Технологиялық карталар 3 страница

Қолданылатын көрнекі кұралдар:күз мезгіліне лайық суреттер, көрнекі-құрал жабдықтар.

Билингвалды компонент:бояулар-краски,тамшылар-капли,күз-осень

Сөздік жұмыс:сәлем, жаңбыр, жау, күн.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Есеп
естияр тобы 2 сәбилер тобы + -
Мотивациялық - қозғаушылық «Колхоздағы той» әуеннің ырғағымен балалар залға кіреді. «Сәлем, сәлем балақай» әнін айтып қарсы алу. Айналайын балалар, Маған қарап тұрыңдар. Аяқтарды тік түзеп, Амандасып алыңдар. Сәлем, сәлем балақай! Балалар көңілдене кіреді. шеңбер бойымен жүріп келіп, бір қатарға тұрады. Әнді тыңдайды. Балалар қатармен Кіреді, тұрады. Сәлеметсіз бе! (фа, фа, ми, ре, до) Балалар музыка Ырғағымен секіруді, жүруді, жанымен, алға- артқа, аяқ ұшы қимылдарын жасауға талпынады.    
    Ұйымдас- тырушылық ізденістік     Музыка залының бір бұрышы күзге лайық көрнекі құралдармен жабдықалған. Айналаға қараңдар Бұл қай мезгіл балалар? Балалар назарын дайындаған көрнекі құралдарға аударып, қызықтырып, жайғасып отыруларын сұрайды. Үнтаспадан күркіреген найзағай мен жаңбыр дыбысы естіледі. Ілінген үлкен бұлт пен Күнге көңілін аударады. Музыка тыңдау: «Жаңбыр» (Еденге бұлттың кішкентай пішіндері мен күннің шуақтарын араластырып, алдын ала дайындап қою) Ән айту: «Бұл қай кезде болады?» Әнді айтып беру, атрибудтарды қолдарына ұстатып, қозғалтып, қимылдарды үйретеді, қайталатады. -Балалар! Қараңдаршы, Күннің көзі күліп тұр! Шуағын шашып тұр!-деп, әуенге сай қимылдарды, қозғалыстарды көрсетеді, қайталатады. «Жау жаңбыр» ойыны. Әр балаға барабан таратылады, екі таяқшасымен барабанды соғып, «қатты», «жай» дыбыстарын ажыратқызу. Жеміс-жидек пісетін, сары жапырақ түсетін «Алтын күз» мезгілі.   Балалар күркіреген дыбысты тыңдап, бұлтқа қарайды, көңілді әуенді тыңдайды. Балалар күнге қарайды, әуеннің мәтінін, әуенін тыңдап, қосылып қимыл жасауға тырысады. Балалар күн шуағын ұстап: «Күн күледі ля-ля-ля» деп айтуға талпынады.     Ойынға көңілді қатысуға тырысады, қызығады. Балалар шеңбер Бойымен билеп Жүреді, белгі Берілгенде Үйреткен орнына Тұруға тырысады. Балалар мұқият тыңдайды, отырады.     Балалар еркін ойнауға тырысады. Өз орындарын еске сақтауға талпынады.     Балалар өз жұптарын білуге, еске сақтауға тырысады.
Рефлексиялқ –түзетушілік -Жаңбыр қай мезгілде жауады, қалай жауатынын пысықтап айтып, көрсетеді. -Сендер белсене қатыстыңдар! Жарайсыңдар! – деп мақтайды. Күзде жауады.     Қол бұлғап қоштасады.    

Күтілетін нәтиже:

Біледі: әуенді тыңдауды, айтуды.

Игереді:таяқшаларды ұстауды, барабанды ырғақпен соғуды.

Меңгереді: жүгіруді, ырғақпен шапалақтауды, қолдары мен саусақтарды қимылдатуды.

Технологиялық карта

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі: музыка

Тақырыбы: «Күзгі орман»

Мақсат: (естияр тобы) :музыканы тыңдата отырып, ішкі сезімін ояту.

