Дауысты дыбыстардың топтастырылуы. 2 страница

Мұндайды «сөйлеуші бөгеліп қалды» дейді, ауырдым демейді, «мазам болмай тұр» дейді, шығыңыз демейді, «есікті сырттан жабыңыз» дейді. Сөйлеуші белгілі бір тілдік ұжымда қалыптасқан этикеттік нормаларды сақтауға тырысады. Адамның сезімдік қабылдауына, көңіл-күйіне ауыр тиетін сөздерді басқаша атаумен өзгерту көптеген тілдік ұжымдарға тән эвфемистік тәсіл.

Мысалы, қазақ тілінде кедей, жарлы сөздері екеуара коммуникацияда "қалтасы жұқа", "қалтасы тесік" деген эвфемизмдермен ауыстырылады.

Адамның көзінше (адресатқа) семірді деп айту этикеттік норма тұрғысында, әдептілікке жатпайды. Сондықтан сөз иесі мұндайда оңалып қалыпты, толыпты деуді лайық көреді. Бұл жағынан эвфемия этикеттік нормамен ұштасып жатады.

Бұл жағынан түркі тілдері, оның ішінде қазақ тілі, араб, ағылшын, француз, неміс, орыс тілдерімен "өркениеттің бір кемесінде" деуге болады. Әсіресе мұндай синонимдік қатардың молдығынан қазақ тілі ешбір тілдік ұжымынан қалыспайды деуге болады.

Қазақ тілінің лексикалық жүйесіндегі белгілі бір мағыналық топқа жататын синонимдер "дөрекі", "әбес" және "сыпайылау" , "өте сыпайы" болып оппозиция құрайды. Қазақ тілінде, әсіресе, эмотивтік қызметі күшті фразеологиялық тіркестердің түрлері молынан қалыптасқан: қайтпас сапарға аттанды, жер бесікке бөленді, мәңгі ұйқыға кетті.

Белгілі бір сөз жағдаятында өтірік, кәрі сөздері екеуара сөзде шындыққа жанаспайды, егде, жерорта жастан асқан деген эвфемизмдермен ауыстырылады.

Профессор Ә.Т.Қайдаров этнолингвистикалық арналардың негізгі алтын көзі - баламалар, тұрақты теңеулер, фразеологизмдер, мақал - мәтелдер, жұмбақтар, ауыз әдебиет үлгілері деп ажырата келіп, әртүрлі наным - сенімге, әдет - ғұрыпқа (ат тергеу, көңіл айту, ұятты сөзден қашу т.б. ) байланысты тыйым салынған табу сөздерді ( бөрі -"қарақұлақ", жылан -"түйме" т.б.) алмастыратын баламаларды да рухани дәстүрге, тіл табиғатына, этностық дүниетанымға тікелей қатысы бар ерекше құбылыстың бірі екенін атап көрсетеді.

Мифологиялық санамен байланысты адам, үй жануарларына тән тыйым салынған атауларды басқаша айту тіл -тілде аса кең таралған құбылысқа айналды. Ал оның кейбір қалдықтары қазіргі ұлылы - кішілі тілдердің бәрінен дерлік табылады деуге болады.

Мысалы, қазақ тілінде қорасан, әулие, қызамақ, шешек дегендер - әсіресе жас балаларда кездесетін аса жұқпалы және қауіпті бір ғана аурудың аттары.

Ал малда болатын жұқпалы, қауіпті індет әртүрлі айтылады: жылқыда - жамандат, түйе мен сиырда - қарасан, қойда - топалаң, ешкіде - кебенек. Әуелде бұл аурулардың малдағы ортақ атауы топалаң болғанмен, табумен байланысты басқаша лексемалармен аталып кетті де, сөздің синонимдік қатары пайда болды.

