Ық негіздері» - пәні бойынша емтиханға арналған сұрақтар

1. Келісім – шарт теориясы бойынша мемлекеттің пайда болуына негіз болды... адамдардың ерікті келесімі

2. Патриархалдық теория бойынша мемлекеттің пайда болуына негіз болды…отбасы

3. Материализм мемлекеттің пайда болуының қандай негізгі факторларын атайды? Таптардың пайда болуы

4. Теологиялық теория бойынша мемлекеттің пайда болуына негіз болды…жоғарғы сана мен құдай еркі

5. Мемлекеттің шығыс типінің негізгі белгісі –жерге мемлекеттік және қоғамдық меншіктің болуы

6. Мемлекеттің Батыс типінің негізгі белгісі –биліктің бастауы болып меншік табылуы

7. Мемлекеттің негізгі белгілері қандай? Белгілі бар аумаққа тарайтын дербестік

8. Құқықтың негізгі белгісі:жалпыға міндеттілік ,нормативтілік

9. Құқық дегеніміз…мемлекет орнықтырған жалпыға міндетті ережелер

10. Марксистік ілім бойынша мемлекеттің негізгі мақсаты не?біртаптың диктатурасын орнату

11. Мемлекет функциясы әрекет ету мерзіміне қарай қандай түрлерге бөлінеді?тұрақты,уақытша

12. Құқықтық норма дегеніміз?қоғамдық қатынастарды реттеу колданылатын әлеуметтік ережелердің бір түрі

13. Құқықтық норманың жүзеге асырылуының шарты мен iс әрекетке барғызу жағдайын анықтайтын құқық нормасының элементін атаңыз?гипотеза

14. Құқықтық нормалар құқық салалары бойынша қалай сараланады?азаматтық құқықтық нормалар,қылмыстық құқықтық нормалар және т.б

15. Құқық нормасында адамның жүріс – тұрысына әсер етудің қандай әдістері бекітіледі?тыйым салу ,міндеттеу,өкілеттік беру

16. Құқықтық қатынастарға қатысу үшiн құқық субъектiлерi қандай қасиеттерге ие болуы тиiс?олардың құқық ,әрекет қәбілеттіктері болуы тиіс

17. Құқықтық нормалардың элементтері? Диспизиция,гипотеза,санкция

18. Диспозиция деген не?қатынастың мазмұны мен субъектілердің құқығы мен міндеттерін көрсетеді

19. Гипотеза деген не?диспозиция қашан басталады,аяқталады, нормативтік актілердің калай орынлалу керек екендігін білдіреді

20. Санкция деген не?диспозиция мен гипотеза дұрыс орындалмаса, оның жағымсыз салдары мен жауапкершіліктің басталуы мен қолданылуы

21. Құқық нормасының басқа әлеуметтік нормалардан басты ерекшелігін атаңыз?жалпыға міндеттілігі, нормативтілігі

22. Құқық бұзушыға жағымсыз әсер ететін шараларды бекітетін ереже норманың қандай элементіне жатады?санкция

23. Құқық нормасын талқылау дегеніміз...заң мағынасын түсіндіру

24. ҚР Президенті дегеніміз:мемлекет басшысы және лауазымды тұлға

25. ҚР Парламенті дегеніміз:заң шығару қызметін жүзеге асытатын орган

26. Судья болу үшін қойылатын жас мөлшері:25

27. Республиканың Бас прокурорын кім қызметке тағайындайды:Парламент Сенатының келісімімен Республика Президенті

28. Бас прокурор болу үшін қойылатын жас?35

29. Заңшығарушылық бастама құқығына кім ие бола алады:ҚР Президенті, Праламент депутаты,Үкімет,Мәжіліс

30. Әкімнің шешімдері мен өкімдер тоқталуы мүмкін:ҚР Президентімен

31. Қазақстан Республикасы Үкіметі өзінің бүкіл қызметінде кімнің алдында жауапты:Президент

32. Қазақстан Республикасының Конституциясыны сәйкес жергілікті атқарушы орган болып саналады:мәслихат

33. Әкімшілік жазаның мақсаты:әлеуметтік әділеттікті қалпына келтіру,заң талаптарын сақтау,құқық тәртібін құрметтеу,жаңа құқық бұзуда алдын алу

34. ҚР Үкіметі кімнің алдында жауапты?ҚР Президентінің

35. Әкімшілік-құқықтың субъектілері болып табылады:жеке тұлғалар

36. Азаматтық құқық мүліктік қатынастармен қатар қандай қатынастарды реттейді:Жеке мүліктік емес қатынастарды

Әкімшілік айыппұл немен өлшенеді? айлық есептік көрсеткішпен

37.