Мақсат(2 сәбилер тобы)) Музыканы мұқият тыңдауға үйрету.

Мендеттері: (естияр тобы)Музыканы тыңдау, қабылдау, еске сақтау дағдыларын қалыптастыру.

Дыбыстың әуезділігін, жеңіл әндерді орындау дағдыларын қалыптастыру,хорда орындау.

Балалардың би қимылдарын үйренген кезінде қимыл мен музыканың үйлесімдігін дамыту.

Мендеттері: (2 сәбилер тобы)Музыканы тыңдау, еске сақтау дағдыларын қалыптастыру.

Жеңіл әндерді хорда орындауға үйрету. Қуыршақ тетры арқылы ойнауды үйрету.

Көрнекілік: қуыршақтар, Аю, Тиын, Түлкі, әже, үстел үсті, ширма,

текшелер, бұлтты күн, құбылмал күн.

Билингвалды компонент:тиын-белка, түлкі-лиса,саңырауқұлақ-грибы

Сөздік жұмыс: саңырауқұлақ тереміз, күз келді.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Есеп  
+ -  
естияр тобы 2 сәбилер тобы  
Мотивациялық - қозғаушылық Бабаларды А. Затаевичтің «Қазақ маршы» шығармасымен қарсыл алу. Шеңбермен жүруді, жүгіруді, жеңіл би ырғақтарын уйрету. «Күзгі орман» суретін баларға көрсетіп, орманда қандай аңдардың мекендейтінін сұрайды. -Өздердің білетін аңдардың қимылын салып көрсетіңдерші. -Балалар, бәріміз бірге күзгі орманға атарбаға отырып барайықшы: Атарбаға мінеміз, Күзгі орманға келеміз. Аңдарменен дос болып, Саңырауқұлақ тереміз,-деп балаларды отырғызады.   Балалар әуенмен жүруді, би ырғақтарын қайталауды үйренеді. Балалар «Күзгі орман» суретіне қарап, орманда қандай аңдардың бар екенін айтады. Білетін аңдардың қимылын салып жүруге тырысады. Бір баланың артынан Екеу-үшеуден тұрып, шауып жүреді. Балалар сөзін қайталап айтуға, сол ырғақпен шауып жүруге тырысады. Балалар әнді естеріне түсіріп, қосыла айтуға ынталанады.     Шығарманы тыңдауға тырысады.      
    Ұйымдас- тырушылық ізденістік     Музыка тыңдау: Музыка жетекшісі балаларды музыка тыңдауға отырғызады, сипаттарын түсіндіреді. «Жанрды ажырат» әуенді-дидактикалық ойыны арқылы ән тыңдап, жанрын ажыратуға үйретеді. 1.«Сәби қуанышы» (Е. Құсайынов)-көңілді ырғақ. 2.«Мерекелік марш» (Б. Дәлденбаев)- жігерлі. 3.«Вальс» (Қ. Шілдебаев)- сабырлы. «Баспалдақпен шығамыз» (Е. Тиличеева) жаттығуын жасату. Балаларға: «Көлікке мінеміз, орманға барамыз», -деп шеңбермен алып жүреді. «Кузгі орман» ертегісін қуыршақ тетры арқылы ойнауды үйрету. Әже, қыздар, Аю, Түлкі. Ертегіні қуыршақ тетры арқылы ойнап, әндерін, қимылдарын ұсыну. Ән үйрену: «Саңырауқұлақ тереміз» (Г. Абдрахманова) әні үйретіледі. Дидактикалық ойын: «Қасқыр мен қояндар» қойлымын (Ж. Бизенің «Кармен» шығармасына) үйретеді (би қимылдары үлгіде берілген). Балаларды орындарына отырғызып, текше арқылы жігерлі, көңілді, сабырлы сипаттарды ажырату ойынын ұсынады. Балалар тыңдап, сипаттары ажыратуға талпынады.     Балалар жаттығуды еркін орындайды, үйренеді. Көлікке мініп, шеңбермен жүріп келеді. Балалар ойыншық қуыршақтарды қолдарына киіп, кейіпкерлердің сөзін, қимылын, әнін айтуға үйренеді. Балалар әнді көңілді қимылмен орындауға талпынады. балалр жеңіл билеуге үйренеді. Шығарманың ырғағын іштей сезініп, қуана билейді. Балалар текшелерді дұрыс ажыратуға тырысады. Қоян, Қарға, Кірпі.     Балалар дауыс-қимыл жаттығуларын қайталап айтуға, қимылдауға талпынады. Қояндар секіреді. Қолдарын жоғары созып көрсетеді.     Қояндар орындарына барып отырады.   Әнді сөзімен айта жүріп ұшуға үйренеді, тырысады.  
Рефлексиялқ –түзетушілік Балалардан орманда қандай ән-билерді көрген, үйренгенін сұрайды. Мадақтайды, қоштасады.     Балалар кейіпкерлерді есіне түсіріп, жауап беруге тырысады.      