Ал малдағы осы аурулардың адамға жұғуы аса қауіпті дерт болып саналады. Сондықтан малдан жұққан мұндай аурулар үрей тудырып, ескі наным - сенім бойынша атауға тыйым салынатын болған. "Топалаң" деп аталатын жұқпалы кеселдің адамдарда кездесетін түрі жалпыхалықтық тілде бірде күйдіргі, бірде түйнеме, бірде жаман жара деп аталатын болған.

Әрине, адам денсаулығына қатерлі аурулар мен кеселдердің аттарын тікелей атамай, жанама түрде атаудың бәрі бірдей "аурудың иесі болады" деген мифологиялық сенімге байланысты бола бермейді.

Осы күні туберкулез ауруының өкпе ауыруы, жіңішке ауыру, созылмалы сырқат, жаман ауыру тәрізді бірнеше аттары бар. Мұндағы туберкулез медициналық термин де, қалғандары халықтық атаулар.

Бұл атаудың эвфемистік формаларының негізінде психологиялық мотив жатыр: тыңдаушыға, ауру адамға, оның төңірегіндегілерге "қолайсыздық" тудырмау, үрей шақырмау мақсатымен қолданылады. Әсіресе, халық арасындағы қатерлі ісік атауын білдіртетін эвфемистік синонимдер көптеген тілдік ұжымдарда жиі кездесетін жайт.

Қазақ тілінде эвфемизм тәсілімен сөз алмастырудың мынадай жолдары бар:

· Ауру аттары алмастырылады.

· Адамның дене мүшелеріндегі кем-кетік атаулары басқа сөздермен алмастырылады.

· Мағынасы айтушы мен тыңдаушыға бірдей соншама жағымсыз, дөрекі сөздер алмастырылады.

· Үйлену мен тұрмыс құруға байланысты сөздер алмастырылады.

· Қоғам өміріндегі адамдардың бір-бірінің жағымсыз қарым-қатынастарына қатысты сөздер басқа сөздермен алмастырылады.

Күнделікті қарым-қатынаста мағынасы жағымсыз тұрпайы сөздерді жағымды сыпайы сөздермен алмастырып қолданатындығымыз сияқты тілде әдепті сөзді әдепсіз сөздермен де ауыстырып айта беру әдеті болады. Мұндай құбылысты тіл білімінде дисфемизмдер немесе кокофемизмдер деп атайды. Дисфемизм – мағынасы жағынан эвфемизмге қарама-қарсы құбылыс. Белгілі контексте жөнімен дұрыс жұмсалған сөзді мағынасы неғұрлым дөрекілеу сөзбен алмастыру – сөзді ауыспалы мағынада қолданудың бір жолы.

Дисфемизм кеміту, қорлау, іске жаратпау ұғымын тудырады. Дисфемизмдер - әдеби тілдің үлгісіне жатпайды. Бұлар көбінесе көркем шығармада ауызекі тілдің сөйлеу үлгісі ретінде кейіпкерлердің тілінде ұшырасады.

Тілімізде кездесетін лексикалық құбылыстардың тағы бірі – варваризмдер. Варваризм сөздерге бір тілдің өзінде баламасы болы тұрып, сол тілге қажеттілігі болмаса да басқа тілден орынсыз қолданылған сөздер де, ауызекі сөйлеу мен халық ақындарының шығармаларында тыңдаушының көңілін тауып күлдіру, әзіл-қалжың айту мақсатымен де, қоғамдағы жағымсыз қазіргі бұзақы адамның екі жүзді мінез-келбетін, жексұрын қылықтарын халық алдында мазақ сықақ етіп, келемеждеу, мысқылдау мақсатымен қолданылатын сөздер жатады.

Дәріс

Тақырыбы: Сөз және оның морфологиялық құрылымы.

Жоспары: 1. Жұрнақ, оның түрлері.

2. Сөз тұлғасы.

Тірек сөздер: морфема, аффикс, сөз құрамы, сөз тұлғасы, жұрнақ, жалғау, туынды сөз, түбір.

