Зін өзі бақылауға арналған сұрақтар. 1)Тәрбиенің тәсілдері, түрлері мен әдістерінің тұтас педагогикалық процесте алар орны қандай?

1)Тәрбиенің тәсілдері, түрлері мен әдістерінің тұтас педагогикалық процесте алар орны қандай? Оларды неге педагогикалық процестің қозғаушы күші деп атайды?

2)Іс-әрекеттің түрлері (таным, қарым-қатынас, ойын, оқу, еңбек) тәрбиелік ықпал етудің амалдары екенін дәлелдеңіз.

3)"Педагогикалық ықпал ету тәсілдері", "түрлері", тәрбие әдістері" ұғымдарының анықтамасын беріңіз.

4)Педагогикада тәрбие әдістерінің қандай топтары бар? Осы топтар құрамындағы тәрбиенің нақты тәсілдерін атаңыз.

5)Оқушылардың санасы мен мінез-құлқын қалыптастыру әдістерін сипаттаңыз.

6)Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру мен оң тәжірибесін қалыптастыру әдістерін түсіндіріңіз.

7)Оқушылардың мінез-құлқын ынталандыру әдістерін жіктеңіз.

8)Этикалық әңгіме-сұқбат әдісінің мәнін ашыңыз.

9)Мадақтау мен жазалау әдістерін қолданудың негізгі шарттарын атаңыз.

Зіндік жұмысқа арналған тапсырмалар

1)"Тәрбиенің тәсілдері, түрлері мен әдістері" атты педагогикалық процестің қозғаушы күші элементтерінің сызбасын жасаңыз.

2)Сыныптан тыс шаралардың бір-екеуінің (кеш, КВН т.б.) негізінде тәрбиенің амалдары мен әдістерінің қолданылуын көрсетіңіз.

3)Орта сынып оқушыларына арналған этикалық әңгіме-сұқбат тақырыптарының үлгісін жасаңыз.

4)Жоғарғы сынып оқушыларына арналған айтыс тақырыптарының үлгісін жасаңыз.

5)Арнаулы әдебиеттерден оқушыларды тәрбиелеудің жаңа педагогикалық технологияларын іріктеп алыңыз.

Реферат тақырыптары

1.Оқушылардың іс-әрекетін ұйымдастыру — тәрбиенің көрсеткіші.

2.Қарым-қатынас педагогикалық қатегория.

3.Оқушылардың сыныптан тыс іс-әрекетін ұйымдастырудың дәстүрлі емес жолдары.

4.Оқушылар тәрбиесінде халық педагогикасын қолдану.

5.Тәрбиенің әдіс-тәсілдерін тандау мәселесі.

6.В.А. Сухомлинский (немесе А.С.Макаренко) еңбектеріндегі гуманистік педагогика әдістері.

7.Окушыларды тәрбиелеуде Абайдың, Ы. Алтынсариннің әдеби және педагогикалық мұраларын пайдалану.

8.Оқушыларды тәрбиелеуде М. Жұмабаевтің педагогикалық мұрасын ("Педагогика" оқулығын) пайдалану.

Педагогикалық процестегі мұғалім мен балалар ұжымының өзара ықпалдастығы және өзара байланысы

Мақсат: педагогикалық процестегі мұғалім мен балалар ұжымының өзара ықпалдастығының ғылыми негіздеріне сипаттама беру.

Міндетіер:

а)Әлеуметтік ортаның компоненті ретінде балалар ұжымының феноменін негіздеу.

ә)Пеагогикалық процестегі оқушы топтарын дамытудың мәнін. кезеңдерін және зандарын анықтау.

б) Педагогикалық процестегі балалар ұжымының жағдайын зерделеу әдістемесін ашып-көрсету.

Жоспар

1 .Балалар ұжымы және оның даму кезендері.

2.Балалар ұжымымен жұмыстар жүргізудегі мұғалімнің кәсіби маңызды қасиеттері.

3.Балалар ұжымынының жағдайын зерделеу әдістемесі.

Негізгі үғымдар: ұжым, балалар ұжымы; балалар ұжымы дамуының кезеңдері мен заңдары, оқушылардың өздерін-өздері басқаруы, оқушы ұжымының қалыптасуының диагностикасы.

Пәнаралық байланыстар: философия, әлеуметтік психология, әлеуметтану, мәдениеттану.