38. Өз әрекеттерімен азаматтық құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыру қабілеттілігі, ол:Әрекет қабілеттілік

39. Әкімшілік жауапкершілікке тартылмайтын тұлға:14 жастағы

40. Әкімшілік мәжбүрлеу әдісіне жатпайды:сендіру

41. Жеке тұлға ұғымына не кіреді:Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ тұлғалар

42. Азаматтың құқық қабілеттілігі қашан басталады:Ол туған кезден бастап

43. Азаматтардың әрекет қабілеттілігі – бұл:Азаматтың өз әрекеттерімен азаматтық құқықтарға ие болуға және оны жүзеге асыруға, өзі үшін азаматтық міндеттер жасап, оларды орындауға қабілеттілігі

44. Қандай орган азаматты әрекет қабілеттілігі жоқ деп таниды:Сот

45. Мәміле - бұл:Азаматтар мен заңды тұлғалардың азаматтық құқықтар мен міндеттерді орнатуға, өзгертуге және тоқтатуға бағытталған іс-әрекеттері

46. Азаматтық заңмен қандай қатынастар реттеледі:қатысушылардың тендігіне негізделген товар-ақша және мүліктік қатынастары сондай-ақ мүлікпен байланысты өзге жеке мүліктік емес қатынастар

47. Азаматтық Кодекстің Жалпы бөлімі қашан қабылданды?1994 жылы 27 желтоқсанда

48. Мәміле нысаны бойынша қандай түрге бөлінеді?ауызша, жай және нотариалдық жазбаша

49. Азаматтық құқық жүйесін көрсетіңіз?Жалпы, Ерекше

50. Азаматтық заңдылық бойынша жеке тұлға бұл:ҚР азаматтары, басқа мемлекеттердің азаматтары, сондай-ақ азаматтығы жоқ адамдар

51. Күштеу теориясына сәйкес мемлекеттің пайда болуының себептері:басып алу, оның үстінен үстемдік орнатуы

52. Мемлекеттің пайда болуы туралы «келісім-шарт теориясының» өкілдерін атаңыз:Гроций, Гоббс, Руссо, Радищева

53. Мемлекет функциясы нені білдіреді?мемлекет қызметінің негізгі бағыттарын

54. Қандай функция мемлекеттің кез-келген типіне тән?шаруашылық – ұйымдастырушылық

55. «Құқық дегеніміз үстем таптың заңға айыналдырған еркі» деген анықтаманың авторы кім?К.Маркс, Ф.Энгельс

56. Мононорма дегеніміз:алғашқы қауымдық қоғамдағы әлеуметтік нормалар

57. Құқықты Құдай жаратты деп санап, оны мәңгілік құбылыс деп танитын теория?теологиялық теория

58. Құқықтың тарихи мектебінің негізін қалаушылар?Г. Гуго, Ф. Савиньи, Г. Пухта

59. Төменде мемлекетке берілген анықтамалардың қайсысы оның қазіргі таңдағы түсінігіне сәйкес келеді?мемлекет бұл адамдардың бірігіп өмір сүру үшін бірлесудің тәсілі

60. Қазіргі заманда құқықтың мазмұнына қарай жіктеу түрлері:формациялық және цивилизациялық

61. Моральдық нормалардың құқықтық нормалардан айырмашылығы: мемлекеттік органдар бекітпейді

62. Құқықтық нормалардың негіздерінің үш түрі болады:материалдық, идеалды, заңды

63. Кодификация деген не?Құқықтық нормаларды салаларына сәйкес жинау, заңды мейлінше жетілдіру