Жұрнақ – түбір сөзге жалғанып, оған түрлі мағына беретін қосымша. Жұрнақ екі түрлі болады: сөз тудырушы жұрнақ және сөз түрлендіруші жұрнақ.

Сөз таптарына қатысты әр сөз табының өз жұрнағы болады.

Сөз тудырушы жұрнақтар. Сөз тудырушы жұрнақтар сөздің лексикалық мағынасын өзгертіп, сөзге басқа лексикалық мағына береді, сөзді басқа сөз табына айналдырады. Мыс: Экономикалық мәдениеттің мұнше өркендеуі ауылдың қоғамдық өмірін мүлде өзгертіп жіберді. Бұл мысалдағы мұнша (-ша), өркендеуі (-кен, -де), қоғамдық (-дық), өзгертіп (-р, -т) деген сөздердің құрамында сөз тудырушы жұрнақтар қолданылған. Осындағы –ша жұрнағы – үстеу, -кен – зат есім, -де – етістік, -дық – сын есім, -р және –т жұранқтары етістік жасап, сөз мағынасын өзгертіп, жалғанған сөздерін басқа сөз таптарына көшірген. Осындай сөздің лексикалық мағынасын өзгертіп, басқа бір лексикалық мағына беріп, басқа сөз жасайтын жұрнақтар – сөз түрлендіруші жұрнақтар деп аталады. Сөз тудырушы жұрнақ түбірге басқа қосымшалардан бұрын жалғанады, өзі де туынды түбір жасайды.

Орыс тілінде сөз тудырушы жұрнақтардан басқа сөз алдынан келетін префикстер бар: выход, переход т.б.

Қазақ тілінде сөз алдынан келетін байырғы жұрнақтар жоқ, тек аздаған кірме қосымшалар ғана бар: -на, -бей, -би: наразы, бейшара, бисаясат, беймәлім т.б.

Сөз түрлендіруші жұрнақтар. Сөз түрлендіруші жұрнақтар жаңа сөз жасамайды. Олар түрлі грамматикалық категориялардың мағынасын беріп, сол категориялардың сөз тұлғасын жасайды. Мысалы, Қазақ арасында алғашқы жазба шежірені екі топ адамдар ғана таратты. Саба “киелі” ыдыс саналған. Ішінде қымызы тұрса да, бос болса да, оған аяқ тигізбеген. Осы мысалдардағы –ты жұрнағы өткен шақтың, -ған/-ген бұрынғы өткен шақтың -са шартты райдың жұрнақтары. Олардың бәрі сөзге грамматикалық мағына беріп, сол категориялардың формаларын, сөз тұлғаларын жасап тұр. Сондықтан олар сөз түрлендіруші жұрнақтарға жатады. Сөз түрлендіруші жұрнақтар сөздің соңына қарай орналасады, олардан соң жіктік жалғау ғана келеді.

Сөз түрлендіруші жұрнақтар орыс тілінде де бар олардан есімше, көсемше, инфинитиф, шақ жұрнақтарын атауға болады.

Сөз тұлғасы. Қазақ тіліндегі сөздер тұлғасына қарай, 5 түрге бөлінеді: негізгі түбір, туынды түбір, біріккен түбір, қос сөз, қысқарған сөз.

Негізгі түбір - әрі қарай морфемаларға бөлшектеуге келмейтін, лексикалық мағына беретін біртұтас сөз: кел, бар, ал, қыз, адам, гүл, дала, кең т.б.

Негізгі түбірдің белгілері: 1) бір морфемадан тұрады, 2) лексикалық мағынасы болады, 3) туынды сөздердің жасалуына негіз болады, 4) олар негізінен байырғы сөздерге жатады, 5) ешбір қосымшасыз да сөйлемде қолданыла алады.

