Тұлғалық-іс-әрекеттік келіс оқушы позициясынан
Оқушы позициясынан үйретуге тұлғалық-іс-әрекеттік келіс (педагогтың өзінің оқудағы субъект-субъекттік өзара әрекеттесуін ерекше ұйымдастыру жағдайында) ең алдымен, оқушыларға оқудың жолын, оқулық, әдістер, жеке жағдайларда тіпті оқу серігі – педагогты талдау еркіндігін ұсынады. Мұндай келіс психологиялық тұрғыдан, біріншіден, барлық оқу жағдайларында оқушының тұлғалық өзін-өзі көрсетуінде қауіпсіздікпен қамтамасыз етеді (security), оның тұлға ретінде өзін жүзеге асыруы мен тұлғалық өсуіне жағдай жасайды. Екіншіден, бұл тәсіл оқушының өзінің белсенділігін қалыптастырады, оның оқу әрекетіне дайындығын, проблемалық жағдайларды тең құқықты серіктестік, педагогпен сенімді қарым-қатынас есебінен шешуді ұйғарады. Үшіншіден, үйретуге тұлғалық-әрекеттік тәсіл оқушы позициясынан сыртқы және ішкі мотивтердің біртұтастығын ұйғарады: бұл жерде сыртқы мотив – танымдық мотив. Төртіншіден, бұл тәсіл оқу тапсырмасын қабылдау және оны басқа оқушылармен ынтымақтасып шешуден қанағаттануды білдіреді. Бұл тек құзырлылық сезімін және өзін-өзі бағалаудың компонентінің бірі ретінде аффилиация (топқа, отбасына, қоғамға қатыстылығы) сезімін дамытудың негізі болып қана қоймай, көбінде өзін-өзі жүзеге асырудың алғышарты ретіндегі өз-өзіне сенімділік сезімінің негізі болады. Үйретуге тұлғалық-іс-әрекеттік келіс оқушы позициясынан сонымен бірге, жаңа формалар, ережелер, әрекеттің әлеуметтік-кәсіптік-коммуникативтік құралдары мен әдістерін интернализациялаудың өзекті жағдайының орын алуын, яғни оқушының тек қана кәсіптік құзырлылығын дамыту емес, оның жалпы алғанда тұлға ретінде қалыптасуын білдіреді. Бұл, атап айтқанда, сыртқының ішкіге ауысуының негізінде оқушыда, студентте мақсатты және тиімді түрде өзін-өзі реттеу, өзін-өзі бағалауды қалыптастырады.
Жоғарыда қарастырылғандардың барлығы үйретуге тұлғалық-іс-әрекеттік келіс проблемасы (оқушының позициясынан). Оқытудағы тұлғалық-іс-әрекеттік келіске қосымша (педагог позициясынан) оқытудың жеке әдістемелері алдына бірқатар проблемалар қояды: оқытушы - ақпарат беруші, білім көзі, оқытушы позициясына бақылаушы сияқты кеңінен тараған позицияның өзгеріске ұшырау проблемасы; адамды әртүрлі тиым салынушылықтан босататын оқу жағдаятын туғызу проблемасы, педагогикалық қарым-қатынаста қиыншылық туғызатын әлеуметтік тосқауылды жою проблемасы және т.б.
Жалпы, оқытудағы тұлғалық-әрекеттік тәсіл ең алдымен, бұл процесте білім берудің негізгі міндеті – жан-жақты дамыған, адамгершіліктік тұрғыдан кемелденген, ішкі резервтерді белсендендіру арқылы әлеуметтік белсенді, кәсіптік құзырлы және өзін-өзі дамытушы тұлғаны дамуының жағдайын туғызу міндеті қойылып, шешіледі. Бұл келістің «тұлғалық» компоненті барлық оқыту оқушылардың бұрынғы тәжірибесі, субъект-субъекттік өзара әрекеттесуінде оның тұлғалық ерекшеліктері ескеріліп құрылады дегенді білдіреді. Оқыту оқушы тұлғасы, оның түрткілері, құндылық бағыттанулары, мақсаттары, қызығушылықтары, перспективалары және т.б. арқылы көрініс табады; ол оларды қабылдайды және онымен өлшелінеді.
Тұлға оқытудың, білім берудің ортасында тұр. Осыған сәйкес, барлық білім беру оқушыда, оның тұлғасында орталықтандырылып, мақсаты, мазмұны мен ұйымдастыру формалары бойынша орталықтандырылатын болады.
2.3.Оқыту бірлігінің екіжақтылығы – білім беру процесіндегі оқыту.
Педагогикалық психологияда, педагогикада, жалпы дидактикада міндетті түрде білім беру процесінің екі, өзара байланысты жақтары ажыратылады: оқытушы, тәрбиелеуші және үйретуге жарамдылық, яғни педагогтың қатысуымен жүзеге асырылатын оқыту (teaching) және сөздің ең жалпы мағынасында үйрету (learning) немесе нақтырақ айтқанда, оқушының қатысумен жүзеге асырылатын оқу.
Оқыту осы терминнің ең жиі пайдаланылатын мағынасында отбасы, мектеп, жоғары оқу орны, қауымдастықтың арнайы ұйымдастырылған жағдайында қоғамдық-тарихи, әлеуметтік тәжірибені басқа адамға (адамдарға) мақсатты бағытталған, біртіндеп беруді (трансляция) білдіреді. Оқушының позициясынан оның осы тәжірибені «үйретуге жарамдылық» терминінде қабылдап алу қабілеттілігі жиі байқалады және осы процестің нәтижесі «үйретілген» терминінде. Оқытушы позициясын алып тұрған адам – педагог. Оқытудың әрекеті – бұл оқытушының әрекеті, оқыту әрекеті - педагогикалық әрекет. Осы әрекетті қарастырғанда бірқатар сұрақтар туады: оқытудың мазмұны не болып табылады, оқыту бағдарламасы, оның мазмұны мен әдістері қандай ара қатынаста; оқытуда оның негізгі мақсаты - оқушы тұлғасының дамуы қалай жүзеге асырылады; дамыту, оқыту, тәрбие беру қалай бірігеді. Л.С. Выготскийге сәйкес, психологиялық проблема баланың дамуы тұрғысынан оқу пәндерінің ішкі құрылымын белгілеу және осы құрылымды мектептегі оқытудың әдістерімен бірге өзгертуде тұр.