Күтілетін нәтиже: Нені білу керек: музыканың ырғағын ажыратуды, музыканы тыңдап,

кейіпкерлердің әуеніне салып ойнауды.

Нені игерді: музыканың динамикалық түрлерін, сипатын ажыратуды.

Нені біледі:музыка ырғағымен би қимылдарын жасауды.

Технологиялық карта

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі: музыка

Тақырыбы: «Күзгі орман»

Мақсат:(естияр тобы):музыканы тыңдата отырып, ішкі сезімін ояту.

Мақсат(2 сәбилер тобы)Музыканы мұқият тыңдауға үйрету.

Мендеттері: (естияр тобы)Музыканы тыңдау, қабылдау, еске сақтау дағдыларын қалыптастыру.

Дыбыстың әуезділігін, жеңіл әндерді орындау дағдыларын қалыптастыру,хорда орындау.

Балалардың би қимылдарын үйренген кезінде қимыл мен музыканың үйлесімдігін дамыту.

Мендеттері: (2 сәбилер тобы)Музыканы тыңдау, еске сақтау дағдыларын қалыптастыру.

Жеңіл әндерді хорда орындауға үйрету. Қуыршақ тетры арқылы ойнауды үйрету.

Көрнекілік: қуыршақтар, Аю, Тиын, Түлкі, әже, үстел үсті, ширма,

текшелер, бұлтты күн, құбылмал күн.