Туынды түбір сөздер қазақ, орыс тілдерінде кең қолданылады. Туынды түбір негіз сөзден сөзжасамдық жұрнақ арқылы жасалып, туынды лексикалық мағынаны білдіреді: өнер-паз, өн-ім, бал-гер, сән-қой, сан-а, жас-ар, тау-лы, же-м, оқу-шы, бала-лы, орын-дық, сыр-мақ т.б.Туынды түбір екі морфемадан құралады, олар: негіз сөз және сөзжасамдық жұрнақ. Туынды түбірдің лексикалық мағынасы негіз сөздің мағынасынан жасалады, сондықтан негіз сөз бен туынды түбірдің лексикалық мағынасы байланысты болады. Мысалы, ас – асхана, әсем - әсемпаз, өнер - өнерлі, қол – қолда(у), жаз – жазғы, біл – гір, мәсі – мәсішең, бұр – бұрғы, күре – күрек, аш – ашқыш т.б.

Туынды түбірлер тілдің сөздік қорын байытады.

Біріккен сөз. Екі я одан да көп сөздер бірігіп, бір лексикалық мағына беріп, біртұтас сөз жасайды: орын + басар – орынбасар, көк+өніс – көкөніс, бала+бақша – балабақша, жан+ұя – жанұя, бал+мұздақ – балмұздақ т.б. Қазақ тілінде орыс тіліндегі байланыстырушы дауыстылар сияқты сөзді біріктіретін морфемалар жоқ. Сөз ешбір қосымшасыз бірігеді. Біріккен сөз екі түрлі: 1) кіріккен сөз, 2) біріккен сөз.

Кіріккен сөз деп сыңарлары түрлі дыбыстық өзгеріске түсіп, бір-бірімен дыбыстық жағынан үндесіп, ықшамдалып, біртұтас лексикалық мағына беретін сөздер аталады: қол+қап – қолғап, алып+бер - әпер, қайын+іні – қайын, ендігіден+әрі – ендігәрі, қара+ала+құс – қарлығашт.б.

Біріккен сөздер деп құрамындағы сыңарлары дыбыстық құрамын сақтай отырып, бір лексикалық мағына беретін біртұтас сөзге айналған сөздер аталады: сая+жай – саяжай, ақ+қу – аққу, ай+балта – айбалта, көк+жөтел – көкжөтелт.б. Біріккен, кіріккен сөздер бірге жазылады. Біріккен сөздер сөздік қорды байытады.

Қос сөздер. Қос сөздер орыс тілінде де бар, бірақ олар сирек қолданылып, тілден біздің тіліміздегідей кең орын алмайды: тик-так, тук-тук т.б.

Екі сөздің бір-бірімен қосарлануы я бір сөздің қайталануы арқылы жасалып, біртұтас лексикалық мағына беретін сөздерді қос сөздер дейді: жөн-жоба, ойын-күлкі, асықпай-саспай, айта-айта, сауық-сайран т.б.

Қос сөздер екі түрлі: 1) қайталама қос сөздер, 2) қосарлама қос сөздер.

Қайталама қос сөздер бір сөздің қайталануы арқылы жасалады: ойдым-ойдым, жалп-жалп, сала-сала, үйден-үйге, бетпе-бет т.б.

Қайталама қос сөздердің сыңарлары қосымшасыз да қосымшамен де қайталана береді: 1)жылға-жылға, тау-тау, 2) ауыба-ауыз, көзбе-көз, үй-үйге, өзінен-өзі, өзімен-өзі т.б.

Қосарлама қос сөздің екі сыңары екі түрлі сөздің бір-бірімен қосарлануы арқылы жасалады. Мысалы: ағайын-туған, ата-ана, ел-жұрт, қадір-қасиет т.б.

Қосарлама қос сөздер мағынасы жақын сөздерден жасалады: туған-туысқан, сый-құрмет, ас-су т.б. Қос сөздер дефис арқылы жасалады.