64. Инкорпорация деген не?Қолданып келген құқықтық нормалардың мазмұнын өзгертпей сыртқы белгілері жағынан бір жүйеге келтіру

65. Қандай құқықтық норма өзінің әрекет етуін басқа актіге сілтеме жасайды?сілтемелі

66. Құқық бұзушыға жағымсыз әсер ететін шараларды бекітетін ереже норманың қандай элементіне жатады?санкция

67. Жоғарғы билік мұрагерлік жолмен ауысатын және жеке дара жүзеге асырылатын басқару нысаны:монархия

68. Дуалистік монархияның белгілерін көрсетіңіз:билік монарх пен парламентке тең бөлініп берілген

69. Мемлекеттің негізгі белгілері:мемлекеттік егемендік, жалпыға бірдей ережелер, биліктің арнайы аппараты, салық

70. Нормативтік материалдарды жүйелеу хронологиялық, пәндік және т.б. критерийлер бойынша жүйелеу түрін атаныз?инкорпорация

71. Қандай нормалар міндетті түрге жатады?жағымды әрекеттерді жасауға міндеттейтін

72. Мемлекет нысанын қалай түсінуге болады?Басқару нысаны, саяси режим, мемлекет құрылымы

73. Авторитарлық саяси құқықтық режимге тән емес белгі ол:Адамның құқықтарының үстемдігі

74. Унитарлық мемлекет – бұл:Аумағы әкімшілік немесе ұлттық–аумақтық бірлестіктерге–облытсар және аудандар, біртұтас биліктік және басқару органдары бар

75. Елбасшысы сайланып ауысатын және оның билігі сайлаушылар мен өкілді органнан туынды деп саналатын мемлекеттің басқару нысаны:республика

76. Федеративтік мемлекеттің конфедеративті мемлекеттен айырмашылығы неде?Федерация мүшелерінің шектеулі егемендігі болады, ал конфедерация мүшелерінің егемендігі толық болады

77. Мемлекетті басқару нысанының қандай түрінде заңды және іс жүзіндегі билік өкімет, парламент және монархия арасында бөлінген, яғни екі жақты сипатта болады:дуалистік монархия

78. Мемлекет аумағында басқа мемлекеттік құрылымдар жоқ, аумақ әкімшілік–аумақтық бірліктерге бөлінген мемлекеттік құрылым қалай аталады?Унитарлы мемлекет

79. Қазақстан Республикасының басқару нысаны қандай:президенттік республика

80. Қазақстан Республикасының мемлекеттік құрылым нысаны:унитарлы мемлекет

81. Федерация дегеніміз:Мүшелері белгілі бір жағдайда ғана мемлекеттік егеменділікке ие болатын күрделі мемлекеттік құрылым

82. Монарх билігінің шексіздігі:Абсолюттік монархия

83. Республикалық басқару нысанына тән белгі:Мемлекет басшысы мен басқа да биліктің жоғарғы органдарының белгілі бір мерзімге сайланатындығы және билігінің сайлаушылар еркіне сәйкес шектелуі

84. Мемлекетті басқару бір адаммен және мұра бойынша жүзеге асырылатын басқару нысаны:Монархия

85. Мемлекеттік басшы қандай басқару нысанында жауаптылыққа тартылмайды?Абсолюттік монархия

86. «Сот жүйесі туралы» Конституциялық заңында судьяларға қойылатын тәртіптік жауапкершіліктің қанша түрлері белгіленген?5

87. Аудандық соттың көмекші аппараты:Аталғандардың барлығы

88. Сот жүйесін қандай органдар құрайды?ҚР.Конституциялық кеңес

89. «ҚР Әділет органдарының мамандандырылған алқасы туралы» ҚР Заңы қай жылы қабылданды?2001 жылдың 11 шілдесінде

90. ҚР сот жүйесінде қанша буын бар?3

91. Бірінші сатыдағы сот шығарған акт қандай мерзімде заңды күшіне енеді?10 тәулік ішінде (азаматтық істер бойынша 15 күн)

