Мектеп жасына дейінгі балалар дене тәрбиесін оқытудың маңызы
Дене жаттығулары - дене тәрбиесінің негізі болып табылады. Дене жаттығулары баланың жас ерекшелігіне сай өзгеріп күрделене түседі. Жас шамасына қарай күрделене түскен жаттығулар өз құрамына күнделікті тұрмыстан, адам еңбектерінен, әскери қимыл қозғалыстардан сонымен қатар спорт түрлерінде кездесетін қозғалыс түрлерінен алынатын жаттығуларды енгізеді. Жаттығу кезінде баланың барлық тірек-қимыл мүшелері жұмыс жасап, барлық мүшелерінің іс-қимылдары дамып, жүрек, тыныс алу және жүйке жүйелерінің қызметі арта түседі.
Өмірді қорғау мен денсаулықты нығайту, бала организмінің қызметін жетілдіру, оның денені дұрыс жетілдірудегі ықпалы, жұмысқабілетін арттыру дене жағынан тәрбиелеудегі ең бастысы болып табылады.
Бұның маңыздылығы мынада: ағзаның тез өсуіне және дамуына қарамастан, олардың қызметіжетілмеген, организмнің қорғаныс қабілеті нашар қалыптасқан кішкентай балаларсыртқы ортаның қолайсыз әсерлеріне тез ұшырайды. Сондықтан сүйек жүйелері менбайланыс буын аппаратының дұрыс әрі мерзімімен жетілуіне, бел омыртқаныңфизиологиялық иіндерінің қалыптасуына, табан дөңестерінің дұрыс жетілуіне ықпал жасау қажет.
Барлық бұлшықет топтарын, әсіресе, жиырмалы бұлшық еттерді қатайту, жүрек пен тамыр жүйесініңжетілуіне, оның әртүрлі және тез өзгеріп тұратын ауыртпалықтарға бейімделумүмкіндіктерін арттыру, тыныс алу мускулатурасын қатайту, тыныс алудыңтереңдігі мен ырғақтылығына, тыныс алуды қозғалыспен үйлестіру шеберлігіндамытуға мүмкіндік жасау, нерв жүйелері мен сезім органдарының дамуынакөмектесу қажет.
Балалардың қозғалыстарын жетілдіру, қимылдық дағдыларын және дененің икемділік, шапшаңдық, күштілік, төзімділік сияқтықасиеттерін қалыптастыру болып табылады. Баланың қозғалыс дағдысы 7 жасқа дейін қалыптасып, әрі қарай даму, шыңдалу қызметі атқарыла бастайды. Бала ағзасының даму мен өсу үдерісінде бұлшық еттің күші қозғалысфакторлары арқылы артады. Сондықтан да мектепке дейінгі кезеңде балардың денетәрбиесіне ерекше мән берілу керек. Дене тәрбиесі ағзаны шынықтырып, бала психикасының дамуына үлкен әсер ететін, адам ағзасының барлық жағынан жетілуіне, қимыләрекеті мен дағдысының, білімінің қалыптасуын қамтамасыз етуге бағытталған, көпқырлы педагогикалық іс.
Балабақша үшін жалпы дамыту жаттығуларын барлық топпен бір мезгілде орындатқан тиімді. Осы кезде қимыл-қозғалысты үйренуге барлық бала бірдей қимыл жасап, бірінен-бірі қалғысы келмей ат салысады. Келесі бірнеше баламен жұмыс арнайы жаттығу элементтерінмеңгеру барысында әр баланы қозғалыс-қимылға үйретіп қадағалау негізіндебелгілі бір жетістікке жету мүмкіндігі туады деп көрсетеді. Балаларды қимылға үйретудің негізгі әдісі көрсету, түсіндіру және жаттығуларды балалармен бірге орындау болып табылады. Бұл әдістің қолдану барысы әртүрлі. Дене шынықтыру барысындағы қимыл-қозғалыс элементтерін орындаудың негізгі шарты оларды бірнеше рет қайталау және бірте-бірте жетілдіру болып табылады.
Қимыл-қозғалыс ойынында балалар санамақтар, өлеңдер, тақпақтар қолданады. Бұндай ойындарда балалардың ептілігі, қимылдың әдемілігі дамып қалыптасады, кеңістікті, уақытты бағдарлауға үйренеді, батылдық, тапқырлық, қайраттылық, достық, жолдастық көмек, тәртіптілік, ойын ережесіне бағына білу сияқты адамгершілік сапалар тәрбиеленеді. Бала өмір құбылыстарына, адамдарға, жануарларға деген ынтасын, қоғамдық мәні бар іс-әрекетке деген құштарлығын ойын арқылы қанағаттандыратындықтан, ойынның қай түрі болсын балалардың адамгершілік тәрбиесінің дамуында маңызды рөл атқарады.
Дене тәрбиесі оқу қызметі мазмұны негізінен қимылды, ұлттық ойындардан тұрады. Ойын кезінде жасалатын қимыл-қозғалыстар балалардың ептілік, шапшаңдық, күштілік, батылдық, төзімділік қабілеттерін дамытады. Денсаулығын нығайтып, ақыл – ойын өсіреді. Ойын барысында балалар бір-бірімен жақын араласып, тату, ұйымшыл болып өседі.
Аса көрнекті үздік педагог Н.К.Крупская қимылды ойын жөнінде былай деп толғанады: «Ойын – өсіп келе жатқан бала организмінің қажеті. Ойында баланың дене күші артады, қолы қатайып, денесі шыңдала түседі, көзі қырағыланады, зеректілігі, тапқырлығы, ынтасы артып жетіле түседі. Ойында балалардың ұйымдастырушылық дағдылары қалыптасып шыңдалады»
Қимыл-қозғалыс белсенділігі-жоғары дамыған тірі материяның ерекшелігі ғана емес, тіршілікке қажетті жағдай. Адамның эволюциясындағы дамуы оның барлық мүшелері мен жүйелерінің қалыпты қызмет атқаруын тек белсенді қимыл-қозғалыс әрекеттері бар жағдайларда ғана мүмкін еткен.
Баланың қимыл-қозғалыстар табиғи мұқтаждығы шектелген болса, оның іштен туа біткен мүмкіндіктері өз маңызынан айырылады. Әрекетсіздік денені де бұзады. Қимыл – қозғалыс ойындары балаларда қалыптасқан қозғалыс әрекеттері және физикалық сапаларын арттырудың әдісі ретінде қолданылады. Ойын барысында бала мақсатқа жету үшін бар зейінін соған аударады. Ол ойын ережелеріне бағына отырып , қимыл – қозғалыс әрекеттерін арттыра түседі
II. Негізгі бөлім