Қысқарған сөздер. Кез келген сөз қысқартыла бермейді, тек күрделі атаулар қысқарады. Күрделі атауларды шартты түрде қысқарту арқылы жасалған сөздер қысқарған сөздер деп аталады.

Орыс тілінде қысқарған сөздер өте көп, қазақ тілінде одан әлдеқайда аз.

Сөз төрт түрлі жолмен қысқарады:

1. Күрделі атаудың әр сөзінің басқы дыбысы алынады: АҚШ – Америка Құрама штаттары, БҰҰ – Біріккен Ұлттар ұйымы, ҚХР – Қытай Халық Республикасы; Бұған тек өлшем атаулары бағынбайды: м – метр, кг – килограмм, мм– милиметр, г – грамм т.б.

2. Күрделі атаудың бірінші сөзінің алғашқы буыны және қалған сөздерінің басқы дыбысы алынады: ҚазМПУ – Қазақтың Мемлекеттік Педагогикалық Университеті, ҚазМУ – Қазақтың Мемлекеттік Университеті.

3. Күрделі атаудың әр сөзінің алғашы буындары алынады: ауатком – аудандық атқару комитеті.

4. Күрделі атаудың алғашқы сөзінің алғашқы буыны алынып, келесі сөз түгел айтылады: педучилище, мединститут.

Дәріс

Тақырыбы: Сөз құрамы. Жалғаудың түрлері.

Жоспары: 1. Жіктік жалғауы

2. Көптік ұғымының берілу тәсілдері

3. Тәуелдік және септік жалғауы

Тірек сөздер: жақ, жалғау, жіктік жалғауы, септелу, тәуелдену, морфема.

ЖІКТІК ЖАЛҒАУЫ.Жіктік жалғауы — қимыл иесінің кім екенін білдіру үшін қолданылатын қосымша, ол сөз бен сөзді жақ жағынан қиыстырып тұрады. Мысалы: Мен оқушымын. Сіз оқушысыз. Біз келеміз. Ол келеді.

Жіктік жалғауы есім сөзге де, етістікке де жалғанады. Жіктік жалғау тек қана синтаксистік қызмет атқарады.

Қазақ тіліндегі сөздер төрт түрлі үлгі бойынша жіктеледі: бірінші — отыр, тұр, жүр, жатыр етістіктері (мен тұрмын, сен тұрсың, сіз тұрсыз, ол тұр) есімшелер (мен барғанмын, сен барғансың, сіз барғансыз, ол барған), зат есімдер (мен оқушымын, сен оқушысың, сіз оқушысыз, ол оқушы), сан есімдер (мен аласамын, сен аласасың, сіз аласасыз, ол аласа), сын есімдер (мен үшіншімін, сен үшіншісің, сізүшіншісіз, ол үшінші), есімдіктер (мен кіммін, сен кімсің, сіз кімсіз, ол кім), үстеу (мен біргемін, сен біргесің, сіз біргесіз, ол бірге); екінші — өткен шақ

1.a, -e, -й көсемшелері (мен барамын, сен барасың, сіз барасыз, ол барады).

2.-п, -ып, -іп көсемшелер (мен барыппын, сен барыпсың, сіз барыпсыз, ол барыпты); үшінші 1) айтты, өтті т.б. жедел өткен шақ формалары (мен айттым, сен айттың, сіз айттыңыз, ол айтты). 2) оқыса, білсе т.б. шартты рай формасы. (Мен оқысам, сен окысаң, сіздер оқысаңыз, ол оқыса); төртінші — етістіктің бұйрық рай формасы: қара, еле, жаз, без т.б. (мен қарайын, сен қара, сіз қараңыз, ол қарасын.

Ескерту. 1 Ауызекі сөзде және халық ақындарының шығармаларында жекеше форманың анайы түрінің екінші жағына –ғын -қын, -гін, -кін) қосымшасы қосылып та қолданылады (мысалы, ceн барғын, сен айтқын, сен келгін, сен ішкін).