92. ҚР Конституциясының 77 бабында сот төрелегінің қанша қағидалары көрсетілген?10

93. Облыстық сот пленарлық жиналысты жылына қанша рет жүргізеді?2 реттен кем емес

94. ҰҚК-тің ҚР – ның Президенті құрады қысқартады:құқығы бар

95. Облыстық Соттың Пленарлық жиналысының облыстық сот әрбір алқасындағы судьялардың сандық құрамының бекітілуі жөніндегі ұсынысты кім жасайды?Облыстық соттың төрағасы

96. Облыстық соттың төрағасы антты қай жерде береді?ҚР Жоғарғы Сотының Пленарлық жиналысында

97. ҚР Жоғарға Сотының Пленарлық жиналысын өткізу мерзімі:Жылына 2 реттен көп емес

98. Адвокат сот шешіміне қай мерзімде шағымдануға құқылы:15 күннің бойында

99. Мемлекеттік қызмет туралы заң кімдерге қолданылады:мемлекеттік қызметшілерге

100. Мемлекеттік қызмет істері жөніндегі уәкілетті орган кімге есеп береді:ҚР Президентіне

101. Ең Жоғары заңды күші бар нормативтік-құқықтық акті:Қазақстан Республикасының Конституциясы

102. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заң қай жылы қабылданды:1999 жылы

103. Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік қызметке кіруі қандай жағдайларда жүзеге асырылады:тағайындалады

104. Мемлекеттік органдарда саяси партиялардың ұйымдарын құруға жол беріледі ме:берілмейді

105. Қазақстан Республикасы Президентінің кезекті сайлауы өткізіледі:Қазақстан Республикасы Конституциясында көрсетілген нақты күнтізбелік кезеңде

106. Қазақстан Республикасы Үкіметі мүшелері кімге ант береді:Қазақстан Республикасы халқы мен Президентіне

107. Қазақстан Республикасының Президенті қанша уақытта Үкіметтің отставкаға кетуін қабылдайды немесе қабылдамайды?10 күнде

108. Мемлекеттік қызметшілер ант беруге міндетті ме?Міндетті

109. Мемлекеттік қызметшінің педагогтік қызметпен айналысуға құқығы бар ма?құқығы бар

110. Мемлекеттік қызметші мемлекеттік тәртіп пен еңбек тәртібін сақтауға міндетті ме?міндетті

111. Қай мемлекеттік орган кадрлар резервін қалыптастырады:ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

112. Конституцияның функциялары:ұйымдастырушылық, құрылтайшылық, құқықтық

113. Біздің Конституциямыздың экономикалық қағидалары қандай?меншік нысандарының көп түрлігі қағидасы

114. Республика аумағында басқа мемлекеттердің саяси партияларының қызметіне рұқсат етіледі ме?рұқсат етілмейді

115. Қазақстан Республикасында қай тіл мемлекеттік болып есептеледі?қазақ тілі. Мемлекеттік ұйымдарда және жергілікті өзін-өзі басқару органдарында орыс тілі ресми түрде қазақ тілімен тең қолданылады

116. Қазақстан Республикасында биліктің бірден-бір бастауы болып кім табылады?Қазақстан халқы

117. Қазақстан Республикасы қандай мемлекет болып табылады?президенттік басқару нысанындағы біртұтас, зайырлы мемлекет

118. Қазақстан Республикасы аумағында шетел азаматтары кәсіпкерлік қызметті жүзеге асыра алады ма?ҚР заңдарында және халықаралық шарттарда белгіленген жағдайларда жүзеге асыра алады

119. Қандай мемлекеттік органның шешімі бойынша азаматты меншігінен айыруға болады?тиісті соттың

120. Бірыңғай азаматтық деген не?Қазақстан Республикасы құрамында арнайы ұлттық аумақтық бірліктер жоқ, сондықтан да одақтық мемлекетке қарағанда біздің азаматтығымыз бірыңғай

121. Мемлекеттік саяси қызметшілердің мемлекеттік әкімшілік лауазымға орналасу тәртібін кім айқындайды:ҚР Президенті жанындағы Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

