Адамның іс-әрекет субъекті ретінде дамуы

Тұлға ретінде дамып, бала әрекет субъекті ретінде де қалыптасады. Бұл жағдайда бастапқы ереже болып «баланың психикалық дамуын саналы түрде басқару ең алдымен, …жетекші әрекетті басқару жолымен жүзеге асырылады», жетекші әрекет санатында мектепке жейінгі жаста ең бірінші кезекте ойын, ал кіші мектеп жасында – оқу әрекеті саналады. Бұл жерде бала әрекетінің өзі және оның өзі субъект ретінде өзгеріске ұшырай ма, дами ма деген сұрақ туады. Д.Б. Элькониннің, А.Н. Леонтьевтің зерттеулері көрсеткендей, баланың әрекеті оның даму барысында ақыл-ойы және тұлғалық даму бағытымен қатар, үшінші бағытын ұсынып,сапалық тұрғыдан да өзгереді. Д.Б. Эльконин баланың ерте балалық шағында заттық әрекетінің өзгеруін сатылап қарастыра келе дамудың тек қана әлеуметтік жағдаятының өзгеруін атап қана қоймай, заттық әрекеттің өзінің өзгеруін атап өтеді. Ойында, оқуда баланың әрекеті өзіндік сана-сезім, мақсатты бағыттанушылық тұрғысынан және мотивтер мен мақсаттардың арасында еркін қарым-қатынастардың орнатылуы, әрекеттің операционалды жақтарын күрделендіру жағынан жетіктіріледі. Даму процесінде балада, ең алдымен, мотив (әрекеттің не үшін орындалатыны) және мақсаттың (әрекет нәтижесінде не нәрсеге қол жетуі тиіс) арасындағы қатынастарды еркін орната алу икемділігі қалыптасады. Бала өз әрекеттерін жоспарлап, ұйымдастырып, бағыныштырып, әрекет операцияларының орнын басып, алмастырып үйренеді. Мысалы, үлкендер сияқты таяқты ат қылып міну ойынында ойын әрекеті орнын басу әрекетін орындау жолымен жүзеге асырылады. Бұл әрекет ұқсастық орнатуды ұйғарады. Ол белгілі бір мақсатпен жүргізіледі, мұнда «ат үстінде» тәсілі жеке дара шығып тұр. Одан күрделі заттық әрекеттерде операциялардың сатылап орындалуы дараланады, әрекеттің жалпыланған тәсілі жаттықтырылады. Рөлдік ойындарда, әрекеттің ережелерін ұстана отырып, бала белгілі бір рөлді қабылдап оны ойнап шығады. Балада мақсатты, әрекетті бейнелеу қабілеттілігінің қалыптасуының негізінде, яғни заттық рефлексия негізінде өзін-өзі бақылау және өзін-өзі реттеу дағдылары қалыптасады. Басқа сөзбен айтқанда, әрекет субъекті ретінде баланың даму процесінде мақсатты бағыттану (нысананы көздеу), еркіндік, өзін-өзі реттеушілік, әртүрлі өмір жағдайларында әртүрлі міндеттерді шешу үшін әрекет тәсілдері мен әдістерін қатаң ажырату қалыптасады. Баланың даму процесін сипаттаушы негізгі қағидалардың талдауы, біріншіден, қарастырылған барлық сызықтар (бағыттар)өзарашартты, өзара байланысты екенін көрсетеді. Бұл - олардың тек қана бірге жүзеге асырылуы, сөздің толық мағынасында, адамның психикалық, тұлғалық дамуы деп аталатын прогрессивті өзгерісті құра алады дегенді білдіреді. Екіншіден, бұл дамудың белгілі бір әлеуметтік жағдаятында және де ең алдымен, оқыту және тәрбиелеу жағдаятында әлеуметтік ортаның, бірлестіктің, ықпал етуінен болатыны ерекше атап өтіледі. Бұл прогрессивті педагогикалық психологияның барлық ережелері дамыта және тәрбие беруші оқытудың барлық оқу пәндерінің құралдары арқылы жүзеге асырылуының маңыздылығына екпін түсіруімен байланысты. Үшіншіден, адамның дамуы оқыту және тәрбие беру процесінде басқа адамдармен өзара әрекеттесу барысында жүретіні аталып өтеді. Бұл да педагогикалық психологияның негізгі ережелерінің бірі.

