Зіреттілік баҒыт шеҢберіндегі студентті баҒалау

Медицина факультеті

Жедел медициналық жәрдем және емханалық терапия кафедрасы

«Медициналық жоғары оқу орнында тиімді оқыту негіздері»

Пәні

САБАҚҚА АРНАЛҒАН ӘДІСТЕМЕЛІК ӨҢДЕУ №2

Тақырыбы:.

5В130100– «Жалпы медицина»

5В130200– «Стоматология»

Растырған: оқытушы Егизова. А.

Түркістан 2014

Кафедра мәжілісінде талқыланған

№___ хаттамасы ______ 2014жыл

Кафедра меңгерушісімен бекітілген

М.ғ.к., доцент м.а. Бабаева К.С.

_______________

Тақырып:Құзіреттіліктер туралы түсінік. Оқытудың соңғы нәтижелері.

2. Мақсаты: Студенттерге құзіреттіліктер туралы түсінік беру, формативті бағалау әдісі оқыту, суммативті бағалау әдісі оқыту туралы түсінік беру, білімдерді бағалау, дағдыларды бағалау, қарым-қатынас/мінез-құлықты бағалау туралы түсінік бер.

Оқыту мақсаты

Студент білуге тиіс:

· құзіреттіліктер туралы түсінік беру

· суммативті бағалау әдісі

· формативті бағалау әдісі оқыту

Студент істей алуға тиіс:

· кәсіби білімін жетілдіру және өзін-өзі тәрбиелеу үшін медициюналық ЖОО –да оз білімін қолдану

· аудитория алдына шыға білу және талас тартыс жүргізе білу

· ситуациялық тапсырмаларды шеше білу.

· өздігінен-өзі ғылыми және медициналық әдебиетпен және интернет-ресурстармен жұмыс істеу

· білім берудің жаңа технологиясын үйрену

4. Тақырыптың негізгі сұрақтары:

1. құзіреттіліктер туралы түсінік

2. суммативті бағалау әдісі

3. формативті бағалау әдісі

4. білімдерді бағалау

5. дағдыларды бағалау.

6. формативті бағалау әдісі оқыту

.

5 . Білім берудің және оқытудың әдістері:оқытушымен бірге қағидалы материалдың бірлескен сарабы; оқу әдебиетпен жұмыс, тапсырманың (сұрақтарға деген жазба жауап, кестені толтыру, кесте суреттемесінің және т.б.) орындалуының; тестеу; ауызекі сұрақ; ситуациялы мақсаттың шешімі; жас топтарда жұмыс, ситуацияны модельдеу.

Сынылатын әдебиеттер тізімі

Азақ тілінде

негізгі:

1. Медициналық ЖОО да тиімді оқыту негіздері пәнінен дәрістер жинағы.

қосымша:

1. Әлімов А. «Интербелсенді әдістерді жоғарғы оқу орындарында қолдану»,

Алматы.2009ж.

Орыс тілінде

1.Треногов А.В., Исаева Е.Р.. «Психолого-педагогические основы обучения

в медицинском вузе», Санкт-Петербург 2006

Ағылшын тілінде

негізгі:

1. Amin Zubair, Eng Khoo Hoon. Basics in Medical Education. // Singapore for World

Scientific Publishing, 2007, 427 p. (pdf, 14,4 Mb)

қосымша:

Медициналық сайттар:

1. med-site.narod.ru

2. www.medicusamicus.com

3. www.ido.rudn.ru/psychology/pedagogical_psychology/7.html

4. Bibliofond.ru

ЗІРЕТТІЛІК БАҒЫТ ШЕҢБЕРІНДЕГІ СТУДЕНТТІ БАҒАЛАУ

Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Медициналық білім беруінде қолданылатын студенттерді бағалау әдістері құзіреттілік бағыт идеологиясына сәйкес келеді және WFME, LCME/CACMS, AMC, GMC талаптарына, сондай-ақ BEME, AMEE жетекшіліктеріне негізделеді.