122. Конституциялық құқықтың тәсілдері:құқықтық тыйым салу және құқықтық бекіту

123. Конституциялық-құқықтық институт дегеніміз не?құқықтық сала шегіндегі бірыңғай конституциялық-құқықтық нормалардың жиынтығы

124. Қандай нормативтік актілер Қазақстан Республикасы Конституциялық құқығының қайнар көздері болып табылады?конституциялық-құқықтық нормалардан тұратын актілер

125. Сайлау алдындағы үгіт қашан аяқталады?сайлау қарсаңындағы күннің алдыңғы күні жергілікті уақыт бойынша 0 сағатта

126. Республика Президентін сайлау қашан өткізіледі?тиісінше жылдың желтоқсан айының бірінші жексенбісінде

127. Қазақстан Республикасы Президентіне үміткер ҚР аумағында неше жыл тұруға тиіс?15 жыл

128. Әкімшілік –құқықтың міндетті қатысушысы:мемлекеттік орган

129. Әкімшілік-құқықтық қатынастардың негізгі ерекшелігі:мемлекеттік орган міндетті қатысушы болуында

130. Әкімшілік құқықтық қатынастағы субъектілердің арасындағы қатынастар қандай сипатқа ие?бағыныстылық, биліктік

131. Парламенттің өкілеттік мерзімі қай уақыттан бастап аяқталады?жаңа сайланған Парламентінің бірінші сессиясы жұмысқа кіріскен кезден

132. Бас Прокурордың өкілеттік ету мерзімі қанша?5 жыл

133. Әкімшілік құқықтың қайнар көзі болып табылмайды:Заңды тұлғалар ассоциациясының актісі

134. Әкімшілік құқық ғылым ретінде қай елде кең тарады?Еуропа елдерінде

135. Әкімшілік құқықтың әдістері:диспозитивті және императивті

136. Меншікке қолсұқпаушылық қағидасы нені білдіреді:

137. Мүліктік қатынасты қалай түсінеміз ?

138. Үкімет шығаратын нормативтік актҚаулы

139. Әкімшілік деген сөз латын тілінен аударғанда қандай ұғымды білдіредібасшылық, басқару

140. Әкімшілік шарт дегеніміз не?мемлекеттік басқарудың құқықтық нысанының бір түрі

141. Әкімшілік актілерге ресми түсіндіруді кім жүргізеді?Конституциялық кеңес

142. Үкіметтің қызметін реттейтін акт?Үкімет туралы конституциялық заң

143. Әкімшілік құқық бұзушылықтың ескіру мерзімі?1 ай

144. Әкімшілік ұстаудың жалпы мерзімі неше?3 сағат

145. Әкімшілік құқық бұзушылықты қараудың жалпы мерзімі?15 күн

146. Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы істерді кім қарайды?сот және атқарушы органдар

147. Кәмелетке толмаған адамдарға қамқоршылық олар қанша жасқа толғанда арнайы рұқсатты қажет етпей тоқтатылады:18 жас

148. Азаматтың құқық қабілеттілігі қашан басталады:Ол туған кезден бастап

149. Сенімхаттың пайдалану мерзімі көзделмеген жағдайда ол қанша уақытқа жарамды болады:1 жыл

150. Меншіктің қай түрі ортақ бірлескен меншік болып табылады?Ерлі-зайыптылардың меншігі

151. Банкроттық – ол:борышкердiң соттың шешiмiмен танылған оны таратуға негiз болып табылатын дәрменсiздiгi

152. Қылмыс құрамына кірмейтін элемент:қылмыстың пәні

153. Қылмыс жасауға дайындалғаны үшін және қылмыс жасауға оқталғаны үшін өлім жасасы мен өмір бойы бас ботандығынан айыру қолданыла ма?тағайындалмайды;

154. Қылмыстық құқық қандай бөлімнен тұрады?жалпы және ерекше;

155. Қылмыстық жазаның түрлері қандай?барлығы дұрыс

156. Қылмыстық заң бойынша ең ауыр жаза түріөлім жазасы

157. Арнаулы, әскери немесе құрметті атағынан, сыныптық шенінен, дипломатиялық дәрежесінен, біліктілік сыныбынан кім айыра алады?сот

