Шетелдiк жас ерекшелiк психологиясының негiзгi тұжырымдамалары.
Бала психикасын эксперимент қолданып зерттеуге еңбек сіңірген психологтар: А.Бине (1857-1911), В.Штерн (1871-1938), К.Кофка (1886-1941), Ж.Пиаже (1896-1980) болатын.
Эрик Эриксон З.Фрейдтің ізбасары, психоаналитикалық теорияны жалғастырушы. Тұлғаның дамуы қоғамның экономикалық және мәдени деңгейіне байланысты. Қоғамның құндылықтары және нормалары балаға тәрбие процесінде беріледі.
Э. Эриксон бойынша тұлға дамуының сатылары.
Дамудың бірінші сатысында (оральды-сенсорлы) нәрестелік жасқа қатысты, әлемге сену немесе сенбеу пайда болады. Тұлғаның прогрессивті дамуында бала сенімді қатынасты таңдайды. Ол жеңіл тамақтану, терең ұйқы, ішектің дұрыс жұмыс істеуі.
Екінші саты (бұлшық етті-анальды)ерте балалық шаққа қатысты. Баланың мүмкіндігі дамиды, жүре бастайды. Дербестілікке ұмтылады.
Үшінші саты (локомоторлы-гениталды), мектепке дейінгі жасқа сәйкес келеді, бала қоршаған ортаны белсенді таниды. Дербестілікке ынталылық (инициатива) қосылады.
Осы кезеңде жыныстық идентификация болады және бала мінез-құлқының белгілі бір формасын меңгереді.
Бастауыш мектеп жасы- пубертатты алды Осы уақытта төртінші саты (латентті) дамиды.
Бастауыш мектепте оқу кезеңінде- бастауыш мектеп оқушысының кәсіби идентификациясы өзін белгілі бір кәсіп өкілі ретінде сезіну.
Жастық шақ тұлға дамуының бесінші даму сатысын құрайды. Балалық шақ аяқталуға жақын, өмірлік жолдардың үлкен кезеңі аяқталып, ұқсастықтың (идентичность) қалыптасуына алып келеді.
Алтыншы сатысы, ерте кемелдену жасына сәйкес келеді, ересек адамның алдында жақындасу (интимдік) проблемасы туындайды. Дәл осы уақытта шынайы сексуалдылық көрінеді.
Кемелдену немесе орта жас- тұлға дамуының жетінші сатысы. Адам өнімділікке және шғармашылыққа ұмтылады.
Соңғы саты, кеш кемелдену, адам өмірлік жолды қабылдайды және тұлғаның тұтастылығын игереді. Осы кезеңде даналық пайда болады.
Э.Эриксон бойынша тұлғаның даму сатылары
Даму сатылары | Әлеуметтік қатынастар аймағы | Тұлғаның полярлық сапасы | Прогрессивті дамудың нәтижесі |
1.Нәрестелік (0-1) | Анасы немесе оның орнын басатын адам | Әлемге сену-сенбеу | Энергия және өмірлік қуаныш |
2. Ерте балалық шақ (1-3) | Ата-анасы | Дербестілік- ұят, күмән | Тәуелсіздік |
3.Балалық шақ (3-6) | Ата-анасы, ағасы және әпкелері | Ынталылық- енжарлық, кінә | Мақсатқа ұмтылу |
4.Мектептік жас (6-12) | Мектеп, көршілер | Компетенттілік-кемшілік | Білім және ептілікті игеру |
5.Жасөспірім және жастық шақ (12-20) | Құрдастар тобы | Тұлғаның сәйкестілігі- мойындамау | Өзіндік анықталу, жан қиярлық және сенімділік |
6. Ерте кемелдену (20-25) | Достары, сүйіктілері | Жақындық- бөлектену | Бірлестік, махаббат |
7. Орта жас (25-65) | Еңбек, туған үйі | Өнімділік- тұрып қалу | Шығармашылық және қамқор |
8. Кеш кемелдену (65 кейін) | Адамгершілік, жақындары | Тұлғаның тұтастылығы- үмітсіздік | Даналық |
Жан Пиаже теориясының негізгі түсініктері және принциптері. Бала да ересектер секілді түрлі танымдық тапсырмаларды шешуге мүмкіндік беретін, әрекеттердің белгілі бір схемаларына ие. Бұл әрекет схемалары-қарапайым. Бала алдындағы тұрған проблемалардың қиындық деңгейіне қарамастан, олар екі негізгі механизмдерді қолданады- ассимиляция және аккомодация.
Ассимиляция- жаңа проблемалық ситуацияда бар әрекет схемаларын өзгертпей-ақ әрекет ету, аккомодация, әрекет схемаларын өзгертеді. Бейімделу процесінде жаңа проблемалық ситуацияда ассимиляция және аккомодация бірігіп адаптацияны құрайды. Адаптация тепе-теңдіктің құрылуымен аяқталады. Әлеуметтену- әлеуметтік ортаға бейімделу процесі.
Интеллект дамуының сатылары. Сатылар-бұл бір-бірін алмастырушы сатылар немесе деңгейлер. Интеллектің даму процесі, негізі интеллектуалды құрылымның қалыптасуы болатын үлкен үш кезеңнен өтеді. Алдымен, сенсомоторлы құрылым қалыптасады. Сосын нақты операциялар құрылымы пайда болады. Кешірек формальды-логикалық операциялар қалыптасады.Ж.Пиаже бойынша формальды-логика- интеллект дамуының жоғарғы деңгейі. Баланың интеллектуалды дамуы төменгі сатыдан жоғары сатыға өтуді көрсетеді.
Сенсомоторлы кезең бала өмірінің екі жылын қамтиды. Жаңа туылған балада тек рефлекстер болады. Бұл саты рефлекстер жаттығуы. Рефлекстердің жаттығу нәтижесінде алғаш дағдылар қалыптасады. Екінші сатыда бала басын дауысқа бұрады, қозғалған затты көзімен бақылап отырады ойыншықты ұстауға ұмтылады. Дағдының негізінде алғашқы айналымдық реакциялар қайталанатын әрекеттер жатыр.
Екінші айналымдық реакциялар үшінші сатыда пайда болады. Бала өзінің белсенділігіне, өзінің әрекеттерінің нәтижесіндегі өзгерістерге назар аударады.
Төртінші саты- практикалық интеллектінің бастауы. Әрекет схемалары, барлығы бірігіп мақсатқа жету үшін қолданылады.
Бесінші сатыда үшінші айналымдық реакциялар пайда болады. Бала өзінің әрекеттерін әдейілеп өзгертеді.
Алтыншы сатыда әрекет схемаларының интериоризациясы басталады. Екі жас шамасында әрекеттің ішкі жоспары қалыптасады. Осы жерде сенсомоторлы кезең аяқталады, бала жаңа репрезентативті интеллект және нақты операциялар кезеңіне өтеді. Операционалды көзқарасқа (елестерге) дейінгі кезеңде бала дәлелге, талдауға қабілетсіз.
Интеллектуалды дамудың соңғы жоғарғы кезеңі- формальды операциялар кезеңі. Ол пікірлерді болжамдар ретінде қарайды; оның ойлауы гипотетикалық- дедуктивті бола бастайды.