Йымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы
Жұлдыз» ересек тобы
Білім беру саласы: «Таным»
Тақырыбы: «Бөлме өсімдіктері және оларды күту »
Бөлімдері: Экология негіздері
Күні, айы, жылы: 18. 12. 2014 жыл
Мақсаты
Білімділік: Балалардың бөлме өсімдіктері туралы білімдерін бекіту (атауы, құрылысы); өсімдіктерді салыстыру, олардың айырмашылығы мен ұқсастығын табу, олардың өсуіне қажетті жағдаймен таныстыру.
Дамытушылық: Практикалық жұмыс істеу дағдыларын арттыру, өсімдіктер туралы білімдерін дамыту.
Тәрбиелік: Әңгімеге араласа білуге, өз көзқарасын айта алуға тәрбиелеу; өсімдіктерді өсіруге, күтуге деген құлшынысқа тәрбиелеу.
Қостілдік компонент: Бөлме өсімдіктері- комнатные растения, су бүрку-опрыскивать водой, топырағын қопсыту- разрыхлять почву.
Көрнекілік құралдар: демонстрациялық материалдар, жұмыс дәптері, бөлме өсімдіктері, таяқшалар, су сепкіш
Іс –әрекет кезеңдері | Тәрбиешінің іс-әрекеті | Балалардың іс-әрекеті |
Мотивациялық- қозғаушылық | -Балалар, табиғат бұрышынан білуге құмар Қоянның хатын тауып алдым. Ол хатында бөлме өсімдіктерін жақсы көретінін, бірақ оны қалай күту керектігін білмейтінін жазыпты. | Балалар Қояның хатымен танысады. |
Ұйымдастыру- іздестіру | -Олай болса, Қоянға біздің бөлмедегі өсімдіктерді көрсетіп, оны қалай күту керектігін үйретейік. -Қоян, қарашы біздің топта бөлме өсімдіктері қандай көп. Балалар, осы өсімдіктердің атын атап көрейікші. -Балалар, өсімдіктердің бәріне ортақ ұқсастықты айтып беріңдерші. -Олардың бір-бірінен қандай айырмашылығы бар? Қостілдік компонент: Бөлме өсімдіктері- комнатные растения, су бүрку - опрыскивать водой,топырағын қопсыту- разрыхлять почву. -Енді Қоянға өсімдіктердің тірі организм екенін дәлелдеп беріңдер. -Олар аузы жоқ болса, қалай қоректенеді, ал су іше ала ма? -Ал ауамен қалай демалады? -Жарайсыңдар, балалар, Қоянға көп нәрсе айтып бердіңдер. Сергіту сәті: -Өсімдіктер алғаш өнген кезде қандай болады? -Қалай өседі? -Жапырағын қалай жаяды? -Гүлдері қалай өседі? -Жаңбыр жауғанда гүлдер қайтеді? Практикалық жұмыс: -Балалар, енді Қоянға өсімдіктерді қалай күту керек екендігін көрсетейік. -Өсімдік жақсы өсу үшін не керек? Олай болса, өсімдіктерді жарық жерге қойып, өсімдіктерге күтім жасайық. 1.Топырақты таяқшамен қопсытамыз. 2.Жапырақтарының шаңын жұмсақ шүберекпен сүртеміз. 3.Су құямыз. 4.Жапырақтарына су бүркеміз. -Өсімдіктердің жапырағы, тамырына зақым келтірмес үшін, күту жұмысын қалай орындадыңдар? -Жарайсыңдар,балалар! Сендер Қоянға өсімдіктерді күтуді үйреттіңдер. Енді ол өсімдіктер өсіретін болды. | Балалар өсімдіктердің атын айтады: бегония, бальзамин, герань, папортник, кактус т.б -Олардың тамыры, жапырағы, сабағы бар. -Олардың жапырақтары әртүрлі, бірінің сабағы жуан, бірінің сабағы жіңішке. Балалар сөздерді екі тілде қайталайды -Өсімдіктер өседі, қоректенеді, су ішеді, ауамен демалады, өсуін тоқтатады. -Ол тамыры арқылы топырақтан қоректік затты, суды алады. Жапырағы арқылы демалады. Балалар отырады. -Жайлап көтеріледі. -Қолдарын екі жағына жаяды. -Қолдарын жоғары созады -Қолдарымен бастарын жабады. Балалар алжапқыштарын киеді,қолдарына таяқшаларын, су сепкішті алып жұмыс жасайды. -Өсімдік жақсы өсу үшін ауа, жарық керек. Балалармен екі-үштен бірігіп, топтағы өсімдіктердің топырағын қопсытып, су құяды. -Мұқият,ұқыпты, баппен,мейіріммен. |
Рефлексивті- түзетушілік | ̶ Балалар, алдарыңда әдемі құмыралардың суреті тұр.Осы құмыраларға гүлдер өсіруіміз керек.Мен жақсы музыка қоямын, музыканың комегімен әдемі гүлдердің өсуіне көмектесіңдер. Қоян балаларға алғысын айтып,қоштасады. | Балалар құмыраға өздері қалаған гүлдің суретін салады.Олар гүлдерді Қоянға сыйлайды. |
Күтілетін нәтиже:
Нені біледі: өсімдіктердің ұқсастығы мен айырмасын; өсімдік мүшелерін ажырата білуді;
Қандай түсініктерді игерді: бөлме өсімдіктеріне дұрыс күтім жасауды; оның өсуіне қажетті жағдайды;
Меңгерген дағдылары мен түсініктері: өсімдіктердің өсуі үшін ауа, жылу,жарық, судың қажет екендігін; практикалық жұмыс істеу дағдыларыңн артырады; өсімдіктерді өсіруге деген қызығушылықтарын арттыруды.