158. Мүлікті тәркілеу дегеніміз не?Сотталған адамның меншігі болып табылатын мүліктің бәрін немесе бір болігін мемлекеттің меншігіне мәжбүрлеп өтеусіз алу

159. ҚР-ның қылмыстық құқықтың қайнар көзіне не жатады?Қылмыстық кодекс

160. Менмендікпен немесе немқұрайлықпен жасалған әрекет қандай қылмыс болып танылады?Абайсызда жасалған қылмыс

161. Қылмысты істеген адамның мінез – құлқының сыртқы көрінісін білдіреді:объективтік жағы

162. Қылмыстың ұғымы?Кодексте жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамдық қауіпті әрекет

163. Мас күйінде қылмыс жасаған адам қылмыстық жауаптылықтан босатыла ма?Босатылмайды

164. Өлім жазасы кімдерге қолданылмайды?18-ге толмағандарға

165. «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жүргізу туралы» Заңы қай жылы қабылданды?1998 жылы 2 шілде

166. Жаза деген не?Соттың үкімімен тағайындалатын мемлекеттің мәжбүрлеу шарасы

167. ҚР-ның Қылмыстық кодексі қашан қабылданды?1997 жыл 16 шілде

168. Қылмыстық кодекстің міндеті не?Қоғам мен мемлекеттің заңмен қорғалатын мүдделерін қылмыстық қолсұғушылықтан қорғау;

169. Еңбек шартының негізгі шартың белгісі қандай?еңбек функциясы туралы мәлімет

170. Еңбек шарты келесі тараптардың қатынастарын растайтын құқықтық акт:қызметкер мен жұмыс берушінің

171. Жұмыс уақыты дегеніміз:

172. Қазақстан Республикасы Еңбек кодесі қашан қабылданды?2007 жылғы 15 мамырында

173. Еңбек кодексі бойынша еңбек шарты қандай белгілі мерзімге жасалады?Қазақстан Республикасы Еңбек кодесінде көзделген жағдайлардан басқа, бір жылдан кем емес белгілі бір мерзімге жасалуы мүмкін

174. Аптасына жұмыс уақытының қалыпты ұзақтылығы қандай?жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс

175. Еңбек шартын жасасуға жол берілетін жас мөлшері?он алты жасқа толған азаматтармен

176. Еңбек шарты қолданылуының басталуы:еңбек шартының қолданылуы оған тараптардың қолы қойылған күннен не шартта белгіленген күннен басталады

177. Қызметкердің құқықтық жағдайы қашан басталады?еңбек шарты жасалғаннан кейін

178. Еңбек қатынастарының пайда болу негізі:еңбек шарты

179. Еңбек ету бостандығы құқығы нені қамтиды?әркімнің өз еркіне, мүмкіндігі мен арнайы даярлығына сәйкес қызмет түрі мен кәсібін таңдау мүмкіндігін

180. Жыл сайынғы ақылы еңбек демалысының ұзақтығы:ұзақтығы күнтізбелік жиырма төрт күн болатын жыл сайынғы ақылы еңбек демалысы беріледі

181. Жұмыс беруші қызметкердің тәртіптік теріс қылық жасағаны үшін келесі тәртіптік жаза қолдануға құқылы:ескерту, сөгіс, қатан сөгіс, еңбек шартын жұмыс берушінің бастамасы бойынша бұзу

182. Қызметкер неше жаста толық материалдық жауапкершілікке тартылады?он сегіс жасынан;

183. Еңбек дауын қарастырмайтын орган?кәсіптік одақ

184. Еңбек шартының мерзімі туралы шартта енгізілмесе, шарт қандай мерзімге есептеледі?белгісіз мерзімге

185. Жұмыс беруші жұмысқа қабылдағанда кандай құжаттарды талап етуге құқылы емес?кәсіптік одақта мүшелігі туралы құжатты

186. Еңбек шартының белгіленген шарттарының қайсысы міндетті шарттарға жатпайды?сынақ мерзімі туралы