Балалар ұжымы және оның даму кезеңдері. Жеке тұлға және ұжым проблемаларымен философтар, әлеуметтанушылар, әлеуметтік психологтар, педагогтар айналысуда. Бұл аталған проблеманың педагогикалық ғылым мен практиканың шеңберінен әлдеқашан шығып кеткендігінің дәлелі. Ұжымның педагогикалық теориясын дамытуға П.П.Блонский, Л.С.Выготский; Н.К.Крупская, П Н.Лепешинский, В.И.Сорока-Росинский, С.Т.Шацкий және т.б. өз үлестерін қосты.

Ұжымдағы жеке тұлға теориясын құрудын негізі Л.С.Млкаренко еңбектерінде жатыр. Ол ұжымда жеке тұлғаны тәрбиелеудің басты нәтижесі оның қоғамдық бағыттылығы деп есепттейді. А.С.Макаренко ұжымның басты белгілерін нақты тұжырымдап берді: ұжым - басқа ұжыммен органикалық байланыста болатын қоғамнын бір бөлігі: қоғамдық маңызы бар мақсаттың болуы; ұжым мүшелерінің ұйымдастыру; ұжым мүшелері арасындағы өзара

жауапкершілікті қарым-қатынас орнату; өзін-өзі басқару органдарының болуы.

Мектептің балалар ұжымы алғашқы ұжымдардан (сыныптардан) тұрады: осы алғашқы ұжымда-ақ балалар жалпы мақсатын жүзеге асыруға бірігіп қатыса отырып бір-бірімен жақын араласа бастайды. Онда балалардың мүмкіндіктеріне, қызығушылықтарына, қабілеттеріне, құрбыларына деген қарым-қатынастарына қарай әрқайсысының белсенділендіруге жағдай жасалады. Сонымен бірге бұл ұжым өзінің тар мағынадағы мүдделерімен ғана шектеліп қалмай болашақ жоспарларын күрделендіріп, мүдделерін кеңейтуі тиіс. Бұл тек осы алғашқы ұжымдарды қоғаммен байланыстыратындай ұжымаралық байланыс жасау арқылы жүзеге асырылуы мүмкін.

Ұжым проблемасын зерттеушілер қазір оны зерделеудің әртүрлі әдіс-тәсілдерін жасауда. Л.И.Новикова әрбір баланың тұлғалық қасиеттерін жан-жақты дамыту қүралы ретінде балалар ұжымын басқарудың барынша тиімді жолдарын зерттеуде. Т.Е.Конникова ұсынған ғылыми бағыт ұжымның басты қызметін оқушының құлықтық дамуымен байланыстырады. Р.С.Немов, А.Г.Кирпичник өз жұмыстарында балалар ұжымының қызметін жүйелі бағалауға үлкен імән береді.

Оқушы ұжымы деп мақсатты бағытталған әлеуметтік маңызы бар іс-әрекет негізінде окушыларды біріктірудің ұйымдастырушылық формасы деп түсініледі. Мұндай іс-әрекет оқушылар үшін ең алдымен оқу іс-әрекеті болып табылады. Сондай-ақ, сабақтан тыс уақыттағы іс-әрекеттердің алуан түрлілігінің де маңызы бар.

Ұжымды қалыптастыру барысында оларға қойылатын талаптардан бөлек оның жеке кезеңдерін (А.С.Макаренко бойынша "сатыларын") бөліп көрсетуге болады. Әрине, осы кезеңдердің арасын нақты уақытша бөлімдерге бөлуге болады, өйткені олардың арасында ешқандай шекара жоқ, солай бола тұрса да ұжымды дамытудың негізгі үш кезеңінің барлығын педагогтардың дұрыс меңгеруі олардың өздеріне оқушы ұжымын қалыптастыру бойынша істелетін жұмыстарды сауатты ұйымдастыруға көмектеседі.

Окушы ұжымын дамытудың бірінші сатысы әдеттегідей оқушылардың нашар ұйымдастырылуымен сипатталады,

балалар бұл сатыда алғашқы ұжымдарға формальды түрде топтастырылады. Сынып белсенділері болмайды, соған байланысты мұғалім сыныпка тиісті талаптарды өзі қояды. Бұл мектепке немесе сыныпқа қайтадан келген балалар жинақталған "құрама сынып" оқушылары ұжымының басты ерекшеліктері. Көп жағдайда мұғалім бірге көп жылдар бойы бірге оқып келе жатқан оқушылар ұжымымен жүмыс істейді, бірақ сынып тәртібі нашар, көшбасшылар формальды түрде сайланады, бірақ мұның ұжымдық қарым-қатынақа ешқандай ықпалы болмайды, яғни жалпы нашар ұйымдастырушылық орын алады.