2. Көпше түрдің бірінші жағының қосымшасы -лық (-лік) болып қолданылады. Кел, балалар, оқылық, Оқығанды көңілге. Ықылас пен тоқылық (Ы.A.) Қарауылдар мезгіл ғой, тұр қаралық! деген өлеңдерде колданылғаны сияқты, -лык; (-лік) формасы –йық, -(йік) формасымен қатар жиі қолданылады.

Тілімізде жіктеу есімдіктері жекеше, көпше, анайы, сыпайы, (сен — сіз, сендер — сіздер) түрде жіктеледі. Осыған орай, жіктік жалғаудың да, тәуелдік жалғаудың да екінші жақтарының қосымшалары жекеше, көпше, анайы, сыпайы түрлерге сәйкес келеді.

Есім сөз бен етістіктің жіктелуіндегі кейбір ерекшеліктер: Есім сөздің жіктелуі:

1. Есім сөздің түбіріне жіктік жалғауы тікелей жалғанады, мен жұмысшымын, үлкенмін, Сен жұмысшысың, үлкенсің, Сіз жұмысшысыз, үлкенсіз.

2. Есім сөзде III жақ жіктік жалғауы болмайды. Ол жұмысшы. Ол үлкен.

3. Есім сөзге жіктік жалғаудың толық түрі жалғанады.

КӨПТІК ЖАЛҒАУ.Көптік жалғау — жалғанған сөзіне көптік мағына беретін қосымша. Көптік жалғауының дыбыс үндестігіне қарай алты варианты қолданылады: -лар, -лер, -дар, -дер, -тар, -тер(қала-лар, мекеме-лер, ғалым-дар, езен-дер, ат-тар, шөп- тер). Көптік ұғымды білдіру үшін жалғанатын бұдан басқа екі түрлі морфологиялық форма бар. Оның бірі -ыз (-із, -з) формасы қазіргі тілімізде көне заманнан қалған сарқыншақ ретінде бірен-саран сөздерде кездеседі. Мысалы, "мен" сөзінің көпше түрі "біз" есімдігіндегі -з формасы сөздің бөлінбейтін бөлшегіне айналған. Екіншісі жүрді-к, айтты-қ, кетті-к, жетті-к дегендегі -к, -қ формасы да ерте кездегі көптік мағынаны білдерген қосымшалар. Көптік жалғау көптік мағынаға қосымша мынандай әр алуан ұғымды білдіреді.

Біртекті нәрселердің жиынтығын, белгілі бір адамдар тобын (мектеп-тер, үй-лер, жас-тар);

Сын есім мен есімшені субстантивтендіреді (жақсы-ларды, ақылды-ларды, оқыған-дарды);

Сан есімге, мезгіл үстеуге жалғанып, болжалдау, шамалау, мелшерлеуді білдіреді (жасы отыз-дарда, са-ғат үш-терде, былтыр-лар);

Бір нәрсенің жалпыға бірдей ортақтығын, меншіктеуші адамның көптігін білдіреді (жалғыз қыз-дарың, Сапар әке-лерің, мектеп-терің). Көптік жалғау бірыңғай мүшенің соңғысына ғана жалғанады. Көптік мағына көптік жалғауының қатысынсыз лексикасыз, морфологиясыз, синтаксистік тәсілдер арқылы берілетін сөздер де бар (түз, ұн, құрт-құмырсқа, мәдениет, феодализм, ақыл, достық, бала-шаға, кәрі-жас, жолдас-жора, ыдыс-аяқ). Көптік ұғымның сөз тіркесінен аңғарылатын тұстары аз емес. Мысалы, онсыз да көптік ұғымды білдіретіндіктен: барлық, көптеген, қанша, әр, бірнеше, сантүрлі, санмың, біраз сөздерімен, сондай-ақ сан есіммен тіркесіп келгенде көптік жалғауы қажет болмайды: 5 адам, барлық адам, көп адам.