187. Қандай белгіленген қағидалар еңбек құқығының салалық қағидаларына жатады:қауіпсіздік және гигиена талаптарына сай келетін еңбек жағдайларына құқықты қамтамасыз ету

188. Жер құқығының пәні дегеніміз не?жерді пайдалану және қорғау бойынша қоғамдық қатынасар

189. Жер құқығының жалпы бөліміне қандай институттар кіреді?жер учаскесі мен жер пайдалану құқығының кепілі

190. Жер құқығының ерекше бөліміне қандай институттар кіреді?ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлердің құқықтық жағдайы

191. Жер құқық қатынастарының объектілері қандай?

192. Жер кодексі қашан қабылданды?2003 жыл 20 маусым

193. Жерге жеке меншік бұл:жер учаскесін иелену, пайдалану және билік ету құқығы

194. Қандай жерлер жеке меншікке беріледі?саяжай құрылысы үшін

195. Меншік иесінің өзіне тиесілі жер учаскесіне қандай құқығы бар?жер учаскесін иелену, пайдалану және билік ету құқығы

196. Жерге жеке меншік құқығының тоқтатылуы:жерге жеке меншік құқығынан бас тартуы

197. Жер заңының неше қағидасы бар?он

198. Қандай жағдайда некені қалпына келтіруге болмайды?егер жұбайлардың екіншісі жаңа некеге тұрса

199. Қандай жағдайда әйелдің келісімінсіз некені бұзуға болмайды?әйелдің жүктілігі кезеніңде және бала туғаннан кейін бір жыл

200. Қандай жағдайда неке сот тәртібімен бұзылады?ерлі-зайыптылардың бір-біріне мүліктік талаптары болған жағдайда

201. Ерлі-зайыптылардың біреуінің некені бұзуға келісімі болмаған жағдайда татуласу үшін қандай мерзім беріледі? 3 ай

202. Некені сот тәртібімен бұзу мерзімі?арыз берілгеннен бір ай ішінде

203. Некені бұзу туралы шешім шығару кезінде сот қандай мәселелер шешеді?кәмелетке толмаған балалар ата-анасының қайсымен тұратындығын

204. Неке бұзу туралы шешім шығару кезінде қандай мәселелер шешеді?балаларды асырауға алимент ата-аналарының қайсысынан алынатын белгілеуге

205. Сот хабар ошарсыз деп таныса қандай орган некені бұзу құқысы бар?азаматтық хал актілерін жазу органдарында

206. Некені бұзуға ерлі-зайыптылардың біреуінің келісімі болмаған кезде қай орган бұзады?сот

207. Неке және отбасы туралы заңында некені тоқтату қандай тарауда көрсетілген?төртінші

208. Неке жасы дегеніміз не?адамның некеге тұру құқығына жеткен жасы

209. Ерлі-зайыптылар некеде тұрған кезде жинаған мүлік кімнің меншігі болып табылады?Бірлескен

210. Ерлі-зайыптылардың ортақ мүлкін иелену, пайдалану, билік етуді кім жүзеге асырады?ерлі-зайыптылардың келісімі бойынша

211. Некеге тұруды мемлекеттік тіркеуге дейін жасалған неке шарты қашан күшіне енеді?мемлекеттік тіркелген күннен бастап

212. Неке шартын жарамсыз деп кім таниды?сот

213. Ұлттық Банктің негізгі мақсаты:ҚР - ғы ақша құндылығының тұрақтылығын қамтамасыз ету

214. Қаржылық құқықта қай нормалар басым?Міндеттеуші және тиым салушы

215. Қаржының қызметі не?Бөлу, бақылау

216. ҚР бюджет жүйесі нешеге бөлінеді? 2

217. Мемлекеттік бюджеттің түрлері: Республикалық, жергілікті

218. Материалдық мағынадағы бюджет ол: Мемлекттің ақша қоры

219. ҚР қай мемлекеттік органы эмитент болып табылады? Қаржы министрлігі

220. ҚР салық төлеу қандай заңнамамен жүзеге асырылады? Салық кодексі

Наши рекомендации