Балалардың өз бетімен жаттығуды орындауы

3-4 жасқа аяқ басқан балада өз бетімен әрекет жасауға тырысуы бұрынғыдан да арта түседі. Осы кезде оның зейіні де тұрақсыз болады, ол алаңдағыш келеді және бір әрекет жасаудан екінші әрекетке жиі ауысып отырады. Сондықтан, бұрынғы топтағы сияқты, үлкен адамдардың бала мінез - құлқын ұйымдастыруда үлкен рөлі бар. Бұл жаста бала салыстырмалы түрде алғанда көптеген қимылдың қорын меңгереді, бірақ ол әлі өз әрекетінің нәтижесі жөнінде ойланбайды, ол сол қимыл барысын, оның эмоциялық әсері арқылы қабылдайды. Бала енді өз қалауынша немесе тәрбиешінің ұсынысы бойынша қимылды қайталай алады. Қимылдың бағытын сақтай, оның кейбір тәсілдерін айыра да алады. Бұл жастағы балаларға қимылдың жаңадан сан алуан түріне кірісіп кетуге ықыласты болушылық тән. Әрекетті жасай отырып, бала олардағы белгілі қимыл жүйелілігін сақтай алады. Қимыл дағдылары мен шеберліктерін қалыптастыру таныс бейнелер әрекеттер еліктеу негізінде жалғастырылады. Бұл жаста баланы қимыл орындалуға тиіс жағдаймен алдын ала таныстырудың бұрынғыдай маңызы зор. 4 жасқа аяқ басқан балаларға заттар арқылы ойналатын жаттығуларға бейімділік тән.
Көжектер.Баланы бірінші кішкентай көжектерге ұқсап секіртіп, содан кейін үлкен қояндарға еліктеп секірту. Жаттығуды түрлендіріп қақпадан, тас қамалдан құлыншақ, кенгуру, бақа, түлкіге ұқсап секіріп өту ұсынылады. Жаттығуларын түрлендіріп өткізуге болады. Балаларға әр түрлі бағытқа қарай секіруді және қайта орнына оралуды үйрету қажет. Дене шынықтыру жүгіру, өрмелеу және секіруде алғашқы дағдыларды меңгереді. Өмірлік маңызды қимылдарды өздігінен орындайды. Негізгі қимылдарды орындауда шығармашылық тәсіл білдіреді. Өздігінен қозғалу белсенділігі Кейбір қимылдарды ересектердің көрсетуімен орындайды. Саптық және спорттық жаттығуларды меңгереді. Топтағы балалармен бірге қимыл- қозғалыс ойын іс- әрекеттерін ұйымдастырады.Өздігінен қозғалу белсенділігі.Ойынды түрлендіріп, қызықты өткізуге мүмкіндік беретіндей түрлі құрал-жабдықтармен, спорттық құралдармен жабдықталған қимыл-қозғалыс әрекетіндамытатын орта құру. Зауыттық спорт құрал-жабдықтарымен қатар жүйелі түрде массажерлер, жүру мен жүгіруге арналған, ептілікті, үйлесімділікті дамытуға бағытталған жасанды құрылғыларды пайдаланған жөн. Ойын алаңын басқа да ойындарды ойнауға ыңғайлы болатындай етіп ұйымдастыру керек. Ойындардың, қимыл-қозғалыстардың, жаттығулар түрі жазылған карточкалар жиынтығы болуы қажет. Балаларды құрдастарымен жарыс ұйымдастыру барысында ережеге бағынуға үйрету. Балалардың қалауы бойынша қимылды ойындар ұйымдастыруға жағдай жасау. Серуен кезінде меңгерген қимыл-қозғалыс іскерліктері мен дағдыларын жетілдіру. Серуендеу орынын дұрыс жабдықтау. Қыс мезгілінде мұз жолдарымен сырғанау, шаңғымен жүру, хоккей ойнау, шанамен сырғанау, ал жылдың жылы мезгілінде велосипедпен жүру, футбол, бадминтон, баскетбол ойындарын ойнауғақолайлы жағдай туғызу керек. Ойын алаңдарында кедергі жолдары болғаны дұрыс.Айына бір рет дене шынықтыру ойын-сауығын, жылын 2 рет – қыста және жазда дене шынықтыру мерекелерін ұйымдастыру.Мектепке дейінгі балалардың белсенді қозғалыс қажеттлігі соншалықты маңызды , дәргерлер мен физиологтардың айтуынша бұл - «ысырапшылдық қозғалыс кезеңі». Уақыт келе белсенді қозғалыс кажеттілігі олардың эмоционалдық жағдайы мен уәжіне байланысты белгілі мақсатқа бағынды. Қозғалыс әрекет үдерісінде балалар өзін , өзінің денесін біліп , оның құрылысымен , қасиетімен , мүмкіншілігімен танысып , кеңістік ортасында дұрыс бағдарлау тәсілдердің игереді.

5-6 жастағы баланың қозғалыс белсенділігі саналы және әр түрлі болады. Қозғалыс дағдылары мен іскерліктерінің қалыптасуының шамасына қарай оларды спорттық ойындарға және жаттығуларға деген айтарлықтай анағурлым қызығушылық пайда болады. Осы жастағы балалардың көбісінде жүру және кеңістікті дұрыс бағдарлау байқалады.