С.Л. Рубинштейн «бала дамымайды, тәрбиеленбейді және оқытылмайды, ол тәрбиелене және оқи отыра дамиды» деген. Бұл дегеніміз: «тәрбие беру және оқыту бала дамуы процесінің дәл өзіне кіреді, ол тек оның үстіне қондырылмайды…» және ары қарай «… баланың тұлғалық психикалық қасиеттері, оның қабілеттілігі, мінезінің ерекшеліктері және т.б. баланың жеке әрекеті барысында тек байқалмайды, сонымен бірге ол қалыптасады…». Осыдан барып оқушының оқуын оның оқу әрекеті ретінде арнайы ұйымдастырылуы қажеттілігінің психологиялық тезисі шығады, ол оқулықтың келесі тарауларында қарастырылады.

Тақырыбы: ІІІ-бөлім. Педагог және оқушылар – білім беру процесінің субъекттері.

Жоспары:

3.1.Білім беру процесінің субъекттеріне тән ерекшеліктер.

3.2.Педагог - кәсіби қызметінің саласында.

3.3.Педагог іс-әрекетінің психофизиологиялық (индивидтік) алғышарттары (нышандары).

3.4.Педагогикалық іс-әрекеттің субъекті құрылымындағы қабілеттер.

Лекция мәтіні:

3.1.Білім беру процесінің субъекттеріне тән ерекшеліктер.

Субъект категориясының жалпы сипаттамасы. Субъект категориясы философияда, әсіресе онтологияда негізгі орын алатыны белгілі (Аристотель, Декарт, Кант, Гегель). Ол қазіргі кездегі психологияда да өзіне үлкен назар аудартуда (С.Л. Рубинштейн, К.А. Абульханова-Славская, А.В. Брушлинский, В.А. Лекторский). С.Л. Рубинштейннің айтуынша «философияның (онтологияның) негізгі мәні... түрлі формалардағы субъектілерді, тіршілік ету тәсілдерін, қозғалыстың түрлі формаларын ашу». Мұның ішіне іс-әрекет субъектілерін қозғалыстың негізгі формаларының бірі ретінде ашып көрсету енеді. Білім беру іс-әрекетінің, яғни өзіне оның екі өзара байланысты – педагогикалық және оқу формаларын қамтитын іс-әрекеттің субъекттерін талдау жалпы философиялық және нақты педагогикалық міндеттер арнасында жатыр.

Жалпы философиялық позиция бойынша субъект сипаттамасы қандай? Осы сипаттамаларды С.Л. Рубинштейн бойынша келтірейік.

Біріншіден, субъект категориясы әрқашан объект категориясымен сәйкестендіріледі. Осыған орай С.Л. Рубинштейн, болмысты танып білуге, «болмыстың танымға ашылуына», осы «танылып отырған болмыстың» танып білушы адамға қатынасына екі өзара байланысты жақтарды қояды: 1) болмыс объективтік шындық ретінде, адам тарапынан саналы түсіну объектісі ретінде; 2) адамды болмысты танушы, ашушы, оның өзіндік сана-сезімін іске асырушы субъект ретінде».

Екіншіден, танушы субъект, немесе «ғылыми таным субъектісі – бұл өзі танып отырған болмысты қоғамдық-тарихи қалыптасқан формаларда саналы түсінуші қоғамдық субъект». Осы жерде А.Н. Леонтьевтің жалпы субъективтік пен объективтік арасында қарама-қайшылық абсолютті емес деген қағидасын атап өту маңызды. «Олардың қарама-қайшылықтары дамудан келіп туындайды, тіпті бүкіл оның даму барысында олардың арасындағы, «біржақтылықты» жоюшы, өзара өтулер сақталады».

Үшіншіден, қоғамдық субъект іс-әрекетте де, нақты индивид болмысында да тіршілік құрып, жүзеге аса алады.