Бұл кезеңде мұғалім сабақта және сабақтан тыс уақыттарда оқушыларды әртүрлі бірігіп атқарылатын іс-. әрекеттерге араластыру арқылы бір-бірін (оқушы мен мұғалім) жақсы танысуға күш салуы тиіс. Сонымен қатар, ұжымның қалыптасуы кезеңінде сынып белсенділері сайлауға, қайта сайлауға дайындалады. Берілетін тапсырмалар кездейсоқтық сипатта болуы мүмкін, сонымен бірге балалардың да мүдделері де ескерілуі керек.

Ұжымды дамытудың екінші кезеңінде талаптарды тек мұғалім ғана емес белсенді топ мүшелері де (параллель) қоя алады. Сабақта және сабақтан тыс іс-әрекеттердің түрлері көбейіп, күрделене түседі. Белсенді топ мүшелері тапсырмаларды оқушылардың мүдделерін ғана емес, ұжым қажеттіліктерін ескере отырып береді.

Әрбір оқушы бұл кезеңде өзін ұжым мүшесі ретінде санап өз әрекеттерінің қоғамдық маңыздылығын түсінуі тиіс. Сонымен бірге оқушылар алға қойылған мақсатты білуі және түсінуі тиіс және сол мақсатқа жетудегі әрбір окушының рөлі мен қосатын үлесін де білуі керек.

Оқушы ұжымының дамуының үшінші кезеңінде тек мұғалім мен белсенділердің мүшелеріне ғана талаптар қойылмайды, сонымен қатар ұжымның әрбір мүшесіне де белгілі бір талап қойылады. Бұл саты қоғамдық пікірлердің ескерілуімен, оқушылардың өз-өзіні басқаруының жоғарғы деңгейде болуымен, балалардың ұжым жүмыстарымен айналысумен сипатталады. Дәл осындай ұжым оқушыларды ұжымшылдыққа тәрбиелеу құралы болып табылады. Бұл жерде әрбір оқушының тұлға ретінде дамуына барлық жағдайлар жасалады.

Ұжымның барлық даму сатыларында мұғалімнің алдында үнемі тәрбиелеу міндеттері тұрады. Оның ішіндегі ең маңыздысы: педагогикалық жетекшілік пен оқушылардың өз-өзін басқаруын дамытуды қалай бірге алып жүруге болады?

Ұжым дамуының бастапқы деңгейінен жоғарғы деңгейге көтерілуі көп жағдайларда мұғалімнің дұрыс позициясына байланысты. Сонымен қатар сынып жетекшісінің оқушыларға ұжым дамуының жақын, орта және алыс А.С. Макаренко) деп аталатын үш көрінісін түсіндіру үшін үлкен жұмыстар жүргізуі қажет. Оқушылар міндетті түрде алыс көрініс қоғам мүшелерінің жеке жоспарларымем байланысты екендігін терең түсінулері тиіс.

Балалар ұжымымен жұмыстар жүргізудегі мұғалімнің кәсіби маңызды қасиет-сапалары. Балалар ұжымымен жұмыс істеу үшін мұғалімнің белгілі бір кәсіби қасиет-сапалары қажет. Кәсіби маңызы бар қасиеттер мәнін анықтауға бірқатар ғалымдар (А. Сатынская, В.А.Сластенин, Г.Сманова, К.Успанов және т.б.) көңіл бөлді. Біртұтас педагогикалық процесс теориясының негізгі заңдарын басшылыққа ала отырып (Хмель Н.Д.), педагогикалық процестің іске асыруын қамтамасыз ететін тұлғаның салыстырмалы орнықты сапалары мен ерекшеліктерін жиынтығын педагогтың кәсіби маңызды қасиеті деп санауға болады. Сонымен, біртұтас педагогикалық процестің нәтижелілігі "педагогтар-оқушылар" жүйесіндегі өзара қатынастың, ықпалдастықтың деңгейіне байланысты. "Оқушы" жүйесі үшін педагог тұлғасы қоршаған болмысты пәндендіру арасындағы делдал, ал мұғалім оқушы мен материалдық және рухани құндылықтар арасындағы делдал болып табылады. "Оқушылар" жүйесінде қарым-қатынас "педаготтар-оқушылар" жүйесінде бар қарым-қатынас салдары ретінде жасалады. Бұл болашақ мұғалімді даярлауда мектептік педагогикалық процестің қызметін жанданлыруға мүмкіндік беретін кәсіби маңызы бар сапаларды қалыптастырудың неге кажет екенін көрсетеді.

