Тыныс белгілері туралы айтқан ой-пікірлері мен тұжырымдары

Фатима Мұсабекова

Фатима Машанбекқызы Мұсабекова (2. 7. 1926 жылы туған, Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы- 1988, Алматы қаласы) — тіл білімі маманы, филология ғылымы докторы (1977), профессор (1979). Қарқаралы педагогикалық училищесін (1944), Абай атындағы ҚазПИ-ді бітіргеннен соң (1948) осында аспирантурада қалдырылды. 1951—1958 ж. Алматы шет тілдері институтында оқытушы. 1958—1979 ж. қазақ тілі кафедрасының доценті. 1979 жылдан осы кафедра меңгерушісі. "Қазіргі қазақ тіліндегі жай сөйлем пунктуациясының негіздері" тақырыбында кандидаттық (1956), "Қазіргі қазақ тіліндегі зат есімдер стилистикасы" деген тақырыпта докторлық диссертация қорғады.

Шығармалары:

1. Основы пунктуации простого предложения в соеременном казахском языке. АКД., А., 1955;

2. Жалпы тіл білмін оқыту мәселелері. А., 1969;

3. Қазақ көркем шығармаларының жанры мен стилі. А., 1982;

4. Крзақ тілінің практикалық стилистикасы. А., 1982;

5. Стилистика имен существительных в современном казахском языке. АДЦ., А., 1974.

Тыныс белгілері туралы айтқан ой-пікірлері мен тұжырымдары - student2.ru

Оқу құралында ескерілген басты мәселелер – тыныс белгілерін дұрыс қойып, сауатты жаза білуге үйрету. Алдымен тыныс белгілеріне қатысты теориялық мәселелер сөз болады; жай сөйлемнің, құрмалас сөйлемнің, төл сөздің тыныс белгілеріне ерекше көңіл бөлінеді, соңынан барлық тыныс белгілерін қайталауға материалдар беріледі.

Тыныс белгілері туралы айтқан ой-пікірлері мен тұжырымдары

Жазғанды, айтқан ойды басқалар қалай қабылдайды дегенді естен шығармаған жөн.

Н.К.Крупская: «Үтір алғаш қарағанда ұсақ нәрсе сияқты, бірақ газеттің бейнесі осындай ұсақ-түйектен құралады». Шынында да, айтайын деген ойыңды оқушыға, тыңдаушыға дәл жеткізу үшін, әрбір сөз, әрбір тыныс белгісі ой мен сезімге бірдей дөп тиіп жатуы қажет.

Сөздерді дқрыс орналастырып айтпасақ, тыныс белгілерімен дұрыс бөліп жазбасақ, айтайын деген ойың теріс беріледі. Мысалы: Ғ.Мүсірепов «Теңіз балладасы» деген поэманың авторы, «көзі жасқа толы кәрі әке сақалын жұлып қала берді» деген оп-оңай ойды екі өлеңге сыйғыза алмай, автор: «Толтырып жасқа уысты, сақалып жұлып шал қалған» деп, шалға сақалын уыстатып жқлғызбай, көзінің жасын «уыстатқан» деп қынжылады. Бұл Л.Толсойдың: «Бір сөзді дұрыс қолданбаған жазушыны жазу правосынан айырып, жүз рет дүре соқтырар едім», - деген сөзінің тамаша айтылған пікір екендігін дәлелдейді. Ал тыныс белгілерін дұрыс қойып жазбасақ, онда ойымыз дәл берілмейді.

С. Торайғыровтың:

Сүйемін туған тілім – анам тілін

Бесікте жатқанымда-ақ берген білім, -

Деген екі дол өлеңіндегі «анам тілін» деген оңашаланған мүше үтірмен бөлінбей, сызықшамен бөлініп жазылғаны дұрыс, өйткені «туған тілім» деген тіркестен кейін үтір қойып жазсақ, анасының тілі бір басқа деген сияқты ұғым туады. Сол себепті «анам тілін» деген оңашаланған мүшенің алдынан үтір қоймай, сызықша қойып жазсақ, «туған тіл» мен «ана тілі» бірыңғай сөйлем мүшесі деп ұғынылмайтын болады.

