Технологиялық карталар.

Сәуір

Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: «Музыка». Тақырыбы: «Төлдер » Мақсаты: Театр арқылы дыбыстарды таза айтқызу, тындау , «жоғары» және «төмен» дыбыстарын айыру ,екі бөлімді әнді ажырата білуге үйрету .

Қолданылатын көрнекі – құралдар: Текшелер. Сөздік жұмыс: «Пүшәйт» , «шөре», «құрау», «аухау», «көс-көс».

Оқу іс – әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс – әрекеті. Балалардың іс – әрекеті.
Мотивциялық- қозғаушылық. Марш ырғағымен балаларды қарсы алу. «Марш»(Е.Бурсиловский). 1-2 тактілерінде: «Сәлем,сәлем , Балалар!»- деп марш ырғағымен амандасу. Бірінің атынан бірі ,шеңбер бойымен марш ырғағымен жүруді үйрету. 3-4 тактілері. Музыка тоқтағанда, тоқтау керек, музыка ойнағанда әрі қарай маршты жалғастыру. -Балалар, орнымызға жайғаса отырайық. Ән тыңдау : «Төлдерді шақыру». (Д.Ботбаев. Қуыршақ спектакліне Лайықтаған Г. Абдрахманова). Текше арқылы балалармен әндете отырып,төлдерді шақыру (қайталау). Балалар марш ырғағымен кіруді үйренеді,қатарға тұрады. «Сәлем,сәлем!сәлеметсіз-бе?»-деп амандасады.   Балалар марш ырғағымен жүреді,тоқтайды.   Балалар келіп отырады.   Балалар төлдер текшелерін ұстап,дыбыстарын келтіріп жауап беруге тырысады.  
Ұйымдастырушылық-ізденістік Балаларды екі топқа бөліп, бір-бірінен сұратып жауап беруге үйретеді.Текшелерді бөліп беру.Барлық төлдерді айтқызыды, орындарын ауыстырып қайталатады. «Төлдерді тап» ойыны. Балаларға төлдердің денелері салынған суретті беру.Пүщәйт-пүшәйт, шөре-шөре, құрау-құрау, аухау-аухау,көс- көс деп төлдерін еркелетіп,енесінің суретін қасына қою. -Балалар,мен «төлдер» әнін (Б.Ғизатов)айтып берейін ,сендер тыңдаңдар.Сөзін қайталап, әнге қосылып отырыңдыр. «Тұлпарым» әніне қамшы ұстап билеуге үйрету. Бірінші топ : -Қойдан жуас бозымды, Шақырамын қозымды. Екінші топ: -Пүшәйт-пүшәйт!   Балалар суреттерге қарап, төлдер текшесін қолына алып, енесіне апаруға тырысады.     Балалар әнге қосылады.   Балалар биге қатысады.
Рефлексиялық-түзетушілік. -Балалар, қандай театр болғанын айтыңдаршы. -Келесі жолы төлдерді, енелерін, өздерің ойнайсыңдар. -Өте жақсы қатыстыңдар, жарайсыңдар.Келесі кездескенше аман- сау болыңдар!   Балалар мақтауға қуанады, қоштасады.  

Күтілетін нәтежие:

Біледі:дыбыстардың айтылуын тыңдауды, «жоғары», «төмен» дыбыстарын айыруды.

Игереді:текшелермен жұмыс жасауды , енесін табуды, төлін табуды.

Меңгереді :би ырғақтарын қайталауды.

Технологиялық карталар.

Сәуір

Білім беру саласы: «Шығармашылық» Бөлімі: «Музыка». Тақырыбы: «Мысық қашады, күшік қуалайды» Мақсаты: түрлі сипаттағы музыкаға ден қойып тыңдауын дамыту,ынтасын тәрбиелеу. Қолданылатын көрнекі – құралдар: Алақандар,ойыншық, Ақтөс, Барыс,т.б. Сөздік жұмыс: Ақтөс,Барыс.

Оқу іс-әрекетінің кезеңдері Музыка жетекшісінің іс-әрекеті Балалардың іс- әрекеті
Мотивациялық-қозғаушылық Балаларды Е. Бурсиловскийдің « Марш» ырғағымен қарсы алу. -Сәлем, сәлем, балалар! Балаларды отыпғызып, ойын ойнауға шақыру. Музыкалық дидактикалық ойын: «Көңілді алақандар» Түрлі сипаттағы музыкаға ден қойып,оны тыңдау ынтасын тәрбиелеу. Картон қиындыларынан жасалған көңілді, көңілсіз алақан суреттерін балаларға таратып береді. -Алақандар не істеп жатыр? -Алақандар не істей алады? Ерте ,ерте, ертеде Көңілді алақандар өмір сүріпті. Алақандар біо күні ерте тұрып, таң атпай қыдырып кетіпті. Олар бірін-бірі көргеніне қатты қуаныпты. Балалар марш ырғағымен кіреді, қатарласа тұрады. Сәлемдеседі. Балалар жайғасып отырады.   Балалар ойын барысын тыңдап, қызығушылығын аттырады. Ұйықтап, қыдырып, билеп жатыр.   Балалар қол шапалақтайды.Музыка әуенімен қолдарын жоғары көтеріп жүреді. Алақандар бір-бірімен амандасып, бастарын түйістіреді.
Ұйымдастырушылық-ізденістік Ән тыңдау: «Әй-әй бөпем» (қазақтың халық әні, өңдеген И. Оразбаев) -«Көңілді алақандардың» көңіл күйі қандай екен? «Балдырғандар маршы» (К. Қуатбаев) «Қуанамын» (М.Ержанов) музыкасын тыңдап, алақандарын көрсетеді. -Балалар , жарайсыңдар, ал енді ертегі тыңдайық. Әуенді-қимылды қозғалыс : «Ақтөс пен Барыс» «Колхоздағы той» (Е. Брусиловский)әуеніне балаларды шақырып билету. Балалар әнді мұқият тыңдайды.     Алақандарын көтереді.   Балалар тыңдап, алақандарын көтереді.     Балалар Ақтөс пен Барысқа қарап, қимылдарын бақылайды.
Рефлексиялық-түзетушілік   -Балалар ,сендерге бүгін қандай қуыршықтыр келді? -Келесі жолы өздерің ойнайсыңдар? «Ақтөс пен Барыс» әнін жаттап келіңдер.Сау болыңдар!   Ақтөс пен Барыс келді. Балалардың көңіл күйі көтеріңкі болып қоштасады.
 

Күтілетін нәтежие:

Біледі: музыка арқылы «ұйықтау» , «қыдыру» , «көңілді», «көңілсіз» сипаттарынажырату.

Игереді: алақандарды ұстап көрсетеді.

Меңгереді : ырғақты қимылдарды.

Наши рекомендации