Жоғарыда баяндалғандардың балалар ұжымымен тиімді жұмыстар істеудің тиімділігінің шарттарының бірі ретінде қарастырылатын ұжымшылдық сияқты мұғалімнің жеке қасиеттерін қалыптастыруға катысты.

Мұғалімнің ұжымшылдығы оның оқушылармен және оқушылардың бір-бірімен дұрыс өзара қарым-қатынас жасауының негізінде балалар ұжымының қызметін ұйымдастыруға даярлығы арқылы көрініс табады. Тұтас педагогикалық процесс теориясында бұл өзара қарым-қатынас өзара ықпалдасатын тәрбиелеуші механизм болып табылады және қызмет барысындағы ынтымақтастықтың сипатына тәуелді. Қызмет барысындағы сипатын түсіну мұғалімнің құзырына кіреді. Соған байланысты мұғалім өзінің жинақтаған білімінің негізінде балалар ұжымының қызметін ұйымдастыруға дайын болуы керек.

Тұтас педагогикалық процесс және. балалар ұжымы теорияларының негізгі қағидаларына (Н.К.Крупская, Т.Е.Конникова, А.С.Макаренко, Л.И.Новиков, В.А.Сухомлинский) сүйене отырып, мұғалімге, сынып жетекшісіне оқушы ұжымын қалыптастыру бойынша тиімді жұмыстар ұйымдастыру үшін білім, біліктерді меңгерулері қажет:

1.Мұғалім іс-әрекетінің зандылықтарының, қозғаушы күштерінің және тәрбиелеу механизмдерінің объектісі ретінде педагогикалық процестің мәні мен құрылымы туралы теориялық білім.

2.0қушы ұжымын қалыптастыру теориясы мен тәжірибесі және оның негіздері мен даму зандылықтары жөнінде біртұтас түсініктің болуы.

3.Оқушы ұжымының қалыптасу жағдайы мен деңгейін диагностикалай алу, біртұтас педагогикалық процестің негізгі көрсеткіштеріне диагностиканы негіздей алу, ұжым дамуын болжау үшін диагностикалық мәліметтерді пайдалана алу.

4.Педагогикалық ықпалдастырудың негізгі кұралдарын білу және оларды балалар ұжымын қалыптастыру процесінде қолдана алу.

5.Әрбір оқушының қызығушылығы мен қабілетіне сәйкес жалпы мақсатқа (сабақта және сабақтан тыс уақытта оқушылардың ықпалдасу жүйесі) жетуге бағытталған оқудағы және оқудан тыс іс-әрекеттерін ұйымдастыра алу.

6.Алғашқы (сыныптық) ұжымды қалыптастыруда
мұғалімнің педагогикалық жетекшілігімен ұжымда өзін-
өзі басқаруды үйлестіре алу.

7.Мектепте және мектептен тыс уақыттарда алғашқы ұжымды басқа ұжым түрлерімен өзара байланыс жасауының рөлін түсіну.

Балалар ұжымының жағдайын зерделеу әдістемесі. Мұғалімнің диагностикалық бағдарламасының бір нұсқасында "оқушылармен ынтымақтастықта бола алу қабілеті" критерийі - қазіргі мектеп мұғалімдерінің зерттеу іс-әрекеттерінің ең жоғары деңгейі және ол өзара ықпалдастыққа ұмтылдыратын жаңа тәсілдерді үнемі іздестіру, оларды қарым-қатынас жасауда қолданудың мүмкіндіктерін байқай алу, басқа адамдардың көзқарастарын түсіне білуге тәрбиелеу аз уақыт аралығында және мұғалім мен оқушының ақыл-ойын, ерік-жігерін пайдалана отырып эмоционалдық күш салуымен оқыту мен тәрбиелеудің әдістерін үйлестіруді негіздей отырып қолдана алу (В.И.Зверева).

Педагогтардың балалар ұжымымен кәсіби ұйымдастырылған жұмысы барысында әлеуметтік (қоғамдық) белсенділік ретінде күрделі тұлғалық кдсиеттер қалыптасады. Қайта құру кезеңінде бұл қасиет ерекше маңызға ие болады, өйткені ол қоғамдық іс-әрекеттердің маңыздылығын оқушылардың санасына сіңіруін, олардың оған жауапкершілік, белсенділік, ізденімпаздық таныта отырып қатысуға дайындалуын, ұмтылуын қамтиды.

