиялық ойлау қабілетін және еңбекке деген шығармашылық көзқарасын дамыту;

4) оқып жүрген технологиялармен байланысты мамандықтар әлемі, еңбек нарығындағы олардың талап етілуі туралы түсініктерін қалыптастыру, өзінің өмірлік және кәсіби жоспарларын саналы түрде анықтауына ықпал ету;

5) еңбек ету және кәсіби іс-әрекеті үрдісінде эстетикалық, адамгершілік, экономикалық, экологиялық, дене және құқықтық тәрбие беру;

6) оқушылардың Қазақстан халықтарының ұлттық мәдениетіне, салт-дәстүрлеріне деген құрмет көзқарасын қалыптастыру.

7. Оқыту барысында келесі пәндермен пәнаралық байланыс жүзеге асырылады:

1) «Қазақ тілімен», «Орыс тілімен»: технологиялық терминдерді меңгеру арқылы сөздік қорларын байыту, технологиялық терминдерді меңгеру, оқулықтағы мәтінмен жұмыс істеу барысында ауызша және жазбаша тіл байлығын дамыту;

2) «Қазақстан тарихымен»: қазақ халқының мәдениетімен (салт-дәстүрлерімен, жол-жоралғыларымен және сәндік қолданбалы өнерімен) танысу;

3) «Математикамен»: технологиялық карта құрастыру кезінде әртүрлі математикалық өлшеулер мен есептеулерді пайдалану, бұйымдарды құрастыру кезінде математикалық формулаларды пайдалануда;

4) «Геометриямен»: кеңістіктік фигуралардың көлемі: тік бұрышты параллелепипед және тік призма, пирамида, цилиндр, конус және шар; кеңістіктік фигуралардың симметриялығы туралы;

5) «Физикамен»: еріксіз қозғалыс; кинематика туралы негізгі түсінік, механикалық жұмыс, кинетикалық энергия және потенциальды энергия;

6) «Химиямен»: азық-түліктерді сақтау үшін консерванттардың химиялық құрамы туралы білімін қалыптастыру;

7) «География»: әлемнің табиғи ресурстары, ғылыми-техникалық революция, экономика салаларының орналасу сипаттамасы және географиясы;

8) «Информатикамен»: компьютерлік графика, жеке жобаларды және Практикалық сабақтарды, сызбалар, үлгі, кесте, сурет, эскиздерді орындау кезінде ақпараттық технологияларды қолдануда;

9) «Денешынықтырумен»: қол жұмыстарына арналған құралдармен әр түрлі жұмыс жасау кезінде қол мен аяқтың бұлшық еттерін нығайтуда.

8. Пәннің сағат саны аптасына типтік оқу жоспарына сәйкестендірілген оқу жылында 34 сағат, аптасына 1 сағат:

1) 5 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

2) 6 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

3) 7 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

4) 8 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат;

5) 9 сыныпта аптасына – 1 сағат, оқу жылында 34 сағат.

9. Оқушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптарды оқуыту барысындағы нәтижелері, оқушылардың үлгерімдерін бағалауын,орта білімді сыныпты аяқтайтын әр оқушының міндетті түрде меңгеруі тиіс білім мазмұнын көрсетеді.

10. Оқушылардың дайындық деңгейі үш түрлі аспекті ескеріле отырып: пәндік, тұлғалық, жүйелі іс-әрекет нәтижелеріне қарай бағаланады.

Кәсіптік мектептерде кәсіби білім беру дегеніміз оқытушылар ұжым мен оқушылардың бірлескен іс-әрекеті, теориялық білім негіздерін,практикалық қабілеттері мен кәсіби дағдыларын қалыптастыру. Сонымен қатар белгілі бір кәсіп саласы талап етіп отырған біліктіліктер деңгейін қалыптастыру. Білім мазмұны- бұл тиісті орнында жүйеге келтірілген білім, және дағдыларды игеру барысы және нәтижесі, оқушыны өмірге және еңбекке дайындаудың қажетті шарты.

1211000 - «Тігін өндірісі және киімді үлгілеу» мамандығы бойынша стандарттардың мазмұнында: экономиканың әр саласы бойынша техника, технология, өндірістегі қазіргі жетістіктердің көрініс табуы; окытудың кредиттік технологиясының оқу үдерісін ұйымдастыру нормалары ескерілуі; тиісті деңгейге сәйкес білікті мамандардың қажетті құзыреттерді енгізуі; модульдік оқытуды пайдалану мүмкіндігі қарастырылуы тиіс; оқу жоспарына енгізілген пәндер мазмұны әрбір кәсіп пен мамандықтар бойынша білім беру жоспарына сәйкес айқындалады.

Сондықтан, жалпы білім беру пәндері бойынша дайындық деңгейіне койылатын талаптар ҚР МЖМБС 2.003-2007 «Орта білім. Негізгі ережелер» мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының негізгі талаптарына сай білім беру оқу бағдарламаларының мазмұны таңдау бойынша пәндерді қоса алғанда көлемі жалпы білім беру оқу бағдарламаларының жалпы көлемінің 30-35%-ын құрайтын жалпы білім беру пәндерінің жиынтығымен (ЖБП - негізгі орта білім беру базасында әзірленген оқу жоспарларында) айқындалады.

Колледждерде болашақ маман даярлауда оқу пәндері – белгілі бір жүйелі ғылыми және пәндік саланы ашатын жалпы білім беру бағдарламасының бөлігі (кесте 1).

Кесте1 - Колледждерде 1211000 - «Тігін өндірісі және киімді үлгілеу» мамандығы бойынша стандарты бойынша пән циклдарының өзара үлесі

Пән циклдары Пәндерінің атауы Барлық сағат саны  
 
Кәсіптік пәндер    
Жалпы кәсіптік пәндер    
Инженерлік графика  
Техникалық механика  
Жалпы электротехника электроника негіздері  
Өнім сапасы және стандарттау, метрология негіздері  
Тігін бұйымдарына арналған материалдар  
Арнайы сурет және көркемдік графика  
Қолданбалы информатика  
Еңбек қорғау және өнеркәсіп экологиясы негіздері  
Арнайы пәндер Біліктілігі: 121108 3 – Модельер-конструктор    
Киімдерді үлгілеу және көркемдеп бейнелеу  
Киімдерді құрастыру  
Тігін өндірісінің технологиясы  
Тігін өндірісінің жабдықтары  
Автоматтандыру негіздері  
Қосымша пәндер Компьютерлік модельдеу және құрастыру  
Кәсіптік тәжірибе   – танысу тәжірибесі – оқу тәжірибесі – өндірістік тәжірибе – диплом алды тәжірибе  
Емтихандар:   – аралық аттестация – қорытынды аттестация –кәсіптік дайындығы мен біліктілік деңгейінің бағасы  
Барлығы:    
  Консультация Факультативтік сабақтар  
Барлығы  

Оқу пәндері білімдік және практикалық оқытуды шамалайды; оқу пәндерінің негізгі нәтижесі білім, іскерліктер базалық, арнайы және кәсіптік құзыретерімен ерекшеленеді.

Наши рекомендации