Төртіншіден, «Мен» және басқа адам проблемасы мәселесін қарастыра отырып С.Л. Рубинштейн келесі жағдайға назар аудартады: «Мен» қандай да бір іс-әрекетті ұйғарады, және керісінше, «ырықты, басқарылушы, саналы түрде реттелуші іс-әрекетті әрекеттегі адам (лицо), осы іс-әрекеттің субьектісі – берілге индивидтің «мені» тиісті ұйғарады». Бұл қағида тек субъектінің ғана емес, сонымен қатар іс-әрекеттің өзінің де негізгі сипаттамаларының бірі ретінде болады.

Бесіншіден, субъект – саналы әрекеттенуші – оның өзіндік сана сезімі – бұл «өзін дүниені саналы түсінуші және оны өзгертуші тіршілік иесі ретінде түсіну, оның іс-әрекет процесінде әрекеттенуші субьект ретінде – практикалық және теоретикалық, сондай-ақ саналы түсіну іс-әрекетінің субъектісі ретінде түсіну». Бұл анықтама С.Л.Рубинштейн теориясында «Адам өмір субъектісі ретінде» афоризмі формасын алады.

Алтыншыдан, әрбір нақты субъект өзінің басқаға қатынасы арқылы танылады (мұны тағы А. Смит, К. Маркс айна теориясында атап өткен, бұл теория бойынша Петр деген адам Павелге айнаға қарағандай қарап, оның бағалауын қабылдай отырып, өзін-өзі бағалауды қалыптастырады).

Жетіншіден, әрбір «Мен», жекеше де, қоғамдық та болғанымен, ұжымдық субъект болып табылады. «Әрбір «мен», ол «мендердің» жалпылығы болғандықтан, ұжымдық субъект, субъекттер ынтымақ-тастығы, «субъектер республикасы», тұлғалар ынтымақтастығы болып табылады; бұлі «мен» іс жүзінде «біз» болып табылады».

Субъектің сегізінші сипаттамасы іс-әрекет субъектінің осы іс-әрекеттің өзінде өзі қалыптасып, жасалынатынында болып табылады, оның пән мазмұнын ашудағы субъекттің өзін айқындап және анықтауы мүмкін. С.Л. Рубинштейн бойынша «субъект өзінің істерінде, өзінің шығармашылық дербестік акттерінде тек ғана табылып және көрініп қоймайды; ол мұнда жасампаздалады және анықталады. Сондықтан оның не істегеніне қарап, оның кім екенін білуге болады; оның іс-әрекетінің бағыты арқылы өзін анықтап және қалыптастыруға болады. Тек осыған ғана педагогиканың мүмкіншілігі жоқ дегенде, үлкен стильдегі педагогиканың мүмкіншіліктері сүйенеді».

Субъекттің тағы бір, тоғызыншы сипаттамасын атап өтейік, ол бейнелеу процесін гносеологиялық және өзіндік психологиялық талдаудан, «субъективтік» бейне категориясынан туындайды. А.Н. Леонтьев пікірінше танымда, шын бейнесінде үнемі белсенді субьект болады («құмарланған»), ол өзі орналасқан объект пен байланыстарды моделдейді. Іс-әрекеттің мотивтермен, эмоциялармен, субъект ұстанымдарымен шарттастығының жалпы психологиялық тезисіне негізделе отырып, А.Н. Леонтьев бейнелеудің «құмарланғандығы» түсінігін оның іс-әрекет субъектіне тиістілігі ретінде енгізеді.

Субъект түсінігінен басқа – операционалдық – позициялардан келе отырып, Ж. Пиаже де белсенділікті оның жетекші сипаттамаларының бірі ретінде қарастырғанын айта кету маңызды. «Объект субъектке дайын күйде «берілмеген», ол тек соңғысы тарапынан жаңа білім құрылымында жаңғыртылады, оны өзі үшін «тұрғызатындай», тура сол сияқты субъект те өзіне өзінің барлық ішкі құрылымдарымен «берілмеген»; өзі үшін обьект ұйымдастыра отырып, субъект өзінің жеке операцияларын да конструциялайды, яғни өзін өзі үшін шындық қылады».

Ж. Пиаже бойынша, субъект үнемі қоршаған ортамен өзара әрекеттесуде болады; оған бейнелеудің функционалды белсенділігі тән, оның көмегімен субъект өзіне әсер етуші ортаны құрылымдайды. Белсенділік әрекеттерден байқалады, олардың арасында әр түрлі өзгертулер, объектілерді түрлендіру (орын алмастыру, комбинациялау, жою және т.б.) және құрылымдар жасау жетекші болып табылады. Ж. Пиаже, обьект пен субьект арасында қашанда, субъекттің алдыңғы өзара әрекеттесуі, алдыңғы реакциясы контексінде жүретін өзара әрекеттесу бар екеніне қатысты, педагогикалық психология үшін маңызды ойды атап көрсетеді. Ж. Пиаженің және бүкіл Женева мектебінің осы позициясын талдай отырып, Л.Ф. Обухова келесі жағдайды атап өтеді: «стимул–реакция» формуласы, Ж. Пиаже бойынша, «стимул – субъект іс-әрекетін ұйымдастыратын – реакция» ретінде болуы керек. Басқаша айтқанда, әрекеттердің, іс-әрекеттің және одан да кең мағынада – өзара әрекеттесу субъектісі, объектпен ара қатынаста болып, өз тарапынан белсенді, жаңғыртушы және түрлендіруші бастама болып табылады. Бұл әрқашан да әрекеттенуші болады.

Субъект және тұлға. Субъекттілік проблемасы соңғы он жылдықтарда, тұлға психологиясында арнайы зерттеу объектісі болуда. Адамның «...дүниедегі болмысының өзін-өзі детерминациялау қасиетін» саналы түсінуші субъекттілігі идеясы, берілген психология аймағы үшін демеуші ретінде қарастырылады. В.А.Петровский, осы категория арқылы тұлғалық пен субъекттік арасындағы ішкі байланысты қарастыра отырып: «Тұлға болу дегеніміз... іс-әрекеттің, қарым-қатынастың, өзіндік сана-сезімнің субьектісі болу», – деп көрсетеді. В.А. Петровскийдің дәлелдерін келтірейік:

«Біріншіден, тұлға болу – өз өмірінің субъектісі болу, дүниемен өзіндік виталды (кең мағынада) қатынастарын құру». Бұл адамның табиғатпен және әлеуметтік ортасымен өзара қатынастарының физикалық, психофизикалық, психологиялық, әлеуметтік жақтарын қамтиды.

«Екіншіден, тұлға болу – өзі әрекеттенуші ретінде болатын заттың іс-әрекеттің субъектісі болу».

«Үшіншіден, тұлға болу – ол қарым-қатынастың субъектісі болу», мұнда В.А. Петровский бойынша, өзара әрекеттесуші жақтардың өзара көрінулерін қамтамасыз ететін ортақ нәрсе қалыптасады. В.А. Петровский, осы категориялардың байланысын ұғыну үшін маңызды ойды атап өтеді, яғни «...қарым-қатынас субъектісі ретніде тұлға болу адамның басқа адамдар өмірінде қандай да бір мөлшерде идеалды бейнеленуінсіз мүмкін емес».

Төртіншіден, В.А. Петровский бойынша, тұлға болу дегеніміз өзіндік сана-сезім субъекті болуы, мұның өзі өзін-өзі бағалауды, өз «Менін» ашуды және де басқа өзіндік-тұлғалық конституенттерді қамтиды. Субъекттілікті тұлғаның құрастыратын сипаттамасы ретінде қарастыра отырып, В.А. Петровский педагогикалық психология үшін маңызды түсініктерді енгізеді: «виртуалды субъект» түсінігін қалыптасу, осы күйге өту мезеті ретінде, бұл адамдағы тұлғалықтың пайда болуымен байланыстырылады; «бейнеленген субъекттілік» түсінігін – «нағыз субъект өз-өзі үшін субъект және сонымен бірге алмайды және сонымен бірге басқа біреу үшін өзінің болмыс субьектісі болмай қалмайды».

Наши рекомендации