Қолданылатын көрнекі кұралдар:алма ағашы, қоян, қарға,

Билингвалды компонент:тиын-белка, түлкі-лиса,саңырауқұлақ-грибы

Сөздік жұмыс:келе ғой, ризамын, бәріміз.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Есеп  
+ -  
естияр тобы 2 сәбилер тобы  
Мотивациялық - қозғаушылық Балаларды «Сәлем, балақай» әнімен қарсы алу. -Балалар, «Алма» ертегісіне барғанымыз естеріңде ме? Енді бүгін өздерің сол кейіпкерлерді ойнайсыңдар, келістік пе? (Залдың ортасында алма ағашы тұрады) -Олай болса бәріміз отырып, «Күз» атты шығарманы (С.Кибирова) тыңдайық, ертеегімізді бастайық. Балалар әнді естеріне түсіріп, қосыла айтуға ынталанады.     Шығарманы тыңдауға тырысады. Балалар әуенмен жүруді, би ырғақтарын қайталауды үйренеді. Балалар «Күзгі орман» суретіне қарап, орманда қандай аңдардың бар екенін айтады. Білетін аңдардың қимылын салып жүруге тырысады. Бір баланың артынан Екеу-үшеуден тұрып, шауып жүреді. Балалар сөзін қайталап айтуға, сол ырғақпен шауып жүруге тырысады.      
    Ұйымдас- тырушылық ізденістік     -Балалар, «Алма» ертегісін есімізге түсірейік, кейіпкерлері нелер еді? Балалар ағаш айналасын үш топқа бөліп отырғызу (қояндар, кірпілер, қарғалар. Аюдың рөлінде жетекшінің өзі) «Балалар биі» музыкасын жазған А.Майкапар. Балаларға №1 №2 жаттығуларын айтқызу, қимылдату. Ән айту: «Қоянның келуі», «Қарғалардың әуені», «Кірпіні шақырамыз». 1 жаттығу ырғақтарын көрсету. «Алма, алма түсе ғой». Сегіздік нотаны қысқа қайырып, төрттік нотада тұрып қалып, қолдарын жоғарыға көтереді. 2 жаттығу қояндарды отырғызып, ортаға қарғаларды шақырады. «Алма» әнін айтады. (Е.Тиличева, сөзі Г.Абдрахманова). қарғалар сөзіне лайық ұшу қимылдарын жасап, ағашты айналып жүреді. Ағашта ілулі тұрған қағаз алмалар жерге түседі. Қоян, Қарға, Кірпі.   Балалар дауыс-қимыл жаттығуларын қайталап айтуға, қимылдауға талпынады. Қояндар секіреді. Қолдарын жоғары созып көрсетеді.     Қояндар орындарына барып отырады.   Әнді сөзімен айта жүріп ұшуға үйренеді, тырысады. Балалар тыңдап, сипаттары ажыратуға талпынады.     Балалар жаттығуды еркін орындайды, үйренеді. Көлікке мініп, шеңбермен жүріп келеді. Балалар ойыншық қуыршақтарды қолдарына киіп, кейіпкерлердің сөзін, қимылын, әнін айтуға үйренеді. Балалар әнді көңілді қимылмен орындауға талпынады. балалр жеңіл билеуге үйренеді. Шығарманың ырғағын іштей сезініп, қуана билейді. Балалар текшелерді дұрыс ажыратуға тырысады.  
Рефлексиялқ –түзетушілік -Балалар өте керемет ойнадыңдар, бірақ ойын аяқталған жоқ, келесі сабақта жалғастыратын боламыз.   Балалар қоштасады.      

Күтілетін нәтиже: Нені білу керек:музыканы тыңдауды, дыбыстарыд бірте-бірте көтеруді.

Нені игерді:музыка ырғағымен кейіпкерлердің дауысын салуды, әндетуді.

Нені біледі:музыкаға ілесе отырып, қимылқозғалыстарын бірге жасау дағдыларын меңгереді.

Технологиялық карта

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі: музыка

Тақырыбы: «Күз байлығы»

Мақсат: (естияр тобы) музыкадағы бейнелерді ажыратуға үйрету. Әннің

ширақ, сергек, сабырлы сипатын ажырата білуге үйрету.

Мақсат(2 сәбилер тобы) Музыканы мұқият тыңдауға үйрету.

сабақ мақсатын түсініп, тапсырмаларды орындауға үйрету.

Міндеттері:(естияр тобы)Әнді түсініп, сергек, жігерлі орындауға баулу.

Музыканың мазмұнына назар аудару.

Музыканы мұқият тыңдауға үйрету. Ән ырғағына сай қимылдар жасауға үйрету

Мендеттері: (2 сәбилер тобы)Музыканы тыңдауға үйрету. Әуенге қосылып ән айтуды үйрету.

Көрнекілі:«Жеміс бағы» сүреті, күз жемістері, қоңыраулар.