Педагогикалық стратегия шеңберінде бағалаудың келесі екі түрі қолданылады:

1) Формативті бағалау оқыту үрдісімен бірге жүреді, оның мақсаты - студенттің құзіреттіліктерін дамыту болып табылады. Бұндай бағалау әдісі студенттің білім алу үрдісі бақылауға, студенттің немесе оқу бағдарламасының кемшіліктерін анықтауға, ал анықталған жағдайда оны оқу үрдісінің соғына дейін түзетуге мүмкіндік береді. Сондықтан бұл бағалау әдісі сонымен қатар білім беру әдісі болып табылатыны сондықтан. Мысалы: Студенттің кері байланыс жасауы және студенттің өзін-өзі бағалауы.

2) Суммативті бағалау әдісі оқытудың соңында қолданылады. Оның мақсаты - оқытудың нәтижесіне жеткендігін анықтап, құжатқа енгізу болып табылады. Мысалы: емтихан қабылдау.

Кез келген ағымдағы бақылау, өздігінше суммативті бағалау әдісі болып табылады, себебі ол күнделікті студенттің сабақ үлгерімін бақылау журналына енгізіліп отырады. Осыған байланысты күнделікті оқу үлгерімін бақылау журналындағы бағалар құзіреттілік шеңберінде студентті формативті және суммативті бағалау қағидаларына қарама-қайшы келеді, ал ол құзіреттілікті дамыту жолдындағы едәуір қиыншылықтарға әкеліп соқтырады.

Осыған орай, Қ.А.Ясауи атындағы ХҚТУ Медициналық білім беруінде халықаралық стандарттарға сәйкес аранайы қағида енгізілді. Ол қағида бойынша цикл бойы формативті бағалау әдісі қолданылады, яғни студенттің үлгерімін бағалау журналына күнделікті бағалар енгізілмейді.

Ағымдағы баға формативті бағадан (журналға енгізілмейтін) және сммативті бағадан (оқу блогынын аяқтаған кезде – аптасына 1 рет, немесе біріктірілген сабақтарда оқу модулінің соңында) тұрады.

Қортынды суммативті баға (емтихан) циклдың/модульдің соңында жүргізіледі және үш домен: білімдер, дығдылар және қарым қатынас/мінез-құлық домендерінің біріктірілген бағасын құрайды.

1. Білімдерді бағалау үшін қолданылатындар:

· көп жауапты сұрақтар (MCQ – multiple choice questions),

· сәйкестіктің ауқымды нұсқалары (EMI – extended matching items))

· қысқа жауапты сұрақтар (SAQ – short answer questions),

· қысқа жауапты эссе (SEQ – short essay questions),

· ұзын жауапты эссе (LEQ – long essay questions),

· ауызша емтихан (OE – oral examination).

2. Дағдыларды бағалау үшін (чеклисттер, рубрикалар немесе глобальды рейтинг шкалалары көмегімен алынады) қолданылатындар::

· ауызша жауабы бар ұзын кейс (LC – long case)

· ауызша жауабы бар қысқа кейс (SC – short case)

· дағдыны бағалау станциясы (SAS – skills assessment station)

· объективті құрылымдас клиникалық емтихан (OSCE – objective structured clinical

· examination)

· мини-клиникалық емтихан (MiniCEX – mini clinical evaluation exercise)

· процедуранық дағдыны тікелей бақылау (DOPS – direct observation on procedural

· skills

· клиникалық жұмыстын нұсқасы (CWS – clinical work sampling)

· 360° бағалау (MSF-360 -multisource feedback, 360-degree evaluation)

3. Қарым-қатынас/мінез-құлықты бағалау үшін (Ликерт шкаласы және рейтингті қолдану көмегімен) қолданылатындар:

· ауызша жауабы бар ұзын кейс (LC – long case)

· ауызша жауабы бар қысқа кейс (SC – short case)

· дағдыны бағалау станциясы (SAS – skills assessment station)

· объективті құрылымдас клиникалық емтихан (OSCE – objective structured clinical

· examination)

· мини-клиникалық емтихан (MiniCEX – mini clinical evaluation exercise)

· процедуранық дағдыны тікелей бақылау (DOPS – direct observation on procedural

· skills

· клиникалық жұмыстын нұсқасы (CWS – clinical work sampling)

· 360° бағалау (MSF-360 -multisource feedback, 360-degree evaluation)

· портфолио (PF-портфолио)

· журнал (LB-logbook)

Наши рекомендации