Р орта білім беру мектептерінде қазақ этнопедагогикасының материалдарын оқу-тәрбие процесінде қолдану.
Қай халықтың болсын әлеуметтік – мәдени және рухани құндылықтары ұрпақ тәрбиелеуде, оны тұлға етіп қалыптастыруда маңызды рөл атқарады. Сондықтан, халық педагогикасының тарихи жолын електен өткізіп, орнымен пайдалана білу қазіргі жағдайда оқушылар мен жасөспірімдерді тәрбиелеудің ең күрделі деген мәселелерін шешуге жәрдем етер еді. Осы тұрғыда ғалымдар С. Ұзақбаева мен Қ. Қожахметова «Жоғары мектеп студенттеріне этнопедагогикалық білім беру тұжырымдамасында» этнопедагогиканы зерттемей және пайдаланбай жеке адамды толыққанды тәрбиелеу мүмкін еместігін айта келіп, «Қазіргі кезде қоғам алға қойып отырған тәрбие міндеттерін шешуде этнопедагогика дәстүрлі мен тәжірибесін педагогика ғылымының әдістемелік – теориялық қағидаларымен біріктіру көкейтесті мәселеге айналып отыр» деп тұжырымдайды.
Ғалымдардың осы тұжырымдамасымен толық келісе отырып, біз қазақ халқының баланы тәрбиелеу тарихының психологиялық – педагогикалық негіздерін басшылыққа алып, тәрбие беруді шығармашылықпен ұйымдастыру мына мәселелерді шешуге көмектеседі деген пікірдеміз:
- өз халқының рухани құндылықтарын бағалайтын көзқарас қалыптастыру;
- халқының тарихына, әлемдегі орнына, біртұтас көзқарас қалыптастыра отырып, ұлттық сана – сезімді ұштау;
- қоршаған ортаны бағалай білу сезімін қалыптастыру;
- халық шығармашылығы үлгісінде өзін - өзі тануға ұмтылдыру;
- өз халқының мәдениеті, салт – дәстүрлері, әдет – ғұрыптарының тарихына үңіліп, озығын меңгере білуге қызығуын ояту;
- өз ұлтының тарихын рухани құндылықтарына деген құрмет сезімін және ұлтаралық мәдениетін қалыптастыру.
Халық: « Дәстүрдің озығы бар, дәурені өткен тоғызы бар», «Әдет-әдет емес, жөн әдет» деп заман талабына сай дәстүрлерді дәріптеп, тәлім-тәрбиенің пәрменді құралы ретінде пайдаланып келген.
Мысалы, қөп жылдар бойы «діни мейрам» деген жаңсақ көзқараспен Наурыз мейрамын еліміз мүлде атаусыз қалдырып келсе, қазіргі демократия кезінде ол қайта жаңғыртылып, жалпы халық мейрамына айналды.
Салт-дәстүр халықтың белгілі бір әдет-ғұрыптары мен байланысты туады. Мысалы, бала тәрбиесімен байланысты: шілдехана өткізу, сүйінші сұрау, балаға ат қою, бесікке салу, тұсау кесу, атқа мінгізу, сүндетке отырғызу тойлары; үйлену, үй болумен байланысты: құда түсу, есік-төр көрсету, келін түсіру тойлары, қалын-мал алу, жасау беру т.б. салт-дәстүрлер, түрлі кәде-ырымдар, өлген адамды жерлеумен байланысты: арыздасу, қоштасу, естірту, көңіл айту, жұбату, жоқтау, өлген адамның жетісін, қырқын, жылын беру т.б. ырым-жырымдар қазақ халқында ежелден сақталған. Мұны салт-дәстүрлері деп атайды.
Тұрмыс – салтқа байланысты туған әдет-ғұрыптар мен салт-дәстүрлердің, бәрінде халықтың арман-тілегі, ой-пікірі, келешек ұрпаққа айтар өсиеті көрініс беріп отырады.
Сонымен қатар Ы. Алтынсаринның сөзімен айтсақ «Балаға білім мен тәрбие беру үшін оның рухын тани білу қажет», - деп айтар едік. Сондықтан мектептерде балаға білім бергенде олардың ұлттық ерекшеліктеріне мән беру бүгінгі күні аса маңызды болып отыр. Мектеп оқушыларының ұлттық ерекшеліктеріне мән берудің алғы шарты ұлтаралық қарым – қатынас мәдениетін орнату болып табылады.
Оқушыларға қазақ этнопедагогикасының ұғымдарының мәнін ашылу дәрежесі; дүние жүзі халықтарының қатынасы, әр түрлі деңгейдегі ұлттық қатынастардың дамуы, Қазақстанның ұлттық саясаты туралы білім жиынтығы мен хабардар ету керек.
Мектепте және сыныптан тыс тәрбие жұмыстарының оқушыларға ұлтаралық қарым – қатынас мәдениетін тәрбиелеудегі орны, ондағы оқушының ықыластары мен қажеттіліктерін қанағаттандыру қажет.
Сыныптан тыс жұмыстарының көпшілік, топтық және жекелік түрлерінің сан алуандықтары, оларды ұлтаралық қарым – қатынас мәдениетін тәрбиелеудегі істерін басқарып отырудың ұйымдық – саяси және педагогикалық астарларының ара қатынасы. Оқушыларды ұлтраралық қарым – қатынас мәдениетін тәрбиелеуге ата – аналарды және жұртшылықты қатыстыру, мектеп пен отбасының және жұртшылықтың бірлесіп жүргізуге тиісті тәрбие істерін жоспарлап, оларды ұйымдастыру, оқушылармен олардың шағын ортасына ықпал ету жүйсінің бірізді болуы тәрбиелеуші күштердің әрекеттестігінің жемісті болуы шарт.
Дидактикалық кешенге сілтемелер:
- Ә.Табылдиев «Қазақ этнопедагогикасы» А,2001
- Әбілова З., Қалиев Қ. Этнопедагогика оқулығы – А., 1999
- Измайлов А.Э. Народная педагогика – М., 1991 г., 68-83 стр.
- Педагогика межнационального общения /Под ред. Латышиной Д.И. – М., 2004 г.
- Волков Г.Н. Этнопедагогика – М., 1999 г.