Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні: Тәрбиеші:

Білім беру саласы:Әлеуметтік орта Бөлімі:Экология

Тақырыбы: Күз. Күзгі ағаштар. Мақсаты:күзгі табиғатты бақылау кезінде қарапайым өзгерістерді атай білуге және өздерінің сезімдері туралы әңгімелеуге үйрету. Емен және үйеңкі ағашымен таныстыру. Емен және үйеңкі ағашының жапырақтары мен діңінің ерекшелігіне қарап басқа ағаштардан ажыратып, атай білуге үйрету. Олардың жапырақтарының түсіне назар аударып, жазғы уақыттағы жапырақтармен салыстыру. Ағаштардың экологияға оңды әсерін түсіндіру. Керекті құралдар:жұмыс дәптері.

Әдіс –тәсілдер:сөздік,көрнекілік,практикалық. Билингвальді компонент:күз-осень, ағаштар-деревья, үйеңкі-клен

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық –қозғаушылық -Балалар қазір жылдың қай мезгілі? Сендер табиғаттан қандай өзгерісті байқадыңдар? Педагог балаларға күз маусымының өзгерістері туралы қосымша ақпарат береді. -Күз мезгілі? -Ауа –райы суытады, жаңбыр жауады.
Ұйымдастырушылық-ізденістік -Балалар қараңдаршы өсіп тұрған ағаштардың ішінде сендерге таныс ағаш бар ма,ол қандай ағаш? Қайың ағашы туралы қосымша сұрақ қойылады. Ағаштың түрлері көп.Мына екі ағашқа назар аударыңдаршы.Екі ағаш бір-біріне ұқсай ма, әлде өзгешеліктері бар ма? Мынау үйіңкі ағашы, Үйіңкінің жапырақтары пішіні жағынан әртүрлі, жиегі иректелген және шілтерлі болып келеді.Маусымға байланысты жапырақтарының түсі өзгереді. Қазір үйіңкі ағашының жапырағының түсі қандай болып тұр? Енді, балалар мына ағашқа қараңдар, бұл ағаш қалай аталады? Бұл- емен ағашы -Қане, емен ағашын құшақтап көріңдерші, қандай екен? Енді үйіңкі ағашын құшақтап көріңдер, ол қандай, жуан ба әлде жіңішке ме? Енді жоғарыға қарап,екі ағаштың биіктігін салыстырайық.Қайсысы биік, қайсысы аласа? Сурет арқылы ағаштардың түрлерімен, жапырақтарды түрлерімен таныстырады. Пайдасы жайында әңгімелейді.«Жапырағынан таны» ойыны. Ойын шарты бойынша әртүрлі ағаштардың жапырақтарын жинайды, жинаған жапырақтарыны ішінен үйеңкі және емен жапырақтарын тауып, сипаттап береді. Сергіту сәті. Дәптермен жұмыс. Тәрбиеші дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді. Бірдей емес өзгешеліктері бар   -сары,қызғылт түс     Балалар білетін ағаш болса,жауап береді.Білмесе тәрбиеші өзі толықтырады. -Жуан -Емен ағашына қарағанда жіңішкерек. -Емен ағашы биік, үйіңкі ағашы аласа     Ағаш түрлері және олардың жапырақтарымен танысады. Ойынды қызыға ойнайды. Өлең жолдарына сәйкес қимылдар орындайды. Дәптердегі тапсырманы орындайды.
Рефлексиялық-түзетушілік Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Сабақтағы көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, ой бөліседі.

Күтілетін нәтиже: жасайды:күзгі табиғаттағы бақылау кезінде қарапайым өзгерістерді атауды, емен және үйеңкі ағашын танып, атауды.

түсінеді:күз мезгілінің ерекшеліктерін, емен және үйеңкі ағашын жапырақтары мен діңінің ерекшелігіне қарап басқа ағаштардан ажырата білуді. қолданады.:емен ағашының емдік пайдасы мен құрылыста пайдалануды, ағаштан бұйым жасайтындығын, өсімдіктері күтуді, қамқорлықпен қарауды.