Билингвалды компонент:Қоңыраулар-колокольчики,Жаңбыр-дождь

Сөздік жұмыс:алма, жүзім, алмұрт, анар, өрік, жіңішке, жуан,

орташа.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Есеп  
+ -  
естияр тобы 2 сәбилер тобы  
Мотивациялық - қозғаушылық Балаларды амандасу жаттығуын жасап қарсы алу. Ө. Байділдаевтың «Көңілді би» шығармасымен балаларды қарсы алады, жүреді, әр түрлі ырғақты қимылдарды жасап үйретеді. -Балалар, біз өткен жолы «Күзгі орманға» барып, әр түрлі аңдарды көрдік. Ал бұл жолы біз «Бақша сыйын» тамашалаймыз. «Жеміс бағында» дейтін әдемі өлеңді суреттен оқып көруге шақырамын. -Балалар, жемістерді білесіңдер? -Балалар, жемістер қай кезде піседі? (Балалрға сүретті көрсетеді). Балалар амандасу жаттығуын қосылып әндете айтуға тырысады. Балалар ертегілер еліндегі ойнағандарын естеріне түсіреді     Жемістер жазда, күзде піседі. Алма, алмұрт. жүзім. өрік, сары өрік. Балалар залға бірінің соңынан бірі кіріп, қатарға тұрады. Амандасады.   Суретке мұқият қарап, ертегіні тыңдайды.   Көргендерін айтады. Қоян келеді. Қарға ұшып келе жатыр. Кірпі алманы алып кетті.      
    Ұйымдас- тырушылық ізденістік     Екінші рет сүретке қарап, әнді балаларға қайталап айтуды ұсынады. Енді «Бұл қай кезде? Күз»әнін (Б. Ерзакович, Ш.Ахметов) есімізге түсірейік. Дидактикалық ойын: «Қоңыраулардың дыбысын ажырат». Тыңдату. -Айтыңдаршы, балалр, қандай дыбыс естідіңдер? Балаларға берілген текшее арқылы қоңыраулардың түрін, дыбысын ажыратуды түсіндіреді. Ән үйрену: «Жаңбыр» (Ә. Телғозиев,Қ. Мүсірепов). Би: «Аңдар»биі (Бизенің «Кармен»шығармасына қойылған). «Кел, билейік» (Б.Байқадамов) биін қайталап айту.   Сүретке қарап, көрсетіп айтға талпынады.   Балалар өткен әнді тыңдап, есіне түсіруге тырысады.   Балалар берілген дыбыстарды тыңдап, ажыратуға тырысады. Жіңішке - кішкентай қоңырау, орташа – орташалау қоңырау, жуан дыбыс –үлкен қоңырау. Балалар әнді тыңдап, айтуға тырысады.   Балалар қасқыр мен қояндар қимылын жасауға талпынады         Балалар шеңбермен жүріп, музыканы тыңдайды. Ертегі кейіпкерлерінің қимылдарын қайталайды.     Қоян келді.   Қоян болып секіреді. Қарға келді. Қарға болып қанат қағады. Кірпі келді. Алма кірпінің үстіне түсті. Балалар Аюға алманың оқиғасын айтып береді.    
Рефлексиялқ –түзетушілік Ойын: «Саусақ сезімін оят». Дорбаның ішіне: алма, алмұрт, қара өрік, сары өрік салып қояды. Балалар қарамай, қолмен ұстап сезіну арқылы қандай жеміс екенін табуы керек. Балалар ойынға қатысып, жемістердің атын айтуға тырысады.      

Күтілетін нәтиже:

Біледі: музыканың сабырлы, мұңлы, ширақ, сергек сипатын ажыратуды.

Игереді:қоңыраулардың дыбысын ажыратуды, әнді сүретке қарап

көрсетіп, есте сақтауды.

Меңгереді:би қимылдарын ажыратуды, сюжеттік рөлдерде ойнауды.

Технологиялық карта

Білім беру саласы:Шығармашылық

Бөлімі: музыка

Тақырыбы: «Күз байлығы»

Мақсат:(естияр тобы)музыкаға деген сезімін ояту, қарапайым ырғақтармен би билеуді үйрету.

Мақсат(2 сәбилер тобы) Музыканы мұқият тыңдауға үйрету.

сабақ мақсатын түсініп, тапсырмаларды орындауға үйрету.

Міндеттері:(естияр тобы)Әнді түсініп, сергек, жігерлі орындауға баулу.

Музыканың мазмұнына назар аудару.

Музыканы мұқият тыңдауға үйрету. Ән ырғағына сай қимылдар жасауға үйрету

Мендеттері: (2 сәбилер тобы)Музыканы тыңдауға үйрету. Әуенге қосылып ән айтуды үйрету.