«Балабақшада тәрбие беру бағдарламасында» баланың дене – бітімінің жетілуі мен жеке басының дамуына дене шынықтыру сабақтары үлкен үлес қосып отыр.Бала дене шынықтыру сабағында , жалпы дамыту жаттығулары арқылы күш – жігерлерін шындай түседі. Денсаулықтарын нығайтып, ептілікке, жылдамдыққа үйретеді, дене – бітімдерін жан – жақты дамытып , келбеттері асқақтай түседі. Бала бітімдері тез жетіліп өседі. Сауықтыру жұмыстарында тұзды төсенішпен жалаң аяқ жүру , ауа ваннасын жасау және т.б. Балаларды тұлға ретінде жан – жақты гармониялық тәрбиелеу процесі серуен жағдайында да жүзеге асырылыдады. Серуен балалардың денелерін шынықтыруын қалыптастыруға әсерін тигізеді , көңіл –күйлерін көтереді. Қысқы ойын түрлерінен спорттық жарыстар,мерекелер ұйымдастыру балалар бойына қуанышты көңіл күй сыйлайды. Ұлдар мен қыздар өздерінің бар қимыл – қозғалыс тәжірибелерін қолданып , өздеріне түрлі рөлдерді таңдап алу мүмкіндіктерін пайдалана алады. Сонымен бірге , ұйымдасқаннан гөрі өз бетінше әрекетте ұлдар қыздарға қарағанда ширақ , сергек келеді.

Балабақшада , осындай қимыл – қозғалыс және танымдық әрекетін ойын түрінде дұрыс ұйымдастырып өткізу баланың:

-негізгі қимыл түрлерін өз бетінше шығармашылықпен орындауға ;

-жасқаншақты жеңіп шығуға;

-эмоционалдық тонусын көтеруге;

-қиялы мен фантазиясын дамытуға мүмкіндік туғызады.

Ұлттық ойындар арқылы , қазақ халқының дәстүрі мен әдет – ғұрыптарын дамытуға , өз ұлтына деген сүйіспеншілікке жастайынан баулып, оны құрметтеуге тәрбиелеу, қимыл – қозғалыс дағдыларын қалыптастыру. Ұлттық ойындар арқылы балалардың танымдығын арттыру, қимыл - қозғалыстарын жетілдіру. Халқымыздың ұлттық ойындарының көпшілігі «Ойлауды қажет ететін ойындарға» мысалы: «Ханталапай», «Арқаласпақ», «Түйілген орамал», «Арқан тартыс», «Бес тас», «Хан», «Тартыс», т.с.с. ойындар балалардың дене бітімінің ғана емес, ақыл – ойының жаттықтырушысы.

Мысалы: «Айгөлек» - бұл ойында балалардың бір – біріне деген қарым – қатынасы мен топталып ойнату , алға қойған мақсатын аяғына дейін орындату және сөздік қорын , тілін дамыту.

«Тақия тастамақ» - шеңбер жасап отырып бала сезімін ояту , аңғара білуге , шапшандыққа , ептілікке баулу.

«Көтермек» - баланың күшін сынап , өз бойындағы күшті қалыптастыра білуге , жеңе білуге үйрету.

Қозғалыс ойындарының маңыздылығы:

- Ойлау және елестету қабілеттерін дамытады;

- Ойын жағдаяттарында ережелерге сүйенуді және дұрыс қозғалуды үйретеді;

- Бір-бірлеріне көмектесуге және ортақ талаптарға бағынуға үйретеді;

- Қанайналым, тыныс алу , есте сақтау, қиял жүйелерін іске қосады;

- Жылдамдықты, күш-жігерді және ептілікті қалыптастырады;

- Ұжымда қалыптасуға көмектеседі.

Қозғалыс ойындарының құрылымы:

1. Балаларды ойынға жинау

2. Ойынға қызығушылық ояту

3. Ойынды түсіндіру

4.Жүргізушіні таңдау

5. Ойынды жүргізу

6. Ойынды аяқтау және қорытындысын шығару

«Қозғалыс ойындары жаттығулар болып табылады, соның негізінде бала өмірге дайындалады. Ойын қызықтыратын мазмұнымен, эмоционалды қанықтылығымен балалардың ақыл-ойының және денесінің физикалық дамуына үлесін қосады»П.Ф. Лесгафт деп айтқан.

Қимылды дамытуды жоспарлағанда жалпы қағидаларды ескеру керек:

1) жаттығуларды,

ойындарды, еңбек тапсырмаларын таңдағанда баланың қолынан келетін, оларды

қызықтыратын, бүкіл ағзасының дамуына түгел ықпал жасайтын, бұлшық еттердің

қимыл әрекетіне әсері барын сұрыптап алу;

2) ойындар мен

жаттығулар еңбек тапсырмаларын орындауға, жүру, жүгіру, лақтыру, секіру,

өрмелеу сияқты қимылдардың дамуына ықпал ететін, дұрыс дағдыны қалыптастыратын

болуы керек;

3) физиологиялық

жағынан әлсіз бұлшық еттерді нығайту, баланың тұлғасын дұрыс қалыптастыруға

себепкер болуы керек;

4) ұжымда жұмыс істей білуге жетілуін қамтамасыз етуге тиіс.

Наши рекомендации