Сендіруге қойылған талаптар.
Сендіруді білім жүйесі, мінез-құлық нормаларына көзқарас, оны қалыптастыру тәсілі ретінде ажырата білу қажет. Сендірудің көмегімен жаңа көзқарас, қарым-қатынас қалыптасады немесе жаңсақ көзқарас пен қарым-қатынасты өзгертеді.
Диспут, пікірталас, әңгіме, мұғалімнің әнгімесі, жеке өнеге сендіру үлгілері бола алады. Сендіру өзара іс-қимыл әдісі ретінде барынша ықпалды болуы үшін ол бірқатар талаптарды қанағаттандыруы тиіс:
мәні мен үлгісі баланың жас шамасына сай болуы шарт;
тәрбиеленушінің жеке бас ерекшеліктері ескерілгені жөн;
сендіру кезінде мінез-құлық фактілерін жиі талдау қажеттігі туындайды.
Өзара іс-қимыл сәтінде сендіруші мен сенушінің танымдық-эмоционалдық жағдайын ескеру міндет. Мысалы, бала шектен тыс қозған, қазір оның кереғар эмоциясы басым. Мұғалім оны ескермей, мінез-құлқының жайсыздығын оған сендіре бастайды. Мұндай амалдың түбі сәтсіз болатынына көз жеткізу қиын емес.
Сендірудің нәтижелілігі мұғалімнің сөзі мен қылықтарына да тәуелді болады. Тәрбиешінің сөзі мен ісінде ашықтық болу тиіс. Мысалы, тәрбиеші қызбалыққа салынып, балаға қандай да бір жазамен қорқытады да, кейін оны ұмытады, балаларға бірдеңені уәде етеді де, орындамайды. Балалар мұндай педагогтың сөздеріне назар аударуды доғарады. Тағы бір сорақысы, егер мұғалім мәнді дұрыс сөз айтатын болса, ол күнделікті жұмысында басшылыққа алынбайды. Мұндай мұғалімдер қоғамға елеулі залал келтіреді.
Дәлелдеу логикасы.
Дәлеледеу тезистері, аргументтерден және көрнектіліктен-дәлелдеу тәсілінен құралады. Тезис - дәлелдеуді керек ететін ой. Аргумент - тезисті дәлелдеуге жәрдемдесетін құрал. Көрнекілік барысында теориялық амалдар, өмірлік кенеге эксперименталды фактілерді талдау негізінде тезисті дәлеледейтін ой қорытындысы жасалады.
Илану педагогикалық әсер тәсілінің бірі.
Педагогика процесіндегі иланудың ролі.Педагогика процесінде сендірумен қатар педагогикалық әсер әдісі ретінде илануға да белгілі орын беріледі. Илану – адамдардын қарым-қатынасы мен қызметі кезіндегі өзара іс-қимыл амалдарының бірі. Оның негізгі ерекшелігі адамның жүйкесі мен мінез-құлқына оған білінбей әсер етеді.
Дұрыс ұйымдастырылған илану оқушылардын саналық белгенділігін арттырады. Сондықтан мұғалім бұл әдісті ескерусіз қалдырмауға тиісті. Біз сөздің көмегімен баланы сергіте де, үркіте де аламыз, қуанта да, күйзелте де аламыз, өз-өзіне сендірмеу де, сенімсіздікке жетелейміз, қызықтырамыз немесе зеріктіреміз, сендіреміз немесе күдіктендіреміз.
Иландырудың түрлері.
1. Иландыратын амалдарың дерек көзіне қарай: иландыру - басқа адамның жүргізетін амалы; өзін-өзі иландыру объектісі оның субъектсімен сәйкес келеді.
2. Субъектінің жағдайына қарай иландыру келесідегі жікке бөлінеді:
а) сергіту жағдайындағы иландыру; б) табиғи ұйқы жағдайындағы илану; в) гипноздық жағдайдағы илану.
Өзін-өзі иландыру.
Өзін-өзі иландыруды тәрбиелік мақсатқа тек тұлға барынша жетілгенде қолдануға болады. Ол оқушы өз олқылығын шын сезінгенде, арылуға ниеттенгенде, сәйкестелген өзіндік амалына өз-өзіне жағдай жасай жүзеге асады. Өзін-өзі иландыру қиындықтар алдындағы үрейді сейілткенде, өз күшіне сенімділікті жоюға, ішкі қарама-қайшылықтармен орайласқан өзге жағдайларда әсіре тиімді.
Иландыру және релаксия.
Біз осы уақытқа дейін иландыруды әдеттегі қызмет жағдайында және педагогикалық тәжірибеде қолданылатын амал ретінде қарап келдік. Алайда егер иландыру немесе өзін-өзі иландыру адамды иландыруға жетелейтін немесе денені босаңсыту ( релаксация) сипатында жүзеге асады. Бұл әдіс – релаксопедия - соңғы жылдары педагогикада барынша кеңірек қолданылуда.
Релаксопедия педагогикалық мақсатта айрықша жауапты әрі күрделі сәттерде әсіресі әлеуметтік мінез-құлық нормасынаң әртүрлі сипатта ауытқыған, антиәлеуметтік пиғылдағы, педагогикалық босаңсыған балармен жұмыста тиімді.
Релаксопедия дидактикалық мақсаттарда кең қолдау тапты. Оқытудын бұл әдісі ақпаратты иландыра енгізуге негізделген, нәтижесінде игерілген білімнің саны мен сапасы күрт артады.