Қолданылатын көрнекі кұралдар:алма ағашы, алма, аю, қоян, кірпі, қарға,

Сөздік жұмыс:шырқату, алма ағашы, жомарт күз.Билингвалды компонент:тиын-белка, түлкі-лиса,саңырауқұлақ-грибы

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті Есеп
естияр тобы 2 сәбилер тобы + -
Мотивациялық - қозғаушылық Балалармен көңілді амандасу. Балалар, келіңдер, Ертегі тыңдап көріңдер! («Алма» В.Сутеева) Күз мезгілінде баубақшадағы піскен жемістер жиналады. (Фланелеграф бойынша суреттерді жылжыта отырып әңгімелейді) -Күздің соңында ағаштардың бәрі босаған, ал мына ағаштың басында жалғыз алма қалып қойыпты. Қоян секіріп, алмаға жете алмайды. Содан кейін ұшып бара жатқан қарғаға: «Маған алманы алып бер!»- деп бұйырыпты. Қарға алманы үзіп жатқанда жерге түсіріп алады. Алма жорғалап бара жатқан Кірпінің үстіне түсіп оны Кірпі алып кетеді. Балалар залға бірінің соңынан бірі кіріп, қатарға тұрады. Амандасады.   Суретке мұқият қарап, ертегіні тыңдайды.   Көргендерін айтады. Қоян келеді. Қарға ұшып келе жатыр. Кірпі алманы алып кетті. Балалар амандасу жаттығуын қосылып әндете айтуға тырысады. Балалар ертегілер еліндегі ойнағандарын естеріне түсіреді     Жемістер жазда, күзде піседі. Алма, алмұрт. жүзім. өрік, сары өрік.    
    Ұйымдас- тырушылық ізденістік     Ал, балалар, жүріңдер, Әнді тыңдап көріңдер,- Деп Г.Абдрахманованың ертегіге арнап жазылған «Алма, саған ризамыз, дөңгелене қоршаймыз» әнін орындау. Балаларды шеңбермен алып жүру, қимылын көрсетіп, әнді айтуға үйрету. -Балалар алманы алуға не келеді? -Онда қоян болып секірейік. -Одан кейін не келеді? -Кәне, кәне ұшайық, қанатымызды қағайық. -Тағы да не келеді? -Алманы қайсы алып кетеді? Музыка тыңдау: «Қоңыр аю қорбаңбай» (Музыкасын жазған Б.Дәлденбай). Аю сәл ойланып барып, алманы бәріне бөліп беріп барлығын татуластырады.     Балалар шеңбермен жүріп, музыканы тыңдайды. Ертегі кейіпкерлерінің қимылдарын қайталайды.     Қоян келді.   Қоян болып секіреді. Қарға келді. Қарға болып қанат қағады. Кірпі келді. Алма кірпінің үстіне түсті. Балалар Аюға алманың оқиғасын айтып береді.   Сүретке қарап, көрсетіп айтға талпынады.   Балалар өткен әнді тыңдап, есіне түсіруге тырысады.   Балалар берілген дыбыстарды тыңдап, ажыратуға тырысады. Жіңішке - кішкентай қоңырау, орташа – орташалау қоңырау, жуан дыбыс –үлкен қоңырау. Балалар әнді тыңдап, айтуға тырысады.   Балалар қасқыр мен қояндар қимылын жасауға талпынады    
Рефлексиялқ –түзетушілік Балалар ойынға өте жақсы қатыстыңдар, келесі келгенде жемістердің бәрін естеріңе түсіріңдер. Жарайсыңдар!   Балалар қатарға тұрып қоштасады.    

Күтілетін нәтиже:

Біледі: музыканы тыңдауды, әңгімелеп айтуды.

Игереді:музыка әуенімен Аю, Қоян, Қарға қимылдарын жасауды, жемістерді ұстауды.

Наши рекомендации