ТӘУЕЛДІК ЖАЛҒАУ.Тәуелдік жалғау, әдетте, бір заттың басқа бір затқа тәуелді екенін білдіретін қосымша. Негізінде зат есімге тән қосымша бола тұрса да, зат есім қызметін атқаратын, демек, субстантивтенетін (заттанатын) сөздердің барлығына да жалғана береді. Мысалы: әкем, дәптерім деген сөздер зат болса, Түйенің үлкені өткелде таяқ жейді (мақал) деген сөйлемдегі үлкені сын есімі субстантивтеніп тұр. Ердің екі сөйлегені - өлгені; еменнің иілгені - сынғаны (мақал) дегендегі сөйлегені, өлгені, иілгені, сынғаны деген сөздер - зат есім орнына қолданылып тұрған есімше формалар.

Жақ-жақтың көрсеткіші ретінде қызмет ететін тәуелдік жалғау қосымшалары мыналар:

1. I жақ -м -м -ым -ім

2. II жақ -ң -ң -ың -ің

3. II жақ -ңыз -ңіз -ыңыз -іңіз

3. III жақ -сы -сі -ы -і

Бұл қосымшалар жалғанған сөздер, әдетте, өздерінен бұрын ілік септік жалғауда тұрып тіркесетін жіктеу есімдіктермен тікелей байланысты болады. Сол себептен тәуелдеулі сөздің жақ жалғаулары да жіктеу есімдіктерінің жақтарына сәйкес келіп отырады. Мысалы: менің қаламым; сенің қаламың; сіздің қаламыңыз, оның қаламы.

Жекеше түр мен көпше түрдің тәуелденуі. Сөз жекеше түрде де, көпше түрде де тәуелденеді. Егер сөз (зат) жекеше түрде тәуелденіп тұрса, бір зат бір адамға (я затқа) тән екендігі білінеді. Ал, сөз (зат) көпше түрде тәуелденіп тұрса, көп зат я бір тектес бірнеше зат бір адамға (я затқа) ғана меншікті екендігі білінеді. Тәуелдіктің бұл түрі оңаша тәуелдеу деп аталады.

Мысалы: Бірдің тәжірбиесі - көптің игілігі (мақал); Байлықтың атасы - еңбек, анасы - жер (мақал) деген сөйлемдердегі тәуелдік жалғауының қосымшалары жалғанған сөздерді тәуелдік жалғауларынсыз қолданса, сол сөйлемдердегі сөздердің қиюлары кетіп, олар өзара үйлеспей, қисындаспай тұрады.

Оңаша тәуелдеудің үлгісі мынадай:

Жекеше Көпше

менің ата-м, қалам-ым ата-лар-ым, қалам-дар-ым

сенің ата-ң, қалам-ың ата-лар-ың, қалам-дар-ың

СЕПТІК ЖАЛҒАУЛАР.Тілімізде 7 септік жалғау бар. Олар: атау септік, ілік септік, барыс септік, табыс септік, жатыс септік, шығыс септік, көмектес септік.

Септік жалғаулары — зат есімдердің мағыналарын түрлендіріп, оларды басқа сөздермен байланыстыратын қосымшалар. Мысалы: Абай Найманның дауына билігін айтып қойған еді.(М.Ә.) Бұл сөйлемдегі Абай деген сөзді атау септік баяндауышпен (айтып қойған еді), Найманның дегендегі ілік септік ол сөзді тәуелдік жалғаулы сөзбен (дауын) байланыстырып, дауына дегендегі барыс септік, билігін дегендегі табыс септік ол сөзді айтып қойған еді деген етістікпен байланыстырып тұр.

Сөйтіп, септік жалғаулары сөздерді бір-бірімен байланыстыру қызметін атқарады. Қазақ тіліндегі септіктің аттары, сұраулары және жалғаулары мыналар:

Атау – кім? не?

Наши рекомендации