Сөйлемді дәл ұғуға тек тыныс белгісі ғана көмектесетін контекстер жиі кездеседі. Онда бастауыш тұйық етістіктен болып, баяндауыш атау тұлғадағы зат есімнен болса, бастауыш пен баяндауыштың арасында сызықша қойылады, кейде мұндай жай сөйлемнің ішінде бірыңғай оңашаланған айқындауыш мүшелер кездеседі. Сол сияқты осы уақытқа дейін айтылып, жазылып келе жатқан пунктуациялық ереже бойынша, «жаңа адамды – ұлы мұратты адамды және моральдық принципі асқақ тұрған адамды» деген бірыңғай оңашаланған мүшеге байланысты екі жерден қойылса, ал «тәрбиелеу» деген сөзден кейін қойылған сызықша – бастауыш пен баяндауыш арасына қойылған сызықша.

Қазақ тілінің пунктуациялық жүйесі мен негіздері орыс тілінің пунктуациялық үлгілерін басшылыққа алу арқылы қалыптасып келеді. Басқа түркі тілдері де негізінде орыс тілінің пунктуациялық үлгілерін басшылыққа алу арқылы қалыптасып келеді. Басқа түркі тілдері де негізінде орыс тілінің пунктуациялық ережелерін басшылыққа алады. Орыс пунктуациясынын жалпы теориялық жағынан танылуы ертен басталды.

Жазуларында ешбір тыныс белгісін қолданбайтын халық та бар дей келіп, Л.Н.Харитонов оған қытай, араб, монғол тілдерін жатқызған.

Жазуда тыныс белгілерінің алғашқы элементтері болмаса, қалыптасқан таңюалар жүйесі де, оларды қолдану заңдары да болмаған болар еді.

Түркі тілдерінің бұрынғы ескерткіштерінде тыныс белгісі таңбасының алғашқы элементтері кездеседі. Ол кездегі бар белгілер көбінесе тыныс белгісі қызметінен гөрі бір сөзді екінші сөзден айыру қызметін атқарған.

Қазақ тілінде шыққан алғашқы баспасөзіміздің бірі «Дала уалаяты» газетінің (1888-1902) тұңғыш шыға бастаған жылдарындағы нөмірлерінде де тыныс белгілерінің ешқайсысы қойылмайды. Кейәде ұзақ күрделі ой немесе бір күрделі пікір біткенін білдіру үшін, екінші ой жаңа жолдан басталып жазылды. Бірақ ол абзацтар сөйлемдерді бір-бірінен ажыратуға себін аз тигізді. Тыныс белгілері қолданылмағандықтан, бас әріп болмағандықтан кейбір жазылған жолдарын ұғу, түсіну өте үлкен қиындық келтірді.

Бертін келе, 1894 жылдан бастап, газет кейбір сөйлемдердің жігін ажыратуға әредік-сызықша ( - ), әр түрлі жұлдызшалар (*) сияқты шартты таңбаларды қолданады. Мұндай жұлдызшалар сөйлемнің біткенін, дауыс үзілісін білдіретін тыныстық белгілер болғанға ұқсайды.

Мысалы: « Байан ауылдың қазақ орыслары қазақлардың үстүнан көб арыз бирады бізлерді қазақлар қағыб слғыб күн көрсатпайды диб – бұлармин сайласиб китсак қазақлар ұры қазақлар залым қазақлар ат ұрдағыштар диб айта бастайды*».

«Қазіргі қазақ тілі» оқулығында «Біздің жыл санауымыздың V-VII ғасырлары шамасында жазылып сақталған орхон-енисей жазулары деп аталатын ескерткіштердің кейбіреулерінде әр сөзден кейін қос нүкте тәрізді белгі қойылса, кейбіреулерінен кейін төрт нүктеден құралған ромбик тәрізді белгі қойылып отырған. Ал араб әрпімен жазылып сақталған ертеректегі қиссаларда, дастандарда өлең жолдары арасына қойылған тіліміздегі қазіргі графикалық белгілердің бірде-біріне ұқсамайтын түрлі белгілер кездеседі. Бұл жағдайлар тыныс белгілерінің бастапқы функциясы сөйлеуді тек әр түрлі мәнді бөлшектерге бөлу ғана болғандығын, бөлуші белгілердің түр-тұрпат жағынан қазіргі белгілерден өзгеше болғандығын байқатады», деп жазған. Мәулен Балақаев, Т. Қордабаев «Қазіргі қазақ тілі(синтаксис)»

Жалпы әрбір тыныс белгісінің өзінің қолданылу, пайда болу тарихы бар. Мысалы: «Дүние жүзінде тұңғыш рет үтір белгісі (кәшә тыныс белгісі) кітап бетінде XV ғасыр мен XVI ғасырдың арасында пайда болды. Оны алғаш рет кітпқа енгізген Венецияның атақты баспаханашысы Альд Мануций еді.Бұл уақытқа дейін кітаптарда тек қана екі тыныс белгісі – нүкте мен қос нүкте ғана қойылады екен. Кітап соңына мазмұн жазуды да алғаш енгізген Мануций еді».

Проф, Маловтың айтуынша, түріктердің Енисей жазуында қос нүкте – нүкте және тыныс белгісі есебінде жұмсалған.

Академик В.В.Радловтың 1870 жылы шыққан «Образцы народной литературы тюркских наречий» деген еңбегінде тыныс белгілерінің бірсыпыра түрі кездеседі.

Хронологиялық жағынан алғанда, қазақ тілінің тыныс белгілері жөнінде жазылған алғашқы еңбектердің бірі – Ш.Сарыбаевтың сөйлемде үтірдің жазылатын орындары туралы шағын мақаласы. Автор бұл мақаласында оқушылыр тыныс белгілерін дұрыс қоя білмейді, оның себебі қазақ тіліндегі қазақ тіліндегі интонациялық қалыптың бір ізбен өріс алып кете алмағандығынан деп көрсетеді. Ш. Сарыбаевтың екінші мақаласы сөйлемнің тұрлаулы мүшелері арасына қойылуға тиісті сызықшаға арналған.

Ш.Сарыбаевтың «Тыныс таңбалары» деген мақаласында қаратпа сөздердің сөйлемнің басқа мүшелерінен үтір арқылы ажыратылатыны жөнінде дұрыс ереже беріледі.

М.Балақаевтың «Сауатты жазудың негізгі шарты тыныс белгілерін дұрыс пайдалану» деген мақаласында тыныс тыныс белгілерін дұрыс қоюдың негізгі грамматикалық құрылыс және дауыс ырғағы делінеді.

Жай сөйлем
Сөйлем мүшелерінің арасына қойылатын сызықша
Оңашаланған айқындауыш
Сөйлемнің бірыңғай мүшелері
  Қыстырма сөздер Қаратпа сөздер Одағай сөздер

Құрмалас сөйлем
Салалас құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері
Сабақтас құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері
Аралас құрмалас сөйлемдердің тыныс белгілері

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:

1. Фатима Мұсабекова «Қазіргі өазақ тілінің пунктуациясы», Алматы «Ана тілі» 1991

2. М.Балақаев, Т.Қордабаев «Қазіргі қазақ тілі (сиетаксисі)», 1996, 321 – бет

3. «Үтірдің тарихы». «Білім және еңбек» журналы. № 11, 1961.

4. Қазақ тілі. Энциклопедия. Алматы: ҚР Білім, мәдениет және денсаулық сақтау минимтрлігі, Қазақстан даму институты, 1998 жыл, 509-бет.

5. «Корректура және корректор» («Социалистік Қазақстан» газеті, 1954).

Орындаған: Гиззатова Айжан, Қазақ тілі мен әдебиеті 3-курс, 3-жылдық.

АБАЙ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

СОӨЖ

Фатима Мұсабекова

Орындаған: Гиззатова А.

Тексерген: Рахметова Р.

Алматы 2016

Наши рекомендации