Аққайың» тобына арналған ұйымдастырылған оқу іс-әрекетінің технологиялық картасы

Күні:Тәрбиеші:

Білім беру саласы:Әлеуметтік орта Бөлімі:Экология

Тақырыбы: Үй жануарлары жылқы және есек. Мақсаты:екінші кіші топта меңгерген үй жануарлары түйе, сиыр, ешкі туралы түсініктерін кеңейте отырып, жылқы және есекпен таныстыру. Жылқы мен есектің ұқсастықтары мен айырмашылығы туралы түсініп айтып беруге үйрету. Жануарлардың тіршілігі адамның қамқорлығына, күтіміне зәру екендігі туралы ұғымды қалыптастыра отырып, қамқорлықпен қарауға тәрбиелеу.

Керекті құралдар:үй жануарларының суреттері.

Әдіс –тәсілдер:сөздік,көрнекілік,ойын,практикалық Билингвальді компонент:үй жануарлары-домашние животные, жылқы- лошат, есек-осел

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Тәрбиешінің іс-әрекеті Балалардың іс-әрекеті
Мотивациялық –қозғаушылық Шаттық шеңбері: Балалар, мен сендерді әдеттегідей шаттық шеңберіне шақырамын. «Дұрыс тап» ойыны Балаларды үш топқа бөліп,жүннен тоқылған киімдер,сүт тағамдары мен еттен жасалған тағамдардың суреттерін араластырып,үстелдің үстіне шашыратын қояды. Балалар шаттық шеңберіне тұрып, қимылдар жасай отырып өлең жолдарын айтады. Ойын ережесі бойынша іріктеп, қолданылуын, пайдасын, айтып береді.
Ұйымдастырушылық-ізденістік -Балалар біз бүгін үй жануарлары туралы көп ақпарат алдық. Енді ата мен әженің ауылына саяхатқа барамыз. Балаларды керекті құрал-жабдықтары алдын ала дайындалып жасалған «Әлеуметтік» « Таным» орталығына бөледі. Сергіту сәті. Дәптермен жұмыс. Дәптерде берілген тапсырманы түсіндіреді. «Жұмбақтар мен оның шешуі» ойыны. Кезекті бір жануар, Үстінде екі тауы бар. Ол қай жануар?   «Сыңарын тап» ойыны. Жануар бейнеленген суреттің сыңарын табу тапсырылады. Педагог балаларды екі ортылыққа бөліп, бірінші орталықтағы балаларға «өрістегі малдар» тақырыбында тасырма беріледі. Екінші орталықтағы балаларға бірнеше бөлікке бөлінген жануарларды құрастыру тапсырылады Ауыл кейпінде жасалған «Әлеуметтік» « Таным» орталығына келеді. Ата, әжемен амандасып болғаннан кейін қыз балалар «Әлеуметтік» орталығында әжеге құрт жасап көресетеді. Ал ұл балалар «Таным» орталығында үй жануарларына арнап қора құрастырады Балалар жұмбақтардың шешуін табуға тырысады. Түйе ешкі, сиыр. Ойынды қызыға ойнайды.   Сергіту жаттығуын жасайды. Дәптерде берілген тапсырманы орындайды.
Рефлексиялық-түзетушілік Педагог балалардан бүгінгі жиыннан алған әсерлерін, көңіл күйлерін, немен айналысқандарын, не үйренгендерін сұрайды. Сабақтағы көңіл күйлерін дәптердегі таңбаларға белгілейді. Қойылған сұрақтарға жауап беріп, ой бөліседі.

Күтілетін нәтиже:

жасайды: үй жануарларының тіршілік әрекеті туралы, сипаттап беруді. түсінеді: жылқы мен есекті танып, ұқсастықтары мен айырмашылығын салыстырмалы түрде сипаттап айтуды, тіршілігі, қорегі, адамға келтіретін пайдасы туралы.қолданады: жылқы мен есектің адамның қамқорлығына, күтіміне зәру екендігі туралы ұғымды игереді, қамқорлықпен

Наши рекомендации