Проблемалық ситуациялар және мотивация

Мотивациялық құрылымның өзгеруіне әсер ететін күшті фактор проблемалық ситуация болып табылады, ол таңдау жасау мәжбүрлігі арқылы, уақыттық шектеу мен бағалауды алып тастау арқылы шығармашылық белсенділікке итермелейді (Е.И. Савонько, Н.М. Симонова). Авторлар төмендегілерді анықтады: а) үстем доминантты мотивация іс-әрекет өнімінде айқындалады; б) түрткінің өнім ерекшелігіне әсерін жанамалаушы фактор оның тұлғалық мәнділігі болып табылады, в) тұлғалық мәнділіктің психологиялық мазмұны мотивациялық құрылым түріне байланысты. Зерттеулерде мотивациялық құрылым түрі, іс-әрекет өнімінің ерекшелігі және оның субъектінің мінездемесі арасындағы байланыстардың сапалық өзіндік өзгешелігі айқындалды. Мысалы, эксперименталдық деректердің негізінде субъекттік сипаттамалар, эксперименталдық іс-әрекеттің өту ерекшеліктері, мотивация құрылымының, өнімінің ерекшеліктері ретіндегі осындай сипаттамаларының сапалы өзіндік тіркесімдерінің критериі бойынша студенттердің бірнеше топтары бөлінді. Сыналушылардың мотивациялық сипаттамаларының сандық-сапалық талдауы неғұрлым шығармашыл, қабілетті, ізденіске дайын, экспрессивті және қарым-қатынасқа бейім студенттер тобын анықтауға мүмкіндік берді. Олардың мотивация құрылымындарында процеске бағдарлануы тұрақты үстемдік көрсетеді; құрылымішілік өзгерістер уақыт факторы мен іс-әрекет шартының әсерінен құрылым компоненттерінің тәртіптілікке және сараланып жіктелінуге деген айқын көрінетін беталыспен сипатталады. Осы топтағы сыналушылардың іс-әрекет өнімі (мәтіндер) өзіндік өзгешелігімен, айқындықпен, жоғары эмоционалдықпен, логикалық бірізділікпен, аргументтілігімен, тұлғалық қатыстылықпен, шығармашыл сипатпен ажыратылады.

Осы проблеманы зерттеулерде ашылған факторлар арқылы мотивациялық құрылымдардың құрылымішілік динамикасына әсер етуге болады, олай болса, олардың қайта құрылуын басқаруға болады. Мұндай факторларға жататындар: уақыттық шектеу мен бағалауды алып тастау; қарым-қатынастың демократиялық стилі; таңдау жағдайы; тұлғалық мәнділік, жұмыстың шығармалық және өнімді түрі. Проблемалық ситуацияның шығармалық сипаты құрылым компонент-терінің сараланып жіктелінуі мен тәртіптелуге деген, яғни оның тұрақтылығы беталысына ынталандырады. Қарастырылғандардың барлығы оқу мотивациясының психологиялық феномен ретінде күрделі екеніне куәландырады, оны оқу үрдісінде басқару, оның құрылымдық ұйымдасуын, динамикалылығын, жас кезеңдерімен себептілігін есепке алуды талап етеді.

5.3.Меңгеру – үйренуші іс-әрекетінің орталық буыны.

Меңгеру оқытудың (оқу, оқу іс-әрекеті) барлық теорияларының, тіпті ол жеке процесс ретінде ажыратылғанына немесе оқумен теңестірілгеніне қарамастан, негізгі түсінігі болып табылады. Меңгеру өз тарапынан күрделі, көп мәнді түсінік бола отырып, түрлі позициялар, түрлі бағыттар көзқарасы тарапынан түсіндірілуі мүмкін.

Біріншіден, меңгеру – «өзіне телу» арқылы адамның даралық тәжірибені тауып алуы, А.Н. Леонтьев терминдерінде әлеуметтік-мәдени қоғамдық-тарихи тәжірибені білімдердің, мағыналардың, әрекеттің (сондай-ақ іскерліктер мен дағдылардың) жалпыланған тәсілдерінің, адамгершілік нормалардың, мінез-құлықтың этикалық ережелерінің жиынтығы ретінде қалыптастыру жолдары, механизмі. Осындай меңгеру адамның бүкіл өмір сүру барысында бақылауы, жалпылауы, шешім қабылдауы және өз әрекеттері нәтижесінде жүзеге асады. Бұл жерде өз әрекеттері қалай жүргені – өздігінен бе, әлде білім беру жүйелерінің арнайы жағдайларында ма, ол маңызды емес.

Екіншіден, меңгеру – адамның күрделі интеллектуалдық іс-әрекеті, оған материалды қабылдауды, мағыналық өңдеуді, сақтау мен қайта өңдеуді қамтамасыз ететін барлық таным процестері (сенсорлық-перцептивтік, мнемологиялық) жатады.

Үшіншіден, меңгеру – бұл оқудың, оқу іс-әрекетінің нәтижесі. Оқу материалының меңгерілуінің беріктігі, жүйелігі, сапалығы туралы айтқан кезде зерттеушілер көбінесе дәл нәтижелік жақты есепке алады. Оқу іс-әрекетіне қатысты С.Л. Рубинштейн бойынша, меңгеру, оның мазмұны, «оқыту процесінің орталық бөлігі» ретінде болады. Онымен қоса, В.В. Давыдов бойынша, «ғылыми білімдерді және оған сәйкес іскерліктерді меңгеру іс-әрекеттің негізгі мақсаты және басты нәтижесі ретінде болады».

Ең жалпы түрде меңгеру алынған білімдерді қабылдау, мағыналық өңдеу, сақтау және оларды практикалық және теоретикалық міндеттерді орындаудың жаңа жағдайларында пайдалану, яғни осы білімдерді, олардың негізінде жаңа міндеттерді орындай алу іскерлігі формасында пайдалану ретінде анықталады. С.Л. Рубинштейн анықтамасы бойынша, «білімдерді берік меңгеру процесі – оқыту процесінің орталық бөлігі. Бұл психологиялық өте күрделі процесс. Оның еске және есте сақтау беріктігіне ешқандай қатысы жоқ. Оған материалды қабылдау, оның мәнділігі, оны есте сақтау және игеру қосылады, яғни мұнда оны кез-келген жағдайда еркін пайдалануға, түрліше қолдануға мүмкіндік беретін игеру болып табылады».

Меңгерудің осы анықтамасына Дж. Брунердің түсіндірмесі жақынырақ. Ол игеруді бір үш мезгілде жүретін процестер ретінде қарастырады: жаңа ақпаратты алу; қайта құрастыру; ақпаратты міндетті орындауға бейімдеу және тексеру, бақылау. Дж. Брунер елеулі мөлшерде меңгеру мен оқу іс-әрекетін теңестірсе де, осы процестің күрделігі мен фазалығын атап көрсеткені айқын.

Наши рекомендации