Қазіргі оқушылардың қоғамдық пайдалы жұмыстарға қатысуға оң көзқарас танытпайтындар да аз емес. Оның негізгі себебі ұйымдастырылатын жұмыстардың бірыңғайлығы, ондағы формальдылық, жұмыстың пайдасыздығының айқындығы, педагогтың өзінің қызығушылық танытпауы болып табылады. Соған байланысты оқушы белсенділігі мектепте ұйымдастыры-латын жұмыстардың тиімділігіне, сұранысқа ие болуына, мұғалім позициясына, жеке қатынасына, жұмысты сауатты ұйымдастыра алу біліктеріне тікелей байланысты.

Қоғамдық тапсырмалар мұғалім тарапынан емес белсенді топ мүшелері, сынып ұжымы тарапынан берілуі тиіс.

Тапсырмалар сабақта және сабақтан тыс орындалатын жұмыстарға байланысты берілуі қажет; мүмкіндігінше ол жұмыстарды окушылардың өздері тандағандары орыңды. Орындалған тапсырма мен оның орындалу сапасы жөнінде ұжым алдында есеп берілуі қажет.

Сынып жетекшісі үнемі оқушы ұжымымен атқарылған жұмыстарды тіркен отыруы тиіс: ұжым, белсенді топ мүшелерінің тізімі, әрбір ұжым мүшесінің сабақта және сабақтан тыс (қоғамдық) орындағын жұмыстарының тізімі (мұнда орындалған жұмыс жөнінде қашан есеп берілуі керектігі көрсетіледі), жылдық, жартыжылдық, тоқсандық, жоспар жасалады, әрбір оқушыға мінездеме жазады. Оқушылардың жетістіктерін үнемі айта отырып, оқушы тұлғасын қалыптастырудағы проблемаларға басты назар аудара отырып олармен жеке жұмыс жүргізудің маңызы өте зор.

Жинақталған және талданған материалдарын сынып жетекшісі "балалар ұжымының қалыптасу жағдайының графигі" түрінде беруіне болады. Бұл графикті талдау қажетті деңгейге жету үшін қандай көрсеткіштерді түзету керектігі жөнінде бірден мәлімет алуға мүмкіндік жасайды. Осы жұмыстардың барлығы оқушылар мен ата-аналар арасында талқылануы тиіс.

Оқушы ұжымының жағдайын диагностикалау және оқушылармен, ата-аналармен талқылау процесінде этикалық талаптардың орындалуы бойынша атқарылатын жүйелі жұмыс жүргізуде сынып жетекшісі осы ұжымның қалыптасу деңгейін көтеруге бағытталған жұмыс жүргізу бағдарламасын дайындау үшін материалдар жинақтайды.

Өзін-өзі тексеруге арналған сұрақтар

1)Оқушылар ұжымы дегеніміз не, оның негізгі белгілері қандай?

2)Балалар ұжымы - мектептегі педагогикалық процестің неге маңызды компоненті болып табылады?

3)Оқушылар ұжымының негізгі даму кезеңдеріне сипаттама беріңіздер.

4)Оқушылар ұжымының дамуының негізгі заңдарын тұжырымдаңыздар.

5)Оқушы ұжымының қалыптасуының әртүрлі кезеңіндегі оқушылардың іс-әрекеттері мен қарым-қатынастарының өзара байланысын (нақты мысалдармен) көрсетіңіздер.

6)Сіз "ұжымда тұлғаны тәрбиелеу" және "баламен жеке жұмыс жүргізу" притнциптерінің бірлігін қалай түсінесіз?

7)Оқушылар ұжымының қалыптасу деңгейін зерделеуде педагогикалық зерттеулер әдіскерінің кешенін белгілеңіздер.

8)Балалар ұжымын мен оқушының өзін-өзі басқаруын үйлестіру мүмкіншіліктерін көрсетіңіздер.

Дебиеттер

1.Зверева В.И. Диагаостика и экспертиза педагогической деятельности аттестуемых учителей. М.,1998.

2.Коломинский Я.Л. Психология детского коллектива: Система личных взаимоотношений. Минск, 1984.

3.Макаренко А.С. Воспитание в советской школе. М.,1966.

4.Немов Р.С. КирпичникАГ. Путь к коллективу: Книга для учителей по психологии ученического коллектива. М.,1988.

5.Новикова Л.И. Педагогика детского коллектива: вопросы теори. М.,1978.

6.Петровский А.В. Личность. Деятельность. Коллектив. М.,1982.

7.Сухомолинский В.А. Мудрая власть коллектива. М.,1981.

8,Фридман Л.М., Пушкина Т.А., Каплунович И.Я. Изучение личности учащегося и ученических коллективов. М.,1